Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҰлттық ою-өрнектер. Тәрбие сағаты

Ұлттық ою-өрнектер. Тәрбие сағаты

Скачать материал

16.02.15.

Бекітемін.                     ТІЖО А.А. Улмесекова.

Сынып сағаты.

4-сынып.

Сабақтың  тақырыбыҚазақтың  ұлттық ою-өрнектері.

Сабақтың  мақсаты:       1.Ою- өрнек   туралы   түсінік   беру қазақ  

                                               халқының   ою- өрнек   түрлеріне   сипаттама  

                                               беру.

                                            2.ою- өрнектің   тілін   түсіндіру,   сырына   мән                        

                                               беру арқылы оқушылардың  шығармашылық                       

                                               қабілетін   дамыту.

                                            3.ою- өрнек   арқылы   оқушылардың ой-өрісін,  

                                               білімін   жан- жақты   дамыту,   халқымыздың  

                                              асыл   мұраларын, салт- дәстүрін,   өнерін  

                                              құрметтеуге   тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың  түрі:   танымдық-шығармашылық

Сабақтың  әдісі:   топпен   жұмыс,  түсіндіру,  сарамандық  жұмыс.

Сабақтың  көрінекілігі:  слайдтар: «Ә.Қастеевтің  сөзі»,  «Ою -өрнектер»        

                                                альбомы

Пәнаралық  байланыс:   бейнелеу  өнері,   әдебиет,   математика.

Сабақтың  барысы:    1.Ұйымдастыру   бөлімі.

                                            Психологиялық дайындық.

                                        2.   Жаңа   сабақ.

          « Өнерді   таудың   бұлағынан,

           Қойдың   құлағынан,

           Апамның    киізінен,

           Қошқардың   мүйізінен    үйрендім.»--

                                                          Ә.Қастеев.

Халық  арасында  кең  қанат  жайған  қолданбалы  өнер  саласының  біреуі  зергерлік  болса,  екіншісі  ағаш  өңдеу  өнері.  Қазақ  халқының  қолөнерінің  сала-саласында  кең  қолданылып  келген,  өнердің  өте  көне,  әрі  күрделі  түрі  ою-өрнек  өнері.Қазақтың  қолтума  сәндік  өнерінің  барлық  түріне  де  оюлар  мен  өрнектер  алғашқы  элемент  ретінде  қолданылады.

Қазақтың  ою-өрнегінің  бірнеше  ондаған  ғасырлық  тарихы  бар,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа  мұра  болып,  үнемі  қолданыста  болып,  дамып  келе  жатқан  өнер  түрі.

ІІІ. Ертегімен жұмыс.

Оған  мысал  ретінде  «Ою хан мен Жою хан»  аңыз  әңгімесін  айтуға  болады.

      Ертеде  бір  әділ  хан  болыпты.  Оның  жарлығымен  қол  астындағы  халық  үй  жиһаздарын,  киім-кешек,  құрал-саймандарын,  қару-жарақтарын  ою-өрнектеп  әдемілеп  ұстайтын  болған.  Сондықтан  оны  халық  Ою  хан  атапты.  Бір  жылдары  бөтен  елдің  ханы  жаулап  алып,  Ою  ханды  зынданға  тастапты.  Ою  ханның  орнына  хан  болып,  бұрынғы  салт-дәстүрді,  ою-өрнекті  жойып,  жаңаша  құрмақ  болады.  Жаңа  дегендерінің  бәрі  тез  ұмыт  бола  береді.  Оған  жөн  айтқан  адамдардың  көзін  жоя  берген.  Сондықтан  оны  халық  Жою  хан  деп  атапты.

      Бұл  кезде  Ою  хан  зынданда  жағдайдың  бәрін  естіп-біліп  жатыпты.  Бір  күні  Жою   ханның  жалғыз  ұлы  аңға  шығады.  Жолдағы  аңның  бәрін  түгел  қырып,  ойына  келгенін  істеп  келе  жатырғанда  бір  үкі  мұның  бетіне  шапшып,  екі  көзін  ойып  жібереді.  Еш  нәрсе  көре  алмай  тентіреп  келе  жатып,  жардан  құлап  көлге  батып  өледі.   Жою  хан  баласына  іздеу  салады.

      -Кімде-кім  баламның  өлімін  естіртер  болса,  соның  басын  аламын,- деп  жарлық  берген  соң  ешкімнің  батылы  бармай.

     Мұны  естіген  Ою  хан  баланы  іздеуге  баратынын  хабарлайды.  Жою  хан  оны  зынданнан  шығарып,  жолға  салады.  Ол  дәрі-дәрмегін  алып  орманды  аралап  келе  жатса  бір  тастың  астынан:

    -Жойылсын,  Жою  хан! –деп  қиналған  дауысты  естиді.  Тасты  көтеріп  қараса,  жамбасына  оқ  тиіп,  күйреген  сұр  тышқанды  көреді.  Оның  аяғын  таңып,  дәрі  құйып  жөніне  жібереді.  Осылайша  кездескен  аң-құстың  барлығын  емдейді.  Ең  соңында  қанаты  сынған  үкіні  емдеп,   «Жою  ханның  баласын  көрдің  бе?»  деп  сұрайды.

    -Қатыгез  хан  баласы  жолында  кездескен  сұр  тышқанды,  арқарды,  бұғыны,  жолбарысты  жаралап,  балықты  құрлыққа  тастап,  қайтып  айналып  келіп,  сойып  алмақ  болғанда,  мен  оның  екі  көзін  шығардым.  Өйткені  бұл  аңдардың  барлығы  Ою  хан  еккен  орманның  ең  соңғы  аңдары  еді.  Хан  баласы  қазір  көл  түбінде  өліп  жатыр.

     Мұның  бәрін  естіген  Ою  хан  үйіне  келіп,  ойланып,  оқиғаның  желісін  сырмақтың  бетіне  ою  түрінде  түсіріп,  Жою  ханға  алып  келеді.  Жою  хан  сырмақтың  оюына  қарап  отырып,  оқиғаны  былайша  тарқатады.  

     6B8D88F1

       9919DB7E   

       705D4727                    

       43D67160

 

5E902C4795F45A63

78829C99BD3C818C

45202907862EEEC7

CC4A15BE46CF04C3

 

    -Тоқта,  мына  ою  не  деп  тұр?  Балаң  екіге  бөлінді,  жаны  рухта,  тәні  аруаққа  айналды  деп  тұр  ма?

    -О,  жалған!  Менің  ұлым  шынымен  өлгені  ме?  Өлтірем!!!- деп  қылышын  суырып  Ою  ханға  төнеді.  Ою  хан  саспастан  Жою  ханның  өз  жарлығын  есіне  салады.  Ханның  екі  айтқаны  өлгені  деп,  жарлық  бойынша  өз  басын  алады.  Ою  ханды  ел-жұрты  қайта  хан  көтереді.

    Әр  оюдың  тілі  бар  деген  сөз  осыдан  қалған.

Бұл  аңыздан  ою-өрнектердің  барлығын  қоршаған  ортадан  алғанын  көреміз.

Көне  заманнан  қазіргі  кезге  дейін  халықтың  тұрмыс-дәстүрімен  тығыз  қайнасып,  өмір  сүріп  келе  жатқан  өнердің  бір  түрі –ол  қолданбалы  өрнек  өнері.

Қазірде  ою-өрнектерді  композициялық  құрылымына  қарай  бір  жүйеге  келтіру  үшін  ғалымдар  ою-өрнекті  төрт  топқа  бөледі:   

  • 1. Зооморфты    
  •  2.Өсімдік  пішіндес
  • 3.  Геометриялық   
  • 4.  Космогониялық

 

D0D921B6

 

 

Әр  ою-өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:  «қошқар мүйіз»  оюы  молшылықты   меңзейді,    «ағаш»  оюы  ынтымақ   бірлікті,  «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы,  судың  белгісі,  «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

 

FBE96643    2AE096AD

«Құс»,  «түйе  табан»,  «итқұйрық»  ою-өрнектері  кебеже,  жүкаяқ,әбдіре,  асадал  сынды  бұйымдарда,  ал  өсімдік  пішіндес  оюлар  «гүл»,  «жапырақ»,  «қырмызы  гүл»,  т.б.  ағаш  бұйымдарда  шебердің  талғамына  қарай  топтастырып  беріліп  отырған.  Геометриялық  өрнектер  кілемде,  шым  шиде,  ағаш  пен  тастан  өңделген  бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік  бұйымдарда  композиция  құру  барысында пайдаланады. Космогониялық  өрнектер  көбіне  кілемде,  жүзіктерде  кездеседі.

Жоғарыда  өрнектердің  композициялық  құрылымы  дегенді  айттық.Композиция  дегеніміз -өрнекті  бұйымның  бетіне  реттеп  орналастыру,  жүйелеу.

 9F619389

Композициялық  тұйық  өрнектер  дегеніміз- шеңбер  ішінде,  түрлі  бұрыштар  ішінде  орналасқан өрнектер.

A40BF35D

Өрнектерді  орналастыру  үшін  симметрия  сақталу  керек.  Симметрия  дегеніміз- ою  өрнектің  екі  жағының  тең  болуы.  Ою-өрнекте  бір  элемент  қайталанып  келсе  мұны- ритм  дейміз.  Бұйымға  салынатын  ою-өрнектің  бояу  түрлерінің  бір-бірімен  үйлесіп,  жарасым  табуы – колорит  деп  аталады.

9CAB5047         E53759CD

Мысалы:  көк  түс – аспанды,  жасару,  өмір,  өсу  деген  мағынаны  білдіреді,  қызыл  түс – оттың,  күннің  белгісі,  қара  түс – жердің  түсі,  берекенің  белгісі,  сары  түс – ақыл,  парасат,  байлықтың  белгісі,  ақ  түс – қуаныштың,  бақыттың,  тазалықтың  белгісі,  жасыл  түс – жастықтың,  көктемнің  белгісін  білдіреді.

Сонымен  қазақтың  ою  және  өрнек  деген  қос  сөзі  біріге  келіп,  латынша  орнамент  деген  ұғымды  білдіреді.   Мағынасы  әсемдеу,  сәндеу.  Ою  дегеніміз – бұйымға түсірілген  өрнекті  пышақпен  кесу  арқылы  өңдеу,  бұйымды  шабу  кезіндегі  ойып  өңдеу  жұмыстары.  Өрнек  дегеніміз – кез  келген  бұйымның  сыртына  түсірілетін  біртұтас  байланысты  әшекей.  Жалпы  алғанда  ою - өрнек  дегеніміз - әдемі  ырғаққа  арнаулы  жүйемен  құрылған  өрнек  бөлшектері.

Шеберлер  бұйымға  салатын  ою - өрнектерді  жүйелеп,  бояуларын  да  үйлестіре  біледі.

Айдос  Мұратов  (1881-1970)  жылдар  аралығында  өмір  сүрген.   1945 жылы ҚССР  Министрлер  Советі    жанындағы  Архитектура  істері  жөніндегі  мемлекеттік  комитет  шақырады.  Мұнда  ол  алғашқы  Қазақ  совет  архитекторы  Төлеу  Бәсеновтың  басшылығымен  мәдениет  орындарына  қазақтың  түрлі  ұлттық  ою - өрнегін  салу  жөніндегі  көрсету  шебері  болып  жұмыс  істейді.  Абай  атындағы  академиялық  опера  және  балет  театрын  безендіру  жұмысына  қатысты.  Қазақ  қол  өнерін  дамытудағы  еңбегі  үшін  «Құрмет  Белгісі»  орденімен  наградталды.  Бұл  кісінің  жасаған  бұйымдары  мұражайларда  сақтаулы  тұр, кейбір  үйлерде   әлі  күнге  дейін  бар.

 

 

 
Артында  өшпес  із  қалдырған  қолөнер  шеберлері  біздің  өңірде  де  баршылық.  Соның  бір – екеуіне  тоқтала  кетейік.                  

 6CE16336                                                                                                                

Баймағамбет  Оразымбетұлы   (1900 – 1994)  жылдар  аралығында  өмір  сүрген.  Оның  жасаған  ер – тұрманы  1944  жылы  Мәскеуде  көрмеге  қойылған.  Ақтөбе   мұражайында  жасаған   зергерлік   бұйымдары  тұр.

 

 
6AD1656D

Сергіту  сәті.      Мақалдың  жалғасын  тап.

v  1.Еңбек  қылсаң  ерінбей,  тояды ...

v  2.Шешеннің  сөзі  мерген,  шебердің ...

v  3.Ер  қадірін  ер  білер,  зер ...

v  4.Жаңбырмен  жер  көгерер,  еңбекпен ...

v  5.Істегенің  еліңе  жақсы,  үйренгенің ...

v  6.Не  ексең,  соны ...

v  7.Екпей  егін  бітпес,  үйренбей ...

v  8.Ақыл  көпке  жеткізер,  өнер ...

Дәптермен  жұмыс.   Жаңа  сөздерді  дәптерге  жазу.

     Өткенді  еске  алып,  ойға  толам,

     Сұрыптап  тезге  салып,  көп  ойланам,

     Ой  түбіне  жете  алмай  титықтасам,

     Қолыма  қайшы  алып,  ою  оям – деп  Б.Момышұлы  атамыз  айтқандай  біз  де  келесі  сарамандық  жұмыс  бөліміне  көшеміз.

  • Сарамандық  жұмыс.     
  • Қағаз бен қайшы алу, қағазды бүктеу әдісімен ою ою.

Жұмысты  саралап  сараптау,  баға  беру.

Сабақты  бекіту:   екі  топқа  екі  түрлі  тапсырма  беру  арқылы  бекітіледі.

     1.Оюларды  өз  тобына  жинау.

     2.Графикалық  диктант.

1.Композициялық   құрылымына  қарай  ою-өрнек  екі  топқа  бөлінеді.     

2. «Қошқар мүйіз»  зооморфты  өрнек  түріне  жатады.

3.Композиция  дегеніміз - өрнектерді салыстыру.

4.Симметрия  дегеніміз – ою-өрнектің  бір  жағының  үлкен  болуы.

5.Өрнек  дегеніміз – бұйымның   сыртына  түсірілетін  әшекей.

6.Көк  түс – жастық,  көктемнің  белгісі.

Үйге  тапсырма:  Қазақ  халқының  ою-өрнектерін  басқа  халықтардың  ою-өрнектерімен  салыстыру.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттық ою-өрнектер. Тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2015 20996
    • DOCX 574.7 кбайт
    • 237 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Мендигуль Муханбетжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 57343
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек