Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰлтымның да,тілімнің де болашағы – мен !

Ұлтымның да,тілімнің де болашағы – мен !

Скачать материал

Тақырыбы:  Ұлтымның да,тілімнің де болашағы – мен !

 

Мақсаты: а) Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,ана тілінің көркемдігін сезінуге,сөз құдіретін түсіне білуге,оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;

ә) Тіл әуезділігін,көркемділігін, шешендігін көрсететін нақыл сөз,мақал –мәтелдер арқылы оқушының дүниетанымын,ой-өрісін дамыту;

б) Тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу,шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып,ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру,ұлтжандылыққа баулу.Сөздерді орынды қолдана білудегі білімдерін дамыту.

Түрі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: Мультимедия,презентация,ұлағатты адамдардың айтқан нақыл сөздері.

Мұғалім:

Армысыздар,семинарға қатысушы қонақтар,ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған аудандық семинарда  мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Ұлтымның да,тілімнің де болашағы - мен» тақырыбындағы сыныптан  тыс жұмысымызға қош келдіңіздер!

 

Тіл сенің-

Ең қайратты арыстаның,

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің-

Жүректегі жүйрік елшің,

Көк орман,көк арайлы бағыстаның!

Тіл сенің-

Өмірдегі өрнек сырың,

Тіл сенің-

Көмейдегі күміс жырың!

Аспаның

Айың,

Күнің,

Ауаң,

Демің,

Шат күлкің,тәтті әзілің,тапқыр сының.

Тіл сенің-

Тірліктегі жан ләззатың!

Ар,

Арманың,

Достығың,

Махаббатың.

Адамдық бар қасиет ана тілде

Ұғынсақ сонда мейір,шапағатын!

 

Тілсіз ұлт,тілінен  айрылған  ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес,ондай ұлт құрымақ .Ұлт болу үшін бірінші шарт –тілінің болуы.Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге тілдерді түсіну мүмкін емес.Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті. Біздің жастарымыздың ана тілін жетік білетін,білімді, мәдениетті болуы міндетті.Олай болса ортаға ана тіліміздің қадір-қасиетін түсіне білетін, ана тілін құрмет  тұтатын еліміздің ертеңі –болашақтың иелерін шақырайық.Ортада «Мұрагер» тобы.Халқымыздың,ана тіліміздің мұрагерлерін қарсы алайық.

Халқымыз тілден қымбат қазына жоқ деп тілді  құрметтеп бағалай білген.Ана тілін құрметтеп қадірлейтін өздерін тіл қазынасына балаған «Қазына» тобын қарсы алайық.

 Құрметті сайысқа қатысушылар,бүгін біздер «Мұрагер» және  «Қазына» тобының мүшелері  «Қазақ тілі» патшалығына сапар шегеміз.Алдымызда әр түрлі аялдамалар кездеседі.Сол кездескен аялдамалардағы  берілген тапсырмаларды толық орындаған топ

 «Қазақ тілі патшалығының құрметті азаматы - тіл жанашыры»

атағын  алады. Олай болса,іске сәт! Сәттілік тілейміз.

 

Алдымызда бірнші кездескен аялдама - «Қайырлы күн» аялдамасы.

Олай болса барлығымыз бірге «Қайырлы күн» аялдамасына аялдайық.

«Сәлем –сөздің анасы» дегендей бұл кезеңде екі топ бір-бірімен сәлемдесіп,топтың ұстанымымен таныстырады. Бірінші аялдамада берілген тапсырманы орындап шықтық.

Хош, сапармызды ары қарай жалғастырайық.

Тіл-халықтың тұтастай кескін-келбеті,болмысы.

Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірген еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір ұлттың мақтанышы.Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес даму,жетілу үрдісінде үйренеміз.Сондықтан тіл байлықтарын түгел меңгердім,мен білмейтін ештеңе қалған жоқ,тіл өнерінің шыңына шықтым ,болды деп ешкім айта алмайды.Халқымыздың өткенін қастерлеп,көнерген сөзін дәріптеп үнемі оқып-үйренуіміз керек.Келесі аялдама ескірмейтін есті сөз «Көнерген сөз құпиясы» аялдамасы.

Бұл аялдамада топ мүшелері өздеріне берілген көнерген сөздердің мағынасын ашып,шеберлікпен жеткізе білулері шарт.

 «Мұрагер» тобы-

Көген – қой,қозы-лақтарды мойындарынан желі арқанға қатарлап байлайтын бау жіптер тізбегі.

Қылбырау-қинау,жазалау кезінде санды.тақымды буып,азаптайтын қылдан есілген арқан.

Кісе-күміспен,жезбен әшекейлеп істеген пышақ қыны,шақпақ салатын қалташалары болады.

 «Қазына» тобы-

Қадым- баяғы,ертедегі

Шібеге- кішкентай асық

Бақыр- сұйық зат құю үшін жасалған тұтқасы кішкене ыдыс

Келесі аялдама  «Шешен болсаң сөйлеп көр...» аялдамасы.

 

Халқымыз аталы сөзді-шешендік өнерді аса қадір тұтқан.Шешендік өнер-тіл мәдениетінің,сөйлеу мәдениетінің шыңы.

Қазір екі топ оқушыларына тақырып беріледі. Оқушылар сол тақырыпты ашып, шешендікпен жеткізе білулері керек.

 

«Қазақтар шешен келеді: олар мақалдап сөйлейді,жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады» ,- деп  түркітанушы ғалым В.Радлов қазақ тілі туралы өз пікірін білдірген екен. Олай болса  топ мүшелері осы пікірдің шындық екеніне көрермендердің көзін жеткізіп,өздеріңізге берілген тақырыпты шешен сөйлей отыра аша білулеріңіз шарт.

 

«Мұрагер» тобына –  Ұлтымның да,тілімнің де болашағы –мен

 

 «Қазына тобына» -    Қайтсем тілім төрге озар?

 

Келесі аялдама «Сөз -мерген» аялдамасы.

Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап,сөйлеу тілінде мақал-мәтел,нақыл сөздерді орынды қолдана білген.Бұл аялдаманың тапсырмасының шарты: берілген сызбалар бойынша зат есімдер мен етістіктерді қатыстырап,тұрақты сөз тіркестерін құру,сол сөздің мағынасын түсіндіру

 «Мұрагер» тобына

 

Сиыр                             Күшік                               Бала

Ат                                  Ит                                     Әке

Қой        Салмау            Қаз         Өлген                 Ана        Жиған

Ешкі                              Мысық                             Адам

Түйе                              Тауық                               Қыз

 

Ат ізін салмау                  Ит өлген жер                   Қыздың жиған жүгіндей

 

«Қазына» тобына

 

Ат                                     Күшік                                          Күн

Тай                                   Мысық                                        Жер

Сиыр    Ала қашты         Тауық       Қаптады                    Жұлдыз    Туды

Ешкі                                 Ит                                                Ай

Қой                                   Үйрек                                           Аспан

 

Ат тонын ала қашты   Ит терісін басына қаптады    Айы оңынан туды

 

 

 «Мұрагер» тобына

 

Жас                                     Балғын                                    Қысқа

Кәрі           Түспес              Ұзын        Керіспес                  Тар             Болмайсың

Егде                                     Үлкен                                       Ұзын

Бойшаң                              Жас                                             Кең

 Кәрі түлкі қақпанға түспес  Кіші үлкенмен керіспес     Кең болсаң,кем   

                                                                                                    болмайсың

 

«Қазына» тобына

 

Би                                         Батыр                                   Ерін

Сезім     Қызыл                   Азамат     Айласыз              Тіс         Өткір

Өнер                                     Бала                                      Ерін

Достық                                 Жігіт                                     Тіл

 

Өнер алды –қызыл тіл      Айласыз батыр алдырар         Тіл-қылыштан  

                                                                                                        өткір

 

Дарынды балалар –еліміздің болашағы. «Білімді болу деген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»,-деп деп ұлы ғұлама Әл-Фараби айтқандай өз қабілеттеріңді  шыңдауға,дарындылықтарыңды дамытуға құлшыныс беретін «Дарын» аялдамасына да келіп жеттік.Бұл аялдаманың тапсырмасы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын байқау,бағалау.

Ертеде бір қария дүниеден өтерінде  ұлына  қымбат  қазына  қалдырып  бара жатқанын айтып кетеді.О дүниелік болған әкесін арулап жерлегеннен кейін,ұлы әкесі  айтқан  қазынаны  іздеуге  шығады.Ауланы,қораны,үйді түгел қопарып ,әкесі аманаттаған қазынаны іздеп таппайды.Қарамаған  жері  қалмай  шаршаған  ұлы  ауылының  үлкен  ақсақалына барып,бар жайды айтады.

-         Балам,босқа әуре болыпсың. Әкең өз ана тілін ерекше қастерлеген, сөзге шешен,дуалы азамат еді.Оның артқыға, ұрпақтарына қалдырғаны құдіретті –қызыл тілі болатын.Ел ішіндегі,халық аузындағы сол қазынаны құрметтеуді аманаттаған екен.Өйткені,тілден қымбат қазына жоқ,-депті ақсақал. Бұл аялдама тапсырмасының  тақырыбы  «Ең қымбат қазына -тіл»

Сендер осы тақырып төңірегінде тіл туралы шығарған өлеңдерің,эсселеріңді оқып талдауларың керек.

 

Дана халқымыз  «Армансыз адам –қанатсыз құспен тең» деп арман ұғымын ерекше бағалай білген.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Мәңгі бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен арман  керек екен адамға ,-дей келесі кезекте «Арман» аялдамасы.

 «Арман» аялдамасының тапсырмасы:  «Мұрагер» тобы- «Менің қиялымдағы  болашақ Қазақстан», ал «Қазына » тобы-  «Менің қиялымдағы болашақ мектеп» тақырыбында жоба қорғау.

Әр топ өздерінің жобаларын  «Болашақ»  сөзімен қорытындылауы тиіс.

 

Тіл –халықтың жаны,сәні.Оның өткенін байыптап,бүгінгісін біліп қана қоймай,келешегін де көре білетін сендерсіңдер.Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан –ұрпаққа осы тілі арқылы табыс етеді.

Сондықтан ана тілін білмей ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес.Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып,ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық!

Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.

Қазақ тілін мойындату әлемге-

Жастар үшін болса екен басты арман!- дей келе бүгінгі сыныптан жұмысымызды аяқтаймыз.

Тіл- байлығымыз,тарихымыз,мәдениетіміз,әдебиетіміз.Тіл-біздің ұлттық намысымыз,арымыз,қорытып айтсақ барымыз.Тіл мерейі-ел мерейі.

Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!

 

 

 

 

 

 

                    

 

               

 

 

 

 

              

                №149 «Қызылту»  орта мектебі

 

 

 

 Ұлтымның да,тілімнің

болашағы - мен

 

 

 

      

 Сыныбы :  8 - 11                                                                                                                                                                              Ұйымдастырғандар  :  Бекмырзақызы К

                                        Қиянбекова Б

                                         

                                 2012  -2013  оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлтымның да,тілімнің де болашағы – мен !"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 631 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2015 1045
    • DOCX 57 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекмырзақызы Күнімай Бекмырзақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14181
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек