Инфоурок Другое Статьи"Ұлттық отбасы тәрбиесі" мақала

"Ұлттық отбасы тәрбиесі" мақала

Скачать материал

«Тәрбиенің мақсаты

қоғамның пайдалы

 мүшесі жеке тұлғаны

 адамгершілікке тәрбиелеу»

  К.Д. Ушинский

 

Ұлттық отбасы тәрбиесі

        Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі болады. Сонымен бірге  жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Олар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әпке, аға, әке, көке деп сыпайы қарым- қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің , әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін- бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тілалғыш, қолғанат болу, ал отбасы мүшелері үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй- ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының шамасы келгенше іс атқаруы.

    «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге»-деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған.

    Қонақ күту,үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, аударспақ , сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.

     Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке отбасының басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.  Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнер – білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі –өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Казақта біреудің баласы жақсы болса, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі  немесе жеті атасы жақсы кісі еді ,  өнегелі жерден шыққан ғой» деп  мақтайтыны сондықтан. « Әкеге қарап ұл өсер,  шешеге қарап қыз өсер», « Әке –бәйтерек, бала –жапырақ», « Жас –кәрінің көзі, кәрі –жастың тезі» деген мақалдар  да осы пікірді халықтың қуаттауынан туған.

    Аталар балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз- әңгіме , мақал- мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа  тәрбиелеген. Мысалы,  Абай, Шоқан, Ыбырай , Мұхтар сияқты ұлы ақын- жазушылардың немесе  Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеуші шешендердің жастайынан елдің салт- дәстүрлері мен заңдарын, аңыз- әнгіме мен өлең- жыр, мақал- мәтелдерін жаттап, жадында сақтап, көп білуі – әкелері мен аталарының  әсері екені сөзсіз. Көпті көрген қариялар – отбасының , ауыл- аймақтың үлгі тұтар тұлғасы, тәлім- тәрбие мектебі сияқты.

  Қазақ ауылында бала тәрбиесіне  бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының  балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе,ұрсып, зекіп тыйым салуға , ақыл айтуға , тіпті ретті жерінде ұруға да құқылы болған.  Өнегелі, өнерлі , «Сегіз қырлы, бір сырлы» , намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Ал аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға да  үлкен сын болып  саналған.  « Ата көрген оқ жонар » деген мақал соны мегзейді.

    Қасиетті ана қызының  тәрбиелі жан болып өсуі үшін  жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді.    Әйел қандай биік дәрежелі жұмыс істемесін,  қайда болмасын оның ең басты міндеті –өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешірімділігі, сыпайылығымен ,жақсы-жақсы қасиеттерімен  үй-ішіне береке әкеліп, шаңырақ бақытын орната алады.

    Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден , оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп қарайды.  Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ күту, ас ұстау, бала күту т.т. мәселелерде үнемі ақыл-кеңес беріп  үйретіп отырады. «Келіннің жақсы болуы  қайын ененің  топырағынан » деп, ененің жас келінге қамқоршы  болуын талап еткен.   Сондықтан да «Жақсы ауылға келген  келін-  келін. Жаман ауылға келген келін-келсап болады » деп текке айтпайды.

     Әрине , үлкеннің үлкендігі, кішінің кішілігі болуға тиіс. Үлкен адам өз балаларына жамандық ойламайды, тек кейде олар ақыл түрінде жұмсақ айтса, кейде ашуланып қатты айтады.  Жастар қашанда кішілік жасап, үлкеннің ондай ашуын көтеруге тиіс. Үлкенді сыйлау- біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкенмен сөз жарыстырмауға  тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс. Осындай ата дәстүрімізді бүгінгі жастар жадында сақтап, жалғастыра білуі қажет.  

 

                                                                                                           Қостанай ауданы

                                                                                                             Мичурин ОМ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті

                                                                                                       пәні мұғалімі:

Гүлмира Баймуханова

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұлттық отбасы тәрбиесі" мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 437 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2016 2114
    • DOCX 14.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймуханова Гулмиран Абилхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9369
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой