Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Жасақова Рахат

Маңғыстау облысы,

Мұнайлы ауданы

1 орта мектептің

Педагог-психолог

j_rahat74@mail.ru

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық


Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық кезінде оқушыларға әлеуметтік психологиялық көмек көрсету барысында мамандар үшін ең маңызды мәселе – оқушылардың психологиядық денсаулығын қамтамассыз ету, жағымсыз жағдаяттардан сақтау және болдырмау болып табылады.

ҰБТ-ге дайындық кезінен бастап оқушыларда күйгелектік пайда бола бастайды. Оның себебі оқушы әр пәннен тест шешуден ұпай санын арттыруды алдарына мақсат қылып, жоспарлы түрде алға қарай ұмтылады. Ол әрине оңай емес, өйткені оқушының ойында үнемі сол ой ғана болады. Осы кезде оқушыға ата-ана тарапынан, пән мұғалімдері тарапынан ерекше қолдау керек екенін мектеп психологтары ескертіп, ата-анамен және пән мұғалімдерімен түсінік жүргізуі керек. Кездесетін жағдайларды мысалға ала кететін болсам, кейбір ата-аналар баланың сабақ үлгеріміне 5-сыныптан кейін қадағалауды аз жасайды да 11-сыныпта оқитын балаларына «Неге аз ұпай жинайсың, мен сенің бар жағдайыңды жасадым, қарның тоқ, көйлегің көк болды?» - деп ұрсып баласымен қарым-қатынастың жағымсыз әсерін туғызады. Осыдан басқа мектеп түлектерінде кездесетін мәселелер балалардың проблемалы жағдаяттарда өз-өздерін басқара алмауы, жағымсыз жағдаяттарда өз-өздерін дұрыс бағыттай алмауы, кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы, алға жетелейтін мақсат қоя алмауы, қиын жағдайлардан шыға алмауы, сол мақсатқа жетудегі өзіндік стратегияларының жоқтығы немесе оны құра алмауы кездесіп тұрады.

Осы орайда, білім беру мекемелеріндегі педагог-психолог мамандардың алдында көптеген міндеттер тұр, әрі олардың бірқатары іске асырылуда. «Адамдарға тұлға болуға жәрдемдесу – оларға математик немесе француз тілінің маманы болуға жәрдемдесуге қарағанда әлдеқайда маңыздырақ...»- деп К.Роджерс айтқандай психологтар қауымы біріңғай тестке дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуын, өздеріне деген сенімділігін арттыруын қадағалап жұмыстануда. Ол үшін жыл бойына жүйелі жұмыс жоспары жасақталынады. Жоспарда ҰБТ-ге дайындық кезінде күн тәртібін уақытты ұтымды пайдалануға, көз шаршаған кезде жасалынатын жаттығу түрлеріне, үлкен материал қорын есте сақтауға, ойлауды дамытуға кеңестер беру көзделеді. Стресті жеңу үшін, қарым-қатынасты нығайту үшін, көңіл-күйлерін көтеру үшін психологиялық тренингтер ұйымдастырылады. Сонымен бірге психологтар бітіруші түлектерге мамандық таңдауы кезінде мән беріп көмектесуі аса маңызды. Кәсібін жақсы көріп, сол мақсатқа жету үшін жұмыстанған оқушының өзіне де қуаныш сыйлайтынын ескергеніміз жөн, ата-аналармен де тығыз байланыс жасап, түсінік беру де қажет. Осы ретте Уолтер Расселдің сөзін мысалға келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен шұғылдансаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөлініп соның нәтижесінде қажып, шаршап жалығасыз, немесе ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Біз өзіміз баламен жұмыс жасау кезінде өзімізге белгілі тәсілдермен сүйсініп жасасақ, оқушылар бойында сабаққа, оқуға деген махаббаты күшейіп, жалықпайтын болады.

Краткое описание документа:

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық кезінде оқушыларға әлеуметтік психологиялық көмек көрсету барысында мамандар үшін ең маңызды мәселе – оқушылардың психологиядық денсаулығын қамтамассыз ету, жағымсыз жағдаяттардан сақтау және болдырмау болып табылады.

ҰБТ-ге  дайындық кезінен бастап  оқушыларда күйгелектік пайда бола бастайды. Оның себебі оқушы әр пәннен тест шешуден ұпай санын арттыруды  алдарына мақсат қылып,  жоспарлы түрде алға қарай ұмтылады. Ол әрине оңай емес, өйткені оқушының ойында үнемі сол ой ғана болады.  Осы кезде оқушыға ата-ана тарапынан, пән мұғалімдері тарапынан ерекше қолдау керек екенін мектеп психологтары ескертіп, ата-анамен және пән мұғалімдерімен түсінік жүргізуі керек. Кездесетін жағдайларды мысалға ала кететін болсам, кейбір ата-аналар баланың сабақ үлгеріміне 5-сыныптан кейін қадағалауды аз жасайды да 11-сыныпта оқитын балаларына «Неге аз ұпай жинайсың, мен сенің бар жағдайыңды жасадым, қарның тоқ, көйлегің көк болды?» - деп ұрсып баласымен қарым-қатынастың жағымсыз әсерін туғызады. Осыдан басқа мектеп түлектерінде кездесетін мәселелер балалардың  проблемалы  жағдаяттарда өз-өздерін басқара алмауы, жағымсыз жағдаяттарда өз-өздерін дұрыс бағыттай алмауы, кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы, алға жетелейтін мақсат қоя алмауы, қиын жағдайлардан шыға алмауы, сол мақсатқа жетудегі өзіндік стратегияларының жоқтығы немесе оны құра алмауы кездесіп тұрады.

   Осы орайда, білім беру мекемелеріндегі педагог-психолог мамандардың алдында көптеген міндеттер тұр, әрі олардың бірқатары іске асырылуда.  «Адамдарға тұлға болуға жәрдемдесу – оларға математик немесе француз тілінің маманы болуға жәрдемдесуге қарағанда  әлдеқайда  маңыздырақ...»-  деп   К.Роджерс айтқандай психологтар қауымы біріңғай тестке дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуын, өздеріне деген сенімділігін арттыруын  қадағалап жұмыстануда. Ол үшін жыл бойына 

Автор
Дата добавления 12.03.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров327
Номер материала 439879
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх