Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ұлттық білім моделін менің көруім,баяндама

Ұлттық білім моделін менің көруім,баяндама



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұлттық білім моделін менің көруім

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой-пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.

1.Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс-жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.

А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды.

Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.

Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды.

Оқу құралындағы қазақ халқының даналығын көрсететін ауыз әдебиетінің тәрбиелік мазмұнды түрлі жанрларын пайдалануға ұсынылуы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі әсері мен ықпалы ерекше, оны қазіргі кезде әліппе жазуда басшылыққа алу қажет деп санаймыз.

А.Байтұрсынов өзінің “Бастауыш мектеп” деген мақаласында қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылуы қажет деген мәселеге арнайы тоқтап, ол пәндерді “оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыстану болу керек” екендігін нақтылап көрсетеді. Сол мақаласында бастауыш мектепте оқыту тілі туралы: “ ... Қазақ балаларын ана тілінде, төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту керек” деп кесіп айтты. Сондай-ақ, мақаласында ол туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. “Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”, - деп жазды ол.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып,ондағы оқыту,тәрбиелеу бағдарламасына өзгерістер енгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да халықтық педагогиканы сабақта,сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолданып,оны оқушылардың бойына сіңіру-біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн.

1.Ұлттық педагогиканың негізінде оқушыларға білім мен өнеге берудің тиімділігін көтеру.

2.Халықтық тәрбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып,ұлттық сана-сезім тұрғысынан жастарды тәрбиелеу.

Ұлттық білім берудің өзі-ұлттық қауіпсіздік пен мәдениеттің құрамдас бөлігі.Ал ұлттық білім берудің құндылығы толығымен әлеуметтік дамумен,

оның түбегейлі өзгеруімен анықталған.

Оны пайдалану жүйелері төмендегідей болуы тиіс.

Ұлттық білім беру дәстүрі

Ұлттық мәдениет деңгейінде білім алу

Ата-ананың ұлттық мәдениет деңгейінде қызмет ету

Ұлттық дәстүрлерді баланың бойына сіңіру

Білім алу үшін бірдей мүмкіндіктер жасау

Жеке тұлғаның өзіндік қажеттерін қанағаттандыру

Ұлттық мектепте ғана ұлттық білім жүйесі жүзеге асырылады.Ұлттық білім деп білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымды,ал ұлттық дүниетаным-ұлттық болмыс көрінісінің жүйесі. Оқушыларға қазақ еліндегі тарихи құндылықтарды,ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді оқыта отырып,бойларына сіңіріп,ой-өрісінің жан-жақты болуына үлес қосуымыз керек.

  Ұлттық  білім  мазмұны қандай болуы тиіс? Бұл мәселелермен шұғылданып жүрген ғалымдардың пікірін байқап көрейік. А.Я.Данилюктың пайымдауынша «Ұлттық білім беру – оқушылардың әлемдік мәдениет аясындағы ұлттық мәдениетті меңгеруге, сонымен қатар оны шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағытталған әлеуметтік қызмет атқаратын білім жүйесінің гуманитарлық құрамдас бөлігі». Ұлттық білім жүйесіне жаратылыстану ғылымдары кірмейді. Ұлттық білім жүйесінің негізін қалайтын гуманитарлық пәндер. Гуманитарлық білім жүйесінің басты міндеті–объективтік тарихи-мәдени үрдістің сәйкес келуімен қатар отандық мәдениетке оқушылардың танымын қалыптастыру.

Оқу мен тәрбие – егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Осыны жүзеге асыратын ұстаз десек, ол-бір елдің болашағы үшін еңбек ететін аса қасиетті де құрметті мамандық иесі. Оның парасатты жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан-дүниесі, тіпті киім киісі – бәрі баланың назарынан тыс қалмайды. Қазақтың кемел ойлы ұстазы А.Байтұрсынов: «Мұғалім нашар болса, сыйлы мектепте отырып сабақ бере алмайды. Мұғалімдік оңай нәрсе емес. Тәртіппен жасалған оқу құралдарымен оқытуға, тәртіппен жасалған оқу құралдарын тәртіпсіз жасалған құралдар орнында тұтынады», -деген еді.

Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білімі деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел-бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күненен-күнге көбюі. Менің ойымша, оның себебі жастарымызға уақытта ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес.

Бұл біздің қай-қайсымызды ойландыруы керек. Мектепте заман талабына сай тәрбие бағдарламасын қалай жүргізуге болады деген сұраққа ең әуелі оның мақсатын, міндетін белгілеп алу керек. Осы тұрғыда қала мектебінің мұғалімі қандай болуы керек дейтін болсақ. Меніңше мұғалім қызметінің өзіндік маңызды ерекшеліктері бар. Жеке тұлға ерекшеліктердің, өмірдегі тұрмыстық жағдайдың, отбасындағы қарым-қатынастың мәні әрбір балаға және оның отбасына жеке тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің білім беру жұмысы қала мектептеріндегі балалардың мәдени деңгейін көтеруге, нарық қатынасы жағдайында оларды өмірге дайындауға, ауыл балаларындағы қарым-қатынас жасаудың жетімсіздігін жоюға, оларды өз жерінің қожайыны ретінде тәрбиелеуге және оқытуға бағыталуы тиіс деп білемін.«Адам  баласының жаман  құлқы  жаратылысынан  емес, өскен  орта,  көрген  үлгі,  өнеге  білдіретіндігінен…  Көпшілікті  адам-шылыққа  тәрбиелеу үшін  жас буынды  жақсылап оқыта отырып,  тәрбиелеу қажет», -деп Мұхтар  Әуезов  айтпақшы  жас ұрпаққа  саналы  тәрбие мен сапалы  білім  беру  жауапты  сала  екендігі  бәрімізге  белгілі.

Еліміздің  болашағы – ұрпақ  тәрбиесінде,  еліміз егемендік алып,  өз  алдына  отау  тігіп,  өзінің  ішкі – сыртқы  саясатын  өзі  шешетін   болды.  Бүгінде   баршаның  міндеті – әдет – ғұрпымызды,  салт – дәстүрімізді  жандандырып, ұлттық  сана – сезімі  жоғары   тәрбиелі  ұрпақты  өсіру.

            Ұлы  данышпан  Әл – Фараби  дүниені  сақтайтын 4-тілек:

- әділдік,  турашылдық;

- қайырымдылық,  жомарттық;

- қанағат,  барға  ризашылдық;

- инабат бер – деген екен, яғни Елбасының  Қазақстан – 2030  Бағдарламасы да, «Жаңа  әлемдегі жаңа  Қазақстан» Жолдауы да еліміздің  болашағын  ойлайтын  жастарды  тәрбиелеуді  міндет етіп жүктейді. Ұлттық  рухы қуатты ел – ұлы күш. Тек оны  жас  ұрпақтарымыздың  бойына  дарыта  білсек, әрқашанда әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  алдыңғы  қатарынан  орын алып,  тереземіз  тең, еңсеміз  биікте  тұратынымыз  хақ.

Қорыта айтқанда, басқаның мәдениетін өз мәдениеті арқылы қабылдау қағидасы жүзеге асырылуы тиіс. Алдымен оқушының жанын, көкірегін тазалап тәрбиелемеген соң, оған математиканы ұқтырып не керек, шет тілін жаттатып не керек?

            Сонымен ұлттық білім орны деп — өз ұлтының тарихын,өз ұлтының мәдениетін,өз ұлтының тілін, әдебиетін оқытатын орынды айтамыз. Оның басты белгісі-онда халықтың ұлттық рухы болуы тиіс.

Айтылған ой-пікірлер білім берудің ұлттық моделін былайша құрастыруға мүмкіндік береді:

Нәтижесі: «Мұндай балалар мектеп бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады». (М. Дулатов)

Терең теориялық білімді, білікті, ұлттық игіліктерді, адамзаттық құндылықтар мен рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте білетін, тәрбиелі ұлт азаматын өсіру.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Ұлттық білім моделін менің көруім

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой-пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.

1.Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс-жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.

Автор
Дата добавления 16.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров302
Номер материала 285751
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх