Инфоурок Русский язык Рабочие программы«Ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеміз»

«Ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеміз»

Скачать материал

 

Тақырыбы:                                  «Ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеміз»

                                              

Мақсаты:                                     Қазақ халқынан  келе  жатқан  ұлттық 

                                                      тәрбиені  оқушы  бойына  қалыптастыру 

                                                      және  ұлттық  мүддені  сақтау.

 

Сабақтың барысы:  Лекция   

          І. Ұйымдастыру:  

           Мұғалімнің  кіріспе  сөзі;

 

Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:

Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индус­триялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр.

Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрға­ны­мызда “туған ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық”, “ұлттық идея”, “ұлттық мүдде”, “ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз” интернацио­налистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін. Қазір уақыт өзгерді, заман басқа, уақыт сұранысына жауап беретін талап та басқа. Бүгінде ұлт, ұлттық, ұлтшылдық мәселесі жақсы мағынада елдік санаға ұласып отыр. Елдік сана дегенде ең алдымен ойға оралатын нәрсе, қазақ елінің мәңгілігі туралы идея. Бұл не деген сөз? Қазақ елінің мәңгілігі туралы идея – біздің тәуелсіз мемлекетімізде жетекші ұлттық санаға айналуы керек деген сөз. Яғни, Қазақ елі – мәңгілік ұлттық идея. Осы мазмұн туған елімізде қайсы ортада, қандай бағытта болмасын негізгі ұстын, басты тірек болуы керек.

Орайы келгенде айта кететін нәрсе, жауһар Астанамызда бой көтерген “Қазақ елі” мемориалдық кешенінің негізгі мазмұн-мағынасы да, міне, осыған саяды. Расында да, осынау киелі атқа ие болған сәулет өнерінің жаңа туындысына зер салып қараған адам, одан еліміздің сан ғасырлық тарихын, ұлтының болашағы жолында қасық қаны мен күш-жігерін аямаған ұлы перзенттерін, халықтың асыл мұратын терең сезініп қана қоймайды, сонымен бірге ұрпақтар байланысын, қазақ елінің кеше­гісі, бүгінгісі және ертеңгісін айғақтайтын уақыт үндестігінің белгілерін де аңғарар еді.

Сондықтан да, бұл ескерткіштің өкшебасар ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке, елдік биік санаға тәрбиелеуде маңызы аса зор болатынына сеніміміз кәміл. “Қазақ елі” монументі өткен күнді көз алдымызға елес­тетумен бірге келешек жайлы да ой қоз­ғайды. Мұны монументтің ашылу салтана­тында сөйлеген сөзінде Қазақстанның халық жазушысы, сенатор Әбіш Кекілбаев орынды атап көрсетті. “Бұл – Ел жолында жүк қалдырмас Ерлікке ескерткіш. Бұл – абзал армандар мен асыл мұраттарға қанат бітіре алатын дарқан Елдікке ескерткіш. Бабалар аманатын орындаған ардақты ұлын аялаған халықтық махаббаттың ескерткіші” деген сенатордың салмақты да салиқалы ой-пікірі біздің де ықылас-пейілімізбен үндесіп жатыр.

Енді ұлттық биік сананы қалай қалып­тастырамыз, оны жүзеге асырудың жолдары қандай деген мәселеге келейік. Қазір барлық елдер мен мемлекеттер біркіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Негізгі кіндігі еркін таңдау және жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс өркениеті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі ретіндегі батыстану – бұл тек батыс­тың технология­лық жетістіктерін, экономи­калық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау ғана емес, сонымен бірге әлеумет­тік реттеудің (адам құқығы, жеке адамның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзім­ділік, әдептілік, т.б.) мәдени-өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау екенін түсінген дәстүрлі қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда. Бұл тұрғыда негізгі келіспеушілік өркениеттердің өзара кірігуі мен ұштасып кетуіне қарсылық­та болып тұр. Анығырақ айтқанда, жаһан­дану барысында Батыс мәдени құндылық­тарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төлтумалық сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін деген қауіп­ке әкеліп тірейді. Өйткені, өткен ғасырдың орта шенінен айтыла бастаған өркениет бәсекесі қазір шын мәнінде ақиқатқа айнала бастады. Бәсеке бүгінгі күні экономикада, саясатта, идеологияда, мә­дениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, тағы басқа салалар­да қызу қарқынмен жүріп жатыр. Рас, Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, тех­нологиясы, біздер үшін өте қажет, алайда, Батыс өркениетінің қор­шаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарау­ға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мә­селеде бізге үлгі бола алмайды. Сондықтан Батыс өркение­тіне шамадан тыс еліктеуші­лік жақсылықтың нышаны емес. Тағы да қайталап айтудың реті келіп тұр, батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндіріс­ті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылық­тарды еш уақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Қанша аз уақыт жұмсалса, сонша пайдасы көп. Алайда басы ашық мәселенің бірі – қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды.

Бұл шығар күндей анық мәселе. Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың игілігін көреді. Егер жаһандануды ұлттық мемлекеттік болмысқа икемдей алмасақ, оның ықпалына түсіп алып, жалаң еліктеуге ұрынатын болсақ, онда мемлекет те, сол мемлекетті жасап отырған ұлт та геосаяси тобырға айналып, рухани жаулаушы өркениеттің құлақкесті құлы болып қала береді.

 

 

Қорытындылау:  Ендеше, оған қарсы тұру үшін не істеу керек? Одан өз бітім-кескінін сақтаған қазақ қоғамын аман алып қалудың қандай тетіктері бар? Біздің ойымызша, оның ең тиімді үлгісі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ол жайдан-жай емес, әрине. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы мемлекетшілдік, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені, біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысы­мызды, ұлттық ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқаны­мыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындауға мәжбүрміз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеміз»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индус­триялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр.

Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрға­ны­мызда “туған ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық”, “ұлттық идея”, “ұлттық мүдде”, “ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз” интернацио­налистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін. Қазір уақыт өзгерді, заман басқа, уақыт сұранысына жауап беретін талап та басқа. Бүгінде ұлт, ұлттық, ұлтшылдық мәселесі жақсы мағынада елдік санаға ұласып отыр. Елдік сана дегенде ең алдымен ойға оралатын нәрсе, қазақ елінің мәңгілігі туралы идея. Бұл не деген сөз? Қазақ елінің мәңгілігі туралы идея – біздің тәуелсіз мемлекетімізде жетекші ұлттық санаға айналуы керек деген сөз. Яғни, Қазақ елі – мәңгілік ұлттық идея. Осы мазмұн туған елімізде қайсы ортада, қандай бағытта болмасын негізгі ұстын, басты тірек болуы керек.

Орайы келгенде айта кететін нәрсе, жауһар Астанамызда бой көтерген “Қазақ елі” мемориалдық кешенінің негізгі мазмұн-мағынасы да, міне, осыған саяды. Расында да, осынау киелі атқа ие болған сәулет өнерінің жаңа туындысына зер салып қараған адам, одан еліміздің сан ғасырлық тарихын, ұлтының болашағы жолында қасық қаны мен күш-жігерін аямаған ұлы перзенттерін, халықтың асыл мұратын терең сезініп қана қоймайды, сонымен бірге ұрпақтар байланысын, қазақ елінің кеше­гісі, бүгінгісі және ертеңгісін айғақтайтын уақыт үндестігінің белгілерін де аңғарар еді.

 

Сондықтан да, бұл ескерткіштің өкшебасар ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке, елдік биік санаға тәрбиелеуде маңызы аса зор болатынына сеніміміз кәміл. “Қазақ елі” монументі өткен күнді көз алдымызға елес­тетумен бірге келешек жайлы да ой қоз­ғайды. Мұны монументтің ашылу салтана­тында сөйлеген сөзінде Қазақстанның халық жазушысы, сенатор Әбіш Кекілбаев орынды атап көрсетті. “Бұл – Ел жолында жүк қалдырмас Ерлікке ескерткіш. Бұл – абзал армандар мен асыл мұраттарға қанат бітіре алатын дарқан Елдікке ескерткіш. Бабалар аманатын орындаған ардақты ұлын аялаған халықтық махаббаттың ескерткіші” деген сенатордың салмақты да салиқалы ой-пікірі біздің де ықылас-пейілімізбен үндесіп жатыр.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2015 1918
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аймагамбетов Аманжол Серикович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 146977
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 254 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 767 человек

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе