Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Статьи / Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару жолдары.

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару жолдары.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Красивинский орта мектебі







Баяндама





Тақырыбы: «Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару жолдары»







Дайындаған: Математика пәні мұғалімі

Есмакова Рая Куанышбаевна

















2016 оқу жылы

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару жолдары.

Қазақ халқының ұлттық мазмұнды ауызша есептері адам баласы ғылым мен техника кереметтеріне куә болып отырған бүгінгі заманда да өңін түсірмей, маңызын жоғалта қойған жоқ. Талай – талай ғұлама абыздардың ойына түйін, тіліне тиек болған бұл есептер аса математикалық ойды өмірмен байланыстырып, қысқа да бейнелі тілмен жеткізудің нәтижесінде ұмытылмай есте сақталып келеді.

Ауыз әдебиетінің сан алуан үлгілері секілді, уақыт сынынан өткен есептердің де туған дәуірі, шыққан мекені, өзіндік желісі бар. Ертедегі қара танымайтын адамның малын, астығын, дүние-мүлкін санау, өлшеу жөніндегі қилы-қилы есептері халқымыздың ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігімен үндесіп, өмір танымымен өзектес келеді. Әр дәуірдің зерек ойлы, зерделі адамдары табиғат пен өмір құбылыстарын бақылай отырып, сан алуан сауалды ойлардың түйінін бейнелі де, орамды тілмен жеткізген және олардың арасындағы қатаң логикалық байланысқа сүйеніп, небір күрделі есептердің күрмеуін шеше білген. Ал қазір, оларды теңдеулерді шешу, терулер мен алмастырулар санын табу, сандарды өзара салыстыру, бөлінгіштік пен прогрессияның қасиеттерін, ықтималдық шарттарын ескеру секілді математикалық операцияларды қолданып шығаруға болады. Мұның өзі халықтың ұлттық мазмұнды есептерінің негізінде осы заманғы математикалық ойлау жүйесінің көптеген элементтері болғанын дәлелдейді.

Педагогикалық, психологиялық және оқу- әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдау нәтижесі бүгінгі күнге дейін этнопедагогиканың жалпы теориялық негіздерімен тәрбиелік мәселелеріне баса назар аударуында. Пәндерді оқытуда, оның ішінде математика, физика пәндерін оқытуда халықтық –педагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің назардан тыс қалмағанын көрсетеді.

Жасөспірімнің қалыптасып дамуында , өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халық педагогикасы. Қаншама заман өтсе де,маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру –ата-анамен, мектеп ұжымының, жалпы мұғалімдердің басты борышы деп санаймын. Халқымыздың бала тәрбиесінде атам заманнан жинаған мол тәжірибесі бар. Оны ең жақсы қасиеттермен байытып, ұл-қыздарының бойына сіңіру, ұлттық тәрбие беруді саралап, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамыту және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру көзделеді.

Осыны ескеріп математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрлерінен,шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерінен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.

Халқымыздың ертегілерінде, аңыз-әңгімелерінде, шешендік, тапқыр сөздерінде , салт-дәстүрлерінде математикамен байланысты тұстары көптеп кездеседі. Атап айтар болсақ қызықты айтыстар мен көріністер, ойлан тап отауы, халық есептері, ертегі есептері, математикалық сиқырлар, санамақтар тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар ұлтымыздың салт –дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар. Сонымен бірге, оқушыларымыздың ойын дамытып, өз пікірін айтуға үйретері анық, әрі құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге, ойлау еркіндігіне жетелейді.

Сондықтан оқушылардың математикаға деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – математика сабақтарында ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығаруға көп көңіл бөлдіру немесе шығаруға үйрету. Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді жүйелі түрде орындау ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткеніміз бен бүгінімізді байланыстыратын, салыстыратын асыл қазынамыз. Халқымыздың асыл-қазынасын сабақтың кейбір тақырыптарымен байланыстыра тиімді пайдалану оқушыларымызды ұлт мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз.

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару - бұл оқушылардың ойлау қабілетін тереңдетіп, логикасын жетілдіріп, жылдам ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелей отырып, халқымыздың өткен тарихына көз жүгіртеді.

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығаруды мұғалім оқушының терең ойлау әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, қайталау, есте сақтау жаттығуларын орындау және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру барысында ұлттық мазмұнды есептер желісі өтілетін тақырыпқа және жас ерекшелігіне сәйкес сұрыпталуы қажет.

Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру, бірақ оған барар жол әркім үшін әртүрлі. Осы жерде Абай атамыздың «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» деген сөздері еске түседі. Себебі оқушыларымызға ұсынар оқыту әдіс-тәсілдеріміз олардың көңілдеріне қонымды, ойларынан шыққаны тиімдірек деп ойлаймын.

Бүгінгі заманауи мектептердің негізгі міндеті оқушының жеке басының қалыптасуын, оның қабілетінің ашылуын, оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.

Ал мұның барлығы ойлаудың дамуынсыз мүмкін емес. Әрине, ойлауға үйрету –мұғалімнің , ойлауға үйрену оқушының міндеті. Бұл мәселе оқушының пәнге қызығушылығынсыз жүзеге аспасы айдан анық. Сондықтан да оқушылардың қызығушылығын арттыруда ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары тиімді де пайдалы әдістердің бірі деп есептеймін. Әрі логикалық ойлау адам өмірінің барлық саласы үшін - ғылыми жұмыстарда да, күнделікті тұрмыста да дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасауда, қысқасы барлық іс-әрекетте қажет.

М. Жұмабаев «Ойлау- жанның терең, әрі қиын ісі» - деген болатын, ал оқушылардың ойлауын өрістету, оның ішінде ойлаудың жоғары сатысы логикалық ойлауды дамыту өте күрделі іс. Логика – спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.
Ой – әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келуге айрықша мән беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен оқушыға өз жұмысының мақсат, міндеттерін анықтауға үйрету қажет. Егер ол әрбір оқу жұмысын не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін және одан қандай нәтиже күтілетінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу міндеттеріне сай өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға , өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, өзін-өзі басқаруға дағдыланады.

Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т.б кең қолданылуы, түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.

Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек:

  • Ақыл-ойды дамыту.

  • Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.

  • Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.

  • Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.

  • Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.

  • Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.

Осы мақсатты ескере отырып, математикаға қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсету жөн көрдім. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды.
Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.









































Кіріспе


Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу . Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп қабырғасынан бастау керектігі белгілі.

Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т.б кең қолданылуы, түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.

Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек.

Ақыл-ойды дамыту.

Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.

Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.

Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.

Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.

Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.

Осы мақсатты ескере отырып, математикаға қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсету жөн көрдім. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды.
Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі.
Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегенің бәрі бір – бірімен өзара байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.

Логика дегеніміз – спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.
Ой – әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келу айрықша мән беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.
Математика пәні ең бірінші оқушылардың қызығушылығын туғызуды талап етеді. Осы мақсатпен әр тақырыпты бастамас бұрын оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында немесе сабақ ортасында, соңында шығармашылық есеп ретінде логикалық есептер, не болмаса тапсырмалар беріледі.
Математика сабағында оқушының қызығушылығын тудыру үшін логикалық есептерді шығару шығармашылық есеп түрінде бастауыш сыныптан бастап беріледі.
Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, осылай өрнектеген сабақ, не сабақтан тыс жұмыс қызықты әрі ұтымды болады. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Сабақта алған білім дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс – қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға ұмтылады.
Логикалық есептер бастауыш сыныптан бастап, шығармашылық жұмыс ретінде, әр тақырыпта немесе келесі тақырыпқа дайындық ретінде беріледі. Сөзім дәлелді болуы үшін әр сыныптағы шығармашылыққа берілген есептерді алайын.
Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.
Орта мектепте кең көлемде дамып қалыптасқан жақсы дәстүрдің бірі – оқушылардың жыл сайын өткізетін математикалық олимпиадасы. Математикалық олимпиадасының оқу жүйесінің қай кезінде де маңызы зор. Ол математикадан сабақтан тыс жұмыстың барынша тиімді формасының бірі бола оытырып, оқушылардың математиканы барынша терең үйренуге деген ынтасын, білім сапасы мен ой өрісін дамытады. Әдетте, математикалық олимпиада мектепте жылына бір-ақ рет өткенімен, оған дайындық жыл бойына жүргізіледі. Математикалық олимпиада өткізу ісінің табысты болуы сол мектептегі сабақтан тыс жұмыстың және мектеп оқушыларының математикаға қаншалықты дәрежеде қызығатындығын тікелей байланысты. Дайындық есептерінің басты міндеті шәкірттердің қабілетінің дамуына игі әсер етумен бірге математикалық олимпиадаға дайындалу болып есептелінеді.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.08.2016
Раздел Математика
Подраздел Статьи
Просмотров74
Номер материала ДБ-163741
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх