Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Ұлы жазушының ұлы шығармасы"-шығарма
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

"Ұлы жазушының ұлы шығармасы"-шығарма



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Жеңіс негізгі мектебі, Солтүстік Қазақстан облысы,

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы, тел: 87153554087











Шығарма




Тақырыбы: «Әлемдік діндер – адамдар арасында достастық пен

өзара түсіністік негізі»


Автор: Мұратбек Ұлпан, 1996 жылы туған, тел: 87153551226

Жетекші: Сарбасова Балжан Бөкенқызы – қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі,

тел: 87776081605





















Дін қай халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі. Қай дінді алсақ та адамдардың жеке сеніміне қатысты болғанымен оның белгілі әлеуметтік топтарда және қоғамда алатын орны ерекше. Адамзаттың дінсіз тарихы да , мәдениеті де болмаған. Халықтың тұрмысы , өмір сүру тәртібі , тәрбиесі діни санамен байланыста болған. . Ерте дәуірде әлемдік озық мәдени ескерткіштердің бәрі дерлік белгілі наным- сенімдерге байланысты жасалған. Діни наным- сенім қағида қала салуда, мешіттер, тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатуда кеңінен орын алып, өнерге өріс берген жайлар. . Халықтың әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерінің қай- қайсы да дінге негізделеді. Қазақ даласында сәбидің құлағына азан шақырып, ат қою , неке қию, қайтыс болған кісіні арулап жерлеу секілді ел ішіндегі дәстүрдің бәрі шариғат негізінде жүзеге асты.

Қазақ халқының мұсылман дініне деген зор құрметі ауыз әдебиеті үлгілерінде көп кездеседі Ерте кездегі әдебиет үлгілерінде атап айтқанда жыраулар шығармаларында ислам құндылықтарын насихаттап, сол арқылы ел бірлігі мен ынтымағын сақтауды алдарына мақсат етіп қойды. Бұқар жыраудың әрбір сөзі «Алла» деп басталады. Мысалы: « Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа» «Діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?» деген жыр шумақтары жиі кездеседі. Қазақтың ұлы ханы Абылайдың жасыл туды исламға тән ұстағаны, басқа халықтардың мәдени , діни ықпалынан сақтану үшін бар қазақ мұсылмандыққа берік болу керектігін айтқан . Соған лайық ел ішінде мұсылмандық сауаты жоғары, араб, парсы, түрік тілдерін білетін халықтың рухани көсемдері шыға бастады. .Олар Құранға көзі ашық болды, шариғатты ұстап, қажылыққа барып, халықтың имандылығы жолында қызмет етті. Қарапайым халық ел арасындағы молда , ишандарға, термеші, жыраулаға құрметпен қарап, олардың аузынан діни әңгімелерді, қиссаларды тыңдауға құмар болды. Халық арасында кеңінен тарап кеткен «Зарқұм», «Жүсіп- Зылиқа», «Ләйлі»- Мәжнүн» қисса- дастандарды құмарта тыңдады.

Ересектермен қатар балалар да жастайынан « Алла бір, Пайғамбар хақ, Құран шын» дегенді жаттап өсті. Күнделікті тұрмыста да мұсылмандық әдеп нормалары қалыптасты. Қарапайым ғана «Ассалаумағалейкум» деп амандасудан бастап, әрбір сыпайы мінез мұсылмандық этикамен астасып жатты. Қазақ тәрбиесіндегі әдептілік қағидалары Құран мен қадистерден алынып отырды. Қазақтың «Өтірікшіде иман жоқ» , «Тәкаппарды тәңірі сүймес», «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген мақал- мәтелдері Құранның қадистерінен алынып, өскелең ұрпақты өтіріктен , тәккәпарлықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеген.

Қазақ халқында Құран Кәрімге деген ерекше құрмет сақталады. Қазақ даласын зерттеуші орыс ғалымдары: « Оларда Құранмен берілген ант ерекше бағаланады» дейді .Той , жиындардың барлығында қариялар дәмді батамен аяқтаудың өзі салтқа айналып кетті. ХІХ ғасырларды қазақ даласында ақындар өз шығармаларында мұсылманшылықты насихаттап отырған , Солардың бірі, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы. Ол Семейдегі Ахмет Риза медресесінде сауат ашқан , ислам дінін терең білген , аят- қадистерді талдаған ғұламалардың бірі. Оның «Алланың өзі де рас , сөзі де рас. Рас сөз еш уақытта жалған болмас. Төрт кітап келді Алладан, оның төрті , Алланы танытуда сөз айырмас» деуі де терең мағынада айтылған. Абай өзінің қарасөздерінде де өзінің біліп, түйгендерін халыққа жеткізуге арнаған.

Қазақтың ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы « деген еңбегінде қазақтарды шоқындыру саясатына қарсылық білдіреді. Мұсылман халықтарада кездесетін тақырыптарды қамтыған . Олар: аят, тқадис, намаз, ораза, аманат . Осы тақырыптарды ашу барысында аят пен қадистерді қолданған . Кеңес дәуірінде дінмен күресу , маңызды саяси міндеттердің бірі болды. Барлық адамдарға атейстік тәрбие берудің әджіс- тәсілдері бекітілді. Ол әр үйден, балабақшадан, мектептен басталды. Барлық мешіттер, мен медреселер жабылды.Аман қалғандарын тарихи жәдігер ретінде аман сақтап қалды. Қолдан ұйымдастырылған жалған жаламен ислам қайраткерлері , дін ғұламалары абақтыларға қамалды, жер аударылды. Қолжазбалар мен мен діни кітаптар өртелді. Ел басына түскен атеистік тәрбие халықты рухани күйзеліске түсірді. Қазақ даласында медреселер мен мешіттер жабылғанмен белгілі тарихи адамдар , дін ғұламалары басына қойылған күмбезді кесенелер көбірек жетті. Бұған мысал ретінде Онтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан баб , Қожа Ахмет Йассауи, Жамбыл облысындағы Айша бибі, Қызылорда облысындағы Асан ата, Оқшы ата, Абыз ата тағы басқа көптеген кесенелер мен күмбездерді айтуға болады. Дінді қудалау саясатының зардабы зор болды. Соған қарамастан , қазақ халқы рухани құндылықтарын , мәдениеті мен дінін, сақтап қалды.

Қазақстанда бүгінгі таңда көптеген этностар мен діни конфессиялар бар. Әр түрлі наным- сенімді ұстанатын Қазақстан халқы өзара келісім мен ынтымақтастықта өмір сүруде. Сол мақсатта мемлекет этносаралық және дінаралық келісмді қолдап, лаңкестік әрекеттердің алдын алу іс- шараларын жүргізуде. Барша азамат этностық және діни ерекшелігіне қарамастан тең құқықа ие екендігін мойындады. Қазіргі Қазақстан аумағында дінаралық ахуал жақсы. Президенттің бастамасымен Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының үш Съезі өтті. Соңғы екі съезд арайы салынған Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. 2011 жылы 11 қыркүйекте лаңкестік іс -әрекеттен кейін барлық дінбасшылардың Съезін өткізу туралы бастама көтерілген болатын. Астанаға жиналған дінбасылар Бейбітшілік пен келісімді нығайтуға байланысты шаралар қабылдауға шақырды. Қазіргі планетамыздың әр жерінде болып жатқан оқиғалар алаңдаушылық туғызып отыр. .Адамдар Құдайдың басты өсиетін бұзып, бірін- бірі өлтіріп, керегі жоқ бұлдыр мақсаттар мен мүдделер жолында құрбандыққа шалынуда. Соңғы жылдары бұрын- соңды болмаған лаңкестік іс- әрекеттер орын алуда. Ядролық қатер бүкіләлемдік қауіпті тудырып тұр. Жақында ғана ең ауқымды қаржылық дағдарысты бастан кешірді. Бұл дағдарыстың бұлты сейілгенмен көптеген елдердің экономикалық негіздеріне қатаң соққы берді. Барлық адамдардың өзін- өзі рухани жетілдіру қажеттілігі екінші орынға ысырылып, байлыққа табынушылық бірінші орында тұр. Бұған көпшілік көз жұмып қарайтын болды. Шығармамды аяқтай келе, мынадай тұжырымдама жасадым: әр адам мынаны есте сақтаған жөн, дүние ол үшін және оның жауапкершілігіне жаратылған.




Жеңіс негізгі мектебі, Солтүстік Қазақстан облысы,

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы, тел: 87153554087











Шығарма




Тақырыбы: «Ұлы жазушының ұлы шығармасы»


Автор: Мұратбек Ұлпан, 1996 жылы туған, тел: 87153551226

Жетекші: Сарбасова Балжан Бөкенқызы – қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі,

тел: 87153554155

87776081605
















Қазақ әдебиетінде Мұхтар Әуезов секілді ұлы жазушыдан кейінгі үзенгі қағысып, соңынан ерген айтулы қаламгерлеріміз баршылық. Көптеген көлемді шығармалар жазып, әдебиетіміздің дамуына елеулі еңбек еткен , өздерінің жазушылық қолтаңбасын қалдырып кеткен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин , С.Мұқанов секілді үлкен жазушыларымыз бар. Солардың ішінде бүгінде туғанына 110 жыл толып отырған айтулы қаламгер , ірі драматург, жалынды публицист, тіл жанашыры Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.

Ғабит Сибан ішінде -Қортыққа жатады. Қортықтан Тоқпамбет, Сейіт туады. Тоқпамбеттен Беспай. Беспайдың сегіз ұлы болған. Сол балалардың бірі- Тасболаттан Қуат, Сәдір деген екі ұл туады екен. Тасболат бай болған екен, оның қалың жылқысын бақтыруды баласы - Қуат басқарады екен. Бір күні Қуат жайылған жылқыны аралап жүрсе , бір жас жігіт атын қаңтарып, жерде ұйықтап жатыр екен дейді. Қуат оятып жөнін сұраса, « затым түрікпен, батыр жігіт ем, ханымызға қарсы болам деп қуғынға ұшырадым да, осылай қарай қаштым, ұлы жоққа ұл болуға әзірмін» депті. «Ендеше маған ұл бол» депті Қуат. Ж»гіт осыған көнгенннен кейін атын Жолғұтты қойып, үйіне алап келіп, жесір отырған келінін қосыпты. Жолғұтты балалы- шағалы болғаннан кейін енші беріп, «Қояншоқ» деп аталатын жұрайлы жерден қыстау салдырады.

Жолғұттыдан Еламан туған екен. Еламаннан Әсіреп, Мүсіреп, Кенжетай туады. Мүсіреп орта дәулетті кісі болған. Сөзге шешен , іске қажырлы кісі болған екен. Сондықтан жалғыз Сибан ішінде ғана емес, Керей руынында ірі бай, әрі батыр болған Есеней Естемесов Мүсірепті он қолы қылып ұстап, өз ауылының қасынан «Елтін жалы» деп аталатын қоныс беріп, қыстау салдырған.

Мүсірептен Кәжімбай, Ботпай туады. Кәжімбайдан : Мақмет(Махмұт), Ақан, Мақан, Самырат туады. Мақметті (Ғабиттің әкесі ) Мүсіреп бауырына салады. Мақмет сол үйде өсіп, үйленіп, сол үйден енші алып шығады.

Мақметтен : Хамит, Сәбит, Ғабит, Баязит, Гүлсім, Әшім туады.




Ғабит қазақ совет әдебиетінде очерк жазуға да

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Қазақ әдебиетінде Мұхтар Әуезов секілді ұлы жазушыдан кейінгі үзенгі қағысып, соңынан ерген айтулы қаламгерлеріміз баршылық. Көптеген көлемді шығармалар жазып, әдебиетіміздің дамуына елеулі еңбек еткен , өздерінің жазушылық қолтаңбасын қалдырып кеткен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин , С.Мұқанов секілді үлкен жазушыларымыз бар. Солардың ішінде бүгінде туғанына 110 жыл толып отырған айтулы қаламгер , ірі драматург, жалынды публицист, тіл жанашыры Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.

Ғабит Сибан ішінде -Қортыққа жатады. Қортықтан Тоқпамбет, Сейіт туады. Тоқпамбеттен Беспай. Беспайдың сегіз ұлы болған. Сол балалардың бірі- Тасболаттан Қуат, Сәдір деген екі ұл туады екен. Тасболат бай болған екен, оның қалың жылқысын бақтыруды баласы - Қуат басқарады екен. Бір күні Қуат жайылған жылқыны аралап жүрсе , бір жас жігіт атын қаңтарып, жерде ұйықтап жатыр екен дейді. Қуат оятып жөнін сұраса, « затым түрікпен, батыр жігіт ем, ханымызға қарсы болам деп қуғынға ұшырадым да, осылай қарай қаштым, ұлы жоққа ұл болуға әзірмін» депті. «Ендеше маған ұл бол» депті Қуат. Жігіт осыған көнгенннен кейін атын Жолғұтты қойып, үйіне алап келіп, жесір отырған келінін қосыпты. Жолғұтты балалы- шағалы болғаннан кейін енші беріп, «Қояншоқ» деп аталатын шұрайлы жерден қыстау салдырады.

Жолғұттыдан Еламан туған екен. Еламаннан Әсіреп, Мүсіреп, Кенжетай туады. Мүсіреп орта дәулетті , сөзге шешен , іске қажырлы кісі болған екен. Сондықтан жалғыз Сибан ішінде ғана емес, Керей руынында ірі бай, әрі батыр болған Есеней Естемесов Мүсірепті он қолы қылып ұстап, өз ауылының қасынан «Елтін жалы» деп аталатын қоныс беріп, қыстау салдырған.

Мүсірептен Кәжімбай, Ботпай туады. Кәжімбайдан : Мақмет(Махмұт), Ақан, Мақан, Самырат туады. Мақметті (Ғабиттің әкесі ) Мүсіреп бауырына салады. Мақмет сол үйде өсіп, үйленіп, сол үйден енші алып шығады.

Мақметтен : Хамит, Сәбит, Ғабит, Баязит, Гүлсім, Әшім туады.

Ғабит алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында(1916) жылы Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі. Бұл мектепті оқып бітірген соң, Пресногорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқып, жеті жыл білім алады. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде жауапты қызметтерді атқарады.

Жазушының әдеби- шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады. Оған Пушкин, Лермонтов , Гоголь, Крылов , Толстой еңбектері секілді орыс классиктерінің шығармалары үлгі болған. Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар («Қос шалқар», «Талпақ танау», «Автобиографиялық әңгіме»т.б. жазған.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М.Горкийдің ана тақырыбына жазған әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М.Горкийдің «адам» деген ардақты атты жоғары бағалауы , өмірге рух себуші тіршілік-иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горкийдің

« Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы» , «Ашынған ана» , «Ананың арашасы» , «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелерін жазды.

«Ананың анасы» атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені , сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарма мазмұны , Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндаудан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы , жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап, арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі сөз болады. Жазушының ана жайлы жазылған әңгімелері қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы « Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп береді.

Общая информация

Номер материала: 342339

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>