Инфоурок ОБЖ ПрезентацииҰлы Отан соғысындағы атақты шайқастар

Ұлы Отан соғысындағы атақты шайқастар

Скачать материал
Скачать материал "Ұлы Отан соғысындағы атақты шайқастар"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АТАҚТЫ ШАЙҚАСТАРЫ

    1 слайд

    ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АТАҚТЫ ШАЙҚАСТАРЫ

  • 2 слайд

  • Курс  шайқасы.1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызы...

    3 слайд

    Курс шайқасы.1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті. Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын — американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Батыс Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солтүстік-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.
     
    -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.
    -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.
    -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.
    1945 жылғы 9 тамыз — одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды.
     

  • 4 слайд

  • Сталинград шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қор...

    5 слайд

    Сталинград шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылмауын пайдаланып, кеңес-герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігнде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экономика маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23-інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару-жарақтың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62-(қолбасшысы – ген.-лейтенант В.И. Чуйков) және 64- (қолбасшысы – генерал-майор М.С. Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қорғауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары, тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1942 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбіне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемл. Қорғаныс к-ті 12 тамызда Бас штаб бастығы ген.-полковник А.М. Василевскийді, 29 тамызда армия ген. Г.К. Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солт. жағынан ғана емес, оңт. тұстан да басып кірді. Неміс-фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15-іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон (қолбасшысы генерал-лейтенант К.К. Рокоссовский) және Оңтүстік-Шығыс майданы (қолбасшысы ген.-полковник А.И. Еременко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратег. қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды. Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы 1942 жылы 19 қарашада басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: “Уран” – Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; “Кіші Сатурн” – Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; “Шеңбер” – Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Бұл міндеттерді іске асыру Оңтүстік-Батыс майдан (қолбасшысы генерал-лейтенант Н.Ф. Ватутин), Дон майданы (қолбасшысы генерал-лейтенант Рокоссовский) және Сталинград майданы (қолбасшысы генерал-полковник Еременко) әскерлеріне тапсырылды. Шабуылдың бесінші күнінде Оңтүстік-Батыс және Сталинград майдандарының алдыңғы шептегі бөлімшелері қосылды. Неміс әскерлерінің 300 мыңнан астам елеулі тобы қоршауда қалды. Қоршауға түскен әскерлерді сырттан соққы беру арқылы одан босатуға ұмтылған гитлерлік командование генерал-фельдмаршал Э.Манштейннің басшылығымен “Дон” армиясы тобын құрды, ол Сталинград тобына бұзып өтуді бастады. Манштейнге қарсы Ставка генерал-майор Р.Я. Малиновскийдің 2-гвардия армиясын бұрды. Оңтүстік -Батыс және Сталинград майдандарының ойдағыдай әрекет жасауы нәтижесінде 6 және 4-неміс танк армиясы, 3 және 4-румын, 8-итальян армиялары талқандалды. Солтүстік Кавказда әрекет етуші неміс-фашист әскерлерінің тылына, Ростовқа шабуыл жасауға жағдай туды. 1943 жылы 10 қаңтарда Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кірісті. Қоршауда қалғандарға үздіксіз қызмет ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады. 1943 жылы 2 ақпанда генерал-фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн-ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Оған қосымша фашистер 32-дивизиясынан және 3-бригадасынан айрылып, 16-дивизиясы ауыр соққыға ұшырады. Сталинград шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. Неміс-фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық-саяси жағынан қатты әсер етті. Германия одақтастарының шығыс майданында соғысқа деген ықыластары болмады. Сталинград түбінде Венгрия, Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға өте қатты әсер етті. Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын ойластырды. Түркия бейтараптылығын сақтап қалды

  • 6 слайд

  • 7 слайд

  • Мәскеу шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқастардың бірі. Мәскеу шайқа...

    8 слайд

    Мәскеу шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқастардың бірі. Мәскеу шайқасы қорғаныс ұрыстары (1941 ж. 30 қыркүйек – 5 желтоқсан) және қарсы шабуыл (1941 ж. 6 желтоқсан – 1942 ж. 20 сәуір) кезеңдерінен тұрады. Неміс қолбасшыларының “Тайфун” атты арнайы шабуыл жоспары бойынша Мәскеуді басып алуды Германияның “Орталық” армиялар тобы жүзеге асырмақ болды. Бұл топ резервтегі әскерлер мен кеңес-герман майданының басқа шептерінен жіберілген бөлімдермен, әскери техникамен күшейтілді. Германия-Мәскеу бағытына 74,5 дивизия (1,8 млн-нан аса адам), 1700-дей танк, 1390 әскери ұшақ, 14000 зеңбірек пен миномет шоғырландырды. Ал Мәскеу бағытын қорғап тұрған кеңестік Батыс Резерв және Брянск майдандарының құрамында 1250 мыңдай адам, 990 танк, 677 әскери ұшақ, 7600 зеңбірек пен миномет болды. Немістер үш екпінді топ құрды. Оның екі тобы солтүстіктен және оңтүстіктен шабуылдап, Мәскеуді КСРО тылынан бөліп тастамақ болса, негізгі топ Гжатск арқылы тікелей соққы бермекші болды. Шабуылды 1941 ж. 30 қыркүйекте немістердің оңтүстік тобы, 2 қазанда орталық және солтүстік топтары бастап, кеңес әскерінің шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Кескілескен шайқастардан соң Қызыл Армия бөлімдері 12 қазанда Калуганы, 14 қазанда Калинин қалаларын қарсыластарға қалдыруға мәжбүр болды. Немістер қазанның 16-сында Боровскіні, 18-інде Можайск мен Малоярославецті басып алды. Кеңес әскерлерінің күшін біріктіру мен басшылықты жақсарту мақсатында Резерв майданы Батыс майданға қосылып, оған басшылық ету армия генералы Г.К. Жуковқа тапсырылды. Қорғаныс шептерін салуға 450 мыңдай мәскеулік қатысты. Халық арасынан тұрақты әскери бөлімдер жасақталып, 17 қазанда Калинин майданы (командашысы – генерал-полковник И.С.Конев) құрылды. Батыс майданның 16-армиясы (генерал К.К. Рокоссовский) Волоколам бағытында, 5-армия (генерал Л.А. Говоров) Можайск, 49-армия (генерал И.Г. Захаркин) Калуга бағытында жаумен шайқаста ерлік көрсетті. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы бойынша Мәскеу мен оның айналасы 20 қазаннан бастап “қоршау жағдайында” деп жарияланды. Германия 15 қарашада Мәскеуге екінші рет күшті шабуыл бастады. Қантөгіс ұрыстардан соң немістер Мәскеу-Еділ каналына дейін жетуге мүмкіндік алғанымен, Кеңес әскерінің негізгі шептерін бұза алмады. 5 желтоқсанда барлық бағыттағы жау шабуылы тоқтатылды. Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ерекше көзге түсті. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфилов) болды. Дивизияның 1075-полкінің саяси жетекші В.К. Клочков бастаған жауынгерлер 16 қараша күні Дубосеково разъезінің түбінде өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстанда жасақталған 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г.П. Коротков) Тула маңында, Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы (полковник А.Ф. Наумов) Малоярославец бағытында Мәскеуді қорғауға қатысты. Мәскеу шайқасында панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетті. Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылын 5 желтоқсан күні Калинин майданы 6 желтоқсан күні Батыс майданы, Оңтүстік-Батыс (Кеңес Одағының Маршалы С.К. Тимошенко) майданы әскерилері бастады. 800 шақырымға созылған майданда ұрыстар жаңа күшпен жалғаса түсті. 1942 ж. қаңтарда қарсы шабуыл Қызыл Армияның жаппай шабуылына ұласты. Шайқастардың нәтижесінде қарсыластар батысқа қарай 400 шақырымға дейін қуылып, Мәскеу, Калинин және Тула облыстарының ондаған қалалары мен жүздеген селолары басқыншылардан азат етілді. Қызыл Армияның қарсы шабуылы нәтижесінде жаудың “Орталық” армиялар тобы орасан зор шығынға ұшырап, 500 мыңдай адамынан, 1300-дей танкісінен, 2500 зеңбірегінен, 15 мыңнан аса автокөлігінен айырылды. Мәскеу шайқасында фашистік армия алғаш рет ауыр жеңіліске ұшырап, оның жеңілмейтіні жөніндегі аңыз жоққа шығарылды. Мәскеу шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болып, Гитлерге қарсы одақтың қалыптасуын тездетті
     

  • Ленинград шайқасы — 2-дүниежүзілік соғыс кезінде неміс-фашист әскерлерінен Ле...

    9 слайд

    Ленинград шайқасы — 2-дүниежүзілік соғыс кезінде неміс-фашист әскерлерінен Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғау мақсатымен Кеңес Қарулы Күштері мен қала еңбекшілерінің 1941 ж. 10 шілдеден 1944 жылдың 10 тамызына дейін жүргізген жауынгерлік қимылдары.Неміс командованиесі Ленинградты оңт. пен оңт-шығыстан (құрамында 16, 18-армиялар, 4-танкілер тобы, 1-әуе флоты бар) армиялар тобының және солт.-батыстан фин әскерлерінің (Оңт.-Шығыс және Карель армиялары) біріккен күші арқылы қала маңындағы соғыс — теңіз базаларын талқандап, КСРО-ны аса ірі өндіріс орт-тарынан айыруды көздеді. Неміс әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте фин әскерлері Карель мойнағында Петрозаводскіге қарай шабуылға шықты. Жау шабуылына тосқауыл ретінде қаланы қоршай салынған қорғаныс шептерінің жалпы ұзындығы 900 км-ге жетті. Қысқа мерзімде халық жасақтарынан 10 дивизия, көптеген партизан отрядтары құрылып, майдан шебіне жөнелтілді. Ленинград бағытында жау әскерлерінің шабуылына тойтарыс жасап, соққы беру міндеті құрамында 7, 23-армиялар (барлығы 8 дивизия) бар Солт. (23 тамыздан Ленинград майданы, қолбасшысы ген.-л. М.М. Попов) және құрамында 8, 11, 27-армиялар (31 дивизия және 2 бригада) бар Солт.-Батыс (қолбасшысы ген.-м. П.П. Собенников) майдандарының әскерлеріне жүктелді. Бұл екі майданның қимылдарын Солт.-Батыс бағытының бас командованиесі (бас қолбасшысы Кеңес Одағының Маршалы К.Е. Ворошилов) басқарды. 1941 ж. тамыз — қырқүйек айларында Ленинград майданының әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте армия генералы Г.К. Жуков майдан қолбасшылығына тағайындалды. Ол Балтық флотымен бірлесе отырып, қала қорғанысын нығайтуға көп күш-жігер жұмсады. Ленинград 1941 ж. 8 қыркүйектен 1943 ж. 18 қаңтарға дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен тек Ладога көлі және әуе жолы арқылы байланысты. Қаладағы әскерилер мен жалпы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиынға соқты. Қарашаның 20-сынан әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлш. 125 — 250 г-ға дейін төмендеді. 1941 ж. қараша — 1942 ж. қазан айлары аралығында 641803 адам аштан қырылды. Ладога көлінің мұзымен автомобиль жолы (“Өмір жолы” аталды) салынып, қажетті қару-жарақ, азық-түлік, т.б. тасымалданды. 1942 ж. 26 тамызда Жуков Жоғары Бас қолбасшының 1-орынбасары болып тағайындалып, Ленинград қорғанысына басшылық жасады. Немістер Ленинградты қаншалықты ұзақ қоршағанымен (900 күн) қалаға басып кіре алмады.1943 ж. 12 қаңтарда Ленинград майданының (қолбасшысы ген.-полк. Л.А. Говоров) 67-армиясы, Волхов майданының (қолбасшысы армия ген. К.А. Мерецков) 2-екпінді армиясы Ладога көлінің оңт-нде бір мезгілде қарама-қарсы шабуылға шықты. Бұларға Балтық флоты (адм. В.Ф. Трибуц) көмектесті. 18 қаңтарда қоршау бұзылды. Ленинград маңындағы фашистерді талқандауды Кеңес командованиесі жедел қарқынмен жүзеге асыра бастады. 1944 жылдың тамызына дейін созылған Л. ш. нәтижесінде Ленинград облысы тегіс жаудан азат етілді. Фин әскерлерінің “Карелия мойнағы” деп аталған әскери тобы да талқандалды. Ленинград бағытында болған ұрыста дұшпанның 50-ге тарта дивизиясы талқандалды. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар (310, 314-атқыштар дивизиялары) қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Л. ш-ның ауыр күндерінде С.Баймағанбетов Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Балтық флотының “Киров” крейсерінде 156 қазақстандық жауынгерлік борышын орындады. Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық-түлік пен делегациялар жіберіп те, хат арқылы да көмек беріп отырды. Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді күреске жігерлендіре түсті.Л. ш-ның зор саяси әрі стратег. маңызы болды. Фашистердің Шығыс майдандағы әскерлерінің 1/5-не жуығы Ленинград бағытында шоғырланды, осы елеулі күшті талқандауда кеңес әскерлері асқан ерлік көрсетті. Кеңес халқының 1941 — 45 ж. фашистік Германияға қарсы соғыс жеңісінің 20 жылдығына байланысты 1965 ж. 8 мамырда Ленинградқа қаһарман қала атағы берілді.
     

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл презентация Ұлы Отан соғында болған ,соғыстың жүру барысына өзіндік әсерін тигізген атақты шайқастар туралы болмақ

1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ:

Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді.

 

1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2015 3861
    • PPTX 3.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байназаров Айдын Aйткалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байназаров Айдын Aйткалиевич
    Байназаров Айдын Aйткалиевич
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 37114
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель экологии и основ безопасности жизнедеятельности

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 349 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания безопасности жизнедеятельности в профессиональном образовании

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 373 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Основы безопасности жизнедеятельности")

Учитель основ безопасности жизнедеятельности

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона