Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / "Ұлттық ойындар физика сабағында"

"Ұлттық ойындар физика сабағында"

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар.

«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, татып ескерсе, дүниедегі жақсы – жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, - дейді Абай Құнанбаев».

Абайдың бұл пікірі ойынға да толық қатысты. Ұлттық ойындар – ата бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Сондықтан оны үйренудің, білудің маңызы зор.

В.А. Сухомлинский ойын туралы былай деген: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жорық іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жеңімпаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».

Міне, ойын дегеніміз – тыныс кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат беретін ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Қазақ халқының ұлттық ойындарын физика пәнінде пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау, бекіту, қайталау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Оқушы өзінің ойын дамыта отырып, өзінің пікірін айтуға үйренеді. Халқымыздың ұлттық ойындарын физика сабағында қолданудың оқушылардың ұлттық мақтанышын тәрбиелеуде маңызы зор.

Ойынның түрлері сабақта әр түрлі мақсатта қолданылады. Оның біріншісі – білімділік, ал екіншісі – тәлім – тәрбиелік мақсат.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Жаңа сабақты түсіндіргенде ойын элементтерін қолдану, сабақтың тартымды өтуіне ықпалын тигізеді. Өйткені сабақты немесе тарауды қайталағанда оқушы ойында, санасында мықтап бекиді.

Тәлім – тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тарқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын жан – жақты арттыру, ойын қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын, білім деңгейін арттыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге, ұлттық сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1- ойын. «Ортаға түспек»

Тік төртбұрыш сызылады. Бірнеше бөліктерге бөлінеді. Тік төртбұрыштың бір шетінен бастап, әрбір сөздің жауаптарын жаза отырып ортаға жетуі керек.

Жауаптары: Кулон, радиан, сыйымдылық кедергісі, изотермиялық процесс, индуктивтік, кедергі, дифракция.


N




hello_html_m48312614.gif

X





Г










Е



hello_html_m48312614.gif

R





hello_html_353dff75.gif

Р










Ц






hello_html_353dff75.gif



hello_html_m5198632f.gifбірлігі

Ф










М






сынған


hello_html_353dff75.gif


а



Lhello_html_1971b25e.gif







r








T=const

pV=const


Н

и

т

а

ғ

ы

н

ы

qhello_html_m8de550a.gif=бірлігі



2- ойын «Мәреге жет»

1. Мектептен үйге жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін 1 минут ішінде айтып үлгерулері керек.

2. Жерден Айға ұшып жету үшін латын әріптері арқыл қандай физикалық шаманы белгілейтін айтады.

1. hello_html_49134cc3.gif


2.


hello_html_a44a616.gif

3- ойын «Шеңберден өтіп шығу»

Ұлттық ойын. Бірінің ішіне бірі орналасқан шеңберлер сызылады. Әр шеңбердің ішіне оқушылар қол ұстасып тұрады. Музыка үнімен бірге барлық шеңбердегі ойыншылар қарама – қарсы жаққа жүріп отырады. Бастаушының белгісі бойынша қолдарын жоғары, төмен түсіреді. Тең ортадағы бала, қолдарын жоғары көтергенде бір шеңберден екіншіге, одан үшіншіге өтіп шығып кетуге тырысады. Барлық шеңберден өтіп шықса, айлашыл ойыншы деп аталады.


hello_html_m798c41b1.gif



hello_html_59a14c04.gif






Осы ойынға сәйкес ортадағы оқушы шеңберден шығып кету үшін, жазылған физикалық шамалардың сан мәндерін тез – тез айтып үлгеруі керек. Екіншісінде формулалар мен изопроцестерді білуі керек.

Ойын ептіліке үйретеді.


4- ойын. «Ойланбай – ақ табалық»

Өте аз уақыттың ішінде құралдардың аттарын айтып, схемасын сызып, не үшін қолданылатынын келесі бос орынға жазып тапсырады.

Тексеріледі, салыстырылады, толықтырылып, бағаланады.


1. Амперметр суреті

Қолданылуы, схемасы құрылысы

2. Таразы суреті

Қолданылуы, құрлысы.

3. Электроскоп


4. Вольтметр суреті



5- ойын «Дәлдеп көзде»

Схемалардағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінді арқылы көрсету.

Мысалы:

1.


Өткізгіш сымдардың қосылуы

2.



Гальвани элементі

3.




Өткізгіш сымдардың қиылысуы

4.




Аккумулятор батареясы



5.




Реостат

6.




Вольтметр

7.




Қысқыштар

8.





Электр шамы

9.




Электр қоңырауы

10.




Кілт

6- ойын «Жаяу жарыс»

Жеткіншектер жазық алаңға жиналып, басқарушы тағайындайды. Қатысушылардың бір бөлігі көрермен ретінде қалып қояды, қалғандары белгіленген жерге барып, басқарушының нұсқауымен жарысқа түседі. Кім бұрын озып келсе, бірінші бәйге, екінші келген ойыншы екінші бәйке алады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Осы ойынға сәйкес әр топтан бір – бір оқушы шығып жарысады. Сұрақтарға жауап береді. Жауаптардың санымен бағаланады.

hello_html_m14ae6bcb.gif


7 – ойын. «Қыз қуу»

Кеңінен таралған ұлттық ойын. Сөреге қыз бен жігіт шақырылады. Жігіт қыздан 10-15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңілгендігін білдіру үшін оның білігінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз керісінше, құғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды. Ертедегі аңыз – ертегілерге қарағанда, қазақтардағы бір әдет – ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіт түскен. Жігіттің жеңілуі, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік аттың жоқтығы үлкен кемістік болып саналған. Қыз жеңілсе, ешқандай қаыңсыз – ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шыққан. Оқушылардың санына сәйкес сынып екі топқа бөлінеді.

1-топ «Қыз балалар»

2-топ «Ұл балалар»

Әр топтан бір – бір баладан шығып есеп шығарады. Кім бірінші шығарса, сол топ жеңеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.


8-ойын «Байқап қал!»

Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатысады. Екі топ өздеріне басшылар тағайындап алады. олар стол үстіне 15-20 ұсақ нәрселерді қойып (мысалы: физикалық құралдарды) балаларға бір минут қаратқаннан кейін, өздері көрген нәрселердің тізімін жазуларын тыпсырады. Қай топтың балалары көп жазса, сол топ ұтқан болып саналады.

Ойын көру, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіре түседі.





9- ойын «Жүйріктер жеңеді»

Ойынға қатысушылар қызыл және сары топ болып екіге бөлінеді. Әр топтың алдында қызыл және сары түсті жұлдызшалары бар қорапша болады. Үй тапсырмаларын қайталағанда, жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде сұрақтарға жауап берген сайын әрбір оқушы өзіне қызыл, сары жұлдызшаларды ала отырып, өздеріне ұпай санын жинайды. Сабақ аяғында жұлдызшаларының санына сәйкес ұпайлары саналып бағаланады.

Ойын оқушыларды белгілі бір мақсатта ұжымдық әрекет жасауға, шапшаңдыққа үйретеді.


10-ойын «Арқан тартыс»

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақта алдына ұзын жіп байланады. Киіз үй жиһаздары, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар т.б. суреттер салынған конверттер ілінеді. Әрбір оқушы өзіне ұнаған конвертті қиып алып, оның ішіндегі сұраққа жауап береді, есептер болса шығарады және сурет физикалық тұрғыдан түсіндіреді. Топтағы оқушылар бір – біріне көмектеседі. Қай топ көп тапсырма орындаса, сол топ жеңеді. Ойын ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.


11- ойын «Орамал тастау»

Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Ол жазда, алаңда, көгалда шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты көп болады. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама – қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың оң жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дайыстайды. Ол «ғаз» дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз, қала» т.б. сөздер шығады. Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік біоуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.

Осы ойынды қолданып физикалық шамаларды, өлшем бірліктерін жаттап алуға дағдыландыруға болады. Мысалы: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың бір оқушысы «m» әрпін көрсеткенде, екінші топ оқушысы «масса» деп жауап береді. Ойын осылайша қайталанады (Әр топ оқушыларының алдында физикалық шамалар мен өлшем бірліктері жазылған парақтар болады).


12- ойын «Ақ терек»

Халыққа кең тараған ойынның бірі. Ойынға қатысушылар кең, жазық алаңды жерді таңдап алады да, тең екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басқарушы сайлап алады. Екі топ ара қашықтығы 20-30 метрдей жерде бір – біріне қарсы қарап, қол ұстасып, тізбек құрып тұрады. Қай топтың бірінші болып ойын бастайтынын жереби арқылы шешеді. Бірінші болып ойын бастайтын топтың басшысы қарсы тұрған топтың бір ойыншысының атын атап шақырады. Аты аталған ойыншы жүгіріп барып өзін шақырған қарсы топтың тізбегін бұзып өтуі керек. Егер ол тізбекті бұзып өтетін болса, онда бұзып өткен жердегі бір ойыншыны өзімен бірге ала кетеді. Егер бұзып өте алмаса, онда өзі сол топқа қосылып қала береді.

Ойын жалғаса береді. Ойын бір топтың жеңісімен аяқталады.

Бұл ойынды сыныптан тыс физикалық кештерде қолдануға болады. Мысалы: Бірінші топтың бір оқушысы екінші топтың бір оқушысына сұрақ қояды. Егер жауап бере алса, ұпайлары екі есе артады. Жауап бере алмаса, сұрақ қойған топқа екі есе артады. Жауап бере алмаса, сұрақ қойған топқа екі есе артық ұпай беріледі. Ойын осылай жалғаса береді. Ұзаққа созылып кетпес үшін, сұрақтың санын және уақытын белгілеп алу керек.

Ойын оқушылардың алған білімдерін тереңдетуге көмектеседі.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров378
Номер материала ДВ-491693
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх