Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Ұлы - Абай" тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ұлы - Абай" тәрбие сағаты

библиотека
материалов


hello_html_76efbf80.pngСыныптан тыс оқу

(4-сынып)

Тақырыбы: "Абай –ұлы ақын"

Мақсаттары:

1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.

2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

3.Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, оқулықтар, М.Әуезов суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық.

Ережені қалай сақтау керек.

Тыныштық сақтау,

Бір-бірімізді тыңдау.

Ойымызды толық айту.

ә) Оқушыларды таңдап алған заттарына қарай 4 топқа бөлу.

"Көктем" тобы

"Жаз" тобы

"Күз" тобы

"Қыс" тобы

ІІ. Кіріспе бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің "Абай –ұлы ақын" атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.

1-ші бастаушы:

"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді

Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндеді.

2-бастаушы:

Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

1-ші бастаушы:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

2-ші бастаушы:

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

1-ші бастаушы:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.


2-ші бастаушы:

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.








2-ші бастаушы: Достар, Абай атамыз туралы не білеміз?


Оқушылар жауабы: Біз Абай атамыздың өмірбаянымен туған жерімен таныстық.

Оқушылар жауабы: Абай Құнанбаев атамыздың қара сөздерімен таныс болдық.

Оқушылардың жауабы: Сондай-ақ Абай атамыздың ерекше сазды әуен әндерімен таныстық. Атап айтатын болсақ, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым, саған Қаламқас».

Оқушылар жауабы: Абай Құнанбаев атамыз жылдың төрт мезгіліне байланысты өлеңдер шығарған.

Оқушылар жауабы: Сол жыл мезгілдерін бейнелеп суреттеп салған.

1-бастаушы:

І. Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді

1-ші оқушы:Абай- ұлы ақын, Абай –ана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.


2-ші оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.


1-ші оқушы: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.


2-ші оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.


1-ші оқушы: Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.


2-ші оқушы: Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.


1-ші оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.


2-ші оқушы: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған.


1-ші оқушы: 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.

1-бастаушы:

ІІ. Табиғат –адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай атамыз табиғатты жырлаған. Ол-табиғат лирикасы.

Абай атамыздың табиғат мезгілдері жайлы өлеңдерінен үзінді

«Көктем» Көктемде қар еріп, өзендерде сен жүреді.Әсем қызғалдақтар құлпыра жайнап, түрлене бастайды.Жеміс ағаштары гүл атады. Қайың мен терек жасыл жапырақтарын жаяды. Көктемнің осы көрінісін Абай атамыз былай суреттейді:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

"Жаз" Маусым, шілде айларында төңірекке көз салып көріңіздерші..... Ешбір көркем кілемнің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіздер.Даланы жайқалта өскен гүлдердің хош иісі мұрын жарады. Өзінің "Жаз" деген өлеңінде ақын атамыз былай деп жырлайды.

Жаздыгүні шілде болғанда,

Көк орай шалғын бәйшешек.

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.

"Күз" Күз.Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылық болады. Аспанды бұлт торлап, төңіректің бәрі жазғы түрінен, әсем көркінен айырылады.Топ-топ болып құстар жылы жаққа кетеді.Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырға қосады:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жердібасқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, би қашқан, тай жарысқан.

"Қыс" Қыс. Айналаның бәрі ақ көрпе жамылғандай. Ағаштар аппақ гүл шоқтары тәрізді. Төңірек мүлгіген тыныштық. Ауа райы жиі өзгеріп, қатты аяз, боран болады. Оны ақын атамыз былай деп суреттейді.

Ақ киімді, денелі ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


2-бастаушы:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, -дей келе Абай әндерін ортаға салайық.

Жакиянов Темірлан мен Кусайн Аяулымның орындауында «Көзімнің қарасы.»


ІҮ. Келесі Абай атамыздың қара сөздерінен үзінді

1-оқушы:

1.Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен:

Қара сөзде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол надандық,екінші еріншектік, үшінші залымдық.

Надандық-ғылым- білімнің жоқтығы.

Залымдық- адам баласының дұшпаны.

Еріншектік- хайуандық.

2-оқушы:

2.Абайдың отыз жетінші қара сөзінен: Жаман дос-көлеңке,басында күн шалса, қашып құтыла алмайсың,басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас;

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол.

3-оқушы:

Жетінші қара сөзінен: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады. Біреуі-білсем екен демеклік.

4-оқушы:

Он жетінші қара сөзінен:

Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті:Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

5-оқушы:

Отыз жетінші қара сөзінен:

Дүние –үлкен көл,заман-соққан жел,

Алдыңғы толқын-ағалар, артқы толқын-інілер,

Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер

6-оқушы:

Қырық екінші сөзінен:Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі-жұмысының жоқтығы.


2-бастаушы: Абай қазақ қана емес, туысқан елдердің де көптеген талантты ақындарына ұстаз.


1-бастаушы: Келесі тамашалайтындарыңыз Көрініс. "Абай мен Әбіш"

Авторы: Исаканова Дильназ

Абай: Миникеев Әлімжан

Әбіш: Абдихаликов Асылхан

Автор.Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді. Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

Абай. Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

Әбіш. Ақ зат асыл ғой.

Абай.Неге, қара зат асыл емес пе?

Әбіш.(күліп).Әке, қараны қалай асыл дейсіз?

Абай. Балам, біріншіден,адам баласы барлық нәрсені көзбен көреді емес пе.

Көздің ағы көрмейді,ортасындағы қарашығы көреді.Қараның асылына осы дәлел.

Екіншіден балам,қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиядан өнер-білім алады.

Үшіншіден. жас кезде адамның сақалы,шашы қара болады. Жас күнде адамда ақыл, білім,қайрат көп болады.Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды.

Балам, сондықтан мен қараны асыл ма деп ойаймын.

Әбіш. Әке, оның бәрін қалай білдіңіз?

Абай.Ақылмен білдім, балам.

Әбіш.Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!Екіншіден, ақыл-нұр, жарық зат. Ол да аққа ұқсамай ма.

Абай. Бәрекелді, балам.

Ақылыңнан айналдым. (Баласының маңдайынан иіскп, сүйеді.)

Автор. Абай Әбіштің тауып айтқан сөзіне риза болды.

2-бастаушы:

Абай еді кешегі асқақ ақын,

Қара сөзге қандырған бүкіл халқын.

Мейлі 100 жыл мейлі мың жыл өтсің,

Тот баспайды сөздерін оның алтын.

1-бастаушы:

Абай

Абай ақын, Абай- дара, Абай – дана

Абайша өлең жазған ақын бар ма?

Тербеткен әніменен кең даламды,

Абайы бар халықта арман бар ма?


Абай әділ, Абай – ғалым, Абай- сыншы,

Абайды шет елдерде тани білді.

Әр сөзінен ғибрат, тәлім алып,

Әр өлеңі жатталып ойға сіңді.


Абай - әнші, Абай -жыршы, Абай - тілші,

Абайша шындықты тілмен тілімдеші.

Ұлы ақынға өлең арнау осы кеште

Парызым деп ұққан шәкіртім –мен деп білші.

Хормен:

Өлмес атын өзінің,

Өлеңімен қалдырған.

Шөбересі Абайдың,

Біз бақытты балдырған.


1-бастаушы: Осымен біздің шағын «Абай-ұлы ақын» атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Краткое описание документа:

Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен  таныстыру.

Оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

 

Абайдың  шығармалары  арқылы туған  елге  деген  махаббатты,қазақтың ән  өнеріне  қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды  адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген  құштарлығын  арттыру.

"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің  кіршіксіз ақ  жүрегінен  тебіренткен сансыз  ойларын  тамаша  шығармалары мен жалынды  жырларының бетіне маржандай төгілдірді

 

Абай өз  өлеңдерінде   жастарды  өнер, білім алуға  шақырды.Адал  еңбек  етуге,халқына пайда  келтіруге  үндеді.

Автор
Дата добавления 07.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров753
Номер материала 370091
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх