Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында қолдану

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында қолдану



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:



Жарқамыс орта мектебі











Баяндама

Тақырыбы: «Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында қолдану»









Орындаған: Сағынбаев Алтынбек





Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында қолдану

Ойын баланың өмірінде маңызды орын алады. Бірақ түрлі ойындардың арасынан шапшаң қимылды ойындарды айрықша бөліп айтуға болады, өйткені оларда барлық ойынға қатысушылар өте белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатыстырылады. Бұл әрекеттер ойынның ережелерімен ағымына байланысты және балалардың алдына үлкендер немесе олардың өзі қойған белгілі бір шартты мақсатқа жетуге бағытталған. Ауыл және қалада жастар арасында шапшаң қимылды ойындар кең тараған. Ешбір халық мерекелері оларсыз өткен емес.

Халық арасында көп тараған шапшаң қимылды ойындар өздігінен еркін пайда болды, олардың ұзақтығы шектелмеді; Ойынның қарапайым ережелері, қимылдарға қойылатын талаптар ойынға қатысушылардың жалпы келісімі мен қалыптасты, ойнаушылар әрқашан қай жерде, қашан ойнауды, қайда қашуға болатынын, жүргүзушіге қанша адам ұстап алу керектігін және т.с.с. өздері шешті.

Педагогикалық ойдың дамуына байланысты халықтық ойындардың ішінен тәрбиелік маңызы өте жоғарылары біртіндеп таңдалады. Ұзақ тәжірибенің арқасында олардың мазмұны айқындалып, ережелері қалыптастырылады, арнайы тәрбиелік мақсаттарды көздеген жаңа ойындар жасалады.

Мазмұны мен балаларды ұйымдастыру жағынан ойындардың сан алуандығы олардың ішінен күн мезгіліне, өткізілу шарттарына сай балалардың жасына қарай, олардың дайындық деңгейін ескеріп, сондай-ақ педагогтің алдына қойған мақсаттарына тура келетіндей етіп таңдап алуға мүмкіндік береді.

Балалардың дені сауықтыру мен бекіту, қажетті қимылдарға бейімділігін қалыптастыру, балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуына жағдай жасау, оларды тәртіп пен достық қарым-қатынастарға, өз құрдастарының арасында іс-әрекет жасауға баулу, олардың сөз байлығы мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру - міне, педагогтің сан алуан ойындық тапсырмалар арқылы іске асыра алатын тәрбиелік мақсаттары.

Халық ойындарын іс жүзінде өткізу оларды тереңірек зерттеп, іріктеуді қажет етеді. Халық ойындарына толыққанды сипаттаманы олардың пайда болуын және дамуын зерттеуді оларды этнографиялық зерттеу, педагогикалық бақылаумен пікірлерге сүйене отырып жүргізгенде ғана беруге болады. Этнорграфиялық зерттеулер барысында қазақтың ұлттық ойындарының пайда болуы мен дамуына ерекше мән беріледі. Ойындардың мазмұны халықтың өмірі мен тұрмысының өзгеруіне сай ауысып отырады. Қазақтардың ойындарына өз кезінде Орта Азия халықтарының ойындары әсерін тигізіп отырды, сол сияқты керісінше, кейбір Орта Азия халықтары қазақтардың бірқатар қызықты ойындарын өздеріне бейімдеді.

Қазақтардың ұлттық ойындары жоғары қызығушылыққа ие. Бұл дене тәрбиесінің тамаша құралы олар: мазмұны мен сыртқы түрі жағынан саналуан. Қазақтардың ұлттық ойындары командалық және командалық емес деп бөлінеді. Кейбір ойындар спорттық түрлеріне және жергілікті ойындарға дайындық ретінде қолдану мүмкін.

Қазақтардың ұлттық ойындарын оқушылармен жұмыста қолдану мынаны көрсетті: Бұл ойындар оқушылардың дене тәрбиесінің негізгі мәселерін табысты шешуге, олардың денсаулығын жақсартып, өмірлік маңызды қимылдық бейімділіктерін қалыптастыруға өте пайдалы. Олар оқушыларға белгілі бір тәрбиелік әсерін тигізеді: батырлық пен батылдыққа, табандылыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа, жолдастық өз ара көмекке, саналы тәртіпке үйретеді. Ұлттық ойындар сауықтыру мәселелерін шешуге де өз үлесін қосады: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру икемдіктерін дамытады. Кейбір ойындар оқушыларға гимнастика, жеңіл атлетика және спорттық ойындарда алған біліктерін жетілдіруге көмектеседі. Бұл ойындарды біз жеке спорт түрлеріне дайындық топтарына жіктедік.Ұлттық ойындарда кейбір қиындықтар бар, оларды жеңіу үшін оқушылар тиісті күш-жігер жұмсауы тиіс.

Қазіргі заман педагогоикасында білімдік және тәрбиелік мақсаттар өзара тығыз байланысты. Сондықтан, білімдік мәселелерді шеше отырып, тәрбиелік мақсаттарды орындаймыз, ойын барысында табандылық, ұстамдылық, сабырлық, жеңіске деген құлшыныс сияқты көптеген тұлғалық қасиеттер қалыптасады.

Қазақ ұлттық ойындарында ойыншылар арасында белгілі қарым-қатынастар орнататын ережелер бар. Әрбір ойында ойыншылар сол ережеге сай әрекет етуі тиіс. Ақырында, сол ережелерге сай ойыншылар тиісті іс-әрекеттерді таңдау керек болады.

Ұлт ойындары-адамдардың шындықпен өрілген алыс күндерін меңзейтін, болмыстың өзінен туындайтын және соны жастардың танып білуімен түсінуіне арналған ақыл-ой, қиялының өрелі өрісі яғни ол күнбе-күнгі адам тұрмысының көрінісі. Сондықтан, адамның өзі жасаған ойын да сондай болмыс шындығы. Ұлт ойындары, сайып келгенде, адам қиялы арқыры өмір шындығының адам санасында түрленіп, қайта тууы болып табылады. Өйткені ойын дегеніміз адамның еңбек тәжірибесінің сол ойын арқылы қайталануы. Олай дейтініміз, ол-белгілі бір жүйеге негізделген адамдық дене,ақыл-ой жаттықтырушысы.

Ұлт ойындарының бойында тұтас педагогикалық үрдістің негізі бар. Бұл үрдістің құрамына оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, дамыта отырып, дамыта тәрбиелеу үрдістерінің табиғи бірлігі жатады. Оның дедактикалық негіздері кімге нені қалай оқыту керек деген мәселені қамтитыны белгілі. Осы орайда оқушы өз іс-әрекетін саналы түрде түсіне білуі мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен тікелей байланысты екенін ескергеніміз жөн. Оқу мақсаты білу болса, оған қозғаушы күш –түрткі. Оның түрткісі-жеңіс, ол шиеленіскен тартыс негізінде көрініс береді. Баланың осы жеңіске деген ұмтылысы оның дене күшін дамытуға, ақыл-ойын арттыруға, үздіксіз еңбек негізіндегі іс-әрекетін қалыптастыруға себепкер болады.



















Тіркеу формасы

Сағынбаев Алтынбек Асылбеұлы

Байғанин ауданы, Жарқамыс орта мектебі

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Баяндама: «Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында қолдану»





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында қолдану

Ойын баланың өмірінде маңызды орын алады. Бірақ түрлі ойындардың арасынан шапшаң қимылды ойындарды айрықша бөліп айтуға болады, өйткені оларда барлық ойынға қатысушылар өте белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатыстырылады. Бұл әрекеттер ойынның ережелерімен ағымына байланысты және балалардың алдына үлкендер немесе олардың өзі қойған белгілі бір шартты мақсатқа жетуге бағытталған. Ауыл және қалада жастар арасында шапшаң қимылды ойындар кең тараған. Ешбір халық мерекелері оларсыз өткен емес.

Автор
Дата добавления 18.07.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров382
Номер материала 318131
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх