Инфоурок / Технология / Презентации / Ұлттық қолөнер сырмақ сыру (презентация)

Ұлттық қолөнер сырмақ сыру (презентация)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов
 Ұлттық қолөнер-сырмақ сыру.
а)ақпараттық: қазақ халқының ою-өрнектері туралы мағлұмат беру. ә)коммуникат...
Қазақ халқының киіз, сырмақ басу және алаша тоқу өнері Қазақ қолөнерінде пай...
Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата-баба мұрасын, халық қол өнерін сақтап қ...
Киіз басу өнерінде залық арасында кең атарлағаны – текемет басу, сырмақ ою т...
Сырмақ сыру. Сырмақ сөзінің төркіні (этимологиясы) белгісіз. Десе де киізді...
Сырмақ киіз өлшемі пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне тұтас шақталған бір...
Сырмақ сырғымайтын болды ма? 73 метр қарала сырмақ Астанаға тас-түйін дайын....
 Сырмақтын түрлері.
Қазақ қол өнері қорындағы киізден жасаған бұйымдар қайталанбас өзгешелігімен,...
Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерде...
Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетi...
 Назарларыңызға рахмет
14 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Ұлттық қолөнер-сырмақ сыру.
Описание слайда:

Ұлттық қолөнер-сырмақ сыру.

№ слайда 2 а)ақпараттық: қазақ халқының ою-өрнектері туралы мағлұмат беру. ә)коммуникат
Описание слайда:

а)ақпараттық: қазақ халқының ою-өрнектері туралы мағлұмат беру. ә)коммуникативтік: қазақтың тоқу өнері, сырмақ басу өнерлерін үйрету. б) проблеманы шешу: балалардың сабаққа деген ынтасын ояту; Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:

№ слайда 3 Қазақ халқының киіз, сырмақ басу және алаша тоқу өнері Қазақ қолөнерінде пай
Описание слайда:

Қазақ халқының киіз, сырмақ басу және алаша тоқу өнері Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы – жүн болды. Материалды терең зерттеп, оның бар сырын, бар мүмкіндіктерін аша білу – қолөнері үшін маңызды жәйт. Халық шеберлері материалдың табиғи қасиеттеріне зер салып, оны өңдеуде техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл бөле білді. Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі - киіз басу. Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі. Тарихи деректерге қарағанда, адамдар қола дәуірінде тас үйлерін тастап, жаңадан қоныс теуіп, көшпелі өмір жағдайына көшкен тұста киіздің алғашқы нұсқалары дүниеге келджі десек қателеспеген болар едік. Себебі қола дәуіріндегі тас үйлердің сыртқы формасы секілді дөңгелек, күмбезді, жарық төбесінен түсетіндей етіп жасалынағн. Киіз үйдің сыртқы формасы сол қола дәуіріндегі тас үйлерден алынып, жылдан жылға практикалық жағынан күрделеніп байытыла келе біздің уақытқа дейін жеткен.

№ слайда 4 Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата-баба мұрасын, халық қол өнерін сақтап қ
Описание слайда:

Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата-баба мұрасын, халық қол өнерін сақтап қалу парыз. Атадан балаға мирас болаған қол өнерін жалғастырушы шеберлердің қатары бірте-бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақты қуантып, өнердің жаңаша түр алып, өміршеңдігі арта түсеріне сөз жоқ. Оюлап киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі. Бірақ туысқан халықтарда жекелеген кездесетін киізді оюлап әдісінің тәсілдері Қазақстан территориясының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да оюлап киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қолөнері деп атауға әбден хақымыз бар.

№ слайда 5 Киіз басу өнерінде залық арасында кең атарлағаны – текемет басу, сырмақ ою т
Описание слайда:

Киіз басу өнерінде залық арасында кең атарлағаны – текемет басу, сырмақ ою түрлері. Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір болғанымен, оның бетін әр түске боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады. Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады. Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтама бере кеткен жөн секілді. Жабағы жүн қойдың күн жылып, мамыржай болғанда, яғни жазғытұрым қырқылады. Жабағы жүннің қырқылуы оны теріден тұтас көтеріле бастаған кезіне сай келу тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа түктердің өскіндей бастауы жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады, екіншіден, мал терісін зақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жол берілмейді. Күзем жүн қойдың күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады. Қозы жүні – қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді. Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға немесе бір маусымдық жүнді пайдалауға да болады. Егер жабағы жүн шайырлы әрі лас болса, әбден жуылып, кептірілгеннен кейін ғана пайдаланылады. Жуылған жабағы жүн қайшымен ұсақтап қиылады. Өйткені оның талшықтары ұзын, ұйысып, қол байлайды.

№ слайда 6 Сырмақ сыру. Сырмақ сөзінің төркіні (этимологиясы) белгісіз. Десе де киізді
Описание слайда:

Сырмақ сыру. Сырмақ сөзінің төркіні (этимологиясы) белгісіз. Десе де киізді қабаттап сыру, тігу немесе төсеніш ретінде жерге сыра салу, сырғыта салу, сырып салу, сусыта салу, сүйретпе салу сияқты мазмұннан туындайды ма деген жормалымыз да жоқ емес. Сырмақ атты мүліктің тұрмыс талабындағы мазмұны - төсеніш . адам өз тарихында төсенішті қай кезде қажетсініп, қашан пайдаланады екен? Алайда жамбасына сыз өтуден сақтану сезімі дәуірі мен төсеніш дәуірі тұрғылас болар. Ту баста төсеніш ретінде иелеріді пайдаланғына алуан түрлі жорамал жасауға болады. Бірақ бізге керегі, мүлік ретінде, тұрмыс жабдықтарының бірі ретінде пайдаланылған төсеніштер. Әсіресе, етене жақын ұлттық тұрмыстағы - тері мен киіз төсеніштер. Тері жамылғы мен тері төсеніші дәуірі тым ерте болар-ау. Ал қазіргі киіз төсеніштер мен киіз жамылғылардың өзі қай уақытта тұрмысқа енгені белгісіз. Ақ сырмақ. Шымқай ақ киізбен жабдықталған, бетіне ақ, қара, қызыл, сары, көк, жасыл, тағы басқа түсті жіптердің бірінен сыңар жиек арқалы ою-өрнек түсіріле сырылған ақ сырмақтар.

№ слайда 7 Сырмақ киіз өлшемі пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне тұтас шақталған бір
Описание слайда:

Сырмақ киіз өлшемі пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне тұтас шақталған бір түсті матаға басқа түсті матадан ою-өрнек ойылып жапсырылады да осы матамен киіз бетін тұтас қаптайды. Сонан соң ою шеттерін қуалай сыңар жиек жіппен әрі жиектеліп, әрі сырылып шығарылады. Мұндай сырмақ үстіне тұтас қапталған мата өңіне сәйкес түстеліп аталады. Кейде мұндай сырмақтардың ортасындағы ою-өрнек бір түсті матадан, жақтауларының ою- өрнегі бір мәнерде ойылады. Орта мен жақтауға ойылатын мән-мазмұны, мәнері бірін-бірі қайталамайды. Сырмақ сырылады, жиектеледі, астарланады. Сырмақтың осы түрі әрі жеңіл, әрі әдемі болады.  Кейде сән үшін аң мен мал терілерін сырмақ ортасына тұтастай жапсырған немесе тері мен киізді біріне-бірін ойыстырған сырмақтар да болады. Мұндай төсеніштерге жүні мықты, тез қырқыла қоймайтын аң мен мал терілері пайдаланылып, сырмақ асты жеңіл матамен астарланады. Көшпелі жорықты өмір талабына сай жабдықталатын осы сырмақ атты төсеніштер көбінесе бірыңғай таза киізден жасалады. Соған орай олардың үлгісі, көлемі, түрі-түсі, тіпті қай еденге, оның қай жеріне салынатын, тасталатын, жататын орнына дейін нақтап, ат қойып, айдар тағылған. Мәселен, үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр сырмақ, төсек сырмақ, от киіз, от сырмақ, жамбас сырмақ, төрткүл сырмақ, тері сырмақ, тері бөстек. Ал түрі-түсіне қарай – ақ сырмақ, қара сырмақ, қара ала сырмақ, қызыл ала, сары ала, көк ала тағы-тағылар болып атала береді.

№ слайда 8 Сырмақ сырғымайтын болды ма? 73 метр қарала сырмақ Астанаға тас-түйін дайын.
Описание слайда:

Сырмақ сырғымайтын болды ма? 73 метр қарала сырмақ Астанаға тас-түйін дайын. «НұрОтан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин жалпақ жұртқа сүйіншілегеннен кейін қазақстандық БАҚ жарыса «қол шапалақтаған». «Қазақстан» ұлттық арнасы, «КТК», «Жетісу» телеарналары, Қазақ радиосы,  abai.kz, baq.kz, kultobe.kz, masa.kz, qamshy.kz  сайттары әз аналардың ерен еңбегіне құтты болсын айтқан... Енді байқасақ, сырмақ Елорданың төріне сырғымай қалатын түрі бар. Қазірге «мынандай күні, мынандай уақытта келіп, Астанаға жеткіземіз» деген құзырлы орын болмапты. «Ұлттық қолөнер» деп бағаламаса да, Елорда мен Елбасының туған күніне сыйлық деп көз қырын салар деген шеберлердің арман-тілегі текке кетпесе болғаны...

№ слайда 9  Сырмақтын түрлері.
Описание слайда:

Сырмақтын түрлері.

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11 Қазақ қол өнері қорындағы киізден жасаған бұйымдар қайталанбас өзгешелігімен,
Описание слайда:

Қазақ қол өнері қорындағы киізден жасаған бұйымдар қайталанбас өзгешелігімен, қалыптасқан топтама жүйелігімен ерекшеленеді. Солардың бірі – сырмақ. Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады. Сыру дегеніміз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу. Демек, сырмақ атауының өзі оны дайындау әдісінен алынған. Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. Айталық, көнерген киіздерді қа­баттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты.

№ слайда 12 Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерде
Описание слайда:

Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы – кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi. Мұндағы ою-өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып, оны мезгiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ. Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi. Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте аз мөлшерде пайдаланылады. Ісмер оюшы бiр түстi жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады.

№ слайда 13 Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетi
Описание слайда:

Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сырады. Және ол салынған ою-өрнекпен жиектелiп, бiрге сырылады. Түрлi-түстi жүндердiң қосылған тұсындағы тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Егер текеметтерде көбiнесе жануардың болмысын ойға салатындай оюлар қолданылса, сырмақтарда өсiмдiк нышандарын бейнелеу басым. Сырмақтың орталық алаңы бар, ол өрнектермен бөлiнедi де, көбiнесе ешкi жүнiмен шашақталып, әдiптеледi. Әдетте оларды шашақты сырмақ деп атайды. Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады. Қазіргідей тігін машиналары жоқ кезде қазақ әйелдері барлық киім-кешек, көрпе-жастық, тұскиіз, дастарқан, т.б. тұрмыстық бұйым­дарды қолмен тіккен.

№ слайда 14  Назарларыңызға рахмет
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Киіз басу өнерінде залық арасындакең атарлағаны текеметбасу, сырмақ оютүрлері. Текемет басу тәсілінің негізгіұзынырғасы бірболғанымен, оның бетінәр түске боялған жүнмен оюлауәдісі әр елдің өзіне тән белгілібіржүйемен жасалынады.

Киіз басу, текеметойыстыруісіалдыменжүн сұрыптаудан басталады. Негізінен, киізбасуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайдажүн түрлеріне қысқаша анықтама берекеткенжөн секілді.

Жабағы жүн қойдың күн жылып, мамыржайболғанда, яғни жазғытұрым қырқылады.Жабағы жүннің қырқылуы оны терідентұтас көтеріле бастаған кезінесайкелутиіс. Өйткені, қой терісіндежаңа түктердің өскіндей бастауыжабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады, екіншіден, мал терісінзақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жолберілмейді.

Күзем жүн қойдың күз мезгіліндеқырқылып алынады. Тағы да жергіліктіжердің ауарайынескереотырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнешереттоғытып, жүні кепкенненкейінқырқады.

Қозы жүні қозы туған жылғы біріншіқырқылған жүн.Сапасыжағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді.

Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырыппайдалануға немесебірмаусымдық жүнді пайдалауға да болады.

 

Егержабағы жүн шайырлыәрі лас болса, әбден жуылып, кептірілгенненкейінғана пайдаланылады. Жуылған жабағы жүн қайшымен ұсақтап қиылады.Өйткені оның талшықтары ұзын, ұйысып, қол байлайды.

Общая информация

Номер материала: 317868
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>