Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / "Ұлттық тағамдар" 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

"Ұлттық тағамдар" 4 сынып

библиотека
материалов

Сабақ

Сабақ өтілетін уақыт:

Сынып: 4

Барлық оқушы саны:

Қатысқаны: 5




Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, рессурс

Сабақ тақырыбы

Ұлттық тағамдар

Жалпы мақсаттар

Ұлттық тағамдар туралы ақпарат беріледі, «ой қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылық дағдылары дамытылады.Пәнге деген қызығушылықтары артады. Ұлттық тағамдар туралы қайталай отыра білімдерін толықтырады.Тыңдау,оқу,сөйлесу арқылы қазақ тілін үйрену

дағдыларын қалыптастырады.

Түйінді идеялар

Ұлттық тағамдар және олардың атауларын қазақ тілінде айта біледі;Бір-бірін бағалай,тыңдай біледі;

Оқыту нәтижелері

Топтық жұмысқа дағдыланады.Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді,бір-бірімен пікір алмасады,ойларын ортаға салып дәлелдейді,оқушы бойында көшбасшылық дағдылары қалыптасады.Дарынды оқушылардың қабілеттері дамиды.Сабақтың тақырыбын ашып,

сабақтың мақсатын қоя біледі.Венн диаграммасын құра біледі.Мәтінмен жұмыс жасап,тақырыпқасай жұмыс істей алады.Сын есім түрлеріне байланысты тапсырмалар орындай алады.

Көрнекіліктер

Ұлттық тағамдар буклеті,ұлттық тағамдар энциклопедиясы,смайликтер,фишкалар,топ ережесі жазылған плакат,ұлттық тағамдар плакаты.

Әдіс-тәсілдер

Топпен жұмыс.Компьютерді қолдану,ой қозғау стратегиясы.Дамыта отырып оқыту. Жұптық жұмыс.

Дереккөздер

4 сынып қазақ тілі авторы А. Қайырбекова. Интернет

Сабақ барысы

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті





Қайырлы күн!

Бәріміз ортаға шығып,шаттық шеңберін құрайық.

Кезекшімен әңгіме:

  • Бүгін нешесі?

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Күзде ауа-райы қандай?

Бүгін сендермен біз топтық жұмыс жасаймыз.Сондықтан топқа бөлінеміз.Топ ережесін еске түсірейік.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

(формативті, суммативті)

Сабақ кезеңдері

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

5 мин.

1.Оқушылар шаттық шеңбері арқылы бір-біріне тілек тілейді.



2.Кезекшімен әңгіме.







Оқушылар топ ережесін айтады.







«Ыстық доп» ойыны


  • Жаңа тақырыпқа үңілу.

5 мин

Балалар бүгінгі біздің тақырыбымызды ашу үшін,сөзжұмбақты шешейік.

Оқушылар алдарындағы сөзжұмбақтарды шешіп,

сабаққа мақсат қояды.

Смайлик арқылы бағалау.

Сабақтың негізгі бөлімі:

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;



  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі.



  • сабақ қорытындысы


25 мин

1 тапсырма:

Сөздік жұмысын жүргізу.

(2 мин)



2тапсырма:

Бауырсақ сөзіне синквейн жасаңдар.

(3 мин)

3 тапсырма:

Мәтінді тізбектеп оқу,аудару және сұраққа жауап беру.

(8 мин)



4 тапсырма:

Берілген диалогті толықтырып дәптерге жазу.

(4 мин)



Сергіту сәті: (Мики және Минимен бірге билеу) (3 мин)



5 тапсырма:

Венн.диаграмасы.(орыс және қазақ халқының тағамдары)

(5 мин)



Мұғаліммен бірге жаңа сөздерді қайталайды.



Топтық жұмыс.(миға шабуыл)







Оқушылар кезекпен мәтінді тізбектеп оқиды,аударады.







Оқушылар алдарындағы диалогті толықтырып оқиды.







Оқушылар сергіту сәтін жасайды.



мадақтау,





Смайлик арқылы бағалау





қол шапалақ







Топ басшысының бағалауы















Топ басшысының бағалауы

Үй тапсырмасы

5 мин

А оқушысы:Ұлттық тағамдар туралы слайд жасау.

В оқушысы:Ұлттық тағамдар туралы сурет салу.

С оқушысы:Сөздік жаттау



Рефлексия

5 мин

Оқушыларды бағалау.



«Пальма ағашы»

Топ басшысы оқушыларды бағалайды.

Оқушылар сабақ бойынша түсінгендерін көрсетеді.

Топ басшысының бағалауы



Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы ақпарат беріледі, «ой қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылық дағдылары дамытылады.Пәнге деген қызығушылықтары артады. Ұлттық тағамдар туралы қайталай отыра білімдерін толықтырады.Тыңдау,оқу,сөйлесу арқылы қазақ тілін үйрену дағдыларын қалыптастырады.Сабақта сын тұрғысынан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер / диалог/, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту,көшбасшылық модульдерінің элементтерін қолдандым.Сабағымды ынтымақтастық атмосфера туғызудан бастадым. Содан соң кезекшімен әңгіме жүргіздім. Топ ережесін қайталап, үй тапсырмасын «Ыстық доп» ойыны арқылы және дарынды оқушым Мария үйге берілген тапсырмаға қосымша тапсырма ретінде «Менің бөлмем» тақырыбындағы эссесін оқыды. Оқушылар бір-біріне қуаныш тілеуден батады, бұл жерде оқушылардың сөздік қорлары дамыту мақсатында болды. Оқушыларды топқа смайликтер арқылы бөлдім. Топқа бөлініп болған соң, оқушылар топ басшыларын тағайындады. Сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ беріліп, оны шешу ұсынылды. Оқушылар сөзжұмбақты дұрыс шешіп, сабақтың тақырыбын ашты. Сөзжұмбақ шешу барысында қиыншылықтар туды. Кейбір оқушылар сөзжұмбақты дұрыс шеше алмағанын байқадым, бірақ бұл жұмыс топқа берілгендіктен басқа топ мүшелері түсіндірді. Сөзжұмбақты шешіп, сабақтың тақырыбын ашқан соң, сабақтың тақырыбын өзім айтып өтіп, оқушылардан сабаққа тағы қандай мақсат қоямыз деп сұрадым.Оқушылар өз ойларын айтты. Сабақтың мақсатын айқындап алған соң, топтарға сабақтың рессурстары таратылды. 1 тапсырма бойынша жаңа сабақтың жаңа сөздерімен танысу ұсынылды. Сөздікті бірінші өзім оқып, оқушыларға қайталаттым. Келесі 2 тапсырмада сын тұрғысынан ойлау арқылы Бауырсақ сөзіне синквейн жазу берілді. Бұл тапсырмаға берілген уақыт мөлшерінде орындап, топтан бір оқушы шығып қорғады. Бұл жұмысты балалар смайликтер арқылы бағалады. Оқушыларға бағалау ұнады. 3 тапсырмада мәтінді тізбектеп оқу және аудару болды. Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып шығып, аударды. Бұл тапсырманы қол шапалақтау арқылы бағаладық. 4 тапсырмада диалогті толтырып, жазу болды. Оқушылар тапсырманы жұпта отырып орындады, осы тапсырманы топ басшысы бағалады. Одан соң сергіту сәтті өткізілді. Сергіту сәтінде Мини мен Микимен билеу болды. Оқушыларға сергіту сәтті өте ұнады, олар сергіп алды. Соңғы тапсырма сабақты бекіту мақсатында Венн диаграммасын жасау ұсынылды. Бұл тасырмада оқушылар қазақ және орыс халқының тағамдарының ұқсастықтарын анықтады. Оқушылар қазақ және орыс халықтарының тағамдарының ұқсастықтарын ұннан, еттен жасалады деп көрсетті. Сабақты түсінгендерін «Пальма ағашы » арқылы көрсетті. Бұл жаңа тәсілдермен берілген осы сабақ оқушыларға ұнағанын байқадым. Модульдегі бірінші сабағым сәтті өтті деп ойлаймын. Сабаққа қатысқа сынып жетекшісі: оқушылар тәртіпті сақтап, тапсырмаларды қызыға орындағандарын айтты. Ол кісі осындай жаңа тәсілдермен өткізілген сабақтар оқушылардың ойларында қалады деп ойлаймын деп айтты. Осы сабақтан өзіме шығарған қорытындым: әліде сабақты жоспарлау кезеңінде уақытқа көп көңіл бөлуім керек екенін түсіндім. Келесі сабақтарды жоспарлағанда бқл қателіктерді жібермеуге тырысуым керек.




















В 2 есебі

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған

1 (бір) сабақ бойынша рефлексивтік есебі:

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру курстарының ІІІ базалық деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,сенімді,сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған,санжық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 5 – бет).

Орыс мектебіндегі 4 сыныбындағы оқушылар белсенді болғанымен қабылдау деңгейлері төмен.Сыныпта 9 оқушы болса, соның 6-ы жақсы оқитын оқушылар,қалған 3 оқушы оқушының оқу деңгейі орташа және нашар.Дегенмен,жаңа әдістерді қабылдауға және меңгеруге дайын тұрады.Сол себепті тәжірбиемді жүргізуге осы сыныпты таңдадым.Орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын осы сыныптың ерекшелігіне байланысты дайындадым.Қазақ тілі пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасындағы «Менің сүйікті тағамым» модуліндегі «Ұлттық тағамдар» тақырыбындағы сабағына қойған өз мақсатыма жету үшін бағдарламада берілген 7 (жеті) модулді басшылыққа алдым.

7 (жеті) модуль:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • Сыни тұрғындан ойлауға үйрету;

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • Оқудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

  • Оқудағы басқару мен көшбасшылық;

Орта білім беру жүйесіндегі бастауыш сыныптарда жоғарғы деңгейге қол жеткізген сындарлы / конструктивті / оқытуға негізделен осы модульдердің сабақтың қай кезеңдерінде жүзеге асыруға болатынын тиімді пайдалануды және жүйелі түрде іске асыруды ойластырдым.Сынып оқушыларын сабақ бастамас бұрынғы, «шаттық шеңберін» құрып,өздеріне,мұғалімге осы сабаққа тілектерін айтты. Жылы шыраймен көңілдерін аударып «Смайликтер» арқылы

топқа бөлінулерін ұйымдастырдым.Оқушылар өздері таңдап алған смайликтер арқылы топқа бөлініп отырды.Топқа бөлініп отыру,дәстүрлі сабақтарға қарағанда оқушыларға ұнады.Оқушылар өздері құрған топ ережелерін қайталап,дауыстап оқыды.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым.Сабаққа қойылған мақсаттар: Ұлттық тағамдар туралы қайталай отыра білімдерін толықтырады.Тыңдау,оқу,сөйлесу арқылы қазақ тілін үйрену дағдыларын қалыптастырады.Сабақта оқушыларға қойылған қосымша міндеттер: берілген жаңа сабақты меңгеру; тақырыпты талдау барысында жүйелілік; сабақ барысында өз түсініктерін жеткізу және өз жұмыстарын бағалай білу. Сабақты кезекшінің мәліметінен бастадым. Кезекшімен сұхбат:

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Ауа-райы қандай?

  • Сыныпта кім жоқ?

Үй тапсырмасын «Ыстық доп» ойыны арқылы тексердім.Өткен сабақтағы «Менің бөлмем» тақырыбы бойынша үйге берілген жаңа сөздерді тексердім.Бұл үй тапсырмасы оқушылардың сөздік қорларын толытыру мақсатында берілген болатын.Зерттеуге алған А оқушым өзіне қосымша берілген эссені жазып келгенінен байқағаным өзіндік сыни көзқарастары және басқа оқушыларға қарағанда тілі көркем,ойын жүйелі түрде жеткізе білген. В оқушым үй тапсырмасын орындап келген.С және қабілеттері төмен оқушылар «Ыстық доп» ойыны арқылы жаңа сөздерді меңгергенін байқадым.Оқытудағы жаңа тәсілдердің тиімділігі көріне бастады.

Жаңа сабақты меңгеру кезеңінде сынып оқушылар сабақтың жаңа тақырыбын сөзжұмбақ арқылы ашты,бірақ сөзжұмбақты шешу барысында кейбір оқушылар қиналып шеше алмады. А деген жақсы оқитын оқушым басқа оқушыларға түсіндіре отыра сөзжұмбақты шешті.А оқушым көп ізденіп,қазақ тілін жақсы меңгергендіктен бұл тапсырманы тез ұғып,оқушыларға бағдар бере отырды.Бұл оқушыны сыныптағы басқа оқушыларға үлгі еттім.Оқушыларға сөзжұмбақтарды шешуді үнемі жұмыс жоспарыма еңгізіп отыруым керек екен деп болашақ жұмысыма жоспарыма жазып алдым. Осы жұмысты болашақта жұмысымда қолдансам оқушылардың білім сапалары артатынын түсіндім.Сабақтың мақсатын айтты. Тақырыпты топта,жұпта түсіндіруге арналған тапсырмалар берілді.Бірінші сабақ болған соң оқушылар бұл жұмыстарға тез төселе алмады.Топтағы көшбасшы оқушылар мұғалім ретінде болып,топтағы басқа балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.2 тапсырма: «Бауырсақ» сөзіне синквейн жасау ұсынылды.Оқушылар синквейнді топта отырып,бірлесіп жазды. (1 сурет.) Бұл жұмысты топта отырған оқушылар бірлесіп,қызығушылық танытып,өз ойларын ортаға салып жазды.Әр топ өз синквейндерін жазып,топта көшбасшы тағайындады, топ көшбасшысы тақтаға шығып қорғады,олар бір – бірлерін «қол шапалақтау» арқылы бағалады.Бұл жерден оқушылардың бойындағы пікірталас және көшбасшылықтарын көреміз.



++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++


Оқушыларға берілген 3 – тапсырма: Мәтінді тізбектеп оқу,аудару және сұрақтарға жауа беру болды.Бұл жерде оқушыларға мәтінді бірінші өз беттерімен оқу, топта отырған оқушылармен тізбектеп оқу,осы мәтінді орыс тіліне аудару және мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру болды.Екі топқа екі түрлі мәтіндер берілді.Оқушыларға бірінші мәтінді оқып бастамас бұрын уақыт / критериі / қойылды, мәтінді өз бетімен оқуға 2 мин. тізбектеп оқуға,аударуға

және сұрақтарға жауап беруге 6 мин. берілді. Оқушылар өздеріне қойылған уақыт / критерилеріне бағына отыра осы уақыт көлемінде өз тапсырмаларын толығымен орындап шықты.Мәтінмен жұмыс барысында кеткен қателіктерді келесі топ оқушылары түзеп,сұрақтар қойды.Екі топ бас саусақ көрсету арқылы бірін-бірі бағалады.Бұл жұмыс қорытындысы негізінде оқушалрды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульі көрінеді.


++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++



Бұл жұмыстың қортындысынан көретініміз оқушылар өздеріне берілген уақыт мөлшері көлеміне толық бағына білді.

Дәптермен жұмысққа 4 – тапсырма берілді.Бұл тапсырмада оқушыларға диалог берілді.Яғни,диалог сұрақтарына өз жауаптарын жазу болды.Бұл жұптық жұмыс болды.Далогті толықтырып жазуда төрт сұрақ берілді,бір-бірімен жұптарымен келісе отыра далогті толықтырды.Осы диалогті топта тексеріп,көшбасшылары бағалады.Уақыт / критериі 4 мин.берілді.



+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++


Сабаққа деген психологиялық жақсы атмосфера қалыптастыру үшін оқушыларға ноутбук арқылы «Мини мен Мики биі» атты сергіту сәтін ұйымдастырдым.Бұл сергіту сәті оқушыларға қатты ұнады.Оқушылар Мини мен Микидің билерін қайталап,мәз болып,сергіп қалды.



+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++



Жаңа сабақты бекіту барысында оқушылардың сыни көзқарастарын бақылау үшін «Венн диаграммасын» жасауды ұсындым.Қазақ және орыс халқының ұлттық тағамдарының ұқсастықтарын айқындау.Оқушылар бұл жұмысты топта қызыға отыра,белсене орындады. Оқушылар бір – біріне өзіндік көзқарастарын,білімдерін дәлелдей отыра жұмысты аяқтап,топпен тақтаға шығып «Венн диаграммаларын» қорғады.Яғни, оқушылар қазақ және орыс халықтарының ұлттық тағамдарының ұқсастықтарын анықтады.Бұл жұмысты оқушылар өте сәтті орындап шықты.



++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++


Осы «Венн диаграммасының» көмегімен жаңа сабақты қорытындыладық.Сабақ соңында топ көшбасшылары топ мүшелерін бағалады. Топ басшысы әр қойған бағаны неге бұлай қойғанын айтып,оқушыларға түсіндірді. Осы қойылған бағалармен топтағы оқушылар келісті.Демек,оқушылардың сыни пікірлері , өзіндік көзқарастары қалыптаса бастағанын байқадым.


+++++++++++++++


Мерсердің (2005 ж.) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде дәлелдерді әзірлеуге және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауға түрлі мүмкіндіктерге ие болады деп атап көрсеткендей сынып оқушылары «Ұлттық тағамдар» тақырыбын меңгеру барысында өздеріне берілген тапсырмаларды нақты орындап шықты.

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруде үйге берілген қосымша тапсырмаларды дайындап алып келген жұмыстарының нәтижесінен,мәнді әрі терең түсінікпен жазылған жұмыстарына сыни өзіндік көзқарастарының қалыптаса бастағанын байқауға болады.Сыныпта осы қабілеттері толық қалыптасқан дарынды оқушыны айтуға болады. Ол зерттеу барысына алынған А (жақсы) оқушым Мария кез- келген жұмыстарды қызыға және жылдам орындайды.Күрделі тапсырмалар берілсе еш қиналмастан сүйсіне орындайды.

Кері байланыс жасау кезінде оқушылар қай тапсырманың жеңіл және ауыр тигенін ашық айта отыра, ой қорыта отырды.

Осы бағдарлама негізінде және жаңа әдістермен берілген сабақ оқушыларға ұнады. Оқушылар сабақта өздерін еркін ұстап ,ынтымақтастықпен жұмыс жасай алды,сабаққа белсене қатысты.Оқушыларымды ынталандыру барысында олардың берген жауаптарын мадақтап,қошеметтеуді қолдандым.Осындай әдістерді қолданған кезде оқушылардың жүздерінен таңырқауды байқадым.Оқушылардың «басқа сабақтарда осылай жүргізілсе ғой», - деген пікірлерін байқадым.Осы тәжірибе барысында түйген ойым,оқушылармен санаса біліп өзімді тең дәрежеде ұстасам,оқушылар да ашыла алады, өзіндік көзқарастарын,сыни пікірлерін ашық айтып,еркін жеткізе алатынын байқадым.

Дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда оқушыларға осы жаңа тәсілдердің және топта жұмыс ұнайтынын байқадым.














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров497
Номер материала ДВ-429041
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх