Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Ұлттық тағамдар 10 сынып

Ұлттық тағамдар 10 сынып

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 10

Мұғалім: Жукенова А.Т.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар
Сабақтың мақсаты
: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.
Жаңашылдыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, салыстыру, сараптау, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, конверттер, мақал - мәтелдер, тағам түрлері, слайдтар.
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабаққа әзірлігін тексеру.
3. Кіріспе әңгіме
оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстыру.
1. Жаңа сабақ:
Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады.
1. Венн диаграммасы. Өз ойларымен бөлісу.
2. Кесте бойынша жұмыс.
3. «Бой сергіту»
4. Бұл қандай тағам?
5. Мақал – мәтелдер.
6. Мен саған, сен маған.
7.«Менің сүйікті тағамым»
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері.
Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.
Тақырып бойынша бес жолды өлең құру.

1 Тағам

2 Дәмді, ыстық.

3 Дайындадым, жедім, ұнайды.

4 Ұлттық тағам дайындауды үйрендім.

5 Тамақ, ас.
2. Өз ойларымен бөлісу.
1. Диаграмма «Венн» қолдану.
2. Кесте бойынша жұмыс істеңдер.
1. Еттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
2. Сүттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3. Ұннан жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3.«Бой сергіту»
Әр командаға 6 сұрақтан құралған карочка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді.
Ет тағамдары командасы.
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т.б.)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не? (...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
5. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)

Сусындар командасы.
1. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиыр сүтінен)
2. Қазы, қарта, жая ненің еті? (жылқы еті)
3. Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? (жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды
5. Құрт неден жасалады? (сүттен)
6. Сенің сүйікті тағамың не? (...)
ІІІ. Жаңа сөздер:
Қонақ – гость
Бесбармақ – мясо по-казахски
Қуырдақ – обжаренное мясо
Бата – благословение
Қымыз – кобылье молоко
Шұбат – верблюжье молоко
Әзірлеу - приготовить 
Тамақ – пища, еда
Құрметтеу – уважать.
(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).
ІV. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мысалы: Қонақ келді.
Анам бесбармақ пісірді.
Әкем қымыз, шұбат әкелді.
Қонақ бата берді.
4. Бұл қандай тағам?
1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. /Айран./
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/
5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/
6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi.
/Шұжық/

3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсету.

Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет Где пища водится, там болезнь не заводится.

Ынтымақты үйдің асы тәтті Не шагай через блюдо с едой.

Ат –адамның қанаты, ас-адамның қуаты Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. В гостях у друга и воду подадут – пей. 

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Конь –крылья человека, а в хлебе-его сила

Ас- иесімен тәтті Ячмень и пшеница –пища, золото и серебро-металл

Алтын,күміс -тас екен, арпа, бидай-ас екен. Когда в семье лад, все вкусно подряд.

5. Мақал - мәтелдер.
Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет
Ынтымақты үйдің асы тәтті.
Ат – адамның қанаты, ас - адамның қуаты
Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Ас - иесімен тәтті
Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай - ас екен.
6. Мен саған, сен маған
Топ балалары бір – біріне дайындаған сұрақтарды қояды.
7.«Менің сүйікті ұлттық тағамым» атты тақырыпқа, тағамының дайындау тәсілін аитып беруі қажет.

VІІІ.Венн диаграммасын толтыру.

Қазақ халқының тағамы................Ортақ тағам..................Орыс халқының тағамы

Қуырдақ..........................................нан...........................котлет

Қымыз.............................................ет..............................борщ

Шұбат..............................................қуырады...................квас

Ірімшік............................................пісіреді......................кисель

Құрт.................................................қайнатады................кисель

Көже................................................ботқа

X Тест жұмысы 

     1.Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:

1) ет тағамдары;

2) сүт тағамдары;

3) нан тағамдары.

4/ барлық жауап дұрыс 

 2. Қай септікте тұрғанын көрсет.    елімнің

     А. Барыс септік.                    В. Шығыс септік.

    С. атау септік.                        Д. Ілік септік.

 3.Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.

А. қала.                              В. Дәрігер.

С.Түлкі.                                  Д. Көлік.

4. Ұлттық тағамдарға не жатады? 

    А. желім .                            В. Ет 

   С.  Қарындаш                  Д.  сызғыш

5.Сүт тағамдарына не жататынын  көрсетіңіз.

    А. қаймақ.                   В. Нан .

   С. Қаңтар.                     Д. Жұмыртқа .

5 жауапқа „5“  , 4 жауапқа „4“   ,  3 жауапқа „3“Балалар –өзін –өзі бағалайды ,

Тапсырма ойын арқылы тексеріледі.
ІІІ Бағалау
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
ІV. Үйге тапсырма. Ұлттық тағамдарға байланысты буклет жасап келеміз.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров114
Номер материала ДБ-331004
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх