Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰлттық әдеби терминдердің қалыптасу жолы

Ұлттық әдеби терминдердің қалыптасу жолы

Скачать материал

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ

Жакулаев Әділ Мұратұлы

филология факультеті, магистрант

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ,

Мамедярова Роза Момынқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«№23ЖББОМ»

Қарағанды қаласы

Шағын мақалада сан - салалы білім иесі А. Байтұрсынұлының тек әдебиеттану саласындағы еңбегіне, оның ішінде қазіргі әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген әдеби терминдердің негізін қалаушы және қалыптастырушы тұлға екендігі сөз болады.

Әрбір ғасыр өткен сайын адамзат қоғамының өзгеріп, жаңғырып отыратыны тарихтан белгілі. Бұл заңдылықтардан біздің қоғамымызда айналып өтпейді. Ұлттық тарихымызда халықтың сана – сезімінің оянуы ХХ ғасырдың басы екені шындық. Оған халқын сүйген аяулы азаматтарымыз Алаш қайраткерлерінің еңбегі ұшан-теңіз.

Солардың бірі энциклопедиялық білім иесі, қатарынан оза шапқан дарабоз, қазақ тіл білімінде, әлеуметтануда, саясаттануда, педагогикада ғана емес сонымен қатар қазақ әдебиет тарихы мен әдебиеттануының реформаторы – Ахмет Байтұрсынұлы.

Зейнолла Қабдолов: «1926 жылы Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқышын» кітап қып бастырып шығарды. Ол біздің жыл санауымыздан үш ғасырдан астам бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің «Поэтикасы» тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байытатын қазақ қоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.

Аралары бір-бірінен тым алшақ жатқанына қарамастан бұл екі кітапты өзара салыстыра, қатар атауымыздың мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы «әліп - билері». Асылы, үздік қасиеттер бар бір-бірінен қанша ерекше болса, бір-біріне сонша ұқсас болады...

Бірақ, амал не, Ахаң «тағдыр тәлкегіне» түскен тұста «Әдебиет танытқаш» та авторымен бірге жойылып кетті. Бұл еңбекпен пайдалану былай тұрсын, оның атын атаудың өзі қылмыс болып есептелді. Ахаң ашқан әдеби терминдерді қолданған Есмағанбет Ысмайылов пен Зейін Шашкиннің жазбалары да «Әдебиет танытқыштың» аяғын құшты. [1,3б] – десе, белгілі ғалым Рымғали Нұрғали жеті томдық шығармалар жинағының екінші томының («Сөз өнерінің эстетикасы») аңдатуында былай дейді: «Ұстазым, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың жасырын сандығына сақталған Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабымен танысқаннан кейін жаңа бір кеңістік ашылып кеткендей болды. Әдебиеттануды, қалыпты поэтикада, стилистикада қолданылатын негізгі термин, ұғым, категориялардың қазақша дәл атауы ғажап дәлдікпен, анық, айқын берілген екен. Солардан алған тамаша сөздерді сыздықтатып еңбектерімізге кіргізе бастадық.» [2,3б]–дейді. Осы еңбегінде «Әдебиет танытқышты» тарау – тарауларына дейін талдап шыққан болатын.

А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде әдебиеттануға арналған пән атауларының толық әліппелік тізбесін көрсеткен еңбектердің бірі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің ғалымдарының шығарған «Ахметтану бастамалары» атты оқу – әдістемелік құралы. Бұл еңбекте VI тараудың 8 – қосымшасында А.Байтұрсынов еңбектерінде қолданылатын әдебиеттану терминдері, 9 – қосымшасында «Сөз өнерінің жіктері мен топтары» («Әдебиет танытқыш») бойынша қамтылған терминдердің тірек сызбасы берілген [3,189б.]. Сол тізбектің ішінде 58 терминді қазіргі әдебиеттануда қолданылатындар деп ерекшелеп қойған.

Ал ендігі кезекте біздің зерттеу нысанамызға алынып отырған еңбектегі терминдердің белгілі әдебиет теоретиктері Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, З.Қабдолов сынды ғалымдарымыздың да қолданғандарын, тіпті Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышындағы» келтірілген мысалдарға дейін өзгертілмей сол қалпында берілгенін айтпасқа шарамыз жоқ. Оған төмендегі сөзіміз дәлел болмақ.

Профессор Қ.Жұмалиев 1964 жылы шыққан орта мектептің жоғары кластарына арналған оқу – құралында көркем әдебиетті сөз еткенде «Көркем әдебиет – искусствоның бір саласы. Көркемөнер 5-ке бөлінеді: архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері), живопись (сурет өнері), музыка және әдебиет (сөз өнері) [4, 25б.] – деп бөліп көрсетуі Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышына» [5, 6б.] алынғаны шүбәсіз.»

Сондай – ақ, мақаламыздың басында айтқандай А.Байтұрсынов көптеген терминдердің негізін қалады. Қалағанда да ана тіліміздің шұрайымен оларға атау беріп нәрлендірді. Демек, әдебиеттануға арналған еңбегіндегі атаулардың барлығын өзі жасаған және ауыз әдебиетіміздегі жырларда, Абай, Мағжан өлеңдері мен «Қырық мысалда» мысалдар алып, негіздеп отырған. Қ.Жұмалиевтің еңбегіндегі теңеу, метафора (ауыстыру), кейіптеу, метономия (алмастыру), синекдоха, аллегория, ирония, сарказм, гипербола, литота, арнау, қайталау, шендестіру (антитеза), дамыту. Өлең құрылыстарындағы буын, бунақ, тармақ, шумақ сынды т.б. терминдер Байтұрсынұлының да еңбегінде бар атаулар. Тіпті кейіптеу мен дамыту, шендестіру, арнау, гиперболалардың мысалдарын өзгеріссіз қалдырғанын көреміз.

А.Байтұрсынұлының қалыптастырған әдеби терминдерін профессор Қ.Жұмалиевтің, Е.Ысмайыловтың, З.Қабдоловтың да өз еңбектерінде қолданылғанын кейіннен ұлттық әдебиеттану ғылымында көптеген мәселелерді шешіп берді.

З.Қабдоловтың жоғарыдағы сөзінің жалғасын осы жерде ткелтіре кетсек: «Бірақ, амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екені кезінде ашып айталмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық.

Бұл - бұл ма? Қазіргі қазақ тіл біліміндегі секілді, қазақ әдебиеттануындағы әдеби терминдердің басым көпшілігін баламын ойлап, тапқан да Ахаң: көріктеу, меңзеу, ауыстыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу... – осылардың бәрінің түп – тамыры Ахаңда жатыр. Мұхтар Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі» дейтін әлдиінің әдебиет аясындағы бір нақты да затты көрінісі – осы» [1, 6б] – деген пікірінен көп нәрсені аңғарамыз.

Белгілі әдебиет теоретигі З.Қабдоловтың 1983 жылы қайта басып шығарған «Сөз өнері» монографиясында Қ.Жұмалиев арнауды үш түрге бөледі десе, 2002 жылы басылған еңбегінде А.Байтұрсынов деп көрсетуі қоғамдық жағдайға байланысты екенін өзі де мойындап отыр. Алайда, бұл еңбек А.Байтұрсынұлы ақталған соң қайта басылса да ішіндегі кейбір теориялық анықтамаларды нақтылайтын көркем шығармадан келтірілген мысалдардың негізі «Әдебиет танытқышта» бар екендігі айтылмаған.

Қорыта айтқанда Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған көптеген әдеби терминдер ұлттық әдеби теориялық еңбектерде пайдаланғандығын көреміз. ХХ ғасырдың 30-60 жылдарында, Кеңестік кезеңде жарияланған біздің салыстыруымыздағы бұл еңбектерде не сілтеме берілмей, не бір де бірінде А.Байтұрсынұлының атының аталмауы идиологиялық саясаттың қыспағынан деп ойлаймыз.

Әлі де «Әдебиет танытқыштағы» ауыз әдебиеті, оның ішінде фольклорға қатысты айтылмаған терминдер қаншама! Біздің шағын мақалада барлығын қамту мүмкін емес. Қалай айтқанда да Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық әдебиетімізді қалыптастырушы тұлға. Ал «Әдебиет танытқыштағы» айтылмаған көптеген әдеби атауларды ғылыми қарастыру, қолданыстағы қыр-сырларын аша білу бұдан үлкен еңбектердің үлесінде.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері (Ғылыми мақалалар жинағы): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993 жыл.

  2. Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. 2 – том «Сөз өнерінің эстетикасы». – Астана: Фолиант, 2005 жыл.

  3. Ахметтану бастамалары: Оқу – әдістемелік құрал. – Қарағанды: Болашақ, 2005 жыл.

  4. Жұмалиев Қ.Ж. Әдебиет теориясы (орта мектептің жоғарғы кластарына арналған құрал). – Алматы: Мектеп, 1964 жыл.

  5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003 жыл.

  6. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002 жыл.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттық әдеби терминдердің қалыптасу жолы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 1546
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамедярова Роза Момыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамедярова Роза Момыновна
    Мамедярова Роза Момыновна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71008
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов