Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Ұлттық өнерімізді құрметтейміз және дамытамыз/сыныптан тыс/

Ұлттық өнерімізді құрметтейміз және дамытамыз/сыныптан тыс/

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Ұлттық өнерімізді құрметтейміз және дамытамыз

Мақсаты:

Білімділік мақсаты:Ертеңгі елдің болашағының бойында еңбек дағдысын қалыптастыру,алған

білімдерін өмірмен байланыстыра білу.

Дамытушылық мақсаты:Ата-бабадан аманаттап алып келе жатқан ұлттық дәстүрімізбен

қолөнерімізді ұрпақ бойына сіңіруге,аналармен бірлесе еңбек етуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты:Қолөнерді үйрену арқылы атадан қалған салт-дәстүрімізді,ата-баба кәсібін

құрметтеуге тәрбиелеу.

Өтілу түрі: сайыс /анасы мен қызы қатысады/

Сыныбы: 9 сынып

Көрнекіліктер :Нақыл сөздер,тақырыптық сөз,қолөнер көрмесі,шарлар.

Барысы:Қайырлы күн құрметті оқушылар мен аналар ,ұстаздар!

/ «Ататолғауы»күйі баяу ойнап тұрады /

«Ұлттық өнерімізді құрметтейміз және дамытамыз» атты ұлттық өнерді құрметтеу және насихаттау аясында ұйымдастырылып отырған сайысымызға қош келдіңіздер.

Елбасының халыққа арналған жолдауында «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін,тілі мен мәдениетін сақтап,түлете береміз» деген. Өнер,білім,халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы.Халқымыздың дәстүрін үйрену,адамгершілік асыл қасиеттерін бойымызға сіңіру басты міндетіміз. «Өнер көзі-халықта» деген,алдымен өнерді халықтан үйреніп,көне мұрасын жаңғыртып,ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз. Еліміз егемендік алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне,әдет-ғұрпына сай тәрбиелеу күн тәртібіндегі өзекті мәселе болуда.Ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз арқылы оқушыларды ісмерлікке баулу мен қатар ұлттық қолөнер шеберлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қайталанбас мұралары арқылы олардың эстетикалық талғамдарын қалыптастырамыз.

Қазақ қыздары аналарынан бар нәрсені бала кезінен үйреніп,аналары ыждақаттылыққа тәрбиелей отырып,қыздарымызды табанды,сабырлы,ұқыпты,зерделі мінез-құлық қалыптастыра отырып тәрбиелейді.Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін қастерлей отырып,әрбір ұрпақтың бойында сақтауды тек жадында сақтап қана қоймай өз бойындағы ұлттық сана сезімін,қадір-қасиетін,түр сипатын оқытып,дамытып үйрету олардың тұрмыстағы қолданумағынасын түсіндіру барлығымызға ортақ іс.Ана ақылды болса ,бала дана болады.

Ата салтым,асыл мұра ардағым,

Бабалардың жалғастырыр арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірлім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымыз бен қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сымбаты сай кеп тұрған

Аналар мен қыздарға қарасасың.

/музыка баяу ойнап тұрады : Ән«Қазақтың дастарханы»/

1.Байсалды да байыпты ана,ұлттық дәстүріміздің жанашыры ана Кенішбаева Толқын қызы Қасымханова Мадина «Шебер»тобы

2.Он саусағынан өнер тамған,шебер ана Қозыбаева Маржан қызы Қозыбаева Гүлнұр «Ісмер» тобы

3.Ұлттық салт-дәстүрге сүйіспеншілігі жоғары ана Сембаева Жанар қызы Ерғалиева Ақерке . «Зерде» тобы

4.Ұлттық салт-дәстүрді ұстанып,пір тұтушы ана Жамиева Алия қызы Мұрат Гүлім «Алтын оймақ»тобы

5. Ұлттық салт-дәстүрді жақсы ұстана білген ана Көжебаева Эльмира қызы Жарықбай Сабина. «Он саусақ»тобы

*Сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

*Сайыс 9 бөлімнен тұрады./бөлімдерімен таныстырып өту/

1-бөлім : Сайыскерлер өздерін таныстыру./Анасы бастап таныстырады,қызы аяқтайды/

2-бөлім: Викториналық сұрақтарға жауап беру/қоржындағы сұрақтарды алу/

Қазақ халқы теріні бояу үшін бояуды қайдан алған?/рауғаш,ермен,жабайы алма жапырағы,қына,жусан,қайың ағашын пайдаланған./

Кешірім Сұрау дегеніміз не?

Бұйымтай сұрау дегеніміз не?

Байғазы дегеніміз не?

Тоқым қағу дегеніміз не?

3-бөлім Ұлттық тағам түрімен таныстыру/жасалу жолдарымен таныстыру/

Наурыз көже

Бауырсақ

Ет

Жент

Қуырдақ

4-бөлім

«Еңбек –өнер өрісі» демекші жалпы қыз бала тәрбиесімен біздің асыл аналарымыз айналысады.Қыздарымызды еңбекке тәрбиелеу,жақсы қасиеттерді бойларына сіңірту,адамның тұрмыс тіршілігінде қыз баланың жұмысқа икемді болуға,іскерлікке,ісмерлікке,сабырлылыққа,төзімділікке тәрбиелеу ана үлесіне тиген.Сондықтан қазақ атамыз «Анасына қарап қызын ал,

Ыдысына қарап асын іш» деген мақал осыдан қалған.

Жас уақытта үйрену,

Тасқа жазған хатпен тең.

Қартайғанда үйрену,

Суға құйған ақпен тең.

Осы орайда біздің аналарымыз қыздарын еңбекке қалай тәрбиелейді екен,соны көрініс түрінде көрсету./Тәрбиелік мәнін,белгілі бір нәрсені үйрету шеберлігі/

*Ұршық иіру жолы

*Құрақ құрауды үйрету

*Айранды ұйту әдісі

*Кесте кестелеу әдісі

*Нан ашыту әдісі

5-бөлім Өресі биік,өрісі кең халық өнерінің бір түрі :Ою

«Ана көрген тон пішер»демекші енді біздің аналарымыз бен қыздарымыз өз шеберліктерін көрсетеді.

/ «Әлқиссанық» күйі ойнап тұрады/

6-бөлім «Бала нені білсе жастан-ұядан,

Өлі-өлгенше соны таныр-қиядан».еліміз егемендік алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне,әдет-ғұрпына сай тәрбиелеу күн тәртібінде өзекті мәселе болуда.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Өнерлерің шарықтасын әрдайым-дей келе қазағымыздың салт-дәстүрін,атадан қалған жоралғыларын көрсету.

Құда түсу

Ұзатылып бара жатқан қыздың елімен қоштасуы: «Сыңсу»

Құйрық бауыр асату

Баланы қырқынан шығару

Тұсау кесу

7-бөлім Сөздің көркі мақал.Берілген мақалдарды жалғастыру.

*Өнерлі болу зейнет,/өнерсіз болу бейнет/

*Батыр адам қорқақты сүймес,/шебер адам жалқауды сүймес/

*Еңбексіз өмір жоқ ,/ауырсыз жеңіл жоқ/

*Өнерлі адамның он саусағы тең,/Өнерсіз адамның бір саусағы кем/

*Үйренгенің өзіңе құт,/істегенің еліңе құт/

*Еңбегіне қарай құрмет,/жасына қарай ізет/

*Еңбек өмірді ұзартады,/ұят бетті қызартады/

*Жеті рет өлшеп,/бір рет кес/

*Шын шеберде / мін болмас/

*Алтын балдақ қол сәні, /әшекей кесте тон сәні/

8-бөлім Айналайын ісмер қол, алтын саусақ,

Халқымыздың келе жатқан салтын сақтап.

Мәңгілікке жалғасқан өрнегімен,

Атакәсәп бұл біздің жарқын соқпақ.

Үй тапсырмасы: дайындап әкелген қолөнер бұйымдарымен таныстырып өту.

9-бөлім

1.Қазылар алқасының қорытындысы

2.Марапаттау

Сенемін келер ұрпақ көрмес зиян,

Өнерім,өлеңімді дербес қоям.

Қабылда аманатты туған елім

Алтын бесік алауы сөнбес ұям-дей келе «Ұлттық өнерімізді құрметтейміз және дамытамыз» атты сайысымыз аяқталды.Сайысқа қатысқан аналарымыз бен қыздарымызға алғыс білдіреміз.


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 12.11.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров12
Номер материала ДБ-343034
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх