Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Тесты / «Ұлт мұраты – ұрпақ болашағы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Ұлт мұраты – ұрпақ болашағы»

библиотека
материалов

« Тақырыбы: «Ұлт мұраты – ұрпақ болашағы»

Сайыстың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.

Дамытушылығы: Оқушылардың дүние танымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Туған тіліне, тәуелсіз Отанына деген құрмет, мақтаныш сезімдеріне әсер ету, сауатты да салауатты ұрпақ болуды үлгі тұту, білімге деген саналы көзқарасты қалыптастыра отырып, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Жаңа технология: «Менің елім» телебағдарлама негізінде.

Сайыстың әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, ой қозғау,

Сайыстың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта (презентация) топшамалар, даналық сөздер, музыкалық аспаптар, шарлар.

«Егемен елдің тілегі – бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ»

Жүру барысы:

Сайысқа «Атамекен», «Туған жер» тобы қатысады. (8 сынып)

Таныстыру

І. Айналым «Бейне сұрақ »

ІІ. Айналым «Сөз сауаттылықты тексеру, сөз тіркесінің мағынасын ашу»

ІІІ. Айналым « Қазақтың көнерген сөздері»

ІҮ. Айналым «Қазақтың құрал-жабдықтарын білеміз бе?»

Ү.Айналым «Өлеңдерден, шығармалардан үзінді жасыру,жағрафиядан сұрақ»

ҮІ. Айналым «Әріптер арқылы сөз құрау»

Жүргізуші:

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер.

Білім –білікті тексеріп,

Қатысып ойынға көріңдер!

«Кім жүйрік ойға, сол алда

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеумен, ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.

Білімділік –күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне,тоғышарлық-тоңмойындыққа алып келеді.

«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.

- Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,

Ізденіңдер, білім алу жолында.

Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте

Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты көрерменім,

Көрсетеді өнерін өрендерім.

Біз сайысқа келеміз қадам басып,

Алдыменен алайық амандасып.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Ұлт мұраты – ұрпақ болашағы» атты думанды сайысқа қош келдіңіздер! Думанды сайыстың жүргізушісі мен Серік Әсем

Осы сайысты әнмен әрлеуші «Шалқыма» мәдениет үйінің жанынан құрылған «Нұр мейрам» тобы ортамызда. Осы сайыстың қортынды есебін шығарушы мектебіміздің білімді түлегі Тәжік Сырым.

Енді осы думанды сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырайық.

8 «а»- сынып оқушыларынан құрылған «Атамекен» тобын қарсы алыңыздар.

8 «ә» -сынып оқушыларынан құрылған «Туған жер» тобын қарсы алыңыздар.

(Сайысқа қатысатын екі топ капитаны топтың аты мен сайысқа қатысатын мүшелерін таныстырып өтеді, музыка ойналып тұрады)

Жүргізуші:

Ойнайық, ойлайық та ойнайық,

Білімділік көрсетейік, сынайық.

Жеңілсең де, ренішсіз болайық,

Қамықпай көңілді боп тарайық!

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Сайысымыз 6- айналымнан тұрады. Әр айналым сайын ұпай саны беріліп отырады. Қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық.





І. Айналым

Бұл айналым шарты: экранда бейне фильм беріледі. Сол үзіндіні көру арқылы 2-топқа да сұрақ қойылады. Қай топ дұрыс жауап берсе, сол топқа ұпай саны қосылады. Сондықтан назар қойып тыңдаңыздар. Олай болса бастайық.



1) Фильмінен үзінді

Сұрақ: Бұл қай танымал киіпкердің арманы?

Жауабы: Қожа

Сұрақ:Мансұр жау әскерінің алдында сес көрсету үшін қандай әрекет жасады?

Жауабы: Атой салды, жауды сескендірді

2)«Мұрағаттан » үзінді

Сұрақ:Қазақтың жүз әні бағдарламасында үздік деп атанған қандай ән?

Жауабы:Ақансерінің әні «Балқадиша»

Сұрақ: Күлаш Байсейітоваға қазақ ССР атағын әкелген қандай опера?

Жауабы: Қыз Жібек операсы

«Мұрағаттан» үзінді

Сұрақ:Қазақстан Республикасының президентін алғашқы ұлықтау рәсімі қай жылы, қайда өткізілді?

Жауабы:1991жылы Алматы қаласындағы Республика сарайында ұлықтау рәсімі өткізілді.

Бірінші айналымның ІІ-кезеңінде қосымша екі ұпай алу үшін Қуат ағай сіздерге ( Атамекен) әуен жасырады. (Әуенді тапқан соң екі топ қосылып осы әуенді шырқайды)

(Енді бірінші айналымның ұпай санына кезек берейік.)

Жүргізуші:

Ақыл ойды дананың ,

Ана тілден аламын.

Ақ сүтіндей ананың,

Өсірген ғой білімді.

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөзін,

Мәнін терең білуге.

Енді ІІ айналымға кезек берейік.Бұл сайыста қатысушы топтардың сөз сауаттылығын тексереміз.

(Сіздерге сөз беріледі сол сөзді ретпен қатесіз, ретімен жауап бересіздер)

1-Атамекен тобына берілетін сөз:

1)Шұбәлану - Ш-ұ-б-ә-л-а-н-у

2)Жерұйық - Ж-е-р-ұ-й-ы-қ

3)Құмырсқа - Қ- ұ- м- ы-р-с-қ-а

2- Туған жер тобына берілетін сөз

1)Қиянкескі -Қ-и-я-н-к-е-с-к-і

2)Сәнқой - С-ә-н-қ-о-й

3)Жұлдызша- Ж-ұ-л-д-ы-з-ш-а

Екінші айналымның ІІ –кезеңі: Сөз тіркесінің мағынасы мен байланысын табу

1-Атамекн тобының сұрағы:

1)Тас бауыр (Мейрімсіз)

2)Ит терісін басына қаптады (Ұрысты , балағаттады)

3)Ат тонын ала қашты (Мойындамау, кінәсін мойындамау)

4)Су жүрек (Қорқақ)

6)Екі иғына екі кісі мінгендей (Еңгезердей, өте тұлғалы адам)

7)Ел табаны ауды (Ауыл көшті, іргесін көтерді)

8)Жылы орнын суытпады (Отырған тұрған үйінен қозғалмады, қоныс аудармады, ешқайда көшпеді, сол тұрған жерінде қалды)

2-Туған жер тобының сұрағы::

1)Көрер таңды көзімен атырды (Дым ұйықтамаған адамды айтады)

2) Түн ұйқысын төрт бөлді (Бірнеше рет оянды,)

3)Тайға таңба басқандай (Анық, дәл)

4)Ай балтаның сабындай (Жұп –жұмыр, білекті)

5) Айдар тақты (Әйгілі қылды,атақ тағылды,)

6)Ақпан соқса өлмейтін,тоқпан соқса өлмейтін (Шыдамдылық, төзімділік)

7)Ақ саусақ (Ешқандай жанын қинап, қара жұмыс істемейтін кісі)

8)Ала қозыдай бөлінді (Жік-жік болып ыдырады, бірлік болмады деген ұғым)

(Екінші айналымның ұпай санына кезек берейік)

Жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Өз кезегін топ басшыларға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрелік – деп думанды сайысымыздың

ІІІ айналымына кезек берелік.

(Бұл айналымда екі топ бір – біріне дайындап келген қазақтың көнерген сөздерін жасырады.)

1-Атамекен топтың сұрағы:

1) Саптама дегеніміз не?

Жауабы: Суық өтпеу үшін киіз байпақтың сыртынан тізеге дейін келтіріп киіп алатын етік секілді аяқ киім.

2) Бөрі тісі қарысты дегеніміз не?

Жауабы:Бөрі айына бір апта ештеңе жемейді, қоректенбейді, тек қана ауа жұтып, тіршілік етеді. Сол кезде тісі қамалып, қарысып қалады.

2-Туған жер топтың сұрағы:

1)Қағұт дегеніміз не?

Жауабы: тарыдан істелген тағамның түрі. Оны былай әзірлейді: әуелі тарыны қайнатып алып, кейін қуырып құрғатады. Одан кейін диірменге тартып, ұнға айналдырады. Соны май мен шекерге араластырады. Ол-дәмді, сіңімді тағам.

2)Сым сымрақ дегеніміз не?

Жауабы: тамақтың бір түрі. Пісірілген бастың құйқасы ұсақтап туралады да, тұздық қосылып, араластырылады. Оның үстіне ашыған қатық қосады. Ол сіңгеннен кейін жей беруге болады.

Үшінші айналымның ІІ-кезеңінде қосымша екі ұпай алу үшін Қуат ағай сіздерге әсем ( Елім менің) ән жасырады. (Әннің авторы, қай әнші орындайды табу керек, тапқан әнді қосылып шырқайды)

Жүргізуші:

Біздер бұрын көрмеген

Салт дәстүрім - өнегем.

Үйренеміз дәріптеп

Заманында өрлеген.

ІҮ. Айналым

(Қазақтың құрал жабдықтарынан сұрақ қойылады)

Құралдар ортаға әкелінеді.

1-Атамкен тобыны қойылатын сұрақ :

Ат әбзелдерінің ішінен үзеңгі, таралғыны табу керек.

Жауабы: Ерге бекітетін бөлшегін таралғы, үзеңгі дейді. Жылқыға міну үшін пайдаланады, ертоқымның бір бөлшегі.

2-Туған жер тобына қойылатын сұраұқ:

Қамшының бүлдіргі бөлігін табу керек.

Жауабы: қамшы бөлігі, қолдан түсіп қалмау үшін (қолға) ілетін бөлігі.

Төртінші айналымның ІІ – кезеңінде 2- ұпай алуға мүмкіндік бар. Сондықтан Қуат ағай (Қазақ жігіттері) әуен жасырады (екі топ қосылып әнді шырқайды).

Жүргізуші:

Туған тілім - тірегімнің айғағы,

Тілім бар да айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін,-деп ақын Ә.Тәжібаевтың өлеңін оқи отырып,

Ү. Айналымды бастаймыз

(Өлеңдерден, шығармалардан үзінді жасыру авторын табу, жағрафиядан сұрақ)

1-Атамкен тобының сұрағы сұрақ:

1)Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін! Жауабы: «Шәкірт ойы»Сұлтанмахмұт Торайғыров

2)Ех, шіркін, дүние – ай десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айырыла жаздайды – ау. Қандай жақын, қандай ыстық.Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті, менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп, мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда мен екі жастамын. Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...

Ех, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Тақырыбы: «Менің атым – Қожа» Бердібек Соқпақбаев

3)Мен- қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Жауабы:«Мен-қазақ»

Сұлтанмахмұт Торайғыров

4)Алғадайым, аралы едің

Ата сөзін сыйлаған;

Перзентімнің алды едің

Көңілімді қимаған.

Аттандырдым майданға

Аман – есен жүр балам! Жауабы: «Аттандыру» Жамбыл Жабаев

2-Туған жер тобының сұрақ:

1)Алатауды айналсам,

Алғадайды табам ба?

Сарыарқаны сандалсам,

Саңылағымды табамба?

Өлім деген у екен

Мендей кәріп адамға.

Күнде үйімде күңіренем,

Көзіме жас аламда. Жауабы: «Алғадай туралы әрбір ой» Жамбыл Жабаев

2)Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық, ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам – ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, есі қалмай, далбақтай жүгіріп келе жатқан соны (Аянды) көргендей болам.

Жауабы:Жусан исі (Повестен үзінді) Сайын Мұратбеков

3)Ерлік, елдік, бірлік қайрат, бақ ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз,бабам тілі,сен қалдың! Жаубы:«Қазақ тілі»

Мағжан Жұмабаев

4)Аппақ қаздың бауырынан тұрған сары үрпек балапандай, сап- сары шашты сап- сары бала көрінді. Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды. Артынша бірінің соңынан бірі тізіліп, қара шашты, жирен шашты балалар өріп шыға бастады. Күнге көздері шағылысты ма, әлде жадау киінген жат топтан именді ме, бәрі есік алдында ұйлығып қалды.

Жауабы: «Бір атаның балалары» Мұхтар Мағауин

Жүргізуші:

Бесінші айналымның ІІ- кезеңі жағрафиядан сұрақ.

(Қазақстан картасынан белгіленген қорық немесе өзен аттарын атап беру.)

1-Атамекен тобының сұрағы:

1)Қазақстанның батыс аймағында орналасқан теңізді ата? (Каспий)

2)Астана қаласының территориясымен ағып жатқан өзен? (Есіл)

2-Туған жер тобының сұрағы:

1)Оңтүстік қазақстандағы ең үлкен өзен? (Сырдария)

2)Шығыс қазақстан территориясында орналасқан көл? (Зайсан)

Бесінші айналымның ІІІ – кезеңінде 2- ұпай алуға мүмкіндік бар. Сондықтан Қуат ағай сіздерге (Астана) әуен жасырады.(екі топ қосылып әнді шырқайды)

ҮІ. Айналым ( Әріптер арқылы сөз құрау)

1-Атамекен тобы: (ОА, БЖ, АЫ, ЛР)

Сұрағы:

1)Есек ат,- (арба)

2) Нанды баспа – (обал) болады

3)Қонақ ғайып, несібе ғайып

тағы не ғайып (ажал)

4)Жалмауыз жебір, тойымсыз синонимі қалай айтылады (обыр)

5)Ескі – (жараның) аузын тырнама

6)Әйелді бастан – (бала) жастан

2-Туған жер тобы: (АҚ, ЛН, ЫА, ТШ)

Сұрағы: 1)Алты (Алаш) партиясы

2)Баланың ісі – (шала)

3)Екі жасар ұрғашы сиыр (Тана)

4)Асығың (алшы) түсіп

5)Қысқы көлік (шана)

6)Түйенің аталығы (Атан)

Алтыншы айналымның ІІ – кезеңінде 2- ұпай алуға мүмкіндік бар. Сондықтан Қуат ағай (Қазақ елі) әуен жасырады.(екі топ қосылып әнді шырқайды)

Жүргізуші:

(Сайыскерлер марапатталады)

Бір кішкентай бөлшегіміз Отанның,

Мынау – қара шаңырағы атамның.

Келешекті аманат қып арқалап

Қанаттанып бұл өмірге бет алдың,- деп жеңген топқа алғыс білдіріп арнайы сыйлық, дипломдармен марапаттау Е Шынар апайға сөз кезегі беріледі.

Қорытынды:

Жинаған өн бойына білім кенін,

Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.

Жарайсың айналайын, сайыскерім!

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым!

Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,

Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып,біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет.

Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!

Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, сынып жетекшілеріне, оқушыларға көп-көп рахмет!

Сау болыңыздар!











Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров357
Номер материала ДВ-216347
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх