Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҰлтаралық қатынастар мәдениетінің негізі - патриоттық тәрбие

Ұлтаралық қатынастар мәдениетінің негізі - патриоттық тәрбие

Скачать материал

Жапанова Р.Н., аға оқытушы

Қарағанды «Болашақ» университеті

 

          Ұлтаралық қатынастар мәдениетінің негізі -  патриоттық тәрбие

     Мақалада  жастарды Қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу жолдары талқыланған.  Басқа ұлт өкілдерін құрметтеу, басқа халықтардың тілін, әдеп – ғұрыптарын  және салт – дәстүрлерін сыйлау, басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру,  сонымен қатар олармен жақсы қарым – қатынаста болу – ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін жаңғырту мәселелері  қарастырылған.

 

    Кілт сөздер: патриотизм, ұлт пен ұлыс, тәлімі мен тәрбиесі, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық құндылықтар.

 

Қай кезде де  халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне  кө­ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс­тың аманатын арқалаған жас өскін­ді тәрбиелеудің жолдары мен амал­дары да сан тарау. Солардың ішін­де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу ма­ңызды іс саналады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қа­зақ­стан-2030” Стратегиялық бағ­дар­­ламасында: “Жастарды қазақ­стан­дық патриотизмге шығарма­шы­лық жағынан дамыған жеке тұл­ға ретінде тәрбиелеу қажет. Бү­гіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, – деп ерекше мән беріп тоқталған бола­тын. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеу­мет­тік, экономикалық тұрғыдан тәуел­сіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақ­тап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мә­селе білім беру саласында пат­риот­тық cезімде тәрбиелей отырып оқыту мәсе­лесінің өзектілігі әрқашан да маңызды болып қалмақ.

“Халықты сүй, халық үшін еңбек ет, ел – жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді»  дейді Профессор М.Ғабдуллин.

Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Аз уақыт болса да белең  белестерден өтіп, өрең асуларға қол жеткіздік.  Осы жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу  - ең басты міндеттердің бірі.[1] 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жиырма жыл ішінде  қазақстандық қоғам тіршілігінің барлық жүйелерінде жүріп жатқан түбегейлі жаңаруы да едәуір дәрежеде оның мәдени  саласын да қамтыды. Ұлттық сананың қайта жаңғыруы,  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің болуына үлкен септігін тигізеді.  Ал, ұлтаралық қарым – қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді.  Ата-бабаларымызға, қазақ халқының дарынына, оның Қазақстанның мақтанышы ғана емес, әлемдік өркениеттің игілігіне айналған жасампаз еңбегі мен өнеріне сүйсінушілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың басты алғышарттарының бірі болып табылады. Басқа ұлт өкілдерін құрметтеу, басқа халықтардың тілін, әдеп – ғұрыптарын  және салт – дәстүрлерін сыйлау, басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру,  сонымен қатар олармен жақсы қарым – қатынаста болу – ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетінің басты шарттары болып есептеледі.

Мемлекетаралық достықты нығайту бейбітшілік пен тәуелсіздіктің кепілі. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізі патриотизм болып табылады.  Патриотизм ол   -  адамның туған жерін сүйіп,  өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғап  азаматтық көрсетуі  және Отанға адалдықты сақтауы, елінің түрлі салаларында жеткен жетістіктеріне мақтануы, оның ар -намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғауы, өткен тарихын, халқының әдеп – ғұрыптарын, салт – дәстүрлерін құрметтеуімен қатар Отан игілігі үшін еңбек ету болып табылады. [3]

Тамыры терең тәрбие – патриоттық тәрбие. Патриоттық тәрбие – барлық тәрбие бастауы.   Патриоттық сезім  және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелсіз болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады. Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар иесі  қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Сонымен қатар, өкілі болғандығы үшін ғана сол  тұлғаның өз елінің «шынайы» патриоты санауға  жеке-дара құқық беретін ұлт жоқ және болуы да мүмкін емес. Қазіргі заманда, мысалы, өзге халықтардың тәуелсіздігін құрметтемеушіліксіз, олардың тең құқығын мойындамаушылықсыз, ұлттар арасындағы достық пен түрлі салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықсыз тәуелсіздік үшін, ұлттық жаңғыру мен даму үшін күресті елестету қиын.

Қазақстан тәрізді көпұлтты елде жалпықазақстандық патриотизм ұлттық және жалпыадамзаттықтың үйлестігінсіз болуы мүмкін емес. Ол ұлыстардың ұлттық ар-намысына қысымшылықсыз мәдениеттердің, ұлттардың өзара байытылуына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге, қоғам өміріндегі жаңа жетістіктерді жеделдетуші болып табылатыны да заңдылық. Патриотизм санмен өлшеуге көнбейді және адамдарды біріктіретін сезімдерден көрініс табады. Олардың ішіндегі ең бастысы - әр адамның өзінің туған жерін өз Отаны ретінде қадір тұтуы, территориялық бірлікке деген махаббат пен қамқорлық,  дәстүрлерді құрметтеу, сол аймаққа деген өмірінің ақырына дейінгі адалдығы.  Патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі –бұл қоғамның өнегесізденуінің , халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты.

Қазіргі заманғы Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарда адамды, оның өмірін, игілігін, адамдық ар-намысын қалыптастырады. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады.

Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады. Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Ғалым Жұмабек Кенжалиннің әділ атап кеткеніндей: «Қазақстандық патриотизм жалаң ұран, сөзуарлықтың жиынтығынан ада болуы тиіс. Себебі,  әділетсіздік, орын алған жерде халықтың патриоттық сезімін оятатын факторлар жойылады. Ал ондай сезімі, отаншылдық рухы сөнген елдің болашағы да бұлыңғыр болатынын тарих дәлелдеп отыр. Сондықтан, қазақстандық патриотизмнің дәстүршілдік және жаңашылдық сипатына айрықша назар аударып отырған абзал». Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі. Қазақстандық патриотизм қазақ халқына да, сол сияқты, Қазақстан бірден-бір Отаны болып табылатын басқа халықтарға да тән екендігін атап өткен жөн. Әлбетте, қазақстандық патриотизм қазақ ұлттық патриотизмінен бастау алады, алайда, ол Қазақстанның құрамына жаңадан еніп отырған басқа халықтарды да шарпиды. « Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген» деп патриот ағаларымыз айтқандай, Отанға, еліне, халқына  деген сүйіспеншілік сезім -  әрбіреуіміздің жүрегімізде ойып тұрып орын алуы тиіс. Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, алға ұмтылушылық.  Біз осы алға ұмтылушылық арқасында бүгінгі күнге  ата-бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы арманына қол жеткіздік.

Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.

Б.Момышұлы “Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мем­лекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғым­ды, оны жеке адамның барлық жағы­нан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатына­сын біріктіреді” – деп анықтама берген. Байқағанымыздай, қаһар­ман жазушы ұлттық патриотизм, қа­зақстандық патриотизм ұғым­да­ры­на философиялық тұрғыда анықтама беруге ұмтылған. Тағы бірде Баукең атамыз: “Ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқы­на деген сүйіспен­шілігі, өз хал­қы­мен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тір­шілігі, мінез-құлқы, психоло­гия­лық және этнография­лық ерекше­лік­тері қалыптасқан, тарихи дәс­түр­лері жағынан да әб­ден айқын әрі дербес басқа қасиет­тері және ерекшелік­терімен де бай­ла­ныс­ты” дейді.|[3]

Таңның атысынан, күннің батысына дейін Өз елім деп , топырағынан ананың ақ сүті аңқыған жері мен әкеннің құшағынан аумаған кең даламызды қорғай алатындай  келер ұрпақты ана құрсағында жатқаннан бастап  туған халқын құрметтеуге , халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білуіне  үйрету – ең басты парызымыз!

 

Пайдаланған әдебиеттер:

           1. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. – 46-47 беттер.

           2. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: Білім, 1998. – 37 бет.

           3. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. «Педагогика» - Астана , 2010. -158 – 159 беттер.

 

Жапанова Р.Н.

                                  Карагандинский Университет «Болашак»

Межнациональная основа культуры отношений-патриотичное     воспитание

       Статья посвещена воспитать молодеж Казахстанскому патриотизму. Чтобы уважать других нации, язык других народов, традиции, духовную жизнь народов других нации и оценивать их  культуру. А так же быть в хороших отношениях с людьми из разных национальности.

 

R.N.Zhapanova.

                                   Karaganda University "Bolashak"

                        Interethnic relations basis of culture - patriotic education

       The article is dedicated to educate the youth of Kazakhstan patriotism. To respect other nations, the language of other peoples, traditions and spiritual life of the people of other nations and to assess their culture. And also have good relations with people of different nationalities.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлтаралық қатынастар мәдениетінің негізі - патриоттық тәрбие"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 383 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 10051
    • DOCX 23.7 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапанова Риза Набиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапанова Риза Набиевна
    Жапанова Риза Набиевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22633
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 941 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе