Инфоурок Всеобщая история Рабочие программы"Ұлы билер өміріне саяхат"

"Ұлы билер өміріне саяхат"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Қазақ билері

 

Сабақтың мақсаты: Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.

 

Негізгі идеялар:  Билердің ролі. Үш би. "Жеті  жарғы". Тәуке кезіндегі қазақ хандығы.  Батырлардың алатын орыны. Ұлы батырлар ерлігі.

Сілтеме: Оқулық  5-сынып, интернет материалдары, жинақтама деректер.

Көрнекі және дидактикалық құралдар: Презентация, проектор, оқулық, кесте, дәптер, А3, түрлі-түсті маркерлер билердің суреттері

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.  Сабақта жоқ оқушыларды  белгілеу.  Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

&29. Қазақ хандары

-Хан қандай қызмет атқарған?

-Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?

-Қазақ хандығының нығаюына үлес қосқан қай қазақ білесіңдер?

- Қазақ хандығының құрылуына не себеп болды?

-Төлеңгіттер деп кімдерді атайды?

ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі тақырыпты білу үшін, назарымызды слайдқа аударайық.

Мұғалім сабақтың тақырыбын , сабақтың мақсаты мен міндетін  ұсынады

Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін анықтау  Сабақтың  мақсаты  оқушыларды Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы мағұлмат алып, Би  деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарған еңбегіне баға беруге үйрету.

Оқушылар дәптерге базалық білім негіздерін жазып алады.  Мұғалімді мұқият тыңдайды, дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазады, жұппен талдайды.  Сөздерге түсінік береді.

 

Жаңа тақырыпты меңгеру

а) Кіріспе:

  Мұғалім сөзі: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында- қазақ халқына әйгілі билеріміздің орыны ерекше.

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,

Кім оның жарлығынан мойын бұрған.

Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ,

Халық соны кетіпті "би" деп атап.

     Бүгінгі сабақта  мемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орыны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы билерге тоқталып өтеміз.

б) "Миға шабуыл"  әдісімен

Алдымен "Би" ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар?  Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық.

Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау, мақсат қою, нақыл сөздермен таныстыру.

ІІІ топқа бөлініп отыруы (4-баладан)

 І топ– Төле би,    ІІ топ – Қазыбек би ,     ІІІ топ – Әйтеке би

Әр топ 7 мин – ішінде ауызша портрет жасап, сосын оны бүкіл сынып алдына  ұсынады. (Оқулық бойынша, мәтін бойынша - туған жылы,  қайда,  есімі қалай,  қандай нақыл сөздер айтты, еңбегі қандай?)  төңірегінде ойланып, өз ойларын айтады.

"Ұлы билер өміріне саяхат"

1. Өгізді-өрге салма-қанатың талар,Наданға көзіңді салма-сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер,Дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер. (Төле би)       І топ сөйлейді

-1663-1756 жж. өмір сүрген,  Ұлы жүздің төбе биі.

-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

-Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан;

-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;

-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі;

-"Жеті Жарғы" заңын  жасаушылардың көрнекті өкіл;

2. Үй жанында биік төбең болса, Ол ерттеулі аттан кем емес,

Отбасыңда білгір қартың болса,Ол жазылған хаттан кем емес.

Ей, біз үш жүз-үш қазақ, керіспейік,Асылы, бізге керіскен жөн емес, келіскен жөн. (Қазыбек би)       ІІ топ сөйлейді

-1667-1764 жж. өмір сүрді.

-Орта жүздің биі. Арғын тайтасының қаракесек руынан.

-Қазақ хандарының ақылшысы, елші-мәмілегер, дипломант.

-Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жол мен үш рет барған.

-Асқан шешен, ел басқарған, елші-мәмілегер, дипломант.

-1682-1766 жж. өмір сүрген. Кіші жүдің биі.

-Әлім тайпасының   руынан шыққан.

3. Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.

Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болап найзаң тимесе,

Жұрттан алабөтен үйің күйсін! (Әйтеке би)

-1682-1766 жж. өмір сүрген. Кіші жүдің биі.

-Әлім тайпасының   руынан шыққан.

Жаңа тақырыпты меңгеру

в) Топпен жұмыс. 6 мин      Топпен бірлесе талқылау

І -топқа. Төле бидің балалық шағы туралы мәтіннің жартылай бөлігі  ғана  берілді, ары қарай оқушылар оқиғанын қалай өрбігенін диалогтық әңгімелесу, ақылдасуы арқылы  өздерінше болжайды.

      Төле би өз халқының шешендік өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.  Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Шешендігі: Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда  әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.

 Сонда  Төле бала:

- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

ІІ- топқа. Қаз дауысты Қазыбек биге мінездеме беру. Бұл тапсырмада оқушыларға  Қазыбек би туралы мағлұмат ала отырып, оның  бойындағы қасиеттері туралы сыни ойлауға  шақырдым.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз,

ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,

жеріміздің шетін жау баспасын деп

найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылады.

  Елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен.

ІІІ топқа

Әйтеке бидің балалық шағы туралы:

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның төрбиесінде болады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

      Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді. 
Жолаушының жасы үлкені:

- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл? - Сейітқұл аулы. - Өзің кімнің баласысың? - Бөйкектің баласымын - Атың кім? - Қосуа бидің «үйі қайсы? – Анау қыр  астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз - дейді әлгі қарт жолаушы.  Әйтеке  сәл ойланып тұрып: - Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін құн, жабықта тепсе - жарты құн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар-дейді. Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген  балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін алар - депті.Сонда әлген баланың әкесі:Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүр бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.

Үш топқа тапсырма:
Тәуке ханның "Жеті жарғысының"  мазмұны:

-"Қанға-қан, мертіктіргені үшін нақ сондай мертіктіру арқылы кек алынсын".

-Құрлық, тонау, зорлық, зинақорлық жасағаны үшін өлім жазасына кесілсін.

-Құн төлеу. Ер кісі үшін-1000 қой, әйел үшін-500 қой. Бас бармақ-100 қой, шынашақ-20 қой.

-Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адамның туыстарына 7 адамның құқын төлейді. Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адамның туыстарына 7 адамның құнын төлейді.  Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші -9 мал, ал соққы жығушы  27 мал айып төлейді. -Өзін-өзі өлтіруші зираттан оқшау жерге жерленеді. -Әке-шешесіне тәл тигізген немесе ұрған ұлын мойнына құрым киіз байлап, қара сиырғ теріс қаратып мінгізеді де, ауылды айналдыра жүргізіп, қамшымен дүрелейді.

г) Мәтінмен жұмыс -   (5 минут )    «Үш бидің әңгімесі»

Ертеде ұлы жүздің бір жесірін Кіші жүздің бір жігіті алып қашып, содан барымталасып,  ел арасы ығыр болыпты. Осы дауды шешу үшін Үш жүздің белгілі билері бас қосады. Сонда________жүздің биі_______тұрып:

-Мен ағаның баласымын, жасым үлкен, билікті мен айтамын, -дейді.

Сол кезде келесі _____жүздің биі _____тұрып:- Мен атаның қара шаңырағындағы кенжесімін, жасым кіші болғанымен жолым-үлкен, төбе билік менікі, -дейді.Осы кезде келесі________жүздің биі______күледі. -"Жылағанды сұрама-мұңы бар, күлгенді сұра-сыры бар" деуші еді, неге күлдің? -дейді _____жүз биі.

-Сендер атадан туысыңды білесіңдер ме, өсиетін ұмытқан екенсіңдер,-дейді. ______.Аталарың_____қолына қауға беріп, малға қой, ____қолына найза беріп, жауға қой,________қолына қамшы беріп, дауға қой дегені қайда?! Сүрінсем, сүйер алдыма-ағам, артымда інім бар   бөбе билік жөні менікі емес пе? Бұл сөзге екі жағыда тоқтап, төбе билікті ________береді.

Проблемалық сұраққа жауап беру: 

Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің үстемдік жүргізуі, билік айтуы, өздерінің беделін арттыру үшін бе? әлде өзінің  билігін нығайту  үшін бе? қалай ойлайсыңдар? Ойланайық би қандай болу керек?-деген  проблемалық сұрақ

- Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлғалардың  ерліктеріне  мінездеме беруге  тырыстық, енді олардың қандай ортақ қасиеттерін өз бойларыңа алар едіңдер? қысқаша дәптерлеріңе  жазыңдар.

Сабақтың рефлексиясы

Сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойларын айтады.

Бүгінгі білгенімізді ортаға салып,  «Үш пайғамбар» атанған үш би туралы әңгімелер мен олардың нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама жасайық. Ел мұңын мұңдаған, халқына қызмет еткен билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық? 

* елші, мәмілегер                  *тәрбиеші            * саясаткер, қоғам қайраткері

* заңгер          * ақын           * ойшыл, ғалым    * психолог         * шешен

Жиренше шешен айтқан «жақсылар» біздің рухы күшті аталған шешендеріміз екені даусыз.Ұрпағы – сендер ұмытпай, ұлағатты сөздерін жаттап, айтып жүрсеңдер, олардың аттарының көгімізде мәңгі шырқап тұрғаны емес пе?  Мына өздеріңе жақсы таныс ескерткіш-мүсіндегі қияға көз тіккен бабалардың отырысы ел іргесінің мығым екенін аңғартатындай(слайд)

"Кім жылдам?"

1. Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында)

2. Болмас іске қарыспа,  Біреуге ор қазыспа

   Жауыздық іске барыспа.  Кімнің нақыл сөзі? (Төле би)

3. Қазыбек би  мәмілегерлік қызметін неше жастан бастады? (18 жас)

4. "Жеті жарғыда"  қарастырылған мәселелер?

5.  Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң болсаң жауға найзаң тисін-деген нақыл сөз кімдікі? (Әйтеке би)

Ү. Бекіту сұрақтары:

"Тарихи бас қатырғыш"  Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі". Оқушылар адасқан    әріптерді  тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.

1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)

2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір сүрд? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)

3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға қатысқан заң? (Билері, "Жеті жарғы")

4. ӘУТЕК ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

5. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)

6. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент, Төле би)       

"Мені түсін" ойыны

Тақтада бүгінгі сабақтың мәтінін толық аша алатын, үлкен мағана беретін 8 сөз жазылған, оқушылар кезектесіп жазылған сөздер төңірегінде ғылыми тілмен қысқа да нақты жауап қайтаруы тиіс:КӨСЕМ, ШЕШЕН, ЗАҢГЕР, ЕЛШІ,  БАТЫР, САЯСАТКЕР, ОЙШЫЛ, ҒАЛЫМ,  МӘМІЛЕГЕР

ҮІ. Бағалау. Оқушылар бағалау парағы бойынша  бағаланады (3 мин)

Сабақ

тақырыбы

 

Оқушы

 аты

Жұмыстың түрлері 5  балл

Толық

тыру

Ауызша жауап 

Мәтін. жұмыс

Сұрақ- жауап

Оқушы бағасы

Қазақ билері

 

 

 

 

 

Мұғалім бағасы

 

 

 

 

 

 

Топ бағасы

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: Төле бидің жұмбақтап айтқандарын, Қазыбек би мен Әйтеке бидің толғауларын жаттау.

«Шынайы шешен-жарқын тұлға» (шағын эссе – ойтолғау жазу)

Сабақты қорытындылау

-Бүгінгі сабақта нені меңгердік? Сабақтың барысында қойған мақсатымыз бен міндеттерімізді орындай алдық па?Бүгінгі алған білімдеріңнің сендер үшін маңыздылығы бар ма?

         Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету, елін жаудан қорғайтын,  болашақ қазақ жастарының  мына сіздердің қолында деп есептеймін.

Осы мен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

 

http://arka-ajari.kz/public/uploads/29_12_2011/P2510502.JPG

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұлы билер өміріне саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: "Ұлы билер өміріне саяхат"

Сабақтың мақсаты: Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.

Негізгі идеялар: Билердің ролі. Үш би. "Жеті жарғы". Тәуке кезіндегі қазақ хандығы. Батырлардың алатын орыны. Ұлы батырлар ерлігі.

Сілтеме: Оқулық 5-сынып, интернет материалдары, жинақтама деректер.

Көрнекі және дидактикалық құралдар: Презентация, проектор, оқулық, кесте, дәптер, А3, түрлі-түсті маркерлер билердің суреттері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

&29. Қазақ хандары

-Хан қандай қызмет атқарған?

-Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?

-Қазақ хандығының нығаюына үлес қосқан қай қазақ білесіңдер?

- Қазақ хандығының құрылуына не себеп болды?

-Төлеңгіттер деп кімдерді атайды?

ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі тақырыпты білу үшін, назарымызды слайдқа аударайық.

Мұғалім сабақтың тақырыбын , сабақтың мақсаты мен міндетін ұсынады

Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін анықтау Сабақтың мақсаты оқушыларды Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы мағұлмат алып, Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарған еңбегіне баға беруге үйрету.

Оқушылар дәптерге базалық білім негіздерін жазып алады. Мұғалімді мұқият тыңдайды, дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазады, жұппен талдайды. Сөздерге түсінік береді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2015 2106
    • DOCX 5.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ислямгалиева Жанна Букенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66916
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе