Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ұлттық тәрбие негізі –Балабақшада Әдістемелік құрал Құрстырғандар: Сакенова К.С Дюсекеева Р.К

Ұлттық тәрбие негізі –Балабақшада Әдістемелік құрал Құрстырғандар: Сакенова К.С Дюсекеева Р.К


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

1


Сакенова К.С Дюсекеева Р.К







Ұлттық тәрбие негізі –Балабақшада

/Әдістемелік құрал/













Қарағанды қаласы



Қарағанды қаласының білім бөлімі



Құрстырғандар: Сакенова К.С Дюсекеева Р.К















Ұлттық тәрбие негізі –Балабақшада

Әдістемелік құрал













Қарағанды – 2011

Қарағанды қаласының білім бөлімінің ғылыми әдістемелік кеңесі ұсынған

Құрастырғандар: Сакенова К.С Дюсекеева Р.К



« Ұлттық тәрбие негізі –Балабақшада »





Әдістемелік құрал - Қарағанды: ҚҚББ баспасы



Әдістемелік құрал балабақшаның тәрбиеленушілерінің бойына халықтық педагогиканы,салт –дәстүрді дәріптеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесіне арналған.

Әдістемелік құралда білімдік, танымдық, дамытушылық тәрбиелік мәні бар балабақшаның топтарына арналған тапсырмалар берілген.

Педагогикалық иституттар мен университеттердің мектепке дейінгі мамандарды тәрбиелеу мен оқытуға даярлайтын мамандығының студенттеріне балабақшаның тәрбиешілеріне ұсынылған.






Пікірін жазғандар :

ҚМКҚ №42 «Тілек» балабақшасының директоры Аугалиева Р.А

ҚМКҚ №42 «Тілек» балабақшасының әдіскері Хайырова А.М






Сакенова К.С

Дюсекеева Р.К ., 2011

Алғы сөз

Елімізде білім, тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық тарихының салт дәстүрінің рухани ата –баба мұраларының алатын орны зор.

Ертеден халқымыздың інжу –маржандары қазақ халқының ұлы ойшылдары Қорқыт ата ӘбуНасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласұғын, Қожа АхметЯссауи, Махмұт Қашқари, Жиренше Бұхар жырау Бергі заманда Абай, Ыбырай, Шоқаннан мұра болып қалған асыл сөздер халқымыздың бойына өшпес із қалдырумен келеді.

Ержүрек батыр Бауыржан атамыздың асыл қазынамызға қосқан үлесі қанша ма десеңші?!

ҚР Білім және ғылым министирлігінің шешімімен қабылданған Қазақстанның Республикасындағы мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық рухты жаңартуды аса маңызды стратегиялық бағыттқа алып отыр.

Осы жолда негізгі міндетіміз оқу ұйымдастырудағы іс-әрекетімізде ұлттық рухта тәрбиелей отырып білім сапасын арттыру.

Елбасының «Балапан «балапан бағдарламасы -ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берілген ерекше құжат.Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор.Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз.

Ұлттық салт дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау –тәрбиенің төресі. Көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ,т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі.

Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді,рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды қалыптастырып, рухани мұраға және ұлттық мәдениетке құндылық қатынастарын қалыптастыру отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады.

Балабқшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке тарихын мәдениетін салт-дәстүрін терең меңгеруге ана тілін қадірлеуге үйрету.

Балабқшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап,халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.

Балабақшадағы ұлттық тәрбиені өзектілігі

Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып,тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін,ана тілін қастерлеу үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан,пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу ісәректін ұйымдастыруда үйреніп,алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру.Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.

Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор:– Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі. Ал біз соны пайдалана алмай отырмыз. Мойындау керек, қазір мектептеріміз тәлім-тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен шектеліп қалған. Сондықтан да балабақша, мектептерге ұлттық тәрбиені енгізетін кез жетті. Әлбетте ұлттық тәрбиенің жанында ұлттық білім беру жүруі тиіс. Осы екеуін үйлестіру арқылы білім беру жүйесінің қазіргі тәжірибесін ұлттық инновациямен алмастыру керектігін қазір көпшілік көтеріп жүр. Құзырлы министрліктің осы мәселеге лайықты көңіл бөлетін күні алыс емес деп сенемін.Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Алтынай Жайтапова, педагогика ғылымының докторы: – Ата-бабамыз мұраға қалдырып кеткен рухани дүниетанымымызды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемеге, мектептерге ұлттық инновацияны енгізуге барынша күш салуымыз керек. Инновация дегеніміздің өзі – жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың өндіріске енгізілуі ғой. Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу процесі кезінде де сөз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы, ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық  рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? 

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

- белсенді қарым-қатынас:  баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

- индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

 «Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.

Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.

Бала бойында  рефлексиялық сапалардың қалыптасуы оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:

-    өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;

-    өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

-    өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;

-    өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

Рефлексиялық әрекеттер барысында оқу іс-әркетін ұйымдастыру жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.

Сонымен бірге бала тұлғасына шоғырланған оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда тәрбиеші тарапынан әр баланың өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.

Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіннің мәні неде?

1.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.

2.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.

3.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.

4.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді..

Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып  сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген.  Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ  иесі,  өмір    гүлі деп есептеген. Ұлттық тәрбиені өмірлік тәжірибелері, ойға    түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары,  жинаған  әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Ұлттық тәрбиені халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында,    отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық  шығармаларында  және  қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған Ұлттық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»... т.б. Халық тәрбиесіне сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар ...Қазіргі кезде мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеуде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Ұлттық тәрбиені сабақ барысында қолданусәбилерге оқу іс-әрекетін ұйымдастыру да , психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Ұлттық тәрбиені қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында болсын Ұлттық тәрбиені қолдану қажет деп ойлаймыз. Қазіргі ұлттық тәрбиеде басты нысана баламен рухани үндестікпен үйлесімдікке ұмытылу ,ата –баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу.халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болады.қазақ халықы баланы дүниедегі барлдық асылдан жоғары бағалаған ,болашағына ,арманына бағалаған.Сондықтан халқымыз «Балалы үй базар,баласыз үй мазар», «Босағасын алтынан соққсаңда ,перезент сүймей адамның мейірі қанбас деп барлық асыл сөзді арнаған. Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген.Ата,апа, әке шешенің қарым қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан жетілуне үлкен үлес қосады.ізгілікті іске баулиды.

Ұлттық рухты адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық фактор-отбасымүшелерінің дұрыс қарым қатынасы,баланы адамгершілікке тәрбиелейді. Рухани байлық дүниетаным,түсінік,рух,иман отбасында қолданылады. Егер сәби отбасынан ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасымен сусындаса өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымыздың арнасында әлемдік өркениеттік жетістіктерді игеріп,терең меңгерсек,ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетіпөркениетті ел ретінде нық тұрамыз.

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Ұлтттық тәрбие салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, Ұлтттық тәрбие iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен Ұлтттық тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика Ұлтттық тәрбиеден бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — Ұлтттық тәрбиені ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы ұлтттық тәрбие пайда болды. XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi кезең - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi ұлттық тәрбиені қалыптастыратын халықтық педагогианы ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.

Ұлттық тәрбие саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлiм - тәрбие iсiне пайдаланып келедi.

Аңыз әңгiмелерден үзiндiлер айтғызып, жаңылтпаштар айтысып, ой әрiсiн кеңейтiп, тiлiн ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты кәп айта алғанға ңпай жинатып, не сыйлық ұсынып, санамағтар айтып, оны шешуден мүдiрмеген баланы мадағтап, мағал - мәтел жаттаудан озған балаға ғұрмет кәрсетiп, шешендiк сөздердi жаттатып, т.б. ұлттық дәстүрлердi талап ете бiлу керек. Халықтын ойындары, әсiресе, қуыршақ ойынын театрландырып, үй iшiне ата - ана ұйымдастыра бiлсе, үлкен тәрбиелiк жұмыстарды атғарған болар едi. Әулет дәстүрiн қастерлеп, дәстүрлiк мұраларды алға апаруды насихаттап, игiлiктi iстердi ұйымдастырушылар да ата - аналар. Елге белгiлi болып жүрген отбасылық ансамбльдер ұлттық дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгiлерi болып табылады. Үй iшiнде "туған күн", "ата - ана - бiздiң күнiмiз", "әке - қорғанымыз", "тазалық күнi", "меймандоспыз - бәрiмiз" тағы басқа тақырыптарда отбасылық той - думан, қонақ күту дәстүрiн өткiзуге де ата - ана тәлiмдiк басшылық жасап, қасиет айтып, өнеге көрсетуге тиiс.

       Ұлттық тәрбиені пайдалану iсi одан әрi дамытылып балалар бақшасында "Ертегiлер әлемiнде"бөлмесiмен қатар, ұлттық - фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тiл ширату дәрiстерi ұйымдастырылады. Бәрiне де ертегiлер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегiлерден үзiндi алынып, қызықты қойылымдарды даярлау кезiнде, өрендер кейiпкерлердiң бет - бейнесiн, тiрлiк - тiршiлiктегi орнын байқап, сол бейненi айнытпай көрсетуге тырысады.

        Тәрбиешi жұмбақ айтыс, санамақ айту, жаңылтпаш айта бiлу ойындарын ұйымдастырады. Ойын қызықты болу үшiн ойынды әнмен, күймен безендiрiп отырады.

        Әсiресе, қуыршақ ойындарына ұлттық тәрбиені қалыптастыра бiлудiң тәрбиелiк мәнi зор. Қуыршақты "сөйлету" арқылы өзiнiң көп тақпақты жаттап, талай бейненi ойнап үлгергенiн байқамай да қалады. Қуыршақ ойындарының тәрбиелiк тиiмдiлiгi тәрбиешiнiң ұйымдастырушылық қабiлетiне байланысты.

Балалар бақшасында ұлттық тәрбие дәстүрлер мен салт - сананың алғашқы қарапайым, негiздерiн өрендерге өнеге ретiнде үйретiп, жаттықтырып, оны iс жүзiнде олардан талап ету керек. Ол iс балабақша бағдарламасында кеңiнен орын алуы тиiс.

Біз өзіміз, яғни тәрбиешілер қауымы қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрін толық білеміз бе? Осы төңіректе біз ойланып көрейікші.Халқымыздың әдет ғұрыпын, салт-дәстүрін, ата-ана, тәрбиеші өзі толық білмей тұрып,балаларға ұлттық тәрбие беруі мүмкін емес.Қай заманда болсын, ұлттық өрлеудің халықтық қалыптасудың ең негізгі шарты –білім.Ұлттық тәрбиенің өрісі мен өресі –бүгін де, ертең де, халық үшін көкейтесті мәселе .Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды. Ал балабақша ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де, өмір сүруімен дамуының, алғашқы баспалдағы болып саналады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Ұлттық рухта адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде   жоспарлы түрде іске асады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған тәрбиешілік жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Әр баланың жеке басы оның ұлттық рухта, моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау  бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған тәрбиешілердің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыпқғұрыпттарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет.Адам баласы дүниеге келген күнен бастапүнемі салт дәстүр аясында өседі Бала тәрбиесінде халықтық ,тұрмыстық салт дәстүрдің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып,тәрбие жұмысынғылыми негізде ұйымдастырып,ұтымды жүргізе білуміз қажет .

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі принцптерге негізделіп,мақсаты айқындалады.

Ұлттық тәрбие жұмысын ізгілендіру

Ұлттық тәрбиені демократияландыру

Ұлттық тәрбие жұмысын жекелей жүргізу.

Мақсаты: ұлттық тәрбие жүйесін дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми әдістемелік ,ақпараттық-әдістемелікпен қамтамасыз ету ,оның ішінде білім беру мекемелеріндегі өскелең ұрпаққа ұлтижандыққа тәрбие беруге қолайлы орта жасау

Ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін өзі дамыту өзін өзі танытуын ұйымдастырдың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамытуды қалыптастыру. Ұлттық тәрбиеде патриоттық және адамгершілік тұрғыдан түсіндіру.


Күтілетін нәтижелер

  • Балалардың бойында ұлттық тәрбиені, төзімділікті, мәдениетілікті салауатты өмір салтын ұсынуды шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қалыптастыру үшін ұлттық тәрбие жүйесін құру .

  • Білім беру мекемелеріндегі ұлттық тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірбиелерін тарату;

  • Оқыту және тәрбие үрдісінің үштігін тәрбиеші, ата –ана ,бала ны тарта отырып, тәрбиенің жаңа түрлерінің жүйесін құру

  • Ата бабамыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ,осы кезеңде балдырғандарға тәрбие беру ісін жан-жақты –тіл үйрету, ақыл ойын өсіру, денсесін жетілдіру, еңбксүйгіштікке баулу адамгершілік ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз.

Бұл жөнінде С.Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі «деген еңбегінде «Қазақ халқының тұла бойы Жүріс тұрысы, мінез –құлқы, істеген ісі-тұнып тұрған тәрбие. Сондықтан біздің алға қойған міндетімізбалабақшада Ұлттық тәрбие жұмысындағы жақсы салт дәстүр, әдет ғұрыптарды жинақтап саралаппайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу» -деп атап көрсеткен. Барлық дәстүр әдет ғұрыптар ұлттық тәрбиеге байланысты.

Ұлттық тәрбиеден ата –баба мұрасынан ұрпақ нәр алатын саналы жетілген азамат ретінде тәрбиелеу міндетін атқаратын педагогикалық ғылымдардың қайнар бұлағы –ұлттық тәрбие екені сөзсіз.

Тәрбиеші –балабақшадағы ұлттық тәрбиені бағыттаушы басты тұлға. Қазіргі уақыт талдабына сай стандарт талабына ұлттық тәриені енгізу тәрбиешінің басты шартты.










Ұлттық тәрбиені тарату кезінде балалрдың бойында қалыптасатын салалар:

1.Дене шынықтыруға, күш–қуатты шыңдай түсуге, мүсінді түзетуге бағытталған;

2. Еңбексүйгіштікке,достыққа,жолдастыққа қайраттылыққа тәрбиелеу

3. Тілін ұстартуға, ой-өрісін кеңейтуге батылдыққа ептілікке баулу.

4.Санамақ ойындары санауды үйретеді, математикалық логикасы қалыптастырады.

Еліміздің болашағынның тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін ұлттық тәрбиенің иісін сініруіміз қажет.

«Балалар бақшасындағы «Балапан» бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың ұлттық рухта дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, отансүйгіштік сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде ерте заманан бері жиып терген мол тәжірибемізді ортаға салып отырмыз. Оны халқымыз ең жақсы қасиеттермен байытып,ұл –қыздарының бойына сіңіртіп отырған.

Бала тәрбиесі — баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да,  мақсат — мүддесі біреу, ол — болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата — ана құшағы.Жас сәбидің өмір табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі, көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» немесе «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген де осының айғағы.Яғни, ата — әженің, әке  - шешенің өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге — өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.Халқымыз  «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген сөзінде де тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын меңзесе керек.Қазірде дүниеге дені сау бала әкеліп, ол нәрестенің өсуіне, жан — жақты жетілуіне, жеті жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін айқындап, ата — аналармен бірлескен ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру көзделуде.Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған.Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңдал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата – ананың міндеті деуге болады.Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі.Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана — сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез — құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Тіл-адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы.Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Сондықтан баланың өз ойын дұрыс жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым — қатынас жасай білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін үйрету керек.Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету — ұлттық қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір жолы.Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту.Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез — құлқының қалыптасу жолы.Ана тілінің қадір — қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы, сыпайы болып өсетініне өмір тәжірбиесі куә.Міне, біздің кішкентай ботақандарымыз тіл шұрайының шырын — балын татып өссе екен дейміз.Сөз — тілдің негізі.Сондықтан бүлдіршіндерге үйрететін сөздер де  қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратындай болуы шарт.Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады.Оның алғашқы ұстазы ата — анасы, тетелес ағалары мен әпкелері.Олармен күнбе — күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді.Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлым кең болады.Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен байытып, ойын кеңейте түсу отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады.
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу деген мағынада ғана емес, адамдар арасындағы қарым — қатынасқа ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.Сөз әдебі бүлдіршіндердің адамдармен қарым — қатынас жасауы үшін, оның сыпайы түрде жүзеге асуы үшін, сондай — ақ көңіл — күйге жағымды әсер етуі үшін жұмсалады. Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени - көпшілік орындарда және т.б. жерлерде бүлдіршіндердің өзге адамдармен өзара қарым — қатынас жасауы алуан қырлы, сан түрлі болып келеді.Оларды санамалап айтып тауысу мүмкін емес.Әйтсе де мұндай сан алуан қарым — қатынастың типтік түрлері болады.Оларды, негізінен, мынадай басты — басты топтарға бөлуге болады:сәлемдесу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату, құттықтау, тілек айту, ризалық білдіру, өтішіш жасау т.б.

Бұл тізбек, әдетте, тұйықталған тізбек емес, сондықтан басқа да тақырыптық топтардың болуы мүмкін. Қазақ сөз әдебі қорындағы қаратпалар сан жағынан алғанда аса мол, түр жағынан алғанда сан алуан.Олардың, негізінен, туыстық қарым — қатынасқа, таныс — бейтанысқа және әлеуметтік жікке байланысты айтылатын түрлері бар. Біралуан сөздер өзінің тілдегі кәдімгі қызметінен тыс жүк арқалап, сөз саптауда қаратпаға көшеді.Олардың аражігін балаға түсіндіріп, орынды қолдануға үйрету керек.Мысалы, екінің бірі күнде қолданатын «әке» сөзін алайық.Ол, бірішіден, «балалы болған ер адам» дегенді білдірсе, екіншіден, баланың әкеге қарап айтатын қаратпасы.Ал, үшіншіден, әке сөйлеу тілінде өзінен жасы кіші адамға «қарағым, шырағым» деген мағынада айтылатын қаратпа, Туыстық атауларды мағынасына қарай дұрыс қолдану қажет екенін балаға жастайынан үйретіп, дағдыландыру керек.Себебі, жас өсіп келе жатқан сәби, біріншіден, кімнің кім екенін ажырата алады, екіншіден, баланың сөз әдебін қалыптастырады.Қазақ тіліндегі туыстық атауларды мағынасына қарай былайша топтап қарастыруға болатын сияқты:

1)Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апаәпке, әпше, тәте), іні, қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас.
2)Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар.
3)Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы жезде.
4)Құдалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи, құда.
Бұл атауларды бүлдіршіндерге үйретуіміздің басты себебі жоғарыда айтып өткеніміздегідей туыстарымен қалай туысатынын біледі және қазіргі кездегі қалыптасқандағыдай аға, апай дей бергеннен гөрі осындай туыстық атауларды қолданса, енді бір жағынан жеті атаны білу ұғымымен де байланыстыруға болады және баланың тіл байлығы байиды.Бұл сөздер арқылы біз тек сәбидің тіл байлығының  дамуына ғана әсер етпей, оның жеке тұлға болып қалыптасуына да өз деңгейінде жағдай жасаймыз.
Дәл қазір қалада тұратын қазақтар түгелдей әкесін «папа», шешесін «мама» деп атайды.Аудан мен ауылдар, қыстау мен қыстақтарда тұратын қазақтардың арасында да бұл «көрсеткіш» тым жоғары. Тіпті шалғай ауылдардың тең жартысы «мама» мен «папаға» бауыр басып алғанын өз көзімізбен көріп, өз құлағымызбен естіп те жүрміз.Мұның сыртында туған әкесін «батя», іні — қарындастарын «братишка», «сестренка», ата — әжесін «дед», «бабуля» дейтін қазақтарда қисап жоқ. Ал осындай этикет нормаларының бұзылуы оның адамдар арасындағы қарым — қатынасты реттеу қызметіне нұқсан тигізеді. Осының салдарынан адамдар арасында   түсінбестік пайда болып, ынтымақ, бірлік, сыйластықтың аса маңызды сапалары әлсірейді. Тіпті ұлттық санаға да іріткі түсе бастайды.
Халықтың жан дүниесінің, ұлттың ұлттылығының бір көрінісі - туыс атаулары.Бұлар - бізге ата - бабаларымыз тастап кеткен  қасиетті тілдік ескерткіштер ғана емес, сонымен бірге әрбір жеткіншектің санасын ұштайтын ұлы ұғымдар. «Әкемен», «апамен» тілі шыққан сәби ерте бастан өзінің  осы сөзді тудырған халыққа қосақтаулы, осы сөзді дүниеге әкелген ұлтқа байлаулы екенін сезініп өтеді.Өз ана тілінде апа, әке деген ыстық сезімге бөлейтін, адамның жан - дүниесін елжірететін сөз тұрғанда сәбидің аузына бөгде тілдің бөтен сөзін салып, құлағына сіңіре бастайтын өзіміз екенбіз.Эмоциональды-экспрессивті бояулы тілдік бірліктерді көбірек қолдансақ сәбидің жүрегіне мейірім ұялатуға болады.Көбінесе кішірейту, еркелету мәнінде жұмсалатын -еке, -жан, -шым, -шім, -тай тәрізді экспрессивті қосымшалары жақсы көру, ерекше құрметтеу мағынасында жұмсалады:әкежан, әкетай, әкешім, әкей, ағеке, ағажан, ағашым, ағатай, ағай, шешежан, шешетай, көкежан, көкешім, көкетай т.б.
Баланың, әсіресе, кішкентай сәбилердің жан сезіміне жақсы әсер етіп көңілін марқайтатын сөздер, тілдік амал -тәсілдердің тағы бір алуаны қозым, ботам, құлыным, ботақаным, қоңыр қозым, ақботам, айым, күнім, жұлдызым, шырағым, сәулем, жарығым тәрізді тәуелдік жалғауымен айтылатын қаратпалар деуге болады.Олар-эмотивтік қызметі аса күшті этикеттік құралдар.Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып, қозым, ботам, деп еміреніп отырады. Эмоциялық әсері күшті бұл қаратпалар, біріншіден, ана мен бала (сәби) арасында қарым - қатынас орнату үшін аса қажет.Адамның тынысы жан тұрмысына байлаулы.Жан шат болса, дауыс та шат болады.Қысқасы, ана баласының қасында үндемей отыруы дұрыс емес. Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып, оны алақанымен сылап-сипайды. «Қарды қылау өсіреді, баланы сылау өсіреді» деген мақал осы жайтты аңғартады.Сезу мүшесіне әсер ететін ананың аялы алақаны, көру мүшесі арқылы көңіл - күйге әсер ететін ананың жылы жүзі қандай қажет болса, ананың айналып-толғанып айтатын қозым, ботам, құлыным деген жүрекжарды сөздері сондай қажетті құрал.Адамның болмысын, мінез - құлқын, бір -бірімен сан алуан қарым -қатынасын жан исіндіретін жақсы сөз жөнге салып отырады.Сондықтан осындай амал-тәсілдерді қолдану арқылы балаға жастайынан өзге адамдарға аялы алақан, жылы жүз, жақсы сөз сыйлауға үйрету керек. «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жақсы сөзге жан семіреді» деген даналық нақылдар өмірдің шындығынан, бала тәрбиелеудің халықтың көп жылдық тәжірибесінен сомдалған сөздер.
Ұлттық тәрбиенің ең басты жолы-сәлемдесу.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді-деп бекер айтпаған.     Сәлем - арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі.Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем - сөздің басы» делінетіні де сондықтан.Тегінде, әдеп, адамшылық-амандасудан басталады.Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу.Оның шарапаты мен кереметі сонда-адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің  бір - біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие.Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет.Адам баласы қашанда тыныш - бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір - бірімен тату - тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған.Соның негізін сәлемдесу салған. Балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті -қолдарын жуып келіп, ата - анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек.Адамның әр күнгі іс-қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатынын сәбиге түсіндіру керек.Қазіргі таңда сәлемдесудің түрлері өте көп, бірақ балаға соның ішіндегі ең керекті түрлерін үйреткен жөн.Мәселен, басқа сәлемдесу түрлеріне қарағанда балаларға «Сәлеметсіз бе?»  және  «Ассалаумағалейкум» деп амандасу қолайлы сияқты. «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзінің мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін»дегенді білдіреді.Алайда, балаға құр ғана «ассалаумағалейкумды» айтып, бір міндеттен құтылғандай болатын тоң - торыс сәлемнің ізеттілік емес екенін, қайта кісі көңіліне қаяу түсіретін қылық болып табылатынын айтқан жөн.Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай.Онда сәлем беруші мен алушының қас -қабақ, бет -жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады.Міне, осылардың бәрін балаға үйрету өте маңызды.Дұрыс амандаса білудің өзі  дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Осындай тәлім- тәрбие арқылы бүлдіршіндер дұрыс сөйлеуге үйренбек. Сөз этикетінің өз алдына дербес бір саласы -қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз — оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны бар.Қоштасудың да түрлері өте көп.Мәселен, «Сау болыңыз», «Хош», «Көріскенше күн жақсы», «Хош болыңыз» т.б. Бұларды балаларға тиісті жерінде лайығымен қолдануға үйрету әдептілік әліппесі болып табылады.Себебі қоштасу түрлерінің қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар.Бала кетер алдында қоштасып, әдеп сақтауға тиіс.
Қаратпаларға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу, белгілі бір аймаққа таралуына қарай зерттеу де қызғылықты әрі тілдік, әрі тарихтық  деректер берері сөзсіз.Кейбір сөздер диалектолог ғалымдардың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің этикеттік  формуласы ретінде түсіндіріліп, талданған емес.Мысалы, қазақ сөз этикетінде жиі қолданылатын «Сау болыныз» әдеби тілде қоштасуды білдіргенмен, Қазақстанның батыс говорларында, Түрікменстан қазақтарының тілінде (Ә.Нұрмағамбетовтың деректері бойынша) «Рахмет» деген мағынаны білдіреді.Әрине, мұндай тілдегі ауытқушылықтарды бала кішкентай кезінен біліп өскені жөн.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни бүлдіршіндерге тек қоштасу сөздерін ғана емес, қоштасуға дайындық сөздерін де үйреткен жөн.Олар, атап айтқанда, «Уақыт болып қалыпты — ау», «Амал жоқ қайтар уақыт таяды», «Уақытыңызды алмайын», «Осымен болайық» қыстырма сөздері.Яғни, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай алғанда формуладан — негізгі актіден және дайындық актіден тұрады.Міне, осындай қарым — қатынастарды балаға үйрету арқылы сөз әдебін қалыптастыруға болады. Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін — өзі сезінуінің алғашқы сатысы.Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді.Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн.Сыпайы, келісті сөз баланың абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді.Таза мәнерлі тіл ойлау жемісі.Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады.
Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес

Ақыл — өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағының тәрбиесіне  жауапта ата — ана рөлі әрдайым бірінші орында.Баланы тіл әдебіне дағдыландырып, тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата — ананың басты міндеті.Тәуелсіз еліміздің ертеңгі күні мен бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күні жақсы болуы үшін, ерте кезден ат салысып, сөз әдебін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсайық, ағайын!   

Ұлттық тәрбие ғасырлар бойы сараланып халықтың ой –арманы ,тіршілік тынысы,шаруашылық кәсібі,салт –дәстүрмен тығыз байланысты. Демек Халық «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Бас қосуларда үлкен адамдардың жақсы ісін,еліне сіңірген еңбегін,мінез құлқын үлгі өнеге етіп отырған. Жаманнан жиреніп жақсыға жақындап отырған. Бабаларымыздың өсиет сөздерін балалардың құлақтарына құйған «Талаптыға нұр жауар» «Бала теңіне қарап өседі.» Баланы ең әдемі мейір шапағатқа ,сонан соң ақыл парасатқа нағыз пайдалы ғылымға баулу», «Ұл қызыңды бес жасқа дейін хандай көтер, он беске келгенше құлдай жұмса ,одан соң құрбыңдай көріп ақылдас» «Ақылсыз ұл қырыққа келгенше бала ,ақылды бала қырқында –дана», «Дәрігердің қолы,ұстаздың жүрегі жылы» ,осындай мақал мәтелдерді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалану баланың тілін ширатып,ұлттық рухқа тәрбиелейді.

Ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы–бауырмашылдық қазақтың ұлттық рухын оятатын әдемі бір көрініс. «Баланы бауыр еттен жаралған» деп таныған қазақтың бауырмашылдығы басқа халықтардан ерекше көзге түсетін ерен қасиеті барынша сүйіп, аялап өсірген баланың ата –ананы құрметтеуі де осы бауырмашылдықтан бастау алған жақсы өнегенің жемісі-деп есептеген жөн.

Жеті ата

Халық жеті атасын білмеген ұрпағын «тегін білмейтін тексіз» деп кіналайді.

Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата ұғымы бар. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.

Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы–туыс саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады:

1. Бала.

2. Әке.

3. Ата.

4. Үлкен ата.
5. Баба.

6. Түп ата.

7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғаса-ды: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтас-тықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Ата текті жан-жақты жақсы ,білуде бауырмашылықтың негізі. Иманды адам текті ажырата білуді өзіне парыз санайды.

Қазақ халқының сүйегіне сінген атам заманнан асыл қасиет –бауырмашылдық. Сондықтан оған ешбір адам баласы жат емес.Барлық азамат баласы халыққа дос, бауыр.«Ақ,қарамыз,сарымыз-дос бауырмыз бәріміз-деп кішкентай балалар да бауырмашылдық дәстүрді мақтан тұтады.

Қайырымдылық пен мейірімділік –ұлттық тәрбиенің ең игі қасиеті.Қазақ халқы «жылу жоқ үйден без,қайырымы жоқ биден без» деп,қайрымдылық қасиеті жоқ басшының қадірі де болмайды –деп кесіп айтқан.

Халық ұрпағын қайрымдылықты ес біле бастағанан үйретіп,талап қою,дағдыландыру арқылы ол қасиетті тұрмыстық салтқа ,адамгершілік дәстүрге айналдырған.қайырымдылықты халық қайыр садақа берумен де ұштастырып отырған.Адам өміріндегі ең игі істің бірі –қайыр садақа беру деп түйіндейді халық. Халықтың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі соңғы кезде «қайырымдылық қоғамдарының іс-әрекеттерімен жалғасады.

Үлкеннің кішіге қамқорлығы ,кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға қызмет етуі, ата-ананың бала шағасына мейір шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі, кемтарларға жанаямай жәрдем беру борышы-қайрысмдылықтың қайнар көздері.

Халық бір жанұяда нешеу болсаң,»бір-біріңе қонақсың», «бір-біріңді сыйласаң жан семіреді»деп қайрымдылықты ұрпақтарына өнеге етіп қастерлеп уағыздайды.Қайырымдылық пен мейірімділік ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі. Жас ұрпақтың бойына халқымыздың төл мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін,әдет-ғұрыпын, аталар сөзін, халық педагогикасынның өсиеттерін сіңіруді, батыл қолға алуға тиіспіз.

Ақын Мұқағали Мақатаев

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын ,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтармын»,-деп жырласа ,бізде ұзақ жылдар бойы бала тәрбиелуде қалыптасқан өзіміздің тәрбиешілер қауымына іс-тәжірибемізден жинақтап,ұлттық тәрбиенің өнегелерін жаңа жағдайға бейімдеп, халқымыздың салт-дәстүрлерін шығармашылықпен меңгеріп,өңдеп бір жүйеге келтіруге әрекет жасадық.Бұл еңбегімізді жаңалық деп айтуға аулақпыз. Себебі ұлттық тәрбиенің ғасырлар бойы өмір сүріп,адамзаттың рухани азығы болып келді.Ұлттық тәрбие туралы ежелден әр ұлттың саналы өкілдері көп жазды.Әрине халықтың салт –дәстрлерін ,әдет –ғұрыптарын,мақал мәтелдерін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде,тәрбие жұмысында пайдалану бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Іс-тәжірибеге сүйеніп,балабақшада ұлттық тәрбиені жандандыру өте күрделі жұмыс Халық даналығына байланысты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ұйымдастыру ұлттық тәрбиенің басты саласы болып есептеледі.Ырымдар мен тыйым сөздердің тәрбиелік мәніне баса назар аударылады және халық аузында кеңінен айтылып жүрген халық қағидаларын ,қанатты сөздерін нақылдарын шәкіртердің біле беруіне бағыт беріледі.Сөздің құдіретіне кәміл сенген халқымыз «Жақсы сөз- жарым ырыс», «Батамен ер көгереді» деп тегін айтпаса керек . Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» демекші бата беру –халқымыздың салт дәстүріндегі әдет –ғұрыптарына,қанатты сөздеріне халық қағидаларына түйін ретінде «Батамен ел көгереді»деп қорытынды жасамақпыз......дегенмен көпшілікке ширек ғасырғы іс-тәжиірбемізден жинақтаған ұлттық тәрбие қоржынынан сіздерге шығармашылығымызды таратамыз.

Бұл еңбек тәрбиешілерге ,ата-аналарға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамыз

Осы еңбекте айтылған ойлар пікір ұсыныстар тәрбиешілер мен ата-аналарға

ғалымдардың назарына іліксе белгілі бір кәдесіне жараса онда еңбегіміздің жанғаны деп ойлаймыз.

Қазақ ежелден өнерді қадірлеп ,қастерлеген халық .Өнерлі халықтың мұралары ,атадан балаға мирас болып отырған. «Өнерлі өрге жүзер «дегені сондықтан болар,бәлкім Ата –бабамыздың бүгінгі күнге жетіп отырған асыл мұрасын жалғастыру,оның қадір қасиетін өскелең ұрпаққа таныту-ұлттық тәрбиенің бірі .Бұл тәрбие отбасынан және балабақшадан бастау алады.Балғын сәбидің қиялы әр нәрсеге еліктегіш келеді емес пе ? Олай болса ,таза бұлақтай мөлдір осы бір сәби жүрегін туған халқымыздың асыл мұрасымен таныстырып,сол өнерге баулу тәрбиешілерінің бастыв парызы.Осы орайда балаларды халқымыздың ұлттық әшекейлерімен таныстырып,сабақ жоспарларын ұсынып отырмыз.



Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие

«Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам»

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай айтқандай, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде тәрбиеші бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз?

Егер тәрбиеші өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, бала балабақшаға келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе не жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына тәрбиешінің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын тәрбиешінің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды. Тәрбиешінің тек жақсы қырынан таныған бала үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал тәрбиешінің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Балабақшадағы сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын балаларды адамгершілікке, гуманистік жүйеге тоғыстыру. Балабақшада жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған бала өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін оқушы болып қалыптасады. Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:

1, Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулы, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

  1. Отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып,

түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Бала тәрбиесіндегі негізгі де маңызды роль ата-аналарда. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала-шағасының алдында айтып, әңгіме-дүкен құрады. Бірте-бірте балалары да өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша жанұя мүшелерімен сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Ата-ана баламен тілдесуде, пікірлесуде бейпіл, бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорғамай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді. Өйткені «Жақсы сөз жан семіртеді». Кейбір ата-аналар өте қатал, айтқанын орындатады. Мұндайда бала қорыққанынан уақытша тыңдайды. Бірақ ата-анасының уысынан шыққаннан соң, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеші ата-ана ескермеген тәрбиенің тиімді сәттерін пайдалану қажет. Тәрбиеші балаға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтармен қамтамасыз етеді. Әрбір баланың жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның тұратын, қарым-қатынас жасайтын жағдайларын білуіміз керек. Ол үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс:

  • Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.

  • Достарының, отбасының сенімін ақтау.

  • Жанашырлық таныту - өзгелердің мұң-мұқтажыдығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету.

  • Кешірімді болу – ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін кек алудан аулақ болу.

  • Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу.

  • Жауапкершілік таныту – адал болу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.

  • Өзін-өзі бір қалыпта ұстай білу - өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын ұстай білу.

  • Ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу.

Қорыта келгенде, ұлттық тәрбиеден бастау алып, осы дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Сондықтан тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай болуы шарт.

Адамгершілік пен имандылық.


Мақсаты Балаларды инабаттылыққа,мейірімділікке, кішіпейілділікке үйрету. Өздерін көпшілік жерде қалай ұстауды

және сөйлеуді, сөйлеп жатқан адамды тыңдай білуді үйрету.

Көрнекілігі: Адамгершілік пен имандылық жайлы жазылған мақал-мәтелдер, жазылған плакаттар.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе бөлім .

Балалардан адамгершілік пен имандылықты қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Адамгершілік пен имандылыққа байланысты мақал - мәтелдер айтқызамын.

Бұл - ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. әрине, “Тауына қарай аңы, заңына қарай заңы”, “Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа” дегендей әдеп сақтаудың әр елде тарихы, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері де болған. Ал қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алаламайды.

Иманды болу.

Екі түрлі адамға Алла- тағала ықыласпен қарамайды.

1.Туған- туыстарынан аулақ, жалғыз өзі өмір сүргендерге.

2.Көршілерін ренжіткендерге.Көршіні ренжітпей, тату-тәтті тұру адамгершілік.

Пенденің апатқа ұшырауына себепкер болатын жеті түрлі істен сақтаныңыз.

1.Күдік- күманнан,

2.Сиқырдан және сиқырлаудан,

3.Қомағай нәпсіден,

4.Өсім алудан,

5.Жетімнің ақысын жеуден,

6.Жаумен соғысқанда қашудан,

7.Әр адам терең ойланып әдепті жақсы істерді өзіне үйлестіру адамгершілік болады.Біреудің Алла- тағала алдында қандай адам екенін білгіңіз келсе, ол кісіге халықтың қалай қарайтынын біліңіз. Халық қалай бағаласа, оның дәрежесі де сол мөлшерде болады. Көпшіліктің берген бағасы Алла-тағаланың ризалығына тең. Шапаныңыз қаншалық әдемі, сәлдеңіз қанша үлкен, малыңыз қанша көп болсда Алла-тағала сізідің сән-салатанатыңызға қарамайды. Жүрегіңіздің адалдығына ниетіңіздің дұрысытығына қарайды. Не істесеңізде, адал көңіл, пәк жүрекпен істеңіз. Бір мүсәпір нан сұраса беріңіз. Ауру адамның халін сұраңыз. Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз. Артында оның пайдасын көресің. Адамдардан ештеңені сұрап тіленбе. Тіпті ат үстінде қолыңнан қамшың түсіп кетсе де өзің түсіп ал! Өлгендерді қарғап, жмандамаңдар. Өйткені олар өз кінәсін өтеуге кеткендер. Алла былай дейді, егер адам баласы маған бір қадам жақындаса мен оған бір аршын жақындай түсейін. Егер адам аршындай жақындаса, мен сажындап жақындаймын. Егер адам он қадамдай жақындаса, мен оған қарай жүгіремін деген.


Сыйластық пен достық.

Шақырған жерге барыңыз достықта. Бір адам ақса той шақырса бай, кедей молда қожа төре шәкірт демей бәрін көріңіз. әрқандай жиынға шақырса қалмаңыз. әрбір адамның өзінің парызы саналатын істі өтегеннен кейінгі артық атқарған ісі жақындарының жүрегін қуанышқа бөлейді. Кімде кім жақын адамын қуантқысы келсе барлық адамды қуанышқа бөлейтін іс істеуі керек. Оның қаншалық асыл қасиет екенін әркім-ақ түсінеді. Бір адам сөйлеп отырғанда жан-жағына қарай берсе, басқа біреуге сөйле деп сөйлескенде оның қадіріне нұқсан келтірмеу керек. Мұның пайдасы жоқ. Сенің айыпты екеніңді айтып біреу сөксе де, сен оның өз айыбын бетіне басып сөкпе, ақыры сауабы саған тиеді. Кінәсі де, обалы да әлгі кісіде қалады. Жақсы ісіңді қанағат етіп қуаныш ет. Жаман іміне қажып, қайғыр бұл имандылықтың белгісі. Абыройың аратады. Бес нәрсені бес нәрседен бұрын болжай ойластыр. Өл мен тұрып тіршіліктің қадірін біл. Басыңа іс түспей тұрып баршылықтың қадірін біл, кәрілік келмей тұрып баршылықтың қадірін біл. Өз араларыңызда сәлемдесуді жолға қойыңыз. Сонда бір-біріңізге достығыңыз артады. Біреумен амандасып хал-жайын сұраудың өзі де өте жақсы қылық.

Қазақы бата

Құдай жолың қабыл болсын,

Әрбір нәрсең әзір болсын!

Кеткенің келіп,

Кемтігің толсын.

Бақ пен дәулет

Құдайым нәсіп етсін!

Бар бәлекет аулақ кетсін,

Аллаһу әкбар!

Жортқанда жолдасың қыдыр болсын!

Жүрден аяққа жүрген ілігіп.

Басыңа бақыт қонсын,

Үйіңе ұрпақ толсын.

Бәрі де халқының ұлы болсын.

Атасының құлы болсын,

Аллаһу әкбар!

Бата

Күнің шуақты болсын,

Көңілің суатты болсын,

Еккенің жемісті

Еңбегің кеністі болсын.

Жұлдызың ағаңда болсын,

Құндызың жағаңда болсын.

Жарың жібектей болсын,

Арың түлектей болсын.

Өнерің өрлей түссін,

Өмірің төрлей берсін.

Е, құдайым бала берсін,

Мал мен басты және берсін.

Саған қас қылған дұшпанды,

Табаныңа сала берсін.

Аллаһу әкбар!

Берген батам бола берсін.

Бата

Осы үйдің иесіне,

Молайта мал бер.

Көбейтіп бас бер,

Ұзақ жас бер.

Аттансын келген қонағың,

Іштей тоңып

Ырызғы таусылмайтын

Ықылас бер.

Жаз келіп көңілің жай болсын,

Көргенің шаттық той болсын.

Абзал досың көп болсын,

Берген батам сол болсын. Әмин.

Үйіңе береке кіре берсін,

Күнде қыдыр келе берсін.

Ішкен-жегеніміздің сауабы

Әруақтарға тие берсін.

Аллаһу әкбар қабыл болсын!


Шайың қызыл болсын

Ғұмырың ұзын болсын

Несібең таси берсін

Дұшпаның қаша берсін

Құдайым ұзақ ғұмырды жаза берсін

Берген батам қабыл бола берсін.

Аллаһу әкбар!


Құдайым жарылқасын

Бай қылсын

Төрт түлігің сай болсын

Мұратың асыл болсын

Бергеніме алла береке берсін.

Аллаһу әкбар!


Мақал мәтел және сұрыпталған сөздер.


Көптің бірі емес аздың бір дегені болыңыздар барлық уақытта астан болсын бағаларың.


Жылқы дүл-дүлімен жетеді мақсатына.


Жігіт бірлігімен жетеді мұратына.


Екі тойың қабат болсын

Екі дүниең азат болсын.


Мадақтаумен мақтағанға молданба

Ақымақпен дос болма,


Иманның жігері бәрін де жеңеді.


Бірінші неке Алладан

Екінші неке Адамнан

Үшінші неке шайтаннан


Еркектің ақылы көзінде

Әйелдің ақылы сөзінде.


Нақыл

Екі жақсы қосылса жарасады

Жақсыға жаман қосылса бір-біріне қарасады

Екі жаман қосылса шатасады.


Мәтел.

Асың дәмді болса

Көңілің сәнді болар

Дайын асқа құлшылыс.


Балам дейтін ана болмаса, анам дейтін бала қайдан табылсын.


Нақыл

Малдан малдың несі артық, бірақ асым еті артық.

Жерден жердің несі артық, бірақ уыс шөбі артық.

Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық.

Айтқаным болат деп сұраншақ болма,

Білегім жуан деп ұрыншақ болма.

Бітер істің басына, жақсы келсін қасыңа.

Көзің көзіне түссе мейірім бір-біріне сонда түсер.

Ата-ана баласына тағын жасап берсе де,

Бағын жасап бере алмайды.

Отызда ордалы болмасаң

Қырқында қамал алмайсың.

Туғанына жақпаған

Дұшпанына жағынар.

Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді.

Көзі жаман көлді бүлдіреді,

Ауызы жаман елді бүлдіреді.

Аллаға жағам десең, азаншы бол.

Ағайынға жағам десең, қазаншы бол.

Ауру астан, дау қарындастан.

Кей адамның дағдысы.

Сұрай қалсаң жағдайын, аярлығы дап-дайын боп тұрады.

Жол болмайды асусыз, той болмайды шашусыз.

Бекіту. Балалардан әдептілік, имандылық, адамгершілік жайлы жоғарыда айтылғаннан не түсінгендерін сұраймын.


«Сөз атасы – сәлем»


Мақсаты:

1) Балалар әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.

2) Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру.

3) Балаларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.

Көрнекі құралдар:

Үнтаспа, телефон, нақыл сөз жазылған плакаттар «Сәлем - әдептіліктің белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы».  

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ой қозғау

Көрініс арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу.

(екі бала телефонмен сөйлесуі)

ІІІ. Мағынасын ажырату:

Топқа бөліну. Топпен жұмыс:

Сәлемдесудің қандай түрлері бар?

ІV. Ой толғаныс

Мақал-мәтел айтысы.

Көріністер.

(Ата мен жігіттің, әже мен қыздың амандасуы )

V. Қорытынды

Сәлем сөзін топтастыру. Гүл шығару.

Сабақтың барысы:

Балалар, сабақта болмаған Әсемдің телефон арқылы әңгімесін тыңдап көрейік. (екі бала телефонмен сөйлесіп, көрініс көрсетеді).

Телефонды Ажардың анасы алады.

Әсем: - Ажар үйде ме? Телефонға шақырып жіберіңізші.

Телефонды анасы Ажарға береді.

Әсем: - Әй, Ажар, тіл дамыту сабағынан қандай тапсырма берді?

Ажар: - Сәлем, Әсем! Халың қалай? Кешір мен де кеше сабаққа бара

алмадым.

Әсем: - Жарайды, онда - деп телефон трубкасын қояды.

Әсем қандай кемшілік жіберді? Осы екі баланың орнында өздерің

болсаңдар не істер едіңдер?

Әсем амандасуды, сәлемдесуді ұмытты.

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болмақ?

Тақырыпты балалар өздері шығарады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Сөз атасы – сәлем» деп аталады.

Топқа бөліну:

І топ – кішіпейіл; ІІ топ – ізетті; ІІІ топ – инабатты.

Бір-біріне жақсы сөз, тілек айту.

Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? (топпен жұмыс).

 

І топ: Сәлем - әдептіліктің белгісі.

- Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.

- Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп,

қуанышқа бөленуі.

- Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру,

әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету.

- Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген

сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір-бірімен

ақжарқын амандасуы тиіс.


ІI топ: Амандасу адамгаршіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне

қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол «Сізді

шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін»

деген мағынаны білдіреді.

ІІІ топ: Сәлемдесу түрлері:

- Сәлеметсіз бе? - Сәлеметте болыңыз! - Аман-саусыз

- Аман-есенсіз бе?

- Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?

- Үй-ішіңіз аман ба, дені-қарныңыз сау ма?

Әсіресе араб тілінен енген:

- Ассалаумағалейкүм! яғни - Сізге амандық тілеймін!

- Уағалейкумассалам! яғни - Сізге де амандық тілеймін!

Ойын: Ішкі ритм.

- «Сәлеметсіз бе, Ескендір» деген сөзді бірнеше көңіл-күйде айту.

Мысалы: жек көре, қуана, бірқалыпты, таңқала...

- «Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті» - деген мақал бар.

Ал оған керсінше «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер» - деген аталы сөз бар.

Осы аталы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе

ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне

қарамай жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.

Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық:

- Ассалаумағалейкүм «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы

алпыс жасар қария сәлем береді» -демекші, қалыңыз қалай?

- «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» - деуші еді. -

Келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.

- «Қонағын сыйласа, төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын.

- «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» - деуші еді аталарымыз,

асқа отырыңыз.

- Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».

- «Досыңның тамағын қасыңдай іш» - демекші, ала отырыңыз.

- Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» - демекші, алла риза

болсын».

- «Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» - қой қайтайын.

- «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын.


- «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді

аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз.

- «Кәрі – кәрінің сөзі дәрі» - дегендей о, не дегеніңіз?

- «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын»

дегендей, келіп тұрыңыз.

Осы мақал-мәтел айтысынан қандай қорытынды шығаруға болады?

1-оқушы: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен

кішіге байлансты емес.

2-оқушы: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ

шашты әжені-жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу –

ата дәстүріміз.

3-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қанша мейірім,

қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.

Ал, енді ата мен жігіттің, әже мен қыз баланың сәлемдесу түрін көріп, салыстырайық. (екі бала шығып, қарт пен жігіттің сәлемдесуін көрсетеді):

Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!

Ата: Уғәлейкумассалам, балам!

Жігіт: Деніңіз сау ма, аман-есенсіз бе?

Ата: Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз.

Жігіт: Бала-шағаңыз есен-сау ма?

Ата: Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр.

Жігіт: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба?

Ата: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы.

Енді екінші көрініс. Әже мен қыз бала болып екі бала .

(Әже мен қыз баланың сәлемдесуі):

- Армысыз әже?

- Бар бол, балам!

- Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба?

- Тәңірге тәубә, барлығы күйлі-қуатты, аман-есен.

- Ылайым жақсы болсын.

- Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам!

Осы екі көріністі салыстырып, айырмашылығын, ұқсастығын айтыңдар.


Қайырымдылық

Сабақтың мақсаты

А) Адамзат пен қоршаған ортаға қайрымдылықпен қарауға үйрету;

Ә) Мәдениет дағдыларын қалыптастыру;

Б) Қайрымдылыққа сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ұжымдық жұмыс,ойын,мәтінмен жұмыс.

Сабақ барысы

Амандасу рәсімі

Армысың, қайырымды Аспан –ата!

Армысың, мейірімді Жер- ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Кішіге ізет,үлкенге –құрмет;

-үлкен кісіге орын бер сыйла;

-адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені;

-шын достықтың белгісі-көп кешікпей келгені.

Көңіл күйді көтеру

Баяу әуен ырғағы ойналады.3-ке дейін санап көздерін жұмпады.

Тәрбиеші «Бәріміз орманға барайық. Ауа райы тамаша,күн ашық екен.Орманда ағаштар өте көп.Құстардың сайраған дауыстарын тыңдайықшы ! Олардың бәрі балапандарына қамқорлық жасап,тамақ беріп жатыр.Қандай тамаша! Қайтатын уақыт келді.1,2,3 көзімізді ашайық»

Ұжымдық жұмыс

Балалар өздері көрген ғажайып құстардың бейнесін салады.

Қимыл қозғалыс ойыны: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты : балаларды тапқырлыққа қырағылыққа тәрбиелеу

Мағынаны тану

Қайырымдылық әңгімесін оқып беру.


-Жаздыгүні кешке қарай үй ішімізбен аулада демалып отырғанбыз. Ілияс шемішкесінің шағылмағанын торғайларға лақтыра бастады.Бір кезде торғайлар таласа тармаса қонып жатты.Ішіндегі ересек торғайға назар аудардық.Ол шиқ-шиқ етіп,шемішкені шағып ,дәнін тістеген күйі,кішкентай балапаның ауызына салды.Інім қызығып кетіп ,шемішкені үсті –үстіне тастай берді.Торғай дәннің барлығын балапанның аузына тосты. Сонда әжем: «көрдіңдер ме,балаларым,торғай екешторғайда өз балапандарының өсіп-жетілгенін қалайды.Біздер де сендерді азамат болсын депоқытып,тәрбиелеп,жылы жұмсақты ауыздарыңа тосамыз.Сондықтан ата-ананың қадірін әр уақыт білу керек»,-деді. Сонда ғана мейірімдік пен қамқорлықтың не екенін түсінгендей болдық.

Ой толғаныс

-Әжесі немерелерімен нені тамашалады?

-Торғай қандай қайрымдылық жасады?

-Қайрымдылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қайрымдылық ісі жоғалмайды,ол саған денсаулық,жақсылық,күтпеген қуаныш түрінде оралады.Қайрымды жүрек қартаймайды.

Қандай жүрек ? ойыны

Балалар әр түрлді көңіл күй бейнеленген жүректің суреттеріне сипаттама береді.





Қоштасу рәсімі .

Сау болыңдар!


Әдепті сөйлеуге әдеттен

Сабақтың мақсаты:

-Әдептілік туралы түсініктерін бекіту;

-Өзара қарым-қатынаста әдеппен сөйлей білу дағдыларымен тәсілдерін қалыптастыру

-Ойын арқылы бала бойына әдептілікті сіңіре отырып,әдетке дағдыландыру,баулу.

Әдісі : Әңгімелесу түсіндіру желілі ойын көркем шығарма талдау.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру іс-әрекеті

Тәрбиеші: «Білгір қазақ баласы,сәлем-сөздің анасы» деп,балалармен амандасып,хормен тақпақ айтқызады.

Бақшамызға барғанда,

Жоллыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайрлы таң» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін.

«Қайрлы күн!» тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» деп кіремін

Барысы.

Әрбір айтылған жақсы сөз адамның мерейін өсіреді.Тәрбиеші «сіз» және «сен» сөздерінің мағынасын түсіндіреді. «Сіз» сыпайы, «сен» оның анайы түрі.Сөз қолданыста сіздің орнына сен қолданылса,ол сөз айтушының анайылығын, яғни мәдениетсіздігін көрсетеді.

Әнуар дастархан басында анасына :

-Сен шайды көп ішесің-деп кейістік білдіреді.

Сен деме ,сіз деп сөйле-деп оған әкесі Асхат кейіді.

-Үлкен кісге,ата-анасына сіз деп инабат көрсету қажет.Сіз деген сөз құрметтеуді ,сыйластықты білдіреді.Кез келген үлкен кісіге сіз деп сөйлемесең ,ол сені әдепсіз деп жек көреді.

-Жаңылмас жақ,сүрінбес тұяқ болмайды.-деп мақал айтушы едіңіз ғой,кешіріңіз,-депӘнуар әкесіне күлімдей қарады.

-Сөз қадірін біле біл балам,-деп асхат баласына

Тәрбиеші сұрақтар қойып,пікірталас ұйымдастырды.

-Сіз бен сен сөзінің айырмашылығы неде?

Бала өз қателігін түсіндіме?

Әкесі недеп жауап берді?

Тағы қандай әдепті сөздерді білесіңдер?

/Рахмет,кешіріңіз,айбы жоқ,қош келдіңіз,қуаныштымын,

сізге қызмет етуге әзірмін,ас болсын,өтінемін айып етпеңіз,

оқасы жоқ,ғафу етіңіз,ризамын,қарсы емеспін/

Тәрбиеші Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек? деген өлеңін оқып берді.

«Әдепті сөздер дүкені»ойыны

Балалар топқа бөлінеді.1топ-сатып алушы

2-топ сатушылар

3-топ ойыншықтар

3топтағы балалар өздеріне ойыншықтар таңдап аладыолар оының дыбыстарын шығарады Сатушылар ойыншықтарды рет ретімен қояды.

Ойынның шарты

«сатып алушылар» дүкенге келіп,»ойыншықтар сатып алады.біздің дүкенімізде «ақша»-әдепті сөздер /ақшаның орнына әдепті сөздерді қолданып ойыншықтарды сатып алады./

Тәрбиеші

-Дүкенге келіңіздер ойыншықтар сатып алыңыздар.Ойыншықтар сатылады.босқа бермейді.Әдепті сөздерді қолданып сатып алыңыздар.

Сатушылар ойыншықтарды әдепті сөз айтқанда ғана ұсынады.

Сатушыға сұрақтар:

Ойыншықтарды сіз не үшін сатттыңыз?

Сатып алушылар қандай әдепті сөздер айттады?

Сендерге өздеріңнің иелерің ұнай ма,неліктен?

Сендерге қандай жылы сөздер ұнады?

Сатып алушыларға сұрақтар:

-Сатушы сендерге ойыншықтарды неліктен сатты?

«Әдепті сөз» әңгімесін оқып беру.

Сұрақ-жауап.

-Атасы Еділжанға не деді?

-Ағасы әділет қандай әдепті сөздерді қолданды?

-Өнеге сөздер дәптерінде қандай жылы сөздер бар?

-жарайсыңдар ,балалар,әдепті сөздерді естеріңе жақсы сақтапсыңдар.

-Жылы киім тәнді жылытар,жылы сөз жанды жылытар»дегендей ,егер сен бір нәрсе қажет болып тұрса сұрай қалсаң өтінемін деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа.

Мысалы :

Өтінемін,қарындас,

Бере тұршы қарындаш!

-Саған біреулер әлдебір істе қол ұшын беріп немесе дәмді мен тәттісін ұсынып,сыйлап жатса тілегіңді орындай қалса,оларға алғыс айтып,»рахмет» деуді ұмытпағайсың.Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң ,сол жерде кешірім сұра.Үйде,балабақшада көшеде «Сәлем! Сәлеметсіз бе?»,»Қайрлы күн!» деген сияқты ізгі сөздерді айтуды ұмытпа.

Қандай әдепті сөздерді қолдануды үйрендік?/

-астарыңыз дәмді болсын!

Сәлеметсіз бе?

-Сау болыңыз!

-Қайрлы таң!

Қайрлы күн!

Қайрлы түн!

-Кешіріңіз

-Өтінемін!

Қоштасу рәсімі

Ризамыз, Ризамыз!

Өткен күнге ризамыз!

Ризамыз!Ризамыз!

Осы күнге ризамыз!


Қызды сыйлау


Мақсаты:

Балалардың қызды сыйлауға ,құрмет көрсетуге баулу.

-қызды әдептілікке тәрбиелеу.

Әдістер: әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме балалар?

Сәлеметсіз бе апай?

Тәрбиеші

Қазір бәріміз бүгін күніміз сәтті өту үшін мына өлең жолдарын қайталайықшы

Қуан шаттан алақай !

Қуантантын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайрлы таң! қайрлы күн!

-Сендер «Қайырлы таң « «Қайырлы күн!» деген ізгі сөздерді күнделікті қолданып жүрген боларсыңдар/балалардың пікірін тыңдау/ әрқашан осындай ізгі сөздерді айтасыңдар,ол сендердің әдептіліктерің.

Көңіл күйді көтеру.

Күйтабақта әуен ырғағы баяу ойналады.бастапқы нұсқау беріліп,балалар іштерінен үшке дейін санап,көздерін жұмады.

«Бәріміз жайлауға барайық. Біз жайлауда келе жатырмыз. Ауа райы тамаша,күн ашық екен. Қандай әдемі! Айнала көк орай шөп,әдемі гүлдер.Балалар ,анау жерде киіз үй көрінеді.Сонда барайық.Қараңдаршы қыздар киіз үйді әдемі оюлармен әшекейлеп жатыр,түстері қандай әдемі!өздерінің көңіл-күйлеріңе сәйкес ою түстерін естеріне сақтап алыңдар.Жеңіл ,терең және бірқалыпты тыныс алыңдар.Бізге қайтуға тура келеді.Үшке дейін санағаннан кейін көздеріңді ашасыңдар»

Міне, балалар,біз жайлауға саяхат жасап келдік.Енді мына үлкен киіз үйді өздерің тандап алған ою түстерімен әшекейлейік .Үстелдегі қиылып дайын тұрған оюларды алып,киіз үйге жапсырады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Керегені құрамыз

Уықтар боп иіліп

Киіз үйді құрамыз

Мағынаны тану

Тәрбиеші балаларды жұмсақ кілемнің үстіне отырғызып,«қызды сыйлау»төңірегінде әңгімелесетінін хабарлайды.Балалар қарым –қатынастың маңызы туралы айтылған кездесуден үйренгендерін естеріне түсіріп,қайталайды.Ұлдар өздерін нағыз ер жігітерше ұстаулары керек.Қыздарға әркез де көмектес,қызды жәбірлеме,қызға айғайлама, шашынан тартпа,қол көтерме,қыздар өздерін сыпайы ұстаулары керек: өте қатты айғайлап сөйлеме,қатты күлме,ұлдардың көрсеткен көмегі үшін ризашылығыңды білдіріп,рахмет айт.Балалар қыздарды төрге шығарыңдар.Атам қазақ қыз баланы өте құрметтеген.Қыз баланы босағаға отырғызбаған.Сондықтан қыздарды төрге шығарып ,әруақытта сыйлай біліңдер! Сыйластық деген жақсы болады.Қыз бала әдепті сақтап бір тізерлеп отырған./тәрбиеші қимылмен көрсетеді/ М.Төрежановтың «Өнегелі қыз»деген әңгімесін оқып береді.

Ребус шешу

Тәрбиеші қыздардың аттары жасырылған ребус шешкізеді.


+


+



Ай +гүл , Алма+гүл

Қыздар туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер ?

Қыз –қуыршақ,

Бала құлыншақ.


Анасы тұрып,қыз сөйлемеген,

Атасы тұрып,ұлы сөйлемеген.

Анаңа ауыр сөз айтпа

Гүл өссе –жердің көркі,

Қыз өссе –елдің көркі

Тәрбиеші

Міне бүгін қыздар жайында «Қызды сыйлау » деген тақырыпта әңгіме құрастырамыз.Көптеген суреттер көрсетіледі.Сол суреттер бойынша балалар әңгіме құрастырады.

Кездесуде не өткенін қандай жақсы істермен қандай мақалдармен,ребус, тыйым сөздермен танысқандықтарын сұрап,сабаққа белсене қатысқан балаларды атап өтіп,сабақты аяқтайды.


Тақырыбы: Қазақтың ұлттық зергерлік әшекейлері»


Сабақтың мақсаты : қазақтың ұлттық әшекейлерімен оның жасалу қолдану жолдарымен таныстыру.Зергер туралы түсінік ,зерлеудің жолдарын игеруге баулу .Белсенді сөздік қорын ,тіл байлықтарын байыту ,ұлттық өнерді игеру құрметтеу.


Пәнаралық байланыс: тіл дамыту ,көркем әдебиет ,бейнелеу ,математика еңбек.

Көркіліктер: Ұлттық зергерлік әшекейлер,ұстаның құралдары,түрлі түсті суреттер.


Сабақ барысы:


1.Кіріспе

-Балалар бүгін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық зергерлік әшекейлері»

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

-Көктем мезгілі

-Дұрыс қандай ай?

-Наурыз айы?

-Аптаның нешінші күні?

-Аптаның үшінші күні ,сәрсенбі.

-Балалар өткен сабақта қол өнердің қандай түрімен таныстық?

-зергерлік бұйымдармен таныстық.

-Зергерлік бұйымдардың қандай түрлері бар екен?

-Қамшы,құйысқан,жүген,ер,белбеу.

-зергерлік бұйымдар неден жасалады?

-Қайысмтан

-темірден

-ағаштан

2.Негізгі бөлім

Біз бүгін зергерлік әшекейлермен танысамыз.

Зергерлік әшекейлерге сырға,шашбау,алқа,жүзік,білезік,шолпы жатады.Балалар өзіміз отырған киіз үйдің ішінен қандай қол өнер бұйымдарын көріп отырсыңдар?

-Тұскиіз

-Сырмақ

-Киіз

-Қоржын

Осы бұйымдар қалай жасалған екен?

-Оюлап жасалынған

-Дұрыс ,енді осы тұскиіздегі сырмақтағы қоржындағы киіздегі оюларды зергерлік әшекейлерге көшірсек зер болып төгіледі.Зергерлік әшекейлерді зерлеп жасайды екенбізЕнді бізге казір 1ші топ өзінің зергерлік әшкейлерін көрсетеді.

-Қандай әшекейлерді көрдіңдер?

-Сырға жүзік ,білезік шашбау ,алқа./балалар көрген әшекейлерін айтады/

Балаларға зергерлік әшекейін таратып беремін

-Зергерлік әшекейлердің көлемі қандай екен?

-Дөңгелек

-Үшбұрыш

-Төртбұрыш

-Сопақша

-ромб

-Дұрыс айтасыңдар, әшекейлердің көлемі әр түрлі екен,қандай зер төгілген екен?

-Құс қанаты

-құс тұмсық

Қошқар мүйіз

Сергіту сәтінде балалар киіз басу биін билейді

-Балалар Біз қазір «Шеберхана «ойнын ойнаймыз.Мен шебер боламын,ал сендер менің шәкіртерімсіңдер.Мен сендерге зергерлік әшекейлерді жасаудың жолын үйретемін?

/Шебердің еңбегін көрсеткеннен кейін,балалардың өздеріне жасауын ұсынады/

-Сендердің жұмыстарыңа көмектесу үшін мен сендерге еңбек туралы өлең айта отырайын.»Ата толғауы» күйінің әуені бірқалыпта ойнап тұрады.Ал тәрбиеші М.Кәрбозиннің «Бақыт деген не? «деген тәрбиелік мәні зор өлеңін айтып отырады.Өлеңде сөз болған мамандық иелерін балалардан сұрау арқылы түсінігін бекіте түседі.

-Құрлысшы.

-Халыққа жылы үй салушы

-Отыншы

-Үйлердің отын жағушы.

-Дәрігер

-Халықтың денсаулығын сақтаушы

-Аспаз

-Дәмді тамақ баптаушы

-Мұғалім

-балаға білім беруші

-ұшқыш

-Ғарышты шарлап көруші

-Жалқау

-Тәтті ұйқы дәмді тағам иесі.

Бәрі қосылып бір дауыспен-Бақыт жоқ жалқау саған –деседі.

3. Қорытынды бөлім.

Балалардың жасаған еңбектерін талдау!

-Елнұр сен қандай зергерлік әшекей жасадың ?

Мен шашбау жасадым.

-Шашбаудың сипаты қандай?

Сипаты үшбұрышты.

-Қандай зермен зерледің ?

-Құс тұмсық дөңгелекпен зерледім.

/2-3 баланың еңбектерін талдау /

-Балалар зергерлік әшекейлер туралы өлең тақпақ білесіңдер ме?

/Балалардың тақпақтары/

-Ал ,еңбек туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?

/еңбек туралы мақал мәтелдер айтылады/

Енді өзіміз жасаған зергерлік әшекейлерді көрмеге қоямыз.Ата-аналарымыз келгенде еңбектерімізді көрсетеміз.


Сабақтың тақырыбы: Ою –өрнек әлемі


Мақсаты

Қазақтың ұлттық бұйымдары ,тұрмыстық қолданбалы заттар туралы балалардың білімдерін одан әрі жетілдіріп,ою-өрнектер туралы ұғымдарын бекіту.

Көз мөлшерін,түс пен ырғақты сезінуін ,көркемдік талғамын дамыту,ұқыпты жұмыс істей білугешыдамдылыққа төзімділікке сабырлыққа тәрбиелеу.шығармашылық қабілетін арттыру.


Көрнекілік Силуэттер ,түрлі түсті қағаздар,желім,қайшыдидактикалық ойын.

Әдістері: бүктеу кесу эвристикалық,информациялық

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Тәрбиеші:

Балалардан ою-өрнек элементтерінің қандай түрлері болатынын сұрау

1.Геометриялық пішіндерге тән /сызықтар,тіктөртбұрыштар,көпбұрыштар дөңгелек ,ромб т.б/

2. Өсімдік тектес/жапырақ жемістер гүлдер т.б/

3. Жануарларға құстарға байланысты /қошқармүйіз,құс қанаты,қой ізі ,түйетабан,т.б/

Үш бала ортаға шығып тұрмыстық тұтынатын заттар мен ұлттық бұйымдардың әшекейленген ою-өрнектерін көрсетіп,талдап береді.Сонан соң балалармен бірге «Тез өрнекте»» ойыны ойналады.

Тәрбиеші :

Балара енді осы бұйымдардың силуэтін ,үстел үстінен алып,өздеріңе таныс ұнайтын заттарды алып әшекейлеңдер.

Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық,

Ою-өрнек сызайық,

Түйе табан ботакөз

Қойізі мен қос мүйіз.

Қарға тұяқ тышқан із,

Бүршік пен гүл әдемі,

Ою-өрнек әдемі,

Қайшымызды алайық,

Сәнді өрнек қияйық.

Сұрақ-жауап

Жұмысыңды немен бастайсың?

Не әшекейлегіңғ келеді? Пішін қандай? Түсі қандай? Оған қандай түстер үйлеседі? Қандай щю-өрнек элементтерімен әшекейлейсің? Ою-өрнектерді қалай орналастырасың? Балаардың өз бетінше жұмыстары және жеке жұмыс жүргізіледі.балаар өздеріне ұнаған ою-өректерменұлттық бұйымдарды әшекейлейді.тәрбиеші баларға көмектесіп, басшылық жасап,бағыт береді? Балалардың жұмыстарына талдау жасайды.

Жұмбақ айтқызу

Кіруге адам батпайды,

Заттыңды аман сақтайды./сандық/

Текшелеп төрге жиғаным не? /сандық/

Мақал-мәтелдер айтқызу

Өнерлі өрге жүзеді.Өнерлі бала сүйкімді.Өнерді үйрен де жирен.

Мадақтау

Сабақты аяқтау


Білім салалары: «Шығармашылық» «Қатынас» «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Торсық»

Білімділік мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық бұйымдарымен, оюларымен, олардың жасалу, қолдану жолдарымен таныстыруды жалғастыру, білімділік деңгейлерін көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Оюларды өз беттерімен қолданып сала білуге, әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының өнерін сүюге баулу. Ата –бабаларымыздың асыл мұрасын бағалап қастерлеуге, қасиетін түсінуге үйрету.

Керекті –құралдар: Субояқ, қылқалам, қарындаш, тостаған мен торсық суреті, ыдыстар буклеті, сыр сандық тапсырмалары: мақал –мәтелдер, жаңылтпаш, ырымдар мен тыйымдар, сүрткіш шүберек.

Сабақ барысы: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді, сурет салу өнерлеріңді көруге келді. Ендеше, қонақтармен амандасайық. (Сәлеметсіздер ме?)

Қане, балалар мына суретке назар аударайық. Мынау нелер?

-Ою –өрнектер –деп жауап береді. Осы оюлардың аттарын кім атап береді?

(қошқар мүйіз, ботамойын, құс қанаты оюы) Осы оюларды біз қайдан және қай жерден көреміз?

-Ыдыс –аяқтан, ұлттық киімдерден, ойыншықтардан, сырмақ, кілемнен, көрпеден т.б. нәрселерден көреміз.

-Әжелерің осындай оюды көрпеге тігеді ме?

-Қане, кімнің әжесі оюды жақсы тігеді екен? (балалардың жауаптары)

Бұл оюлар заттарды сәндеп, әсемдеу үшін қолданылады. Енді балалар, жаңа біз айтып кеттік, оюлар ыдыстарға салынады деп. Мынау буклетке назар аударайық. Бұл жерде ұлттық ыдыстар бейнелеген. Ертеде, адамдар топырақты, құмды пайдаланып кесе, құмыра жасаған. Содан кейін ағашты өңдеп, өрнектеп тостаған ағаш, қасық, тегене, шөген, аққұман жасаған. Осы ыдыстарды күнделікті тұрмыста қолданған (ыдыстың өзі көрсетіледі)

-Тостағанға қандай сусындар құйылады? Шұбат, қымыз, айран, сүт т.б сұйық заттардың барлығы құйылады.

-Пішіні жағынан неге, яғни қандай фигураға ұқсайды?

Шеңберге, дөңгелекке ұқсайды.

-Қымызды ішіп көргендерің бар ма, дәмі қандай?

-Дәмі қышқыл, ащы болады.

-Қымыздың тағы қандай қасиеті бар? ( Емдік қасиеті бар)

-Ыдыс тек ағаштан жасалып қана қоймай, малдың терісінен де жасалады. Одан мынадай торсық жасалады –деп көрсетіледі, түсіндіріледі. Торсықтың ішіне сұйық заттар құйылады. (айран, сүт, қымыз, шұбат) Алыс жолға шыққанда, күн ыстық кезде, сусын құйып алып, ыңғайлы ыдыс ретінде алып жүрген. Аталарымыз осындай теріден, ағаштан, ыдыс жасаған. Ендеше, сол аталарымыз бізге мынадай «сыр сандық» тапсырмасын беріп жіберіпті. Бұл сандық, жәй сандық емес, ән айтатын сандық. Егер де сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар, онда «ән» ойналады. Ал, егер дұрыс жауап бере алмасақ, онда ойналмайды. (Сандық ішінде нөмірленген асықтар бар, тапсырмасымен)

- Мынау не? (асық)

-Асықта қандай сан тұр? ( 1 саны)

-Ендеше, бірінші асықтың тапсырмасын оқимын. (Ыдыс туралы жаңылтпаш айту керек)

- Тас тостаған, тас тостаған

Тостаған ішіне тас тастаған

-2 асықтың тапсырмасы: «Өнер жайында қандай мақал –мәтел білесің»?

«Өнер көзі халықта», Шебердің саусағы алтын», «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

-3 асықтың тапсырмасы: Сүт тағамына байланысты ырымдар мен тыйымдар. «Жерге төгілген ақты басуға болмайды, егер төгілсе ол жерге тұз себеді», «Сүтті, қымызды үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды»

4 асықтың тапсырмасы: Ыдысқа байланысты ырымдар мен тыйымдар.

«Қонаққа сынық кесемен шай құюға болмайды», «Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды», «Тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды» т.б.

Жұмыс барысы түсіндіріледі: Ендеше қазір біздің бейнелейтін суретіміз торсық. Суретін көрсету. Торсық суретінің салу жолы түсіндіріледі.

-Трафареттің көмегімен бастырамыз. Ақ парақты тігінен қойып, сол қолымызбен трафаретті басып отырып, қарындашпен жиектеп жүргіземіз.

Торсықтың ішіне ботакөз оюын саламыз. (ою суреті көрсетіледі)

«Ботакөз» оюы ботаның көзіндей мөлдіреген, геометриялық пішінде ромбқа ұқсас пішін. Жеңіл жағыс түрін пайдалану. Салған суретіміз әдемі, таза болу керек. Енді, балалар шаршаған боларсыңдар, бой сергітіп алайық.

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық

Айналаға қарайық

Біз тынығып алайық

Әсем сурет салайық

-Балалар саппен жүріп сурет сабағына отырады. Осы кезде «Ата толғауы» күйі орындалып тұрады. Балалар жұмысқа кіріседі. Сурет салып болған соң балалар, әр бала өз суреті жайлы сөйлейді. Мысалы: Ұшақ суретін салып, аспанға ұшар едім. Аттың суретін салып, алысқа атпен шабар едім деген сияқты. т.б.

-Суретке қандай түс пайдаландың?

-Сурет саған несімен ұнайды?

-Бұдан басқа қандай сурет салар едің?

-Сендерге сурет салған ұнай ма? т.б

Қорытындылау: Балалар тостаған, торсық деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? ( Т –дыбысы) Дауысты ма, дауыссыз ба екенін ажыратады, Т –дыбысына байланысты сөздер келтіреді.

Дидактикалық ойын: «Өрнектерді кім тез тауып айтады»?


Тәрбие сағаты Салт –дәстүр алтын қазына


Мақсаты:

  1. Балалардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алдыру

  2. Ана тіліне деген қызығушылықтарын арттыру

  3. Балаларды ұлттық салт дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақалдар, жұмбақтар

Түрі: дәстүрден тыс сабақ

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті қонақтар балалар ! Бүгінгі тәрбие сағаттының негізгі мақсаты-өз халқымыздың салт-дәстүрлері ,асыл қазыналары туралы балаларымызға ,түсіндіріп,бойларына сіңіру.

Бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп,оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі –өзіміздің қазақ халқы.Қай сөзін оқып мән берсек ,астарында терең ой жатады.халқымыздың көнеден келе жатқан салт –дәстүр әдет ғұрып үлгілері мен өнері соның айғағы.қазір сіздер осы айтылғандарыдың шағын болса да куәсі боласыздар.


1-бала:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан -деп


2-бала :

Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты

3-бала

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз


Би: «Киіз басу»


Көрініс : «Сүйінші!»


Қуанышты жеткізуші бала «Сүйінші! Сүйінші! –деп келеді. Мұндайда қуанған бала,үй иесі :«Қалағаныңды ал!»-дейді Бұл шын қуануды ризашылықты білдіреді.

Ендігі кезекте салт –дәстүр туралы әңгімені балалардың ата –аналары баяндайды.


1.Ата-ана :


Шашу –қуаныш хабар ретінде жасалатын салтанатты дәстүр Бала дүниеге келгенде келін түскенде ,құда кеогенде осындай қуанышты кезде әжелеріміз тәттілер шашады.


2. Ата-ана:


Үйге келген қонақты құрметтепқарсы алып,мал сойып,қонақақсы беру-жомарттықтың,елдіктің белгісі.

3.Ата ана :

Сәлем беру Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің баласы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем береді.

Енді ата –аналар тобы дайындаған «Тұсау кесу» рәсімінен көрніс.



Тақырыбы: «Босағана қонақ келсе, бақыт төрге шығады.»

Мақсаты:

Білімділік –балалардың тіл дамыту сабағында алған білімдерін тәлім- тәрбие мақсатында жасалатының ескере отырып, халықтық салт-дәстүрлерді еске түсіріп, оларды жандандыра шығу.

Дамытушылық – балалардың сөздік қорларын байыта отырып, іс –әрекетінде, өз –ара қарым – қатынастарында сөйлесу әрекеттерін дамыта отырып, дүние тану көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік- балаларды туған жердің салт- дәстүрлеріне, қонақжайлыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.

Сабқтыңтүрі: Дәстүрлі емес, театрланған, интеграциялы, жанды сабақ. Сабақтың типі : Аралас.

Көрнекілігі : Ұлттық дәстүрде безендіру, ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, плакаттар, балалардың ұлттық үлгіде киімдері, ұлттық әшекейлер,бұйымдар.

Сабақтың барысы: І –тәрбиешінің кіріспе сөзі:

а)ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысымен, мақсатымен таңыстыру

б) рольдерді бөліп беру..

ІІ Қонақтарды қарсы алу дәстүрі.

а) амандасу, қонақтарды жайғастыру

ІІІ –« Сусын ішкізу»

ІҮ- «Табақ тарту»

Ү- « Домбыра шерту»

ҮІ- Қонақтарды шығарып салу.

а)Сый-сипат көрсету.

б) қоштасу.

ҮІІ – Балаларға үй тапсырмасын беру.

ҮІІІ - Қорытындылау, бағалау

І –тәрбиешінің кіріспе сөзі:

-Құрметті балалар, бүгін біздің ұлттық дастарханымызға қонақтар келгелі отыр.Қазақтың киелі ақ дастарханы біздің алдымызда жайылып, түрлі тәтті тағамдарын сыйлап тұр.Қонақтарды қарсы алу үшін біз үй иестерінің рөлдерін бөліп алуымыз керек.

Сонымен, үй иесінің рөлін –Арманға тапсырамыз. Үйдің анасы - Айнұр болады, ал балалары – Меруерт пен Жанас боласындар.

Қазақ халқы кім келсе де дастархан жайып, құшағын кең ашып, қонақтарды жақсы қарсы алады.Қазақ халқы – мейрімді,кішіпейіл, инабатты халық. Ал, біздің қонақтар келіп жеткенше , « Қонақ» деген тақырыпқа байланысты мақалдарды еске түсірейік.

1.Қонақ қойдан .......... ( жуас)

2.Қонақ бір күн қонса............(құт)

Екі күн қонса ..................(жұт)

3.Құтты қонақ келсе .........(қой егіз табады)

4.Құс қонған жеріне қонады

Қонақ ...........................(жеткен жеріне қонады)

ІІ. Ал,енді қонақтарды қарсы алайық.Үй иелері алға шығып қонақтармен амандасып, жайғастырады.

Арман : - Қош келіпсіздер.Төрлетініздер. Жоғарыға шығыңыздар.

Айнұр : - Келген қадамдарыныз құтты болсын, құрметті қонақтар!

Жайғасып отырыңыздар.

ІІІ. Тәрбиеші : -Қымыз – қазақ халқының ең сүйікті сусындарының бірі. Қонақтарға қымыз әкеліндер.Ал алдарыңызға қымыз жеткенше,сіздерге «Қымыз» туралы әңгіме айтып берейік.

Бала : -Қымыздың алғашқысын сүр қазы, жал- жая салған бие сүтіне 2-3 литр ескі қымыз қосып ашытып алады. Оны қымыздың «қоры» дейді. Соңынан осы қорды үзбей, әрбір 2-3 сағатта жаңа сүт құйып отыру керек.Саба түбінде әр күнге жаңа қымыздың қоры қалып отыруы шарт.

Тәрбиеші : - Мына қымыз құйылған пиалаларды ішіп қоюдің алдында жұмбақтарды шешу керек.

1.Дос үйіне түстін бе

Түгел соның үстінде ( дастархан )

2 . Асты тас, үсті тас

Ортасында піскен ас. ( таба нан)

3. Онсыз астың дәмі жоқ

Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)

4. Алыстан қарасан аппақ,

Татып көрсең тәтті – ақ ( қант)

5. Бір сусын бар жұртымда,

Ішсен уыз ұртымда.

Бәрі содан шығады

Ірімшік, май, құртың да. (сүт)

6. Бір үйім бар ақ тас,

Есігін ешкім ашпас. (жұмырқа)

Рахмет , балалар, жұмбақтарын өте ұнады. Енді алдарыныздағы қымызды ішіп, рахаттанып, демалып отырыңыздар.

ІҮ тәрбиеші : - Міне құрметті ,қонақтар, аста пісіп қалды « Табақ тартайық»

1- табақ «Сыйлы табақ» оған ең сыйлы мүшелер салынады және оны , дастархан басындағы ең құрметті қонақтарға әкеледі.

Бас- ең сыйлы мүше болып есептеледі, оны қонақтар арасында ең құрметті қонаққа беріледі.

Жаңбас- қонақтар ішінде жасы үлкен кісіге береді.

Омыртқа – әйелдердің арасында жасы үлкен қонаққа беріледі.

Жілік – ер азаматқа беріледі.

Төс – сол үйдің киү балаға беріледі.

-Кәнеки, құрметті қонақтар, дәмнен алып отырыңыздар.- Астарыныз дәмді болсын!

Ү. – Ал,енді кезекті ән мен күйге және домбыра шертуге берейік.Кең даланы мекен еткен қазақ жұрттың ең аяулы қасиетті аспабы –Домбыра. Домбыра елдің көнекөзі, шежіресі, көпті көрген карияның көңіл- күйі.!

Балалар домбыра туралы аңыз айтады: «Домбыра – дастан».

Ертеде қылышынан қан тамган, қаһарлы ханның жалғыз бойжеткен қызы бір хан баласына атастырылып қойғанына қарамастан кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен.Мұны біліп қойған хан жігітті дереу дарға астырады.Ал мыстан кемпір өмірге жаңа келген сәбилерд іжапан түзге апарып , жап- жасыл мәуелі қарағаштың басына қызды шығысқа қаратып, ұлды батысқа қаратып, іліп кедтеді.Нәрестелердің көз-жасы тамған ағаш бұтақтары бірте-бірте суалып, қуара бастайды.Қос жүрек соғуын тоқтатқанда бәйтерек те өсуін доғарады. Самал –жел тұрған кезде ағаштың қуысынан жүректі жылататыңдай үн шығады....Дастархан басындағы қонақтар өлен айтып, ән шырқайды.

ҮІ.Тәрбиеші : Қазақ халқы қонақты үш түрге бөлген екен

1. «Арнайы қонақ»- әдейі шақырумен келген қонақ.

2. «Құдайы қонақ» – кездесоқ келіп қалған қонақ.

3 «.Қыдырма қонақ»- жақын, ағайын- туыстар күнара үйге қыдырып келетін қонақтарды айтамыз.

Бірақ қазақ халқы, қандай қонақ келседе, оны күтіп, шын көңілімен шығарып салады.Бұл жайлы қазақ халқы былай деген: -« Қонақта отырсанда, үйің жайлы ұмытпа» деген екен.Сондықтан да, құрметті қонақтар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға келгендеріңіз үшін көп рахмет айтамыз. Ал, біздің балаларға сіздерге дайындаған сыйлықтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Үй иелері қонақтарды шығарып салады: - Қош, сау болыңыздар! Амандықта жүздесейік! Келгендеріңізге көптен көп рахмет айтамыз.

ҮІІ.Қорытындылау.Бағалау.

Тақырыбы : Жұма күннің ерекшелігі

Мақсаты :Балаларды имандылыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру сөздік қорын молайту

Көрнекілік: ойын бұрыш дастархан,құман сүлгі арнайы пісірлген шелпек

Әдісі: көрнекілік,сұрақ –жауап,

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Қуан шаттан ,алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң!

Қайрлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Тәрбиеші:

Ал,енді балалар біз бүгін «Жеті шелпек» деп атиалатын имандылық оқу іс-әрекетінен өтеміз.Апта деген атайдың жеті ұлы бар екен.Қане,балалар атайдың ұлдарының атын атап бере аласыңдар ма?

Балалар:

Дүйсенбі ,сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі,Жұма,Сенбі,Жексенбі.

Тәрбиеші:

Бүгін аптаның нешінші күні?

Балалар:

Жұма.

Тәрбиеші:

Балалар жұма күні апа-әжелеріміз жеті шелпекті не үшін пісіретінін білесіңдер ме? Қазір бәріміз Ақырыс деген әженің ауылына барамыз.Балалар әженің ауылына қарай жолға шықты.Жолымыз ұзақ оны қысқарту үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Самғайды өзі қанатсыз,

Зулайды өзі аяқсыз.

/жол/

Аспанда алып доп

Жарқырай ды жарық боп.

/күн/

Тәрбиеші:

Міне әженің де ауылына келіп қалыппыз.Әже саламатсыз ба? Әже бүгін жұма күні балалар сізден жұма күні неліктен жеті шелпек пісіретініңізді білуге келді.Мына тұрған балаларға осының мәнін түсіндіріп беріңізші?

Әже: Әрине,қарағым «Өлі риза болмай,тірі байымайды»,-деген аталы сөз бар халқымызда. Сол ата-баба дүниеден өткенде жақын туыстарыдың әруағына бағыштап жеті шелпек пісіріп таратады.,оны «Құдайы күлше» -деп атайды. Жеті шелпектен екі қолмен үзіп,ауыз тиерде «қабыл болсын» деп жеулерің керек.

Тәрбиеші:

Әже ,сізге үлкен рахмет,бізге келер салауыңыз бар ма?

Әже:

Мына балардың қайсы алғыр,жылдам ойлайды екен,соны білейін деп жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Балалар:

Әжей айтыңыз,шешуін тауып көрейін

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма,

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?/жеті алма/

Бір алманы беремін атаңа

Біреуін беремін апаңа

Екеуін беремін апаңа

Екеуін беремін әпкең мен ағаңа

Нешеуін алады,нешеуі қалады?

/төртеуін алады,үшеуі қалады/

Сергіту сәтінде

тақпақтың мазмұнына сай қимылдар жасалады.

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Жұма күні жидек тердік қорықта

Сенбі күні кино көрдік клубта

Жексенбіде үйде болдық дем алдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

Әже тәрбиесші мен балаларды дастархан басына шақырады.бір бала құманмен су әкеліп,әже мен балалардың қолына су әкеліп құяды.

Әже:

Өркендерің өссін,

Үлкен жігіт болыңдар-деп ризашылығын білдіріп,балаларға шелпек таратады.

Балалар

«Біссімілә,қабыл болсын ,-деп шелпекті үзіп жейді.

Тәрбиеші

Ал,балалар бүгін біз «жеті шелпек» ұғымның мәнісін түсіндік Яғни имандылық дегеніміз-жаман әдеттен арылужақсылыққа жол ашу.әдепсіздіктен аулақ болып,әдептіллікке үйрену екен. Әже біз енді дастархан басынан тұрып,балабақшамызға қайтамыз.

Бізге бата беріңіз. Дастарханнан дәм кетпесін

Көңіліңнен сән кетпесін.

Ұрпақ ұлыс ел аман бол,

Өміріңнен мән кетпесін.

Әумин!!!

Балалр әжемен қоштасып жолға шықты


Тақырыбы: «Асыл әжем –ғасыр әжем» /сайыс/

Топ ата-аналарымен ынтымақтастықта өткізілген іс-шара


Мақсаты : Ұлттық салт –дәстүрді жаңғырту.


Барысы :

Жүр: Қош келіпсіздер, ақ жаулықты әжелер! Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар

Жауқазындай құлпырған әжелерді

Ду қол соғып ортаға шақырайық ! (Әжелерді жеке-жеке атап шақыру)

1) «Айханым» деп үнемі Оған артып бар үміт

Сыздайтұғын жүрегі Орынтай әжедей данасын

Құлап қалса сүрініп

Қадыш әже кеп отыр

Қамқор болған балаға

Әжесі мен Айханымды

Шақырамыз ортаға

2) Немерелерге әрқашан

Арқа тұтар панасыз

Олар үшін қашанда Қамқор болып жанына

Теңдесі жоқ данасыз Бауырдың бәрін жиятын

Аружан, Алуа қолтықтап

Алып шықсын Гүлшахар әжесін

3) Альнура деп сүйетін

Жақсы көріп жүретін

Ыстығына күйетін Суығына төзетін

Әлпештеген Альнураны

Күлан әже сізді де

Шақырамыз ортаға

4) Еміреніп «қозым» деп

Күлім қағып қарайтын

«Аумаған» бір өзім деп

Кекілінен тарайтын

Мәпелеп баптап өсірген

Абылайхан немересі

Алып шықсын ол енді

Орынтай әжедей данасын

5) Ойында мейірім ақ тілек

Соққандай бейне тәттілеп

Баян әже кеп отыр

Шақырайық ортаға

Әжесі мен Амираны

6) Немере үшін жанын қиятын

Қамқор болып жанына

Бауырдың бәрін жиятын

Майрадай әже қайда бар

Мақтаудың бәрі сиятын

Мерейлім, қане алып шық

Жанашыр Майра әжеңді

Туысқа бәрін қиятын (әжелер екі топқа бөлініп отырады)

Жүр: Ашық жарқын жүзді

Әділқазылар біздің

Әділ баға берерге

Шақырайық ортаға –деп әділқазыларды сайлап алайық.

Жүр: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар ма?

Кім жүйрік ойға, сол алда –дегендей сайыс жарыс түрінде өтеді. 1-топ «Балдырған» 2 –топ «Қызғалдақ» болып екі топқа бөлінеді.

Жүр: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Жанұяның ажары -әжелер» деп аталады. Өздеріңізді әнмен бе, тақпақпен бе, таныстырып өтесіздер.

«Қызғалдақ» тобынан бастайық. Ортаға Қадыш әжені шақырайық.

Күлан әже, Баян әже жалғастырады.

«Балдырған» тобынан Майра әже, Орынтай әже, Гүлшахар әже шығып өздерін таныстырады.

Жүр: Енді әділқазылар сіздерден ұпай санын сұраймыз. Қадыш әженің ұпай саны берсеңіздер. (қалған әжелердің ұпай санын хабарлау)

Жүр: Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреу ән салады

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Әжелер бар өнерін салыпты –дей келе, сайысымыздың екінші бөлімі «өнер» сайысы. Халқымызда сегіз қырлы бір сырлы деген мәтел бар. Енді әжелеріміз өз өнерлерін көрсетеді, тамашалайық.

(Әр әже өз өнерін көрсетеді, біреуі ән, екіншісі би.т.б)

Жүр: Шеберлерім өнер тамып қолынан

Жаңылмаған ата –баба жолынан –деп үшінші тапсырма бойынша әжелерге үйге тапсырмасы берілген болатын. «Бір қол өнер бұйымын әкелу» (әкелген қөл өнерін сипаттап, түсіндіріп береді)

Жүр: Төртінші тапсырма «Жарасып тұр –дәстүріміз» деп аталады.

Бұл бөлімде қазақтың салт –дәстүрлері көрсетіледі. Әжесі не болмаса анасы тал бесікті тербете отырып, өздерінің шынайы сүйіспеншілігін, махабатын, ақ тілегін, келешекке артар үмітін сенімін, аманатын, сәби құлағына құюды дәстүрге айналдырған соның бір көрінісін тамашалайық.

«Қызғалдақ» тобы: «Бесікке салар» рәсімін көрсетеді. Жүр: Бауырласқа тәнтіміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлтттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз – деп «тұсау кесу» рәсімін (Балдырған тобының әжелері көрсетеді)

Жүр: Қазақтың түрлі –түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқан жұрт қызығар

Жауаптарын табар ма екен бұл сайыскерлер

Сол себептен қоятын сұрақтар бар –демекші, келесі бөліміміз.

«Сөзің көркі –мақал, «Дәстүріңді сақтай біл» (мақал жалғасын тап, жақсы сөз жарым ырыс, ақыл –ой сайысы) деп аталады. Сөзді Бақытжан Жаңбырбайқызына беремін.

-Құрметті қонақтар, әжелер! Қош келдіңіздер!

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт –дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиемізде ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Ата –бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамашаа тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер бар. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру –біздің азаматтық борышымыз. Сіздермен «Дәстүріңді сақтай біл» -атты сұрақ –жауап сайысымызды бастайық. 1 кезең: Мына салт –дәстүр сөздердің мағынасын ашып беріңіз. «Бастаңғы», «Ерулік», «Сыбаға», «Тоқымқағар», «Аманат», «Енші». 2 кезең: «Қонақ күте білеміз бе?» (Еттен табақ тарту дәстүрі)

  1. Жасалынатын табақ түрін атаңыз?

  2. Келін табаққа салынатын ет мүшелерін атаңыз?

  3. Күйеу табаққа салынатын ет мүшелерін атаңыз?

  4. Бас табаққа салынатын ет мүшелерін атаңыз?

  5. Қыздар табағына салынатын ет мүшелері

  6. Құдағилар табағына салынатын ет мүшелерін атаңыз?

3 кезең: «Дәстүрімізді кім жақсы біледі?»

1) Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін атап шығыңыз?

2) Ұлттық ет тағамдарын атаңыз?

3) Ұлттық сүт тағамдарын атаңыз?

4) Наным, сенім, тыйым сөздерді білесіздер ме?

5) Қазақ әйелдерінің айналысатын ұлттық өнерлерін атаңыз?

6) Зергерлік бұйымдарға не жатады?

4 кезең: «Сөздің көркі –мақал» деген ұғым бар. Мақал –мәтел, аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде, кім айтқанын білу қиын. Демек, мақал-мәтел, ақыл –нақыл, аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс –ау. Олай болса, сергіту сәтін ұйымдастырып, сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз.

1) Әке .............(асқар тау)

Ана .............(бауырындағы бұлақ)

Бала ............(жағасындағы құрақ)

2) Ата –ананың қадірін - ..................(балалы болғанда білерсің)

Ағайынның қадірін - ....................(жалалы болғанда білерсің)

3) Немере етін жеп - .................(сүйегін берер)

4) Ұл бала - ............(қонысың)

Қыз бала - ............(өрісің)

5) Баланың ұлты - ..........(әкеге)

Қыздың ұлты - ...........(шешеге)

  1. Шешесін көріп - ...............(қызын ал)

Аяғын көріп - ....................(асын іш)

5 кезең: Адамның мінезіне, қылығына байланысты атаулар айтам, мағынасын түсіндіріп беріңіздер?

1) Кісілік - (тағы, жабайы)

2) Еркекшора – (ұл балаша киініп өскен қыз бала)

3) Тақуа – (дін қағидаларын шын пейілмен істейтін адам)

4) Шоя – (ашуланшақ, ызақор)

5) Шерменде – (қайғы басқан, мұңды, шерлі)

6) Бұлаң – (Еш қиындық көрмей, бұла боп, еркін өскен ерке)

6 кезең: «Нағыз әже -әже екен» демекші барлық қатысушы әжелерге ортақ сұрақ –«Ой түрткі»

1) Неше жасыңызда «Әже» атандыңыз? Қандай күйде болдыңыз?

2) Әжелік мейірімді немереңізге қалай бересіз?

3) Әжеліктен қашатын мінезіңіз бар ма? немесе әжеліктен қашу деген сөзді қалай түсінесіз?

4) Әжелер ертегі айта ма? немесе бесік жырын айтасыз ба?

5) Нағыз әже болу үшін рухани әлеміңізді қалай толтыру керек?

6) Немереңізді қандай сөзбен, қалай еркелетесіз?

7 кезең: «Батаменен ел көгерер» Қазақтың қандай жиын тойы болсын бата берілмей басталмайды, не бата сұрамай аяқталмайды. Киелі тілеу саналатындықтан негізінен ел қадірлейтін ақсақалдар, ер кісілер жасайды, сондай –ақ ер адамдар болмаған жағдайда елге сыйлы, аузы дуалы ақ жаулықты әжелерімізден, қазір бата сұраймын.

1) Дастархан батасы 4) Жастарға беретін бата

2) Наурыз батасы 5) Көпшілік батасы

3) Тұсаукесер батасы 6) Шілдехана батасы

(әр әже батаны айтып шығады)

  • Кезінде қазақтың біртуар азаматы, қахарман батыры Бауыржан Момышұлы ағамыз өзінің үш қорқынышын ортаға салып, болашаққа байланысты былай деген екен: Біріншіден –сәбиіне бесік жырын айтып бере алмайтын аналардың көбейіп бара жатқанынан қорқамын.Екіншіден немерелеріне ана тілінде ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын. Үшіншіден салт –дәстүрін қадірлемейтін жас ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын –деп. Сондықтан бала тәрбие ұйымының басты мақсаты –болашақта ұлтын, тілін, елін қадірлейтін, салт –дәстүрін бойына сіңіре білген, ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі өткізіліп жатқан шарамыз, ұлттық дәстүрімізді наихаттау.

Жүр: Бармақтары майысып, түрлі ою ойысып,

Шебер қол әжелер, ою түрін ояды –деп келесі тапсырмамыз, қағаздан

ою оясыздар, оюдың аты қалай аталады, қандай бұйымдарда қолданады,

әр ою нені білдіреді, толық мағлұмат бересіздер. (қағаз, қайшы тарату)

Жүр: Әжелеріміз тасырманы орындағанша, музыкалық паузаға кезек берейік. Осы әжелердің немерелері Алуа, Аружан, Мерейлім ( полька биін биледі) Айзере : «Бозбала» әнін айтты.

Жүр: Әжелер ою ойып болса, ортаға шығып өздерінің ою түрлері туралы мағлұмат береді. (ұпай сандарын шығарылады)

Жүр: Әжелер бағанадан бері шаршаған шығар,

«Ойнайық та ойлайық» бой сергіту ойынын ойнап жіберейік,

«Кім артық» орындықтан айналу музыкамен. или «немересін табу»

(қолынан ,бетінен сипап) 3бала 3 әже, шығады. Ойынның шартын түсіндіру. «Еркелету» деп аталатын ойын. Өздеріңіз білесіздер қазақ халқы қай уақытта да, балаларын, немерелерін, іс -әрекет, мінез-құлықтарына қарап еркелеткен. Шартын түсіндіру. Әже немересіне қарама –қарсы тұрып, 10 қадам жасап, немересіне жеткенше еркелету сөздерін айтады.

Жүр: Ас –адамның арқауы бөлімінде сайыскерлеріміз өз қолдарымен жасаған қазақтың ұлттық тағамдарына жарнама жасайды. (тағам аты, неден жасалады, қалай пісіреді) мағлұмат береді. Ұпай санын беріледі. Жүр: Қазақта «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» -демекші келесі кезекті «ұршық иіру» өнеріне берейік. Бұл тапсырманың шарты: жүннен жіптің дұрыс иірілу сапасына көңіл аудару керек. Ал, іске сәт, бастаңыздар.

Музыкалық пауза. Әжелер тапсырманы орындағанша кезекті өнерпаз өрендерге берейін. Би: «Домбыра» Абылайхан: тақпақ арнау.

Ұпай саны беріледі.

Жүр: Әділқазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты –деп сөзді әділқазыларға берейік.

Атақ беру әжелерге : Ісмер әже, өнерлі әже, бал тілді әже, шебер әже, аяулы әже, мейірімді әже.

Грамота, сыйлықтар тапсырып марапаттау.

Жүр: Енді, әжелерге тән не қалды? ,Әрине Ән

«Ән –көңілдің ажары» -демекші барлық әжелердің

орындауында ән шашуды қабыл алыңыздар. «Желсіз түнде жарық ай» әні

Жүр: Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгілде біраз жерге келіп қалды

Сау болып тұрыңыздар жолыққанша

Осымен мерекеміз аяқталды


Тақырыбы : «Берік болсын босаған»

(Келіңдер арасында өтетін сайыс)


1.Көрініс. Дәстүрлі той «Беташар»

2.Сайыскерлердің өзін -өзі таныстыруы.

3. «Дәстүрінді сақтай біл»

салт – дәстүрге, әдет- ғұрыпқа, ырым- тыйымға байланысты сұрақтар.

Қазақтың тәрбиеге байланысты мақал- мәтел қағидаларының мағынасын ашу, мәтелдер жалғасын табу.

4. «Шебердің қолы ортақ» қол өнер сайысы:

а) Ұлттық бұйым жасап келу (үйден)

б) қазақтын қол өнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсету.

5. «Өнерлі өрге жүзер»

Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді.

  1. «Ас қадірлейтін халықпыз»

Ұлттық тағам әзірлеп әкелу, құрамымен таныстыру.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.

Жүргізуші: Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін салт дәстүрлерімен, ырымдарымен, той мереке тағы басқада жөн жосықтарымен талай елді таң қалдырып келеді. Той қуаныш, қызықты бірге бөлісу үшін,ағайынның басын, туған -туысты ынтымақ -ырысқа шақыру, өзара қарым – қатынасты нығайту ұлттық салт – дәстүрді ұлықтау.

Қорғайық кәрі жасты

Шығарайық бар әлемге даңқымызды

Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырға

Ұмытпайық ата салт дәстүрімізді- деп,

бүгінгі наурыз мерекесіне арналған сайысымыздың бастауын дәстүрлі тойларымыздың бірі «Беташар» тойымен бастағалы отырмыз.

Ендеше осы тойды бәріміз бірге тамашалайық.

Көрініс: «Беташар

Ән: «Ақ босаға»

Жүргізуші: Шіркін қазақтың келіндері - ай!

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған, қазақтың әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін, іскерлік пен қолөнер шеберліктерін бойларына дарытқан.

Құрметті қонақтар, бүгін біз осындай келіндер арасында

«Берік болсын босағаң » атты сайысты тамашалауға жиналып отырмыз.

Балғын жүзі албырап

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Қарсы алайық келіндерді

Сайысқа дайын тұрған.

Құрмет көрсетіп ортаға шақырайық,

  1. Қарашаш Маханбетқызы

  2. Рысқұлова Айгүл

  3. Тұяқбаева Жауқазын

  4. Аширбекова Жанар

  5. Арунова Асылым


Сайыс бес шарттан тұрады

  1. Таныстыру.Сайысқа қатысушылар өздерің таныстырады.

  2. Дәстүріңді сақтай біл. Салт -дәстүр,әдет ғұрыпқа байланысты сұрақтар.

  3. Шебердің қолы ортақ. (қол өнер сайысы)

  4. Өнерлі өрге жүзер. Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.

  5. Ас қадірлейтін халықпыз. Үй тапсырмасы. Ұлттық тағам дайындап әкелу.

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.№42 «Тілек» балабақшасының меңгерушісі:

Аугалиева Райхан Алтынхановна,

2. Әдіскер : Хайрова Айгүл Малбагаровна ,

3 . Ильястың әжесі,

4. Ұлпанның анасы.

Жүргізуші: Ұлттық болмысымызға тән рәсімдерді көпшілік алдында салтанатпен көрсете білулеріне сәттілік тілейік.

Ауылыма көрік берген келінжан

Бақ құсындай келіп қонған келінжан

Қиынында, қызығында тең бөліп,

Жақсы ағаға көрік берген келінжан – демекші , бағдарламаның

1 – шарты бойынша келіндер өздерін таныстырады.

Таныстыру.

Би: «Домбыра»

Жүргізуші: Қазақтың түрлі дәстүрлері бар

Дәстүріміз рухани ол нәріміз

Оның сырын біледі ме, келіндер?

Сол себептен сіздерге қойылатын сауалдар бар.

Сайыс бағдарламасының -

2 – шарты «Дәстүріңді сақтай біл» әдет – ғұрыпқа, ырым тиымға байланысты сұрақтар.

Сөз кезегін осы балабақшаның психолог маманы Бақытжан Жаңбырбай қызына беремін.

Бақытжан. Ж. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан- ғасырға ұлт- қасиеттерімен, салт- дәстүрмен, өнегелі әдет ғұрыппен, үлгіні жөн жосықпен, әдепті ырым- тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз – келіндер тәрбиеледі.

Бүгін сіздер мен біздер халқымыздың құнды асыл құндылықтарын талқылап, ой бөлісеміз.

1 – кезең. Халқын сүйген – салтын сүйеді демекші дәстүрлі сұрақтарымды қояйын.

1. Жас келінге қойылатын талаптар.

2. Келін түсіргенде орындалатын салт – дәстүрлер.

3.Ұлттық тағамдар жайында айтып берсеңіз.

4 .«Ұлыстың ұлы күні - наурыз» тойы мерекесі жайында ашып айтып берсеңіз.

5. Қонақ күту дәстүрлеріне байланысты жасалатын табақ түрлері.

2 – кезең. Біліп айтқан сөзге күн жетпейді

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең білгендерден үйрен

Үйренгеннен ештенең кетпес – демекші мына оқшау сөздердің мағынасын ашып беріңіздер.

1. «Қалжа», «Қара шаңырақ»

2. «Қыз төркіндеу», «Ит көйлек»

3. «Қырық серкеш», «Жарыс қазан»

4. «Тәбәрік», «Ұзын сары»

5. «Енші», «Сыбаға»

6. «Отқа май құю», «Асар»

3 – кезең. Мақал – мәтелдер бүкіл бір халықтың дүниетанымын, болмыс бітімін, жан дүниесін, мінез – құлқын, тұрмыс – тіршілігін аз ғана сөзге ұтымды да көңілге қонымды етіп сыйғыза біледі.

Осынау халық қазынасы мақал – мәтелдер жарысына кезек берейік.Мен сұрақ қоямын, сол сұрақтың қойылысына қарай мақалмен жауап бересіздер.

  1. Басқа пәле неден?

Басқа пәле тілден.

  1. Кім ауырмай өледі?

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

  1. Қоян мен жігітті не өлтіреді?

Жігітті намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Ер жігітті қажытатын үш нәрсе?

Шабан ат, жайпау әйел, өтпес пышақ.

  1. Білгенің қанша, білмегенің қанша?

Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.


4 - кезең. Мақал – мәтелдер.

Келіні жақсының – керегесі алтын.

Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.

Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс.

Жиен ел болмас, желке ас болмас.

Жақсы келін қызындай, жақсы күйеу ұлындай.

Бас екеу болмай – мал екеу болмас.

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға ат салысқандарыңызға рахмет.

Баласағұн бабамыз «Ақылды әйел ізде, іздегенің есті болса төрт құбылаң теңелер» деп өсиет айтқан екен.

Демек, әр үйдің түтіні түзу шығып, онда тату- тәттіліктің, береке бірліктің арнауы, ұяларынның жылы, босағаларының берік, болашақтарының нұрлы болуы келіңдер сіздердің қолдарыңызда. Алла сіздерге тек қана нұрлы ақыл, ғұмырлы, бақытты өмір нәсіп етсін!

Жүргізуші: Бағдарламаның 3 – шарты «Шебердің қолы ортақ» яғни, қолөнер сайысы.

а) Ұлттық бұйым жасап келу (үй тапсырмасы )

б) Бәріңіз бірге қазақтың қолөнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсетесіздер.

Тапсырманы орындауға рұқсат, іске сәт!

Жүгізуші: Келіндер тапсырманы орындап болғанға дейін біздерде қарап қалмайық, ән мен биге кезек берейік.

Би: «Қара жорға»

Ән: «Наурыз»

Жүргізуші: О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Өнер жастан жаныңдар

Өнерпаздар дарындар.

Көрейік тамашалап көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өз өнерін -дей келе, бағдарламаның

4 – шарты «Өнерлі өрге жүзер» шартына кезек береміз.

Халқымызда «Сегіз қырлы – бір сырлы » деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

Жүргізуші: 5 – шартымыз «Ас қадірін білмеген аштан өлер, ат қадірін білмеген жаяу қалар» демекщі,

«Ас қадірлейтін халықпыз» - деп аталады.

Келіңдер алтын қолдарымен Наурыз мерекесіне арнап әзірлеген тағамдары жайында айтып беру керек. (әр қайсысы кезек шығып, түсінік береді)

Әсем әнім сырнайды - ай

Әлем сүйіп тыңдайды – ай

Тамылжытып ән салмай

Күнде думан болмайды – ай

Келіндердің орындауында «Дастархан» әнін қабыл алыңыздар.

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Сайыскерлерді марапаттау.

Жүргізуші: Той думандарда өзнің игілікті істерін көрсетіп, жастар қариялардан бата алады.

Ендеше бізге де әжеміз бата берсін.

Әженің батасы.


Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратың

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімеген

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Бар өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар

Ойлы орта кеңейсін күннен – күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар – дей отырып, әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңызға нұр жаусын деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз













Қазақтың ұлттық ойындары"

Еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін бүгінгі бала бақшадағы балаларға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Балаларда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын қалыптастыру мақсатында халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, инабаттылық ,өжеттілікт .б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Ұлттық ойындарды сабақта қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу қажет. Ұлттық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Ұлттық ойындар -халықтық педагогикасында дене тәрбиесін дамытуға өте ертеден бастау алған. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ұлттық ойын жатады. Ұлттық ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады Ұлттық ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлттық ойындарды оқу және тәрббүгінгі балаларға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. «Ұлттық ойынды - тәрбие құралы» -деп таныған. Ойынды сабақта қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең балаларды тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, ұлттық тәрбие өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің ұлттық тәрбиеде еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Ұлттық тәрбиенің ең бір көне тиімді құралдарының біріне ұлттық ойын жатады. Ұлттық ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ұлттық ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлттық ойын түрлері қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген. балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ұлттық ойынның құндылығын жоғарылатады. Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.

Тақырыбы: « Қазақтың ұлттық ойындары.»

Мақсаты:

Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағышу, дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадың дамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.

Сабақ барысы:Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады."Киіз үй" қимыл-қозғалы ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айнакысында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады". Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әртүрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады.

Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді."Нысанаға түс"- "Таяк,-тастау", "Балапандар", "Арқан тарту" ойын-аттаркционы.

Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.

Эстафеталар:

  1. "Күміс алу". "Сөре сызылған белгілеу. Алаңға көп күмістер тасталады. Белгі бойынша жігіттер шабысты бастайды. Жігіттер шабысты тоқтатпай, иіліп, күмісті көтереді де әрі қарай шабады. Кегліді айналып, кейін қайтады да эстафетаны береді. Барлық жастағы балалар қатысады.

  2. "Бәйге" (ат жарысы). Балалар жұппен сөре сызына тұрады. Бірінші - ат - қолдарын артқа - төмен созады да, екіншісі - салт атшы - оны қолынан ұстайды, осы қалыпта екуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып, кейін қайтады.

  3. Алдаркөсе балаларға бауырсақ әкеледі, балалар шай ішу үшін топтарға кетеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз

Күш сынаспақ

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады

Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.

Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.

Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.

Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.

.

Түйілген орамал

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.


Алақан соқпақ

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды


Белбеу соқ

Ойыншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.

Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

Қуыр-қуыр қуырмаш.

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:

-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп 5 с аусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр ,қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

-мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде түлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды


Хан талапай.

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.

Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.

Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.

Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.


Аударыспақ

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.


Теңге ілу.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді.

Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді


Санамақ

Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек.


Орын тап.

Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар қайту.

Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес

Әр шаңырақтың қарапайым, салтанатты түрде атап өтетін мереке, тойлары бар. Олардың кейбіріне көп қонақ шақырылса, кейбіріне ең жақын туған-туыс, көрші-көлем ғана келеді. Той – қуаныш-қызықты бірге бөлісу үшін ағайынның басын қосу, туған-туысты ынтымақ-ырысқа шақыру, өзара қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау. Алайда мал-мүлік шашып, атын шығару үшін көл-көсір той жасау – астамшылық, ысырапқорлық. Тек, Аллаһ Тағала әр шаңырақты «Баласына бір той жасап бере алмай, бұл өмірден өтіп кетті-ау, қанша адам!», - деп ақын жырлаған өкініштен сақтағай!

Тілашар (дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу шашады. (Қазақ халқының салт – дәстүрлері). Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң медіресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын – жуық адамдар баланың ата – анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.

Көгентүп (салт). Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал: (қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі.

Базарлық (дәстүр). «Күйеуінің базарлығы екен ғой, - деді Ақбала ішінен» (Ә.Нүрпейсов). – Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Байғазы (дәстүр). – Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов). Байғазы балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл – күйін көтеретін дәстүр.

Бастаңғы (салт). ... Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. (К.Сегізбаев). Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауықта бас қосуы.Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.

Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті «жасау» дейді.

Жеті ата (дәстүр). Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғыадамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.

Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан ары білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?

Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан сөз). («Жеті қазына» 34 бет. 2001ж.).Мысалы осы кітапта жазушы өз жеті атасын былай таратады: Сейіт-Кенжеахмет- Құттыгелді- Нұрет-Байтоғай-Аманбай-Дербісәлі-Солтан (жетінші ата) Таңғұлы-Жылқайдар (ру аты, ол Арғынға жатады). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

Тұсаукесер (салт).

Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін
(Тұсаукесер жыры)

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар.

Мысалы:
Қаз – қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!

Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Иткөйлек (салт). Иткөйлегі жоқ. Өзім тігіп беріп едім. “Ә.Нүрпейсов”. Жана туған нәрестенің алғашқы көйлегін “иткөйлек деп атайды”. Өйкені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан щығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, шақырып, ұстап, тәттісін боліседі. ”Иткөйлекті” баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес, халық итті “жеті қазынаның” бірі деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге “баламыз көп болсын” деп, “қиындыққа берік болсын” деген ырым бар. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін айтқаны.

Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда болған. Соның бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.

Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тышты, тышты» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларыны үлестіріп береді.

Бесік салу салт Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Ат қою (ғұрып). «Содан әке – шешесі ырым көріп, жақсы үмітпен қадірлі қонағының есімін қойған дейді» (А.Сейдімбеков). Жаңа туған сәбиге ат қою – ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Мәселен, Қаныштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегіз серіні әдейі шақырып, баласының атын қойғызған. Сонда Сегіз сері Иманжан деп ат қойып «бұл баланы еркелетсеңдер Имантай деп атарсыңдар» деп балаға былай деп бата береді:

Қалжа (дәстүр). Менің сорлы шешеме қалжа қайда,

Қой сат деп әкем барды көрші байға. (С.Торайғыров).

Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын адамдар да «қалжа» әкеледі. Бұл - әрі сыйластық, құрмет әрі босанған әйел белін тез бекітіп, сауығып кетсін деген тәрбиелікмақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып.

Кіндік кесер (салт). «Кемпірлер кіндік кесе бастады». («Жас алаш» газеті). Ел ішінде «кіндік шешесі» немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын турады. Кейде олардың «жол менікі» деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге «кіндік кесер» кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек кәде. Кейін де «кіндік шеше» деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. «Кіндік шеше» кейін келіп бала үйінен өз қалауын да ала алады.

Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын халықтық ырымдар көп. «Елдің қорғаны болсын» деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. «Қыз отбасының тірегі болсын» деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.

Сүйіндір (салт). Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кәде, жорасын алып әдейі келуге тиіс. Бұл – қалыптасқан салт және ананың міндетті парызы. Мұны қызын қияға қондырған әр қазақ әйелі білуге және орындауға міндетті. Ана болған өз баласының (қызының) қасында болып, оған рухани күш беріп, сенім туғызып, жас сәбиді емізу, күту жолдарын үйретеді, ақылшысы, сүйеніші, қамқоры болады. Құда – құдағиларының немерелі болған қуанышына ортақтасады, нәрестеге арнаған бұйымдарын, сәлем - сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы да болады.

Шілдехана (салт). «Сәрсенбай зор қуанышта болып, шілдеханаға қанша қыз – бозбала жиып... баланың есімін Жамал қойып еді» (М.Дулатов). «Аманжол атакем ауылына шілделікке кеткен» (С.Көбеев). Кей жерлерде «шілделік» деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. «Шілдеханаға» шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана - өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.

Тұмар (ғұрып).

Адамға, малға тұмар тағу ертеден келе жатқан дәстүрлі әдет. Ол көбінесе адамға (әсіресе жас балаға), малға көздің сұғынан, тілдің уынан сақтасын деп тағылады. Оны оқыған молдалар, ишандар, емшілер дұғалап береді. Тұмарды мойынға, бас киімге, киім жағасына тағады.         

Тұмар көз тимесін деп жүйрік атқа, жаңа туған ботаға, құлынға, сүтті бие мен сиырға да тағылады. Мұндай әдеп – ғұрып ел арасында әлі де бар және одан келер зиян жоқ екенін жұрт білуі керек.           

Тілімізде тұмар түрлеріне байланысты қалыптасқан мынадай атаулар бар:           

Жастық тұмар – төртбұрышты түсті металдан жасалған көркемдік бұйым.           

Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жылтырауық заттардан істелетін тұмар.                 

Лағыл тұмар – лағыл таспен безелген тұмар.          

Сіркелі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.         

Алтын тұмар – күміс бетіне алтын жалатқан, алтынмен әшекейленген тұмар.           

Тұмарша – асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейді көбінесе қыздар таққан.            

Тіллә тұмар – алтынмен апталған тұмардың бір түрі (Р.Шойбеков).           

Мұнымен бірге тұмардың үш бұрышты немесе қиықшалап жақсы, қымбат матадан, былғарыдан жасалатын түрлері де болады.

Сүндет — мұсылман дініндеғі елдерде ұл 5-6 жасқа келгенде атқарылатын міндет. Яғни баланың жыныс мүшесінін, артық терісін алып тастау. Кей жерде мұны ауызекі тілде "пішпе" деп те атайды.
Сүндет той — ұлды сүндетке отырғызу құрметіне жасалатын салтанат.
Сүндет ат — сүндетке отырғызылатын балаға берілетін бәсіре ат.
Сүндет мал — сүндетке отырғызылған баланың тойына тарту-шашу ретінде жұрт атаған мал (құлын, тай, қозы, лақ, тана)
Сүндет жейде (көйлек) — сүндетке отырғызылатын балаға арналып әдейі тігілген етегі ұзын әрі кең жеңіл киім.
Сүндет қоржын — сүндеттелген бала тойға шақыру кезіңде бөктеріп жүретін, арнайы тігілген қоржын.
Ашамай сүндетке отырғызылған балаға арналған ердің бір түрі.
Сүндет дұға — баланы сүндетке отырғызалар алдында оқылатын дұға.
Сүндеташар — баланың сүндетін көрсетіп, көрімдік алу үшін айтылатын өлең, жыр.
Сүндеттері — сүндеттегенде кесіліп алынған тері. Мұны шүберекке түйіп немесе тұмар жасап тығып қояды. Кейде құдайдан ұл тілеп жүрген келіншектер әдейі келіп, ырым қылып қалап алады.


Ауыз ашар (дәстүр, дін). Салтта ауыз бекіткен яғни ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіледі, сыйлайды. Сонымен бірге кешкілік күн батқан соң оларды «ауыз ашарға» шақырып, дәмді, сыбағалы тағамдар ұсынып, сауабын алады. Ораза ұстағандарды «Ауыз ашарға» шақыру қасиетті дінімізді де, оған бас июшілерді де құрметтеудің белгісі


Ораза (діни салт). «Ораза ұстап, намаз оқитын болыңдар!-деді» (Ғ.Мүсірепов). Мұсылманның бес парызының бірі. Мұны ораза ұстау немесе «ауыз бекіту» дейді. «Ораза ұстауды 624 жылы Мұхаммед белгілеген» (Ислам. Энциклопедия. 143бет.Алматы-1995ж.). Оразаның шарты бойынша жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұлдан бастап, ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз сөз сөйлемейді, қиянат етпейді. Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі (таңертеңгілік), күн батқан соң ауыз ашады. Ауыл адамдары ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіп, жақсы тағамдар дайындап «ауыз ашарға» шақырады. Ораза ұстаудың бірнеше жолдары бар. Шариғат (дін заңы) бойынша денсаулығы жоқ, бала емізген әйелдер, жолаушылар, балалар, есі дұрыс емес жандар оразадан босатылады.Оразаның алты түрі бар:  1.Парыз. 2.Уәжіп. 3.Сүннәт. 4.Мәндүп. 5.Нафила. 6.Мәкру. (Мұхтасар) 137-бет). Кәмелетке толған әр мұсылман ораза ұстауға міндетті. Оразаның адам денсаулығы үшін пайдалы жақтарын шығыс ғұламалары талай рет дәлелдеген.


Құран ұстау (діни ғұрып). «Ахметті ат-шапанымен аяғына жығып, енді ондай мінез шығармасқа құран ұстатып, нан жегізіп, баяғы екі жүз теңгені кештіріп, ат-шапанға разы қылды» (С.Торайғыров). Орынсыз жала жабылғанға өзінің ақтығын дәлелдеу үшін, немесе қылмысын қайталамау үшін, адам қолына мұсылманның қасиетті кітабы құран ұстап «егер осы істе мен кінәлі болсам құран ұрсын» деп ант беріп, нан жейді. Бұл оның кінәсіздығының немесе сертте тұратындығының толық дәлелі.Қарсы жақ адамдары оған сенеді. Кейде одан кешірім де сұрайды. Қазақтың «құран, нан» деп қарғануы осыдан шыққан.

Зікір (әдет-ғұрып). «Міне, бүгінгі кеш зікір сала бастамақшы» (С.Торайғыров). Негізінен зікір салу бақсының ісі. Олар жын шақырғанда, адам емдегенде, дерт көшіргенде, бал ашқанда, болашақты болжағанда зікір салады. Кеңес өкіметі үйреткендей бақсылық, алдау, арбау емес, ол-табиғи қасиет. Бақсының зікір салуы, от ұстауы, қызған темірді тілмен жалауы, жылан ойнауы, көз байлауы ғажайып құбылыс, ерекше құпия сыр. Зікір кезіндегі олардың түр-түсі де, қимыл-қозғалысы да тым ерекше. Тағы бір ерекшелігі бақсылар халық сеніміне де ие болған. Бұрынғы адамдар, үлкен қариялар бақсылық өнерді жоққа шығармайды.    

Аластау (салт,ырым). «Алас, алас, пәле-жаладан алас»(Ел аузынан). Жас отау босағасын, бесікті, жаңа қосылғандардың төсек орнын т.б. жаңадан қолданылатын дүние, бұйымдарды отпен аластайтын ғұрып бар. Бұл аталған орындардағы пәле-жала, ауру-сырқау, жын-шайтан, тіл-көз болса кетсін деген наным-сенімнен жасалады. Аластау ғұрпы от тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата дұғалап, «алас, алас, ауру-сырқаудан алас», «тіл мен көзден алас» деген сияқты тілек сөздермен жасалады. Мұны жол-жөн білетін, ем-домнан да хабары бар ана, әжелер атқарады. Аластау сонымен бірге тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылады.

Киіз үйдің сүйегі.

Сүйегінің бөліктері

Құрамдас бөлшектерінің атауы

1.

Шаңырақ

1.Бақалақ.2.Күлдіреуіш.3.Қаламдық.4.Табақ.5.Тарам.6.Тоғын.

2.

Уық

1.Қалам.2.Қары.3.Иін.4.Уық бау.

3.

Кереге

1.Балашық.2.Ерісі.3.Желі.4.Көк.5.Қанат.6.Сағанақ.

Киіз үй жиһаздар

Атауы

Түсінік

1

Абажа

Ас,тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі

2

Абдыра

Киім-кешек,әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық..

3

Ағаш төсек

Жату үшін пайдаланатын үй жйхазы.

4

Адалбақан

Киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһазы.

5

Асадал

Тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған үй жиһазы

6

Бөгіре

Кішкене қол сандық(шай жабдықтары үшін)

7

Жағылан

Былғарыдан істелген сандық.

8

Жоза

Жерге отырып,тамақ ішуге арналған аласа үстел.

9

Жүк аяқ

Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.

10

Кебеже

Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.

11

Сандық

Әр-түрлі бұйым салуға арналып,ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.

Киіз үй жабдықтар 

Атауы

Түсінік

1

Аяқбау

Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.

2

Бақан

Киіз үй тікенде, шаңырақ көтеруге,үзіктер мен түндіктерді көтеріп жабуға  керекті  ашалы ағаш.

3

Бас арқан

Киіз үйді желден,дауылдан сақтауүшін,туырлықты бастыра,қазыққа байлайтын арқан.

4

Басар

Қатты жел тұрғанда,киіз үйдің үстіне бастыра,қазықтарға байлайтын ұзын екі арқан.

5

Басқұр

Керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.

6

Белбау

Киіз үйдің туырлығын керегеге бастыра тартатын ұзын арқан.

7

Белдеу

Туырлықты айналдыра буатын арқан.

8

Дөдеге

Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.

9

Жел арқан

Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.

10

Желбау

Дауылды жел болғанда,шаңырақты тартып байлайтын бау.

11

Құр

Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей, тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.

12

Тегеріш

Киіз үй керегесі, уығының сыртынан қысып,айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.

13

Туырлық

Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

14

Түндік

Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

15

Уыққап

Көшкенде, сынбас үшін,уықтардың екі басына кигізілетін киіз.

16

Үзік

Уықтың үстіне жабылатын киіз.



Бала тілі-бал...

Қазақ халқының бай салт –дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп.Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше.Жазу сызу болмаған кезде халықтың ой-арманынан шыққан әңгімелер жұмбақтап айтқан сырлары,тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер ұшқыр ойдан шыққан мақал мәтелдер, қиял ғажайып ертегілер баланың тілін ойын дамытатын санамақтар ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ерекше орын алады.халық ауыз әдебиетінің салалары өте көп.Олар жырлар,мақал-мәтелдер ,жұмбақ ,жаңылтпаш,санамақ өтірік олеңдер т.босы салаларды балалардың жас ерекшелікітеріне қарай оларды жалықтаырып алмайтындай сана-сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып,бойларына сіңіру,олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Халық ауыз әдебиетінің үлкен бір тармағы –тұрмыс салт жырлары.Оның ішінде бесік,тұсау кесер жырлары баланың тіліне жеңіл,жаттауға оңай әрі қызық болғандықтан сүйсіне жаттайды.

Бесік жыры –бала өміріне бастау болатын арна –ана поэзиясы .ананың арман –тілектерге бай бесік жырлары сәби жүрегіне аналық махаббаттың сүйіспеншіліктің адамгершіліктің негіздерін ұялатады.баланың жан дүниесінде әлди жырлар арқылы тәрбие мен ұлттық сана қалыптасып,этномәдени нәр себеді .»тәрбие тал бесіктен басталады» демекші тәрбие өзегін адамның сәбилік кезеңінен қолға алып,бесіктегі күнінен ұлттық рухани тәрбиемен сусындату қажет.бесік жырларының әуені әр балалы отбасында айтылуы –ұлтымызды сақтаудың бірден-бір тура жолы.

Бесік жырын мазмұнына қарай бесікке бөлеу, жұбату, тілек айту деп топтауға болады.

Тілек

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал-жаным:

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой

Айжан болсын есімің

Құтты болсын бесігің

Әлди,әлди әлди-ай!!!

Жұбату

-Айжан біздің қайда екен?

-Қыздарменен тойда екен.

-Тойда неғып жүр екен?

-Алма теріп жүр екен.

-Алмасынан кәнеки?

Жаңа теріп жүр екен.

Жаңасынан кәнеки?

-Қабы толмай жүр екен.

Әлди,әлди әлди-ай!!!


Жаңылтпаш

Халық баланың тілін ширату үшін ,оған сөз үйретіп ,дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.бөбектің тілі шығып,балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде ,кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей мүдірмей сөйлеу үшін ,қиналып айтылатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап,жаңылмай жаттықса сөйлегенде де мүдірмей өз ойын толық жеткізетін болады.

Жаңылтпаштарды жаттап,жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау сөз қадірін білу сезімі қалыптасып,ой-қиялы дамиды тәлім алады.


Жаңылтпаштар

 

Шуақтаған ботамды,

Шуға апарып шуладым.

Шудалағаи шудасын,

Суға салдым,

Судан алдым,

Суға малдым. 

* * *

Ай, ай, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырды

Үйіңе айдай бар!

* * *

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.

Суға сақалын мала, сілке,

Суға сақалын мала, сілке. 

* * *

Есет ағам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар. 

* * * 

Беріп тай, лақты,

Алдым тайлақты.

Беріп тайлақты,

Алдым тай, лақты. 

* * *

Топ бала, топ бала,

Ойнап жүр топтала.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.


Жұмбақ -нақты бір зат туралы тұспалдап ,ұқсатып,бейнелеп айту арқылы баланы ойлату ,танымдық білімдік ұғымдармен түсініктерді ой қиял елегінен өткізіп,тұжырым жасап,шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін айтады.

Заман өзгерген сайын ұлттық тәрбиеде жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса береді.

Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымдасқан метофора»дейді Яғни затты бейнелеп,баламалапсипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне аумағына көлеміне зер салып,жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді,әр заттарды салыстыра көз алдына елестететіпдүниетанымдық қабілетін дамытады.

Жұмбақтар көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады.қара сөзбен жасалған жұмбақтар бар.Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді ,тек жұмбақтың сөздік қисыны ,өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.Жұмбақ айтушы неғұрлым көбірек күрделірек жұмбақтарды тауыпайтып, шешушіні жеңіуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші мүдірмей айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса ,оның өзі де жұмбақ айтыпжұмбақ айтыс жалғасып, айтушы мен шешуші өз білімін сараптайды.


Жұмбақтар

 

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(Кун)

 

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама,

(Кітап)


Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады.

(Жел)

 

Қол созсаң, ақ күміс

Алақанга толады.

Ашып-жұмсаң, із-түссіз

Лезде жоқ болады?

(Қар)

 




Мақалдар- нақыл өсиет түрінде айтылатын ой түйіндері сөз мәйегі мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен сабырлы салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен яғни шешендікпен айтылатын мақалдарда бар.

Мақал негізінен екі бөлімнен құралады.Пайымдау-айтылған ойдың түп негізі.екінші ой қорытындысы айтылады.

Мәтелдер –негізінен тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты қара сөзде нұсқалы сөз ретінде пайдаланылады. Мәтелдер тура және ауыспалы мағынада айтылады. Мысалы «Қадіріңді білгенге жұмса.», «Тікен гүлін қорғайды.» қазақ халқы –сөз қадірін біліп,қасиетті сөзді қастерлеп,ауызынан тастамай өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп,терең мағыналы сөздермен өрнектеп келе жатқан халықМаөалсыз мағынасыз сөйлеген қартадамның сөзінің қадірі болмайды.қазақтың мақал мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары Елдік,ынтымақ,бірлік туралы мақал мәтелдер.

Мақал-мәтелдер

Ата — асқар тау,

Ана — бауырындағы бұлақ,

Бала — жағасындағы құрақ.

* * *

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз кунің жоқ. 

* * *

Ақыл — тозбайтын тон,

Білім — таусылмайтын кен. 

* * *

Әдепті бала — арлы бала,

Әдепсіз бала — сорлы бала.

* * *

Өнерлі істе — жеміс бар,

Өрелі істе — жеңіс бар.

 

* * *

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға келсін кез.

* * *

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

* * *

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі. 



Өтірік өлең


Өтірік өлеңдерді дарынды ақындар қиынан қиыстырып,қиялмен әсерлендіріп,қызықты қисындарға құрып шығарған.өзгеше әсерлі өтірік өлеңдерді халық ықылас қоя жаттап,ұрпақтан –ұрпаққа жеткізген.Авторы белгісіз болғанмен халық ауызынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік,мағынасы терең.өтірік өлеңде әсерлеу бейнелеу шендестіру,салыстыру,тәсілдері арқылыкөркем бейнелер жасалынады.Ондағы оқиғалар шынайы өмірге сәйкес келмейді әдейі әсерленіп,шебер суреттеледі.өтірік өлеңдер балалардың ой қиялын ,дүние танымын ,өлең өнеріне деген ықыласын ,қызығуын дамытады қисынды ойлауға үйретеді,тілдік қорын молайтады.


Өтірік өлең


Айттым да өтірік өлең айла қылдым

Кесіп ап бетегені найза қылдым.

Торғайды үш қонаққа сойып беріп,

Жарты етін алып қалып пайда қылдым.


****

Дүниеде болады екен қоян мықты ,

Жабылып он бес жігіт зорға жықты.

Соғымға сойған едім семізін ай,

Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.


****


Масаның кішкенесі батыр екен.

Сона деген қансорғыш бақыр екен

Үйіне сол сонаның жетіп барсам

Ас беріп әкесіне жатыр екен.


*****



Санамақ –халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатында айтқызады. Санамақтар әрі сан үйретеді әрі дүниені танытады. Әр баланың қисынды ойлауы мен матиматикалық логикасын яғни ойлау қабілетін дамытады.санамақтардың түрлері өте көп оның үстіне замаға сәйкес жаңадан қосыла береді.

Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі.Саусақ санау ойыны баланы сан үйретуге ынталандырады.көңілдендіреді.санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы ақындық қабілеті байқалады.Егер ол ұйқас таба алмаса айтыста жеңілген болып табылады.балабақшадда балаларға санамақтардың сан алуан түрлерін үйретіп оны айтқызу санамақ шешәмдерән дұрыс шешекендердің білімін бағалап,оларды мадақтап отыру қажет.кейбір санамақтарды әнге қосып айтуға болады.

Санамақтар

Бір дегенің-білеу

Екі дегенің -егеу

Үш дегенің- үсік

Тқрт дегенің -төсек

Бес дегенің -бесік

Алты дегенің - асық

Жеті дегенің -желке

Сегіз дегенің- серке

Тоғыз дегенің -торқа

Он дегенің -оймақ

Он бір қара жұмбақ.

****

Түйе бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос-қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бірін бірге ойлап қой.

****

Бірім –бірім,

Екім –екім,

Үшім –үшім,

Төртім –төртім,

Бесім- бесім ,

Алтым алтым;

Алты малтам,

Алтын балтам

Сары ала қаз-

Саңқылдауық,

Қырман тауық-

Қырқылдауық

Сен тұр,-

Сен шық!

****

«Алмас Асан келісті ,

Алма жинап бөлісті.

Арасында бір алма,

Айтыс болды бұларға:

Асан берсе алмасы,

Үштен бірі кем болар,-

Алмас берсе алмасы

Асанның да тең болар,-

Алма санап көріңдер,

Екіге тең бөліңдер. »

****

-Бір !

-Бетің кір

-Екі !

-Маңдайынан шекі.

-Үш

-Мені жеңбек күш.

-Төрт!

-Төнбесін өрт

-Бес!

-Белгілі жерден кес.

-Алты!

-Ата-ананың салты.

-Жеті !

-Жетімек қойдың еті.

-Сегіз!

-Қойың тапсын егіз!

-Тоғыз!

-Топас хайуан доңыз

-Он! -Оның кигені тон

Әдебиеттер:


1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.


2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.



3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы: “Санат” 2001 ж.


4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.


5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.




6.Жұмабаев.М. “Педагогика” Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.


7. Бала мен балабақша №1, №2,№3,№4 2011ж


8. Бала тәрбиесі №1, №2,№3,№4 №5 2011ж


9.Отбасы және балабақша №5 2009,№3 2010, №5 2010


10.Бастауыш сынып №1,№2 2010,


11. Ұлттық тәрбие №1,2011



















Мазмұны

Алғы сөз________________________________________________ 4

Жеті ата_________________________________________________ 18

Қайырымдылық___________________________________________ 19

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие __________ 21

Иманды болу ____________________________________________ 24

Сыйластық пен достық______________________________________ 24

Бата ___________________________________________________ 25

«Сөз атасы – сәлем»_________________________________________ 28

Қайрымдылық _________________________________________ 32

Әдепті сөйлеуге әдеттен _________________________________ 33

Қызды сыйлау ________________________________ 36

Қазақтың ұлттық әшекейлері ________________________________ 38

Ою өрнек әлемі ________________________________ 40

Торсық___________________________________________________ 42

Салт дәстүр алтын қазына ___________________________________ 45

Босағаңа қонақ келсе бақыт төрге шығады _____________________ 47

Жұма күннің ерекшелігі ______________________________________50

Асыл әжем-ғасыр әжем_______________________________________ 52

Берік болсын босағаң _________________________________________58

Қазақтың ұлттық ойындары____________________________________65

Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес_______________________________72

Бала тілі бал_________________________________________________ 81

Әдебиеттер ___________________________ 88



1



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Әдістемелік құрал балабақшаның тәрбиеленушілерінің бойына халықтық педагогиканы,салт –дәстүрді дәріптеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесіне арналған. Әдістемелік құралда білімдік, танымдық, дамытушылық тәрбиелік мәні бар балабақшаның топтарына арналған қызықты да пайдалы тапсырмалар берілген.

Мазмуны

Алғы сөз 4 бет

Жеті ата 18 бет

Қайырымдылық 19 бет

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие 21

Иманды болу 24 бет

Сыйластық пен достық 24 бет

Бата 25 бет

«Сөз атасы – сәлем» 28 бет

Қайрымдылық 32 бет

Әдепті сөйлеуге әдеттен 33 бет

Қызды сыйлау 36 бет

Қазақтың ұлттық әшекейлері 38 бет

Ою өрнек әлемі 40 бет

Торсық 42 бет

Салт дәстүр алтын қазына 45 бет

Босағаңа қонақ келсе бақыт төрге шығады 47 бет

Жұма күннің ерекшелігі 50 бет

Асыл әжем-ғасыр әжем 52 бет

Берік болсын босағаң 58 бет

Қазақтың ұлттық ойындары 65 бет

Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес 72 бет

Бала тілі бал 81 бет

Әдебиеттер 88 бет

Автор
Дата добавления 06.08.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров113
Номер материала ДБ-151989
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх