Инфоурок Музыка СтатьиҰлттың рухани мұрасы - күй және күйшілік өнер

Ұлттың рухани мұрасы - күй және күйшілік өнер

Скачать материал

Ұлттың рухани мұрасы - күй және күйшілік өнер

Құрманғазы атындағы саз колледжінің

халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі ,

«Қазақстан Республикасының Білім

беру ісінің құрметті қызметкері».

Батыс Қазақстан облысы


Әрбір халықтың ардақ тұтар айбыны мен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын, ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұрасы бар. Сол рухани мұралардан күні бүгінге дейін жібі үзілмей келе жатқан асыл қазынамыздың мағыналы да, мәнді саласы, аспаптық музыканың ішіндегі өрелі де өр шежіресі күй өнері. Күй өнері, адамның табиғи, рухани қажеттілігін тауып, адамзат болмысының шынайын келтіріп, халық өмірінің шежіресіне, тарихына айналды. Қазақ халқының басынан өткен қиын замандар, тұрмыс ахуалы, жалпы табиғаты, халықтың жан сезімі, болмыс бітімі осы күй аталатын ғұмырнама парақтарына күй деген атпен енді.

Күй өнері сан ғасыр бойы небір біртуар дарын иелерінің өміршең туындыларымен толыса отырып, құйма-құлақ күйшілер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келеді. Әрине әр кезең, әр дәуір, әрбір әлеуметтік орта заман ағымына байланысты өнерге де өз өзгерістерін енгізді. Жаңалықтар мен жаңғырулар өнерімізді биікке көтерді, танымы мен тағылымы мол иілімге айналдырды. Дәстүрлі күй өнері де әр заманның, әр кезеңнің өзгерістерімен бірге біте қайнаса отырып, орындаушылармен толысып, қалыптасқан мол мұраға айналды. Күйлер өзінің дәстүрлік ерекшелігіне, орындалу мәнеріне, құрылыс тәсілдеріне, қағыс түрлеріне қарай «төкпе» және «шертпе» болып екі дәстүрге бөлінеді.

Төкпе күй дәстүрінің өкілдері Ұзақ, Құрманғазы, Дина, Сейтек, Дәулеткерей, Мәмен, Жантөре, Байжұма, Соқыр Есжан, Қазанғап, Абыл, Есбай,Есір, Құлшар, Баламайсан, тағы басқа күйшілер болса, төкпе күй дәсүрінің өзі, орындалу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше мектептерге бөлінеді.

Ол, өзінің ішкі мазмұны жағынан өзі өмір сүрген ортаның тыныс-тіршілігімен астасып жатқан, музыкалық образы жағынан симфониялық сипатты бейнелейтін Құрманғазы мектебі, тұла Дәулеткерей мектебі, сырт бітімі сабырлы, іші тартысқа толы, Маңғыстау өнірінің күй дәстүрін жалғастырушы Абыл мектебі, өзінің тартылу тәсілінен бастап, сарын-сазына дейін оқшау қасиеттерімен дараланатын Қазанғап мектебі болса, шертпе күй дәстүрінде де Арқа және Қаратау күй дәстүрін жалғастырушы Тәттімбет пен Сүгір, Қаратау өнірінің күй мектебі бір-біріне ұқсамайтын жеке-жеке күй мектебі.

Күй десек алдымен домбыра мен қобыз есімізге түседі. Ал домбыра ықылым заманнан бері халқымыздың жан серігі, оның тарихын, тағдыры мен тілін, қоғамдық және рухани өмірі мен салт-санасын, тұрмысы мен әдет-ғұрыпын айқын көрсететін ұлттық байлығымыз. Осы ұлттық өнерімізді қанша ұрпақ серік етіп, өнерімізді өзгелерге паш етті. Сонау күй атасы – Кербұқадан бастап, желмаяның ала бұйдасын бос тастап, сары даланың ой-қыры мен тауларында бүлкіл қаққан Асан ата, болмаса бізге аты ән болып жеткен күйші Бипыл, үрпек ұлардың тәтті үнін қос ішекпен жеткізген қарға бойлы Қазтуған, Ұзақ баба, Бозтөбенің бауырында біраз күйді боздатқан Боғда, Қаратау мен Арқадағы Ықылас пен Сармалай, Тәттімбет пен Тоқа, Әлшекей мен Сүгірден бастап, бүгінгі дәуірдегі О.Қабиғожин, Р.Омаров, Ә.Есқалиев, К.Жантлеуов, М.Хамзин, Т.Момбеков, Қ.Ахмедияров, Р.Габдиев, қала берді Батыс Қазақстан облысының өз домбырашылары Т.Шамелов, Е.Қазиев, Е.Қазиев, А.Қазиев, Б.Мықтыбаев, Е.Губайдуллин, Е.Молдабеков, сынды өнер тарландары дәстүрлі күй өнерін одан әрі жалғастыруда.

Ал осы аға буын салып кеткен күйшілік өнер жалғасын табу да ма? Күйшілік өнерді дамытуда тағы қандай мәселелер көтеру керек? Күйшілік өнерде біздің орындаушыларымыз қандай деңгейге көтерілді, көңіл бөліп көтеретін мәселелер қандай? – деген сауалға тоқталып өтейін.

Егеменді ел болып, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткен осынау бір тұста, бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, шынайы халық қамын,ел -жұрттың ертеңін ойлайтын әрбір адам қал-қадырынша, өз қолынан келгенінше қоғамға өз үлесін қосуға тиісті. Әдетте, әр кезең өз жаңалық өзгерістерін ала келуімен қатар, өзіне лайық талап-тілегін тудыратыны анық. Осы орайда дәл қазіргі кезеңдегі домбыра өнерінің, домбырашылардың орындаушылық шеберлік деңгейінің қаншалықты өзгеріп, қаншалықты биікке көтерілгенін байқау қиын емес. Сондай-ақ бүгінгі ұлттық өнерімізде туындап отырған оң өзгерістер мен бетбұрыстар домбыра еншісіне де өз тиесілі жүгін артып отыр. Енді біз домбырамен ән айтып, күй шертуді байырғы ата-бабамыз салып кеткен ізбен шынайы ұлттық өнері дәстүрінде жалғастыруға бет түзедік. Ал, бұл – өз кезеңіне де, болашақ заман иесі – келер ұрпаққа да жүктелер қасиетті де, қастерлі міндет. Өйткені күй өнері ұрпақ арасындағы сабақтастықтың негізгі факторы болып, уақытаралық қатынастың негізгі құралына айналып отыр. Нарықтық эканомика еңсемізден басып отырған осынау заманда, күйшілік өнерімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыту, насихаттау, осы тұрғыда жас ұрпақты патриоттық рухта тарбиелеу, әрбір ұстаз-музыканттың міндеті.

Осы тұрғыда Құрманғазы атындағы музыка колледжінің, өзім жетекшілік етіп отырған халық аспаптары бөлімінің оқытушылары мен оқушылары ұдайы ізденіс пен тынымсыз еңбектің арқасында аз табыстарға жеткен жоқ. Олар соңғы жылдарда республика көлемінде өткен Республикалық, аймақтық байқаулардың лауреаттарын, дипломанттарын даярлап, осынау додалы жарыстарда топты жарып жеңіске жете білді.

Енді соған тікелей тоқталып өтейін:

Ақтөбе – Республикалық байқау;

1993 ж- Батырғалиева.Н.- лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова

Атырау – Құрманғазы атындағы Респбликалық байқау;

1993ж. –Батырғалиева Н.- лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

Алматы – XVII Республикалық байқау;

1995 ж. – Мықтыбаева Б. -лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

1995 ж. – Досмұхамбетова Б. - лауреат, оқытушысы С.Кариева.

Ақтөбе – А. Жұбанов атындағы аймақтық байқау;

1996 ж. – Өтепкалиева З. - лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

1996 ж. – Сартаева А. - лауреат, оқытушысы Қ.Музаппарова.

Алматы – XIX Республикалық байқау;

1997 ж – Ділмағамбетова Ж.-дипломант, оқытушысы Қ.Атиханова.

Алматы – XXI Республикалық байқау;

2000 ж.–Мұсағалиева М.-дипломант, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

2000 ж. – Құтқожиева Ш. – дипломант, оқытушысы С.Кариева.

Астана – Халықаралық «Шабыт» фестивалі;

2000 ж. – Губайдуллин Е.А. – дипломант.

Орал- Қ.Жантілеуов атындағы I – Республикалық байқау;

2001 ж. – Егізбаев Ж. – дипломант, оқытушысы Е.Губайдуллин.

2001 ж. – Губайдуллин Е.А. – лауреат.

Орал – Д. Нұрпейісова атындағы Республикалық байқау;

2001 ж. Губайдуллин Е.А. – лауреат.

Орал – Құрманғазы атындағы Республикалық байқау;

2001 ж. Губайдуллин Е.А. – лауреат.

Маңғыстау – Е.Айшуақұлы атындағы I – Республикалық байқау;

2003 ж. – Мұқанғалиев Қ.-лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

2003 ж. – Егізбаев Ж. – дипломант, оқытушысы Е.Губайдуллин.

Орал – Құрманғазы атындағы Республикалық байқау;

2003 ж. – Мұқанғалиев Қ. – лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

2003 ж. – Е.Губайдуллин – лауреат.

Алматы – XXV – Республикалық байқау;

2004 ж. – Егізбаев Ж. дипломант, оқытушысы Губайдуллин Е.

2004 ж. – Қуанышалиева А. – дипломант , оқытушысы С.Кариева.

2004 ж. – Мұқанғалиев Қ. – лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

Атырау – «Махамбет оқулары» Республикалық байқау;
2004 ж. – Ж.Егізбаев – лауреат, оқытушысы Е.Губайдуллин.

Қызылорда – Қазанғап атындағы Республикалық байқау;

2004 ж. – Егізбаев Ж. – лауреат, оқытушысы Е.Губайдуллин.

Ақтау – М. Өскенбаев атындағы Республикалық байқау;

2004 ж. – Егізбаев Ж – лауреат, оқытушысы Е.Губайдуллин.

Қарағанды – Тәттімбет атындағы I – Республикалық байқау;

2004 ж. – Егізбаев Ж – лауреат, оқытушысы Е.Губайдуллин.

Орал – О.Қабиғожин атындағы Республикалық байқау;

2004 ж. Е.Губайдуллин – лауреат.

Ақтөбе – Қазанғап атындағы Республикалық байқау;

2005 ж. – Қ.Кереев – лауреат, оқытушысы С. Жұмабаева.

Орал – Дәулеткерей атындағы Республикалық байқау;

2005 ж. Е.Губайдуллин – лауреат.

2005 ж. – Қ.Мұқанғалиев – лауреат, оқытушысы А.Құсмағанбетова.

2005 ж. – Қ.Кереев – лауреат, оқытушысы С. Жұмабаева.

2008 ж. – Қ.Қалиев – лауреат, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

Жас орындаушылардың колледжаралық байқауы;

2009 ж. – Қ.Қалиев – лауреат, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

Тараз – Н.Тілендиев атындағы халықаралық байқау;

2010 ж. – Б.Бектасов – лауреат, оқытушысы Е.Жұмабаева.

2010 ж. – А.Шынаров – лауреат, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

Есір Айшуақұлы атындағы байқау;

2011 ж. – Ж. Егізбаев – лауреат, оқытушысы М.Ержанов.

2011 ж. – А.Шынаров – лауреат, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

2011 ж. – А.Шынаров – «Шабыт» Халықаралық фестивалі – Бас жүлде, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

Қазанғап атындағы II – Республикалық байқау;

2012 ж. – А.Сапарғалиева – дипломант, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

XXXV – жас орындаушылардың Республикалық байқауы;

2014 ж. – Ж.Зинеденов – лауреат, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

Тараз – III – Республикалық байқау – фестиваль «Дарындар шоқжұлдызы»;

2014 ж. – А.Стамғазы – лауреат, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

«Прага шоқжұлдызы» - Бейбітшілік. Шығармашылық. Достық.

Ақтау – М. Өскенбаев атындағы Республикалық байқау;

2014 ж. – Ж. Мұқасов – дипломант, оқытушысы Е. Губайдуллин.

Ақтөбе – Қазанғап атындағы Республикалық байқау;

2014 ж. – Д. Темірханов – дипломант, оқытушысы Г. Кереева

2015 ж. – А.Стамғазы – лауреат, оқытушысы А.Құсмағамбетова.

Атырау – «Бейбітшілік әлемі» халықаралық байқау;

2015 ж. – Д. Кабиева – лауреат – Бас жүлде, оқытушысы Ж.Нұрымбетова.

Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінің 70 жылдығына арналған Республикалық байқау;

2015 ж. – Атошева Гүлім – лауреат, оқытушысы Ж.Нұрымбетова.

Ақтау – Е. Айшуақұлы атындағы Республикалық байқау;

2015 ж. – Е. Сертеков – дипломант, оқытушысы Н.Сертеков.


Міне, халық аспаптарында орындаушылардың шеберлігінің бірден – бір сарапшысы осы сияқты байқаулар десе де болады. Колледж қабырғасынан осындай кәсіби білім, тәлім – тәрбие алған түлектеріміз республика көлемінде өткізіліп жүрген түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, өз білімдерін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында, Қазақ Ұлттық Өнер академиясында, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өз білімдерін жалғастыруда. Көпсатылық білім жүйесінің негізін қалайтын Құрманғазы атындағы саз колледжінің мақсаты да – өңіріміздің талантты жастарының өнерге өрлеу жолында сапалы кәсіби білім беру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттың рухани мұрасы - күй және күйшілік өнер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 073 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 1332
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусмаганбетова Асылғаным Еселқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12461
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 400 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания музыкально-теоретических дисциплин в дополнительном образовании

Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 306 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания музыкальной литературы в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе