Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Ұлттық ойындар үйрету "Тауық күрес" ойыны

Ұлттық ойындар үйрету "Тауық күрес" ойыны



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m4a2f0d91.gifhello_html_m4a2f0d91.gifhello_html_m4a2f0d91.gifhello_html_63272745.gifhello_html_76e1edbe.gifhello_html_m79cf57e5.gifhello_html_5ba34359.gifhello_html_5ba34359.gifhello_html_5580f2d7.gifСабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар үйрету. «Тауық күрес» ойыны

Сабақтың мақсаты: ұлттық ойынды насихаттай отырып, нағыз қазақ баласының бойындағы қасиеттерін сынып оқушыларының бойына сіңіру. Әр түрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлық, ептілік, мергенділік пен шапшандылық қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындарды ойната отырып, ата – салтын ардақтауға, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Спорттық құралдар: секундомер, ысқырғыш

Кіріспе бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекші баяндауы. Сәлемдесу. Тексеру. Төменгі жылдамдықта арақашықтық сақтай отырып жүгіру. Жүгіру кезінде жаттығулар жасау. Біртіндеп жүріске көшу. Дем алу жаттығулары. Жалпы дамыту жаттығулары.

Негігі бөлім. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойынның басқаша күрестен айырмасы – жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып күресуінде. Бұл адамның нық басып, орнықты жүруін жеңілдетеді. Күресетіндердің бір аяғын тізесінен бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолмен жүріп күреседі. Қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады.

Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жаттығуды жақсы меңгерген оқушыларды атап өтіп бағалау. Үйге тапсырма: Үйренген әдістерді қайталау.























Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Икемділікке, ептілікке, шеберлікке баулу.

Керекті құрал – жабдықтар: Ысқырғыш,төсеніштер

Өтетін орны: Спорт зал

Кіріспе бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекші баяндауы. Сәлемдесу. Тексеру. Төменгі жылдамдықта арақашықтық сақтай отырып жүгіру. Жүгіру кезінде жаттығулар жасау. Біртіндеп жүріске көшу. Сергіту жаттығулары.

Негізгі бөлім. Акробатиклық жаттығулар. Ең негізгілері алға, артқа домалау, жауырынмен тұру, басқа қолдың көмегімен үш бұрыш жасап тұру, қолмен тұру, оң және сол қапталмен шеңбер жасап айналу. Басты тіремей қолмен тұру бұл жаттығуды орындауда қабырғаны пайдалануға болады. Жауырынға тұру үшін қолды шынтақтан бүгіп, жауырынның төменгі жағынан тірейміз, аяқты тізеден бүкпей жоғары көтереміз. Осы қалыпта тұрып аяқты бүгу, бір-бірінен алшақ ұстау, бір аяқты артқа, бір аяқты алға жіберіп, қайшылау сияқты жаттығуларды жасауға болады.

Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу, көңіл күйлеріне назар аудару. Жаттығуды жақсы орындаған оқушыларды атап өту.

Үйге тапсырма: Алға, артқа домалау





















Сабақтың тақырыбы: Ағаш аттан секіру

Сабақтың мақсаты: ептіліктерін, аяқ пен қолдың бұлшық еттерін шынықтыру.

Керекті құрал-жабдықтар: аған ат, төсеніштер.

Өтетін орны: спорт зал

Кіріспе бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекші баяндауы. Сәлемдесу. Тексеру. Төменгі жылдамдықта арақашықтық сақтай отырып жүгіру. Жүгіру кезінде жаттығулар жасау. Біртіндеп жүріске көшу. Тыныс алу жаттығулары.

Негізгі бөлім. Ағаш аттн секіру үшін көпіршелерде секіру жаттығулары жасалады. Көпіршеден секіру ұлдар мен қыздарға бірдей. Ағаш атты қажеттілігіне қарай төмендетуге, жоғарлатуға болады. Бұл жаттығуды орындау үшін жүгіріп келіп аяқпен серпіле қолды тіреп, аяқты кеудеге жылдам жинап алып отыру. Ат үстінен кеудені жаза, қолмен көмектесіп серпіле секіру. Ұшу кезінде белді артқа қарай ию. Төсеніш үстіне түскенде мүмкіндігінше қол жоғарыда, өкше бір жерде болуы керек.

Ағаш аттан секіру: екпіндікпен жүгіру, көпіршені басу, аяқпен серпілу, қолды ағаш атқа тірегенге дейін қалықтп ұшу, қолмен серпілу, қолмен серпілуден кейін қалықтап ұшу, жерге түсу.

Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жаттығуды жақсы орындаған оқушыларды атап өтіп, бағалау. Үйге тапсырма: Ағаш атсыз жүгіріп келіп аяқты ашып, тізеден бүгіп секіріп үйрену.



















Сабақтың тақырыбы: Құралдармен және құралдарсыз, гимнастикалық таяқпен, шығыршықпен,

үлкен және шағын доптармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

Сабақтың мақсаты:

  1. Дене бұлшық еттерін дамыту, ептілікке, иілгіштікке, жылдамдыққа баулу

  2. Жүрек қан-тамыр жүйесін нығайту

  3. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын нығайту.



Керекті құрал-жабдықтар: гимнастикалық таяқтар, шығыршық, үлкен және шағын доптар,

ысқырғыш

Өтетін орны: Спорт зал



Сыныбы: 4 «А»





Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқау



І

















II































































































































ІІІ



Дайындық бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылдау, сәлемдесу. Тексеру.

Сабақтың тақырыбы, міндеті.

Төмендегі жылдамдық арақашықтық сақтай отырып жүгіру. Жүгіру кезінде жаттығулар жасау. Біртіндеп жүріске көшу.

Тыныс алу жаттығулары.



Негізгі бөлім



Құралмен және құралсыз орындалатын жаттығу.

Құралсыз жасалатын жаттығулар мойын бөлігінен басталып, қол мен иық, кеуде, аяқ бұлшық еттерімен аяқталады.

Аяқ иық кеңдігінде, қол белде, мойынды оңға, солға айналдырамыз.

Аяқ иық кеңдігінде, қолды алға, артқа айналдыру.

Аяқ иық кеңдігінде, сол қолды белден тіреп, оң қолды жоғарыда солға қарай иеміз.

Оң қолды қойып, сол қолды жоғары көтеріп, оңға қарай иеміз.

Аяқ иық кеңдігінде, қолды кеуде тұстан бүгіп оңға, солға бұрыламыз.

Аяқ иық кеңдігінде, қолды белде ұстап, белді оңға, солға айналдырамыз.



Гимнастикалық таяқпен, үлкен және шағын доптармен және шығыршықпен жасалатын жаттығулар.



  • Гимнастикалық таяқшамен жасалатын жаттығулар.

Аяқты алшақ ұстап, таяқтың екі шетінен ұстап жоғары, төмен түсіреміз.

Жоғары ұстап тұрып, оң, сол қапталға мүмкіндігінше иілеміз.

Осы қалыпта тізені бүкпей аяқ ұшына тигіземіз.

Жоғарыда, кеуде тұсында ұстап тұрып, отырып тұрамыз.



  • Үлкен және кіші доптармен орындалатын жаттығулар

Бастапқы қалып: тұру, оң аяқ артта ұшымен тұрады, доп төменде.

Допты бастан асыра көтеріп, шалқаю.

Қолды шынтақтан бүгіп, допты желкеде ұстау.

Қолды жазып, допты жоғары ұстау, белді шалқайту.

Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, допты тура ұстап, аяққа тигізу.



  • Шығыршықпен жасалатын жаттығулар

Бастапқы қалып, негізгі тұрыста тұрып, шығыршықты екі жағынан ұстап жоғары көтеру.

Осы қалыпта денені шалқайта бір аяқты артқа көтеру және қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

Бастапқы қалып: аяқты иық кеңдігінде, қолды желкеде ұстап тұрған бастапқы қалыпта белмен шығыршықты айналдыру.

Аяқтықатар қойып тұрған бастапқы қалыпта шығыршықты екі қолмен ұстап, денені алдан және арттан айналдыра секіру.



Қорытынды бөлім.



Оқушыларды сапқа тұрғызу,көңіл күйлеріне назар аудару.

Жаттығуды жақсы жасаған оқушылардың жетістіктерімен кемшілігін атап өту.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Жаттығуларды қайталау










10-11















29































































































































4-5



Оқушылардың спорттық киіміне назар аудару











Тыныс алуына көңіл бөлу.















Алдын ала орындау.



























Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.





















































































Сап тыныштығын сақтау керек. Тыныс алуды қалыпқа келтіру қажет.











Сабақтың тақырыбы: Денсаулық күніне арналған «Толағай»

отбасылық сайысы

Мақсаты: Спорттық ойындарды ойнап отырып спортқа қызығушылығын

арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшандыққа,

ептілікке баулу.

Көрнекілігі: шарлар, газеттер

Керек құралдар: кішкене доптар, шеңберлер, кедергілер, үлкен доптар,

секіртпелер, қапшықтар, ысқырғыш

Өтетін орны: спорт зал

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

«Толағай» әуенімен спортшыларымызды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім

Құрметті қонақтар және ата-аналар, әріптестер бүгінгі «Толағай»

отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер.

Ал құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Спорттық сайысымыз әр кезең сайын 5 балдық жүйемен бағаланады.

Құрметті сайыскерлер сіздерге сәт сапар!

Музыка «Толағай» әні

Олай болса ортаға « », « », « » топтарын ортаға шақырамыз. Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін:

1-тапсырма. «Таныстыру»

2-тапсырма. Кедергілер арқылы жүгіру

3-тапсырма. Секіртпемен секіру

4-тапсырма. «Мерген» (әр команда мүшесі кедергілерден өтіп, кішкене доптарды қашықтықтан себетке салу)

Нәтижесі себетке жиналған доп және ойын тәртібін сақтау

5-тапсырма. «Тәтті жұп» (әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру) Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру. Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Нәтижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.

6-тапсырма. Қапшық киіп жарысу

7-тапсырма. Мұз айдынында жүру.

ІІІ. Қорытынды

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау.

І орын

ІІ орын

ІІІ орын



Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші сайысымызда өз мәресіне жетті.

Құрметті қонақтар бүгінгі сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет, жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін, келесі кездескенше сау болыңыздар!





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров189
Номер материала ДВ-310570
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх