Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыӘлуметтік орта технологиялық карта

Әлуметтік орта технологиялық карта

Скачать материал


Тәрбиеші: Касымханова Раушан Адилкариқызы

Күні: 12.10.17

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Күзгі табиғат құбылыстары

Мақсаты: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру.

Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: күздің суреттері

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Қостілділік: осень-күз.

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар?

- Дұрыс байқапсыңдар, тағы қандай өзгерістер болады?

Тәрбиеші балаларға күз маусымының өзгерістері туралы қосымша ақпарат береді.

- Күз мезгілі?

- Күн қысқара бастады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр құстар жылы жаққа ұшады.

- Ауа райы суытады, жаңбыр жауады.

Ұйымдас-тырушы-

лық-

ізденістік


- Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма, ол қандай ағаш?

Қайың ағашы туралы қосымша сұрақтар қойылады.

Ағаштың түрлері көп. Мына екі ағашқа назар аударыңдаршы. Екі ағаш бір-біріне ұқсай ма, әлде өзгешеліктері бар ма? Мынау - үйеңкі ағашы. Үйеңкінің жапырақтары пішіні жағынан әртүрлі, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйеңкі ағашының жапырағының түсі қандай болып тұр?

- Үйеңкі ағашы ерте көктемде гүлдейді, жазда жемісін беріп, күзде жемістері піседі. Бұл ағаштың жапырақтарын көгалдандыру жұмысына қолданады.

Балалар, қараңдаршы, үйеңкі ағаштары қай жерлерде өсіп тұр? Яғни, балалар, үйеңкі ағашы күн көзінде де, немесе ала көлеңкеде де өсе береді. Суыққа төзімді және ылғалды өте жақсы көреді, сондықтан не істеуіміз керек екен?

Енді, балалар, мына бір ағашқа қараңдар, бұл ағаш қалай аталады, кім біледі?

Бұл - емен ағашы.

- Кәне, емен ағашын құшақтап көріңдерші, қандай екен?

Енді үйеңкі ағашын құшақтап көріңдер, ол қандай, жуан ба әлде жіңішке ме?

Енді жоғарыға қарап, екі ағаштың биіктігін салыстырайың. Қайсысы биік, қайсысы аласа?

Жапырақтарының пішіні қандай?

Емен ағашы да жеміс береді, кәне, еменнің жемісін кім көрсетеді және оны қалай атайды? Педагог емен ағашының қабығы мен жаңғағының емдік мақсатта қолданатындырын және т.б. пайдалылығын түсіндіреді.

-Балалар, ағаштар жанды табиғатқа жата ма, әлде жансыз табиғатқа жата ма?

- Неліктен олай ойлайсыңдар?

- Олардың өсуі үшін не қажет?

- Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?

Дұрыс айтасыңдар, ағаштарды көгалдандыру үшін де пайдаланады және шаң тозаң, түтіннен қорғайды.

Қалай қорғайды.

Ал жануарлар үшін қандай пайдасы бар?

Тәрбиеші қорытындылайды.

«Жапырағынан таны» ойыны:

Ойын шарты бойынша 1. Әртүрлі ағаштардың жапырақтарын жинайды. 2.Жинаған жапырақтарының ішінен үйенкі және емен ағаштарының жапырақтарын тауып, сипаттап береді (пішіні, түсі, қай ағаштың жапырағы т.б.).

Сергіту сәті

Сергіту сәті аяқталғаннан соң педагог балаларға үйеңкі және емен ағашының жапырақтарын жинауды тапсырады.

Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.


Бірдей емес, өзгешелігі бар (балалар екі ағаштың айырмашылықтарын айтуға тырысады).


- Сары, қызғылт түс.

Ашық алаңда және көлеңкелі жерде өсіп тұр.


Жиі суғарып тұру керек.

Балалар білетін болса, жауап береді. Білмесе тәрбиеші өзі айтып толықтырады.

- Жуан.

- Емен ағашына қарағанда жіңішкерек.

- Емен ағашы биік, үйеңкі ағашы аласа.

- Сопақша, жиегі ирек. Емен ағашының жемісін алып келіп, оның жаңғақ деп аталатындығын

айтады.

- Жанды табиғатқа жатады.

- Өйткені олар да біз сияқты өседі.

- Ауа, су, жарық, жылу қажет.

- Көлеңке болады, әдемілік үшін қолданады, жиһаздар жасайды.


Шаңды жапырағына қондырып алады.

Жануарлар олардың жемісін, жапырағын жейді. Құстар олардың бұтақтарына ұя салады.



Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды. Әр бала жапырақтар жинайды.


Жинаған жапырақтарын бастырып, оларды бояйды.

Рефлек-сиялық-түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, емен және үйеңкі ағашын танып, атауды.

Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді.

Меңгереді: емен ағашының емдік пайдасы мен құрылыста пайдаланылуы, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктерді күтуді, қамқорлықпен қарауды.







Тексерген:_________________________________

































ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері жүзжылдық (алоэ) аспидистра.

Мақсаты: алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптай білуге баулу.

Көрнекіліктер: ыдысқа отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, гүлдерді күтіп-баптауға арналған құралдар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.


Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.

Балалар шаттың шеңберіне тұрып, өздері білетін өлең жолдарын айтады.

Ұйымдас-тырушы-

лық-

ізденістік


- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

Қысы-жазы жасыл боп

Терезе алдында тұрады.

Шаңды өзіне жұтып ап,

Ауаны да тазартады.

Ол не балалар? Қонаққа қолында екі түрлі бөлме өсімдігін ұстаған гүлдер патшайымы келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін, өзін таныстырады да, балаларға гүлдер әлемінен сыйлық ала келгенін айтады. Қолындағы бөлме өсімдіктерін балаларға көрсетіп, қандай өсімдік екенін сұрайды. Гүлдер патшайымы:

- Балалар, мына гүлдің аты - алоэ, ал мына гүл - аспидистра. Кәне, қайталаймыз.

- Балалар, мен сендерге осы екі бөлме өсімдігін күтіп-баптасын, қамқор болсын деп алып келдім. Мен қайтадан гүлдер әлеміне баруым керек. Себебі: онда мені көптеген өсімдіктер күтіп отыр. Сендер өздерің осы екі бөлме өсімдігімен жақсылап танысып алыңдар. Егер де осы өсімдіктер туралы сұрақтарың болса, үш рет алақандарыңды соғып, «гүлдер патшайымы, дыбыс қат» десеңдер болғаны, мен өзім келмесем де, сұрақтарыңа жауап бере аламын.

Қоштасып, шығып кетеді.

Енді, балалар, бұл гүлдермен жақсылап танысайық (балаларға бөлме өсімдіктерін бақылап, зерттеу

жүргізуді ұсынады).

Алоэ өсімдігі бізге Африкадан және Мадагаскар аралынан келген екен. Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас

өсімдіктер көп кездеседі. Алоэ өсімдігінің жапырақтары сүйір, шырынды, қатты (ылғалдылықты

сақтай алатын арнайы ұлпасы бар), қалың қабықты, шеттері өткір тікенді болып келеді. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°С деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Жаз уақытында алоэның су сақтағыш ұлпалары ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әрбір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ.

- Ал мына бөлме өсімдігі қалай аталады дедік?

- Аспидистра өсімдігі туралы кім не біледі? Жаңа өздерің бақылау жасадыңдар. Енді маған осы гүл туралы айтып беріңдерші.

- Жарайсыңдар, балалар, бақылауды жақсы жасапсыңдар. Дегенмен де біз аспидистра өсімдігі туралы толық білмейтін сияқтымыз. Сондықтан гүлдер патшайымын шақырсақ қайтеді.

Осы кезде үнтаспадан дауыс естіліп, аспидистра өсімдігі туралы мағлұмат беріледі: «Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын (50 см),

түсі қою жасыл, қабығы жылтыр болады. Жапырағының ұзындығына бола оны «Биік аспидистра» деп атайды. Үй жағдайында терезе алдын және үстел үстін көмкеруге қолданады. Аспидистра жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде де өсе береді. Қыста ауа температурасы 15°С-тан төмен болмағаны дұрыс. Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай, жиі суғару қажет. Қыста суғару азайтылады. Ауаның құрғақ болғанына аспидистра гүлі шыдамды келеді».

Сергіту сәті

Біз кішкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізде қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші «Таным» орталығындағы балаларға «Ғажайып гүл» ойынының шартын түсіндіреді.

Ойын шарты бойынша бірінші өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті заттардың суретін іріктеу, екінші өсімдіктің өсу жолдарына қарай суреттерді ретімен қою тапсырылады.

«Әлеуметтік» орталығындағы балаларға өсімдіктердің жапырағын сүртіп, топырағын қопсытып, суғару тапсырылады.

Дәптермен жұмыс.




-Гүл.


Балалар білетін болса, гүлдердің аттарын айтып береді.


- Алоэ, аспидистра.

Балалар гүлдерді ұстап, олардың жапырағы мен сабағына т.б. бөліктеріне мән беріп қарайды.



- Аспидистра.


- Аспидистра өсімдігінің жапырағы ұзын. Өздері топтасып өседі. Жапырағы жасыл. Алоэның жапырағына қарағанда жұқа. Оның да тамыры бар. Ол топырақтың астында жасырынып жатыр.



Балалар қарсы еместіктерін білдіріп, қолдарын үш рет шапалақтап: «Гүлдер патшайымы бізге аспидистра өсімдігі туралы айтып беріңіз», - дейді.


Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.


Бірінші «Таным» орталығындағы балалар бірінші өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті ауа, су, жарық, топырақтың

суретін іріктейді.



Екінші өсімдіктің өсу жолдарына қарай суреттерді ретімен қояды.





Екінші «Әлеуметтік» орталығындағы балалар бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртіп, топырағын қопсытып, су құяды.


Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруді; өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.

Игереді: алоэ, аспидистра өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын; өсімдіктерінің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігін.

Меңгереді: бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды, оларға қамқорлықпен қарауды; өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде ересектермен, құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуды.

















«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Гүлзардағы раушангүл.

Мақсаты: гүлзардағы раушангүлімен таныстыру. Раушангүлін танып, басқа гүлдерден айырмашылығын айтып беруге үйрету. Олардың тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру. Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: раушангүлінің бірнеше түрі, олардың өсу кезеңдері бейнеленген суреттер немесе слайд, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: гүлзарда өсіп түрған гүлдерді бақылау, раушангүлінің ескірген күлтелерін жинау.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, раушангүлінен жасалған шай, сусын, тосап (мүмкіндігінше), раушангүлінің күлтелері.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Шаттық шеңбері:

- Балалар, бәрімізге де достарымыздың көтеріңкі көңіл күймен жүргені ұнайды.

Балалар өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін айтады.

Ұйымдас-

тырушы-

лық-

ізденістік

- Балалар, кешегі гүлзарға барғанымызды есімізге түсірейікші, қандай гүлдердің түрлерін байқадыңдар?

- Балалар, сол гүлзардағы гүлдердің ішінде менің көзіме ерекше бір гүл байқалды. Ол гүлдің түстері әртүрлі, тікенекті болып келеді. Мен қандай гүл туралы айтып тұрмын? Олай болса, біз бүгін раушангүлімен танысамыз. Раушангүлінін, балалар, бірнеше түрі болады. Қазір біз оны компьютер (суреттері) арқылы көреміз. Раушангүлінің түрі көп болғанымен олардың өзара ерекшеліктері болады екен. Кәне, кім қандай өзгерістерді байқады? Раушангүлдері бір-бірінен қандай ерекшелігімен ерекшеленеді? Ал ұқсастықтары қандай? Тағы да қандай ұқсастықтары бар? Дұрыс айтасыңдар, басқа гүлдер сияқты раушангүлі де топырақта өседі екен.

Қонаққа Раушан атты қыз келіп, өзінің өсірген раушангүлдері туралы айтып береді:

- Раушангүл - гүлдердің патшайымы. Оның да басқа гүлдер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және әдемі гүлі болады және олар жай маусымында гүлдейді. Раушангүлі түсі мен көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Раушангүлінің көпшілігі гүлзарда өседі. Бөлмеде өсіретін раушангүлі де болады. Екі раушангүлін көрсетеді. Демек, балалар, раушангүлінің күлтелерінен алынған майды сабын, әтірге, кремге қосады екен. Сол себепті сабын мен өтірден раушангүлдің иісі шығып тұрады. Раушангүлінің күлтелерінде әртүрлі дәрумендер бар. Раушангүлінен алынған майды адамдар тісі ауырғанда пайдаланады және суға шомылғанда қолданады.

- Міне, балалар, көрдіңдер ме, раушангүлінің пайдасы көп екен. Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар раушангүлін зиянды жәндіктерден қорғауымыз керек екен. Оны ересек адамдар арнайы дәрі қосылған суды жапырақтарына бүрку арқылы қорғайды.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші «Әлеуметтік» орталығындағы балаларға раушангүл

күлтелерінен шырын дайындаудың жолдарын түсіндіру.

Екінші «Таным» орталығындағы балаларға раушангүлді құрастыру тапсырылады.

«Кім жылдам?» ойыны.

Тәрбиеші өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Жылдам әрі дұрыс жауап берген балаға бір

ойыншықтан (фишка) беріп отырады.

Көп ойыншық жинаған бала жеңімпаз атанады.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.



Гүлзардағы гүлдер, өсімдіктер, көргендерін айтады.



- Түстері әртүрлі болады.

- Үлкен, кіші, орташа түрлері болады.

- Барлың раушангүлінде тікенектер болады. Барлығы да топырақта өседі.

- Қыздарға Раушан деп ат қояды.



Өздерінің үйіндегі раушангүлдер туралы да айтады.




Бірінші орталықтағы балалар раушангүлінің күлтелерін жуып, банкаға салып, қант қосып шырын жасайды.











Екінші орталықтағы балалар қағаздан қиылып берілген раушангүлдің күлтелерін түстеріне қарай біріктіріп, құрылысын ретімен орналастырады.



Ойын ережесін сақтап ойнайды.


Рефлек-сиялық-түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: гүлзарда өсетін раушангүлі өсімдігін танып, айтып беруді.

Игереді: раушангүлінің түстері мен көлеміне қарай әртүрлі болатындырын, олардың басқа гүлдерден айырмашылығын көріп, айтып береді; раушангүлінің тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы, бөлме өсімдіктері сияқты гүлзардағы өсімдіктерді де күтіп-баптау керектігін.

Меңгереді: өсімдіктерді бей-берекет жұлмау керектігін, оларды күтіп-баптауды, раушангүлінен шырын жасауды.















































«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Аквариумдағы балық. Шілтерқұйрық.

Мақсаты: Шілтерқұйрықпен таныстыру. Балықтардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын көре білу, тіршілігі басқа балықтарға қарағандағы айырмашылықтары жайлы айта білуге үйрету. Балықтың да жанды табиғатқа жататындығы туралы түсінігін кеңейту. Аквариумдағы балықтарға қамқорлық қарым-қатынасы қажет екендігін түсініп, оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аквариум, шыны ыдысқа салынған шілтер-құйрық балығы, суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жүзетін ойыншық балық.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Мотива-

циялық-

қозғау-шылық

Шаттық шеңбері:

Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алайық.

Шаттық шеңберіне тұрьш, бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайық.

Мен өзімді жақсы көремін.

Мен сені жақсы көремін.

Сен де өзіңді жақсы көре аласың.

Және мені де жақсы көре аласың.


- Балалар, мына суреттерге қарағдаршы, ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

- Балықтардың басқа жануарлардан айырмашылығы неде?

- Балалар, балықтың денесі үш бөліктен тұрады. Олар: бас, кеуде және құйрық.

- Енді балалар, аквариумға қараңдаршы, қандай балық жүзіп

- Дұрыс айтасыңдар, аквариумда алтын балық жүзіп жүр. Сендер алтын балық туралы білесіңдер.

Бүгін бізге тағы да бір қонақ келді. Ол - шілтерқұйрық деген балық (балаларға шыны банкаға салынған балықты көрсетеді).

Балаларды шақырып, балықты мұқият бақылауды және алтын балық пен шілтерқұйрықтың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екендігін

айтып беруді ұсынады.

-Екі балықтың қандай ұқсастықтары бар?

- Дұрыс айтасыңдар, балықтар осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. Жүзуге арналған қанаттары қалай орналасқан?

- Балалар енді балықтың бас жағына назар аударыңдаршы, бүлк-бүлк етеді. Бұл балалар балықтың желбезегі. Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен? Қандай айырмашылығын байқадыңдар? Кәне, балалар, құйрығына қараңдаршы неге ұқсайды? Дұрыс айтасыңдар, сол себепті де бұл балықты шілтерқұйрық деп атаған екен, көне қайталап көрейікші. Тағы да қандай өзгешелігі бар? Енді екі балықтың да суда жүзгеніне назар аударыңдар, не байқадыңдар? Неліктен, алтын балық шілтерқұйрыққа қарағанда еркін жүзіп жүр? Демек, бұл балықтар қайда тіршілік етеді екен?

-Ал алтын балық пен шілтерқұйрықты өзенге жіберсек не болады деп ойлайсыңдар, оларөзен-көлдерде өмір сүре ала ма? Олар өздерін қалай сезінер еді?

-Дұрыс айтасыңдар, аквариумда өсетін балықтар өзен-көлдерде тіршілік ете алмайды, себебі оларды

басқа үлкен балықтар жеп қоюы мүмкін. Аквариумдағы балықтар да еркіндікті сезіну үшін, оларға жағдай жасау керек екен. Ол үшін біз аквариумға нелер орналастыруымыз керек?

Жарық жақсы түсетін аквариумдардың тең жарымына өсімдік отырғызуға болады. Енді балалар, шілтерқұйрыққа арнап аквариумды безендірейік.


- Балықтардың.

Балалар көлеміне, түсіне байланысты жауап беруі мүмкін.

-Балықтар суда жүзеді, олардың аяқтары жоқ т.б.

-Алтын балық.

Балалар шыны ыдыстағы

шілтерқұйрық және аквариумдағы алтын балықты бақылап, олардың қозғалысына мән береді.

- Аузы кішкене ұқсайды, қабықтары ұқсайды, екеуінде де жүзетін қанаттары бар.

- Арқасында, іш жағында орналасқан.

- Қабыршақтары бар.

- Шілтерқұйрықтың көзі үлкен, қанаттары, құйрығы ұзын.

- Шашқа, желбірге ұқсайды.

Балалар шілтерқұйрық сөзін бірнеше рет қайталайды.

- Түсінде, денесінде өзгешеліктер бар.



Шілтерқұйрық дұрыс жүзе алмай жүр. Ол тез жүзе алмай жатыр т.б.



Өйткені ол аквариумда жүзіп жүр, ал шілтерқұйрық кішкентай ыдыста дұрыс жүзе алмай жүр.





- Суда, аквариумда.

Олар өзен-көлдерде тіршілік ете алмайды, себебі: қоректерін тауып, жей алмайды.

- Тастар, құм, өсімдіктер.

Арнайы өсімдіктер

орналастыруымыз керек.

Ұйымдас

тыру-

шылық-

ізденістік

Енді балықты тамақтандырсаңдар болады. Балыққа көп тамақ беруге болмайды. Мөлшермен береміз. Сол себепті кезек-кезекпен беріп отырамыз.

Қол, саусақ жаттығуы.

Балық жүзеді,

Балың қанаттарын желпиді.

Балық тамақ жейді,

Балықтар дем алады.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Миға шабуыл: Қандай балық сусыз өмір сүре алады?

Ойыншық балықтың қозғалыста болуы үшін не жасауға болады?

Екі бала шығып, біреуі алтын балыққа, екіншісі шілтерқұйрыққа тамақ береді.

Балалар саусақтары арқылы балықтың қалай жүзетінін, қанаттарын желпитінін, тамақты қармап жейтінін т.б. көрсетеді.

Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.


- Ойыншық балық сусыз өмір сүреді. Балалар өз ойларын айтады.

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін

дәптердегі таңбаларға

белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап

береді, өздерінің пікірлерін

айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балық түрлері, олардың тіршілігі туралы, балықтың тек қана суда өмір сүретіндігін және аквариумда тіршілік ететін балықтарға жағдай жасау керектігін.

Игереді: шілтерқұйрық балығын таниды, оның алтын балықпен өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын, аквариумдағы балықтарға адам күтімінің қажеттілігін.

Меңгереді: балықтарды күтуді, қамқорлықпен қарауды.

































«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Үй жануарлары жылқы және есек.

Мақсаты: екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, ойынға арналған екі бірдей жануар бейнеленген суреттер, үй жануарларының қиынды суреттері, ватман.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады.

Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік


Жұмбақ

1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Ол қай жануар?

2. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

3. Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген.

Ірімшік пен құрт майы,

Жегенде тілді үйірген.

Үй жануарлары - түйе, сиыр, ешкінің суреттерін көрсетіп, сұрақтар қоя отырып білетіндерін қорытындылау.

Балалар, тағы да қандай үй жануарларын білесіңдер?

«Сықарын тап» ойыны.

Жануар бейнеленген суреттің сыңарын табу тапсырылады.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтары балаларға «Өрістегі малдар» тақырыбында тапсырма беріледі.

Екінші орталықтары балаларға бірнеше бөлікке бөлінген жануарларды құрастыру тапсырылады.

Сергіту сәті.

Toп-топ түсіп төрт тұяқ,

Шоқырақтап шап, атым.

Құйрық-жалың сусылдап,

Үш оғындай садақтың.

Өзен кешіп, тау асып,

Шабысыңнан танба сен.

Дүрсілдетіп дүниені

Ытқып-ытқып заула сен.


Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.


- Түйе.


- Ешкі.


- Сиыр.


Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.

Жылқы мен есектің ұқсастығы мен ерекшелігін, үй жануарлары деп аталу себебін, оларды адамның күтіп-бағатынын, жылқының өнім ретінде беретін пайдасын айтып береді.


Ойын ережесін сақтап, түсініп

орындайды, бейнеленген жануар туралы айтып береді.

Бірінші орталықтары балалар

үлкен ватманға жайылып

жүрген жануарларды жапсырады.


Екінші орталықтағы балалар түсі мен көлеміне т.б. қарай жануарлардың дене бөліктерін құрастырады.


Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлек-сиялық-түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.

Игереді: жылқы мен есекті танып, ұқсастықтары мен айырмашылырын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.

























































«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Үй жануарлары. Қой, ешкі.

Мақсаты: үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі, жылқы, есек туралы түсініктерін кеңейте отырып, қоймен таныстыру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттері, құрылыс материалдары, құрт жасауға дайындалған сүзбе.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын. Балаларды шақырып, көп суреттер мен ойыншықтардың ішінен өздеріне таныс үй жануарларын алуды ұсынады.

Мынау - қой, ал мынау - ешкі.

Біз бүгін осы екі жануармен танысамыз.

- Қалай ойлайсыңдар, қой мен ешкі үй жануарларына жата ма, әлде жабайы аңдарға жата ма?

- Неге олай ойлайсыңдар?

Қой мен ешкі туралы түсіндіреді.

«Дұрысын тап» ойыны. Балаларды үш топқа бөліп, ойын ережесін түсіндіреді. Жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттерін араластырып, үстелдің үстіне шашыратып қояды.

Миға шабуыл: Бұл ненің көлеңкесі? Көлеңкелі театрды пайдаланып, үй жануарларының бейнесін көрсетеді.





Әдемі күлуді үйренейік,

Жағымсыз әдеттерден жиренейік.

Ешкімнен, ешнәрседен қорықпай,

Мейіріммен әрқашан күлейік.

Балалар жылқы, түйе, ешкі, сиыр, есек т.б өздеріне таныс жануарлардың суреттерін алып, алған суреті бойынша айтып береді.

Балалар теледидардан, суреттерден көргендерін айтады.

- Үй жануарына жатады.

Өйткені оларды адамдар бағып,

оларға қора жасап береді. Ойын ережесі бойынша бірінші топ жүннен тоқылған киімдерді, екінші топ сүттен жасалған тамақтарды, үшінші топ еттен жасалған тағамдарды іріктеп, олардың аталуын, қолданылуын, пайдасын, қай жануардың берген өнімі екендігін айтып береді. Балалар қай жануар екенін табады.

Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік


- Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы көп ақпарат алдық. Енді ата мен әженің ауылына саяхатқа барамыз.

Балаларды керекті құралдар-жабдықтары Алдын ала

дайындалып жасалған «Әлеуметтік» және «Таным»

орталығына бөледі.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Ауыл кейпінде жасалған

«Әлеуметтік» және «Таным» орталығына келеді.

Ата, әжемен амандасып

болғаннан кейін қыз балалар

«Әлеуметтік» орталығында

әжеге құрт жасап көмектеседі.

Ал ұл балалар «Таным»

орталығында үй жануарларына арнап қора құрастырады.

Дәптерде берілген тапсырманы

орындайды.

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,

көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.

Игереді: қой мен ешкіні танып, ұқсастықтары мен айырмашылырын салыстырмалы түрде сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: қой мен ешкінің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.


«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Тиін.

Мақсаты: Тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы түсіндіру. Жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту.

Көрнекіліктер: тиіннің суреттері, тиіннің тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.


Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне жинайды.

Бір-біріне алақан арқылы жылу беріп, бір-біріне жылы сөздер

айтады.

Ұйымдас-

Тырушы-

лық

ізденістік


- Балалар хайуанаттар бағына кім барды?

Ол жерден қандай аңдар көргендеріңді еске түсіріңдерші?

- Мен сендерге жұмбаң жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңның суретін тақтаға іледі.

1. Өзі бір қу

Жүрген жері айқай мен шу. Ол қай аң?

2. Қорбаң, қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып an,

Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не?

3. Сұр түсті Ақсиған көп тісті.

4.Секең, секең етеді,

Орман оның мекені.

-Жарайсыңдар, балалар, енді осы аңдар туралы кім айтып береді?

- Ал тиінді көргендерің бар ма? Сендердің көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың басында жүреді. Біз бүгін тиін жайлы әңгімелесеміз.

Міне, мынау - тиін (суретін көрсетеді).

- Дұрыс айтасыңдар, демек, тиін қарағайлы ормандарды мекендейді екен. Тиін туралы білгілерің келсе, алдыларыңда тұрған суретке назар аударыңдар.

- Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай?

Енді мен сендердің айтқандарыңа кішкене толықтырулар енгізейін. Ол үшін біз қазір тиін туралы түсірілген бейнетаспаны қараймыз. (Бейнетаспадан балалар тиіннің тіршілігі туралы толық ақпарат алады).

Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын, құлағында шашағы болады. Аяқтарында ұзын тырнақтары бар, қалай ойлайсыңдар тырнақтары қандай қызмет атқарады?

- Ал мықты тістері мен әдемі әрі ұзын құйрығы қандай қызмет атқарады? Дұрыс айтасыңдар, олар құйрықтарын ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін және аязды күні суықтан қорғану үшін қолданады. Олар қатты суық болған кезде домаланып жатып, құйрықтарын жамылғы ретінде пайдаланып ұйықтайды. Қыстыгүні тиіндердің жүндері үлпілдек, жұмсақ, қалың, ұзын, ал жазға қарай керісінше жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған болып келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде және көктемде түлейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуесіне не жартас жарығына салады.

- Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды?

Жаз, күз мезгілінде тиіндер тоң жүрсе де, қыс маусымына дайындық жасайды екен. Олар қыс маусымына қалай дайындалады?

- Оларды қай жерге жинайды?

- Дұрыс айтасыңдар, ағаштардың қуыстары мен ойық жерлеріне тасып қор жинайды. Уақыт өте келе олар жемін қай жерге көмгендерін ұмытып қалады. Қыс түскенде олар жинаған қорларының кейбіреуін ғана кездейсоқ тауып алады. Тиіндердің бұндай аңқаулығын басқа жануарлар мен құстар жақсы пайдаланады.

Миға шабуыл:

- Балалар, тиіндердің де табиғаттың көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тиеді екен. Олар да адамдар сияқты өсімдіктерді отырғызады. Кәне, ойланайыңшы, олар өсімдіктерді қалай отырғызуы мүмкін?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.


Балалар хайуанаттар әлемінен аю, қоян, түлкі, қасқыр, піл

арыстан, маймыл т.б. аңдарды көргендерін айтады.



-Түлкі (түлкінің суретін іледі).

- Аю (аюдың суретін іледі).

-Қасқыр (қасқырдың суретін іледі).


-Қоян (қоянның суретін іледі).

Балалар суретке қарап, аңдар туралы білетіндерін әңгімелейді.

- Бар.

- Тиіннің түсі қызғылт, үстінде жүні бар, құйрығы ұзын, құлағында шашағы бар, әдемі көздері жылтырап тұрады.


- Ағаштың діңдерін ойып, қуыс етіп жасайды.

- Шырша, балқарағай жаңғақтарымен қоректенеді.



Олар ағашқа өрмелеп шығуы және қорегін ұстап тұруы үшін ыңғайлы.

-Тиіндер тісімен қатты жаңғақтарды шағып әрі кеміріп жей алады. Ал құйрығы ағаштан-ағашқа секіру үшін керек.






- Қыста жеу үшін жаңғақтар мен саңырауқұлақтар жинайды.

- Ағаштардың жемістері мен жаңғақтарын, бүрлерін, саңырауқұлақтарды жинайды. Ағаштардың түбін қазып көміп тастайды.




- Тиіндер жерге көмген жаңғақтары мен дәндердің орнын ұмытып қалады. Сол көмілген жаңғақтардан көктемде өсімдіктер өсіп шығады.





Сергіту жаттығуын жасайды.

Дәптерде берілген тапсырманы

орындайды.

Рефлек-сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сқрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тиіннің жабайы аң екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасын, олардың көбінесе орманда тіршілік ететіндігін, қыс маусымына қалай дайындалатыны туралы.

Игереді: тиінді танып байқап, сипаттап береді; тіршілігін, мекенін, құйрығы мен тырнақтарының ұызметін, олардың табиғаттың көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тиетіндігін.

Меңгереді: тиіндердің табиғаттағы орны, тіршілігі, қозғалысы, қорегі, адамға пайдасы, тиіндердің түстерінің тіршілік етіп жүрген ортасына қарай өзгеріп тұратындығы және бейімделуі туралы білімді игереді.































«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Шымшық.

Мақсаты: сауысқан туралы ұғымын жалғастыра отырып, шымшықпен таныстыру. Шымшықтың тіршілігі, басқка құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету. Құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сауысқан және шымшықтың суреттері, шымшықтың тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жұмыртқа.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Шыр, шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.


Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік





































Тәрбиеші балаларға сауысқанның суретін көрсетіп, олардың дене бітімі, тіршілігі туралы сұрақтар қояды.

Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін балаларды шымшықтың тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспаны көруге шақырады. Шымшықтың тіршілігі туралы қосымша ақпарат береді.

-Шымшық дене мөлшері жағынан орташа және ұсақ болып келеді. Жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоң қауырсын – «тақиясы» (айдары) болады; қанат, құйрық қауырсындары қара, оларға жол-жол болып сары қауырсындар араласқан, бауыры ақ. Аналығы мен балапандарының арқасы жасыл сұрғылт тартқан, бауыры ақшыл.

Қалай ойлайсыңдар, шымшық қай жерлерде тіршілік етеді?

- Шыршалы және аралас ормандарды мекендеп, су айдындарына жақын жүреді, қайыңды, қандыағашты тоғайларда қоректенеді. Олар адамдар мекендейтін жерге (ауыл, қала) жылдың қай мезгілінде келеді?

- Шымшықтардың күндіз және түнде қандай әрекеттерін байқадыңдар?

- Ұялары қандай жерлерде болады?

Ұялары болмаған жағдайда кез-келген ағаштар мен бұталарды, жарлардың қуыстарына тығылады.

- Шымшықтар қандай дыбыс шығарады?

- Шымшықтар немен қоректенеді?

- Шымшық тамағын несі арқылы жейді?

- Шымшықтың тұмсығы қандай?

Кәне, тағы да бейнетаспаға назар аударайыңшы, шымшық не істеп жатыр?

Дұрыс айтасыңдар, шымшық шетеннің (рябина) жемісін жейді, сол кезде тұмсығына шеттеннің тұқымы жабысып қалды. Ал тұмсығын тазалаған кезде тұқымдар жерге түсіп қалды. Енді сол жерге жеміс ағашы өсіп шығады.

Бұл - шымшықтың адамға әкелетін пайдасының бірі. Тағы да қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар күн көтеріліп, сәулесін шаша бастағанда, яғни қаңтар, ақпан айларында ән салып, әдемі әнімен қысты одан сайын көріктендіріп, адамдарды қызықтырады. Ол көктемнің жақындағанын білдіреді. Көктем жақындаған сайын олардың дауысы да қаттырақ шығып, әндері жиі естіле бастайды. Ал көктем айы келгенде олар не істейді?

«Қалай дыбыстайды?» ойыны.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.



Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

Балалар бейнетаспадан шымшықтың әрекеті мен тіршілігін мұқият қарап, бақылайды.

Шымшықтың дене бөліктері мен түсі туралы айтып береді. Сауысқанға ұқсайтын жақтары

мен айырмашылығын бөліп айтып береді.

- Орманда тіршілік етеді.

- Күн суытқан кезде.

-Алғашқы қар жауған кезде. Қыстыгүні.

- Күндіз тамақтарын тауып жейді, қараңғы түсе бастағанда ұяларына кетеді.

- Ағаштың басында, қуысында.

- «Дю-дю. Рюм-рюм», - деп дыбыстайды.

- Жидектерді жейді.

- Тұмсығы арқылы.

- Жуан.

Балалар жауап беруге тырысады.

- Дәндерді жеді де, ағашқа қонып тұмсығын сүртіп, тазалады.

- Олар ән салып, адамдарды қуантады.

- Орманға ұшып кетеді де жұмыртқа салады, одан балапан

пайда болады.

Құстардың дауыстарын тыңдайды, олардың қай құс екенін анықтап айтады.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шымшықтың немен қоректенетіні, қалай қозғалатыны, қалай дыбыс шығаратыны туралы.

Игереді: шымшықты танып, ажырата алады, сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі, адамға, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: шымшықтың қыстап қалатын құс екендігі туралы білімді игереді, аязды күндері шымшыққа адамның қамқорлығы керектігі туралы ұғымды игереді, қамқор болады.



















































«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:__________________________________________________

Күні:_______________________________

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Пияз отырғызу.

Мақсаты: Пияздың әртүрлі болатындығы, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп-баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін жөне өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: пияздың бірнеше түрі бейнеленген сурет. Өсу жолы бейнеленген сурет.

Қажетті құрал-жабдықтар: барлық бала санына жететіндей пиязды отырғызуға арналған топырақ салынған ыдыстар, пияз тұқымы, тұқым себуге арналған сөл үлкенірек топырақ салынған жәшік, бос жәшік, су, балалардың қолына киетін жұмыс қолғабы, алжапқыш т.б.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: көкөністерге байланысты әңгіме жүргізу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.


Мотива-циялық-

қозғауылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

Ұйымдас-тыру-

шылық-ізденістік


Миға шабуыл:

- Балалар, мен сендерге бір ғажайып қорапшаны ала келдім. Бұл қорапшаның ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі әңгімеміз соған байланысты болады. Ол не екен, кім таба алады? Ол жанды табиғатқа жатады.

- Оны адамдар көп пайдаланады. Ол көкөністер тобына жатады. Оны шикідей де жеуге болады және тамаққа қосады.

Оны тамақтың барлық түріне пайдаланады.

Ол өзі бірнеше қабат киім киген.

Ол туралы мынандай жұмбақ та бар.

Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады. Ол не?

Әрине, ол - пияз. Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз. Жұмбақта не үшін ұрмай-соқпай жылатады делінген?

Кәне, пияз туралы кім айтып береді?

Педагог балалардың жауаптарын пияздың бірнеше түрі бейнеленген суреттерді көрсетіп, қосымша сұрақтар қоя отырып толықтырады.

Пияздың түсі қандай болады екен. Суретке қараңдаршы.

- Жапырақтары қандай болады?

- Пияздың бірнеше түрі болады екен. Мысалы, жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұндай пияздар тұқым арқылы (тұқымын көрсету) өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олар домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне- бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады.

- Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма?

- Ол бақшада өсе ме, әлде бақта өсе ме?

- Пияздың қалай өсіп-өнетінін көргендерің бар ма? Пияз қалай өседі?

- Пиязды өсіру үшін не керек?

- Дұрыс айтасыңдар кез-келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.

- Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын ба?

- Қазір біз пиязды отырғызамыз. Сендер бірінші алдыларыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскін болады, сол өскінді жоғары қаратамыз. Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз? Тәрбиеші пиязды қалай отырғызу керектігін көрсетеді.

- Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз? Жарайсыңдар, балалар, енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқымдары қалды. Мен сендерге тұқымнан өніп шығатын пияздың түрі бар екендігін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз.

Қалай ойлайсыңдар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма, әлде отырғызған пияз тез өсе ме?

Тәрбиеші балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп-баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.



- Ойыншық.


- Қарындаш т.б. заттардың атын

айта бастайды.


- Гүл, шөп.


- Алма, алмұрт т.б.


- Сәбіз.


- Картоп.


- Орамжапырақ.


- Пияз.


Өйткені пиязды қабыршағынан

аршығанда, турағанда көзіңнен

жас шығады.


Балалар пияз туралы білетіндерін айтады.


- Дәмді болу үшін қосады.

- Көкөніске жатады.

- Бақшада өседі.

Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

- Топырақ, су, жарық, жылу керек.

- Тамыры бар жағын.



Балалар пиязды алып аударыстырып қарап, жасыл өскіні мен топыраққа отырғызатын жағын тауып алады.


- Тамырынан білеміз.


Балалар тәрбиешінің жасаған әрекетін қайталайды.


Балалар жауап беруге тырысады.


Дәптерде берілген тапсырманы орындайды


Рефлек: сиялық-түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

Іс-әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болатындығын, олардың тұқым және көшет арқылы көбейетіндігін, бақшада өсетіндігін, көкөніс тобына жататындығын, өсуі үшін су, топырақ, жарықтың қажеттілігін.

Игереді: пияздың әртүрлі болатындығын, сортына қарай тәтті, жартылай ащы, ащы болатындығын, пияздың тұрмыста, медицинада қолданылуын, оларды өсіру үшін су, топырақ, жарық және күтім керектігін, бақшада өсетіндігін.

Меңгереді: өсімдікті отырғызудың және себудің қарапайым түрін; күтіп-баптауды, пиязды отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.
























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әлуметтік орта технологиялық карта"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 205 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2018 1417
    • DOCX 62.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Марат Харлгаш Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Марат Харлгаш Маратовна
    Марат Харлгаш Маратовна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4224
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для дошкольников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 953 человека

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 101 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе