Ұлттық теңге мақтанышымыз (5-11 сыныптар)

Предпросмотр материала:

Ақтөбе облысы,

Байғанин ауданы,

Қаражар орта мектебі

Бектұрғанова Бағдагүл Оразбайқызы. Тарих пәнінің мұғалімі

Тақырыбы:Ұлттық теңге мақтанышымыз.

Мақсаты:

 Білімділік: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі-теңгемен тереңірек таныстыру.

Дамытушылық: Сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен  байланысты оқушылардың мүмкіндіктерін дамыту.

Тәрбиелік : Туған жеріне,Отанына сүйіспеншілігін ояту.

Әдісі: семинар

Көрнекілігі: Теңгелердің суреттері, интерактивті тақта ,слайд.

Барысы:

1.Баяндама. Тақырыбы: Ұлттық теңге мақтанышымыз.

2. «Теңге алу» ұлттық ойыны

3. Ақша жұмсай білесіз бе? (тест)

4.Бейнекөрсетілім. «Көңіл -күй айнасы», «Сызат»

Валюта (итал. Valuta -баға,құн )- белгілі бір елдің заңмен белгіленген ақша өлшемі (АҚШ -та -доллар,Қазақстанда -теңге);шет мемлекеттердің  халықаралық экономикалық айырбас пен басқа да халықаралық байланыстарда пайдаланылатын ақша белгілері (шақалар, банкноттар ,қазынашылық билеттер).

Банкнот (ағыл .- банк билеттері)- эмиссиялық банктер айналысқа шығарған ақша белгілері,қағаз ақшаның негізгі түрі.

Наминал-бағалы қағаздарда ,қағаз ақшаларда ,банкноттарда ,теңгелерде көрсетілген құн.

Қазақстан Республикасы -егеменді ,тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы , мемлекеттік рәміздері,ұлттық валютасы бар.Тәуелсіздік алған  елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлтық валюта. Ол-Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.Ақша -асыл қазына ,халық билігі. Халқымыз тегені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12  қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі  сағат 8:00 -ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер ,табиғат  көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

Теңгенің 16 -ға жуық құпия қорғанысы ,белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық  топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Теңге -біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.Басқаның валютасына тәуелді болу -барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта -еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз  етеді.

Ұлттық «Теңге алу»ойынын ойнап көрейік.

1 теңге -Ұлттық валютамыздың дизайн жасаушы авторлық топтың жетекшісі кім?(Тимур Сүлейменов)

2 теңге- Ұлттық валюта қай жылы  шығарылды? (1993 ж 15 қараша)

5 теңге -Ақша дегеніміз не?(Ақша дегеніміз -қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын ,заттың құнын білдіретін ,металдан ,қағаздан жасалған белгілер немесе бірлік)

10 теңге-Алғашқы ұлттық теңгелерімізге кімдердің кімдердің суреттері салынған?(1 теңге -әл -Фараби,3 теңге Сүйінбай,5 теңге -Құрманғазы, 10 теңге -Шоқан, 20 теңге -Абай,50 теңге Әбілқайыр хан, 100 теңге Абылай, 200-10000 теңге Әл Фараби)

20 теңге -Теңгенің неше құпия  саны бар? (16)

50 теңге-Қазақ теңгесі қайда басылды?(Англияда «Харрисон»фермасы)

100 теңге. Нумизматика дегеніміз не?(Нумизматика -табылған теңге, ақша жасауға қолданылған материалдар бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін  ғылым. Нумизматиканың негізін салушы -веналық коллекционер,оқымысты И.И.Эккель (1734-1798))

Ақшаны жұмсай білесіз бе? (тест)

Тапқан ақшаны орнымен жұмсай білу де парасаттылық .Ақшаңызды қайда ,қалай жұмсап жүргеніңізді білгеніңіз келе ме? Олай болса мына тестті орындап көрейік.

1.Сіз ақшаға соншалықты құмарсыз ба?

а) әрине (2)

ә) аса құмарлығым жоқ (1)

 б) барға қанағат деп жүре беремін (0)

2.Сіз кафеге бардыңыз,тамақтың қай түрін таңдаған болар едіңіз?

а)ең дәмдісін (1)

ә)ең қымбатын (2)

б)қалтама қарай арзанын (0)

3.Сіз базарда жиі сауда жасайсыз ба?

а)жоқ, бұл менің намысыма тиеді?

 ә)маған  қажетті заттың бағасы көтерілгенде (1)

б)әрқашан (0)

4.Үйіңізде өрт болды делік,сіз үйішілік заттардан нені бірінші құтқарар едіңіз?

а) жинақ кітапшамды (0)

ә)жанұялық фотоальбомды (2)

б)өзімнің ең жаңа киімімді (1)

5.Сауда жасағанда ақшаңызды қимай, қиналасыз ба?

а) жоқ (0)

ә)алған затым қажетімді өтесе болды (1)

б)ішім удай ашиды (0)

Балл сандарының қосындысын есепте

8-10 балл;Сіз ақша жұмсауды жақсы көресіз.

3-5 балл: Сіз нағыз ақша шыққанша жаным шықсын дейтін адамсыз.

0-3 балл:Ақшаға өте ұқыпты қарайсыз.

«Тиыннан теңге құралады »- демекші, ақшаны үнемді пайдаланып, қажеттілігімізге  үнемді жұмсай білейік.Ақшаға бәрін сатып алуға болмайды. Өмірде ақша қаншама күшке ие болғанымен оның билігі жүрмейтін жерлер, ешкімде ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп.Мысалы, денсаулық. Тәттілерден ақша үнемдесеңде ,тоя ішер асыңа үнемдеме ,әдемі киімге үнемдесеңде , жақсы кітаптан ақша аяма.

Естеріңде болсын: ақшаға көтеріңкі көңіл -күйді, жақындарыңның сыйластығын ,махаббатты да сатып ала алмайсың. «Көңіл-күй айнасы», «Сызат» бейне көретілімді көрсете отырып «Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас » деп кешімізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

Ұлттық теңге мақтанышымыз (5-11 сыныптар)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Бектурганова Багдагул Оразбаевна

учитель

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 4488
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 1
  • 4488
    просмотров
  • 1
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Бектурганова Багдагул Оразбаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~250

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: