Инфоурок Технология КонспектыҰлттық қолөнер бұйымдарының бірі тұскиіздің жасалу технологиясы

Ұлттық қолөнер бұйымдарының бірі тұскиіздің жасалу технологиясы

Скачать материал

 Қызылорда қаласы  № 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

            Технология пәні мұғалімі: Бесбаева Қалдыгүл Бекмағанбетқызы

Тақырыбы: Ұлттық қолөнер бұйымдарының бірі тұскиіздің жасалу технологиясы

Қазақ халқы өте талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы-тұнған ғибрат-өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы.  Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш арнасы бар: сөз өнері, саз (музыка) өнері, қолөнері.

Қолөнер-халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа сән берумен бірге адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл -  күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен. Өнер туындыларының бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен атқарыла сыр шертетіндей. Қазақ қолөнерінің түрі,сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірімен тығыз байланысты.

Күнделікті тұрмыс тіршіліктегі сан алуан қажеттіліктен қолөнер туындылары пайда болып, жетіліп, өңделіп отырған. Атап айтқанда, көшіп-қонуға ыңғайлы, тұтынуға икемді, сапалы болуы оның бояуы өрнегімен ұйқасын тапқан.

Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұста, зергерлердің суреткерлік қасиетімен қатар жетілдіру дарыны да дамыған. Соның арқасында үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріліп, асыл дүниелерге айналып отыр.

«Шебердің қолы ортақ» деген сөз ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық білім қажет. Халықтың мәдениеті өскен сайын қолөнері дамып отырған.  Өз ұрпағының «Сегіз қырлы бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген. Атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер арқалы біз рухани эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары арқылы, белгілі бір тарихын білумен қатар, оған деген құштарлығымыз артады.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»,-демекші, атадан мұра болып қалған қолөнерінің бір саласы ісмерлік өнер. Ісмерліктің ішінде тұскиіздің жасалу жолдары ерекше.

Тұскиіз жасау сәнді қолданбалы өнерінің бір саласы. Тұскиіз үй қабырғасын сәндеуге арналған, халық шеберінің талғамын, шеберлігін көрсететін бұйымдарының бірі, үйге жылу мен сән беретін қымбат жасау, құнды  мүлік есебінде тұтынған. Төсек тұсына, қабырғаға ілінетін болғандықтан тұсқа ұстайтын киіз деп аталатын. Кейін келе ауызекі тілде тұскиіз болып айтылып жүр.

Ертеректе тұскиізді киізден, матадан, былғарыдан да жасаған екен. Қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған тұскиіз Қазақстанның өлкетану мұражайында сақтаулы.   Ата-бабамыз тұтынып келген бұйымдар кеңес үкіметі тұсында ұмыт қалды. Тұскиіз, текемет, сырмақ орнын кілем алмастырды. Сол кездерде өнер туындыларын сақтап қалған көбінесе ауыл тұрғандары еді. Егеменді ел болып, салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртқан 1992 жылдардан бастап қолөнер туындылары қайта гүлденіп, көркейе бастады.

Тұскиіз көбінесе төсектің тұсына ұсталады. Сондықтан оның төсектен төмен түсіп тұратын шеті көмкеріліп жиектелмейді және ол негізгі үш бөліктен тұрады. Олар тұскиіз ортасы, шеті және жиегі. Осы жұмысты зерттеу барысында біздің өңірде тұскиіздің негізгі төрт түрі бар екеніне көзім жетті.

1.      Киізді ойыстыру арқылы;

2.      Киізге немесе матаға ою бастыру жолымен;

3.      Кестемен өрнектелген;

4.      Құрақ құрау арқылы жасалған тұскиіз.

Киізді ойыстыру арқылы жасалатын тұскиіздің жасалуі реті төмендегідей: көлемі бірдей жұқа етіп басылған киізді үйлесімді екі түске бояйды. Ортаңғы бөлігіне лайықтап екі түрлі киізді қабаттап қойып, тұйық оюдың ұнаған бір түрін сызып, пышақпен екеуін бірдей ойып аламыз да, оюдың ортаңғы бөлігін алмастырамыз. Бұдан бірінің ішкі оюы қызыл, екіншісінің ішкі оюы жасыл, екі тұскиіздің ортасы шығады. Тұскиіздің шеткі бөлігі де осы тәртіппен, бірақ оған шексіз ою түрлері ойылады. Оюлар алмастырылып орнастырылған соң, оюды бір-біріне жөрмеп тігіп қосады. Тігістің үстін ашық тіспен боялған, оңқай және солақай ширатылған жіптермен жүргізіп бекітеді де, шетін қалың матамен жиектейді.  Киіз үйге құратын тұскиіздің жиегіне матаны қиғаш қиып, тігеді. Себебі дөңгеленген керегеге керіліп тұруы керек. Осыдан қырық жыл бұрын киізден жасалған тұскиіз Көктал ауылының тұрғыны Омашева Нұрғайша апайдың үйінде әлі күнге ілулі тұр. Екінші түрі ою киіз. Тұскиіздің бұл түрі киіз бетіне матамен оюлап кестелеу қазақтың жеңіл сырмағына ұқсас келеді. Біріңғай ақ немесе қара киізге тұскиіздің ортаңғы, шеткі оюларын түрлі-түсті матадан ою алып қондырамыз. Оюдың шетін киізге шыралжың тігімімен немесе таспа бастыру арқылы жапсырып тігеміз. Бұл жерде тігіншінің қалауына қарай ортаңғы оюды бір түспен, шеткі оюды екінші түспен оюға да болады. Бәрі де үйлесімділігіне қарай болуы керек. Тұскиіздің бұл түрін міндетті түрде киізден емес, біріңғай қара, көк барқыт, манат, мақпал, ләңке сияқты маталарға ою бастыру арқылы да тігуге болады.

Тұскиіздің үшінші түрі –құрақ құру арқылы жасалады. Қазақта құрақ түрлері өте көп. Соның ішінде тұскиізге қолданылатын құрақтар, тұмаршалы құрақ, гүл, сегіз сала, ара жүз, кілт мүйіз, қызғалдақ, аққу сияқты түрлері бар. Тұскиіздің ортасына сәнді етіп екі аққу немесе қызғалдақ, тұмаршалы құрақ түрлерін қондыруға болады. Шеткі бөлігіне кілт мүйіз, ара жүз сияқты құрақтарды пайдаланамыз. Кейде тұскиіздің шеткі бөлігін құрақпен, ал ортаңғы бөлігін торғын, торқа, қатипа сияқты матамен тігіп тастайды.

Тұскиіздің төрт түрінің халық арасында ең көп тарағаны кестелі тұскиіз. Шымқай матаның өн бойын тұтас кестелеу арқылы немес ортаңғы , шеткі бөлігін кестелеп, ортаңғы бөлігіне әдемі мата, жіптің тапшы кезінде қызға жасалатын жасаудың өзі де қымбатқа түскен. Ісмерге ат мінгізіп, түйе шөктіріп, жасау тіккізеді екен. Ол кездегі таза зерлі жіптерді көбіне көрші Қытай елінен алатын болған.  «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді»-демекші, өңі солғын тартқанмен сыры кетпеген бұл тұскиіз осыдан 135 жыл бұрын тігілген. Тұскиізге тігілетін өрнек түрлерін ісмер өз қалауынша сызады, жіпті де үйлесімділігіне қарай таңдайды. Кестеленген тұскиіздерде «су», «мүйіз», «гүл», «жапырақ», «шырмауық», «түйе табан», «айбалта», «алқа» лю-өрнектері жиі кездеседі. Көп тұскиізде «табақ» өрнегі кездеседі. «Табақ» өрнегі жайында академик Ә.Марғұланның «Табақ көне әдет-ғұрып ұғымының тілінде мал-мүлік, сонымен қатар бөлек үй болған ошақ, орданың белгісі деген ұғымды білдіреді»  Осындай өнер туындыларын ел арасында жастарға үйретіп, насихаттап жүрген-Елекеева Үмітқан, Ысқақова Ділдаш, Ақбасова Қалида, Жанетова Айман, Шалақазақова Мәрияқан сынды апайларымыз бар. Осы кісілердің ізбасарлары қабілетті шәкірттерім де бар. Осындай ұрпақ жалғастығы барда, ұлттық өнер еш уақытта ұмытылмақ емес.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жолдауындағы ауыл мектебінің жақсарту, ауылға көңіл бөлу,  түрлі салалар бойынша көмек жасау жөнінде қойылған талаптары көңілімізге үміт пен қуаныш ұялатқанын жасыра алмаймыз. Осы орайда «ата-кәсіп» бағдарламасы бүгінде өз арнасын, жалғасын табуда. Ұмыт қалған салт-дәстүрлермізді ұрпақатрымыз жалғастырып, ата жолын және аналардың өнерін үйренудің тәрбиелік мәні зор екендігі баршаңызға аян. Қазақ халқының ұлттық қолөнер туындыларын жаңғыру болашақ ұрпаққа жүктелген аманат. Сол аманатты орындау жолында өз пікірім технология пәнінің бағдарламасында ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауға сағат саны көбірек бөлінсе екен. Оқушы бастаған жұмысын аяқтап нәтижесін көргені дұрыс болар еді. Өйткені жасында істеген ісі ұмытылмай, есінде көпке дейін сақталады.

Тарихқа тиек болған сан ғасырлар,

Ұлттылығын ұмыттырмас өрелі ісі.

Ұрпағы бар артында жалғастырар

Өлмек емес өнері, өнегесі.

                              

                                 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      «Шаңырақ»  энциклопедиясы . Алматы, «Рауан» 1990 жыл

2.      Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары. С. Толанбаев, М. Өмірбеков, Алматы, «Қанағат ЛТД» 1993 ж

3.      Қазақ халқының қолөнері. С.Қасиманов, Алматы, «Қазақ» баспасы, 1969ж

«Қазақстан» баспасы 1969ж

4.      «Жетісу» энциклопедиясы № 5,6,7 Алматы, «Арыс» баспасы 2004ж

5.      Өмір нәрі – ата кәсіп. Қ. Ахметұлы, Ф.Ахметова, Алматы, «Рауан» 1994ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттық қолөнер бұйымдарының бірі тұскиіздің жасалу технологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ халқы өте талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы-тұнған ғибрат-өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы.  Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш арнасы бар: сөз өнері, саз (музыка) өнері, қолөнері.

Қолөнер-халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа сән берумен бірге адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл -  күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен. Өнер туындыларының бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен атқарыла сыр шертетіндей. Қазақ қолөнерінің түрі,сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірімен тығыз байланысты. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 969 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 2040
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бесбаева Калдыгул Бекмаганбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2128
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 301 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 080 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 970 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 561 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе