Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

библиотека
материалов



Тақырыбы: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»

Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру,ұлттық салт- дәстүрмен таныстыру. Халқымыздың салтын, әдет -ғұрпын құрметтеуге, өнерлі, өнегелі азамат болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктілігі : Сахналық көрініске сай заттармен безендіріледі. Ұлттық киім киген бүлдіршіндер келеді.


Тәрбиеші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен,шуағымен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне күн көктем.

Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ болып ақ жүзің

Тәрбиеші:

Қайырлы күн құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер , қымбатты достар. Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Әр жанұяға тек бақыт, молшылық, зор денсаулық әкелсін. Наурыз мейрамы баршаңызға құттықтаймыз.


Бүлдіршіндер қонаққа келеді \бір - бірімен төс қағыстырып, төрге жайғасады.\


Тәрбиеші; Балалар, «жыл басында мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру- сырқаудан,пәле- жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға дейін үй іші ретке келтірілген. Жиһаз мүліктің шаңы сүртіліп, киімдер тазаланып, еден, ыдыс -аяқтар жуылады. Қора- қопсы, аула іші тазартылады.

Наурыз тойын тойлауға аңдар келеді (қасқыр, қоян,аю)

Тойға шашу «Аңдар биі»

-Күн неге күркірейсің? - Көктем келді!

-Жаңбыр неге сіркірейсің? Көктем келді!

-Бұлақ неге сылдырайсың? Көктем келді!

-Құлын неге құлдырайсың ? - Көктем келді!

-Гүлдер неге жайнайсыңдар? -Көктем келді!

-Құстар неге сайрайсыңдар ? -Көктем келді!


Нағима;

Көктем, көктем, көктемде

Күн күркіреп өткенде

Нұр жаңбырды тосамыз

Көктемді әнге қосамыз


Мансур: Күнтізбенің парағын,

Бүгін аңдап қарадым.

Мерекелі күн кепті,

Жыртпаймын мен бұл бетті!


Қуаныш: Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Бақыт жылы болғайсың!

Бізге беріп жаңа жыр,

Бізден алғыс алғайсың!

Қабыл алыңыздар ӘН «Келді көктем!»

Тәрбиешіі:

Наурыз- мейірімділіктің, жақсылықтың мерекесі сондықтан бұл күні әр үйде мерекелік дастархан жайылады. Халық арасында бұл күні жомарттық танытып, кеңпейіл мінезбен өткізсе, жыл бойы жақсылық болады – деп сенген.

Зере Жақсы тілек айтамыз,

Наурыз құтты болсын деп!

Жаңа жылда сіздерді!

Қуанышқа толсын деп


Мерей: Наурыз- гүл көктем,

Сәнді ай арайлы.

Күлімдеп күн көктен,

Нұр шашып қарайды.

Тойға шашу «Адай биі»

Жанбота: Босантып жалпақ даланы

Бетіне өрнек салады

Көктемге кезек бергендей

Қыс ұзап кетіп барады

Бүрленген орман секілді

Құлпырып көңіл қалады.


Қарақат: Бусанып жерім бай,

Төсінде қалқыр ән.

Наурыз- көңілді ай,

Шаттығы шалқыған.

!

Дильназ : Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран.

Балаға, қартқа да,

Ортақ қой бұл мейрам.

Қабыл алыңыздар БИ «Қара жорға»

Нағима; аяласын жақсы күн,

Адамзаттың бөбегін

Бізге керек бал шырын

Көп көп жаңбыр ,көп егін.


Эльвира: Наурыз тойы береке,

Наурыз тойы жыр аңыз

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Мұрагер; Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән салайық бәріміз

Би билейік бәріміз

Қабыл алыңыздар «Шығыс биі» Жанбота



Тәрбиеші: Уа, жараңдар балалар,

Ана жаққа қараңдар

Қыдыр ата келе жатыр

Салтанатпен қарсы алыңдар

Балалар , халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен 22- не қараған түні даланы Қыдыр аралайтын-ды.Бұл түн «Қыдыр түні» деп аталады.Қыдыр түні Жаңа Жыл табалдырық аттап, үйге енгенде,төрге қос шырақ жағылып қойылады.Қыдыр адамға дәулет дарытып,бақ қондыратын,ақсақал кейпінде көрінуі мүмкін деседі...

\Қыдыр ата елес болып көрінеді. Бүлдіршіндерге бата береді\

Амансың ба, достарым! Жаңа жыл келді!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын Иләй Әумин!

Адам болсаң адамдарға қас қылма.

Сорлы қылма көк аспанның астында

Мынау келген Ұлыстың Ұлы күні

Оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле жала жерге енсін.

Әумин! Әумин!

« Бұзау, қозы, құлыншақ» оқитын Жанбота

Би «Қамажай» орындайтын Ақназ.

Тәрбиеші: Өлең, жырға басайық,

Әжелерге құшақ ашайық.....

Төрлетіңіздер тойымыздың құтты қонағы болыңыздар


\Әжелер келеді.\ Хош келдің наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты

Жылда осылай келе берсін жаңарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Наурыз тойы Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Құт береке дарысын деп , тойларда шашу салты елімнің деп ШАШУ, ШАШУ!


Бүлдіршіндер КӨРІНІС «Жай ғана әжей»

Балдырғандар вальсі»

Би «маралдым»

Әжелер «Баланы қырқынан шығару»

Әжелер «Тұсау кесу» ала жіпті байлағаным адамның ала жібін аттама дегенім, көк шөппен кескенім басқаның жайлы болсын дегенім, өмірің ұзақ болсын дегенім.

Қаз қаз балам, қаз балам,

Тақымыңды жаз балам,

Қадамыңды қарайық

Басқаныңды санайық.

Қаз қаз балам ,жүре ғой,

Тай құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Айналайын қыздарым, қызғалдағым,

Қазан толы көжемді сізге арнадым...

Бұл күні әр үйде дастарханға Наурыз көже дайындалады. Наурыз көже – ол жеті түрлі дәм салынып жасалған көктемгі сорпа. Оның ішіне салынатын заттар әр түрлі ,бірақ міндетті түрде тұздалған соғым еті, сүт немесе айран және күріш пен дәмдеуіштер қосылады. Егер жеті үйден наурыз көженің дәмін татсаң –ол жыл сен үшін берекелі болады деп сендірі


Тәрбиеші: Бейтаныс та, таныс та

Бүгін торде бас қонақ,

Інілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бары бар

Арпа, бидайғ тары да,

Қатық, малта, бәрі бар,

Әжелер Наурыз көже таратады.


Темірланның орындауында ән «Дастарханым»


Гүлназ: Құт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын.

Бір-бірімен мынау жұрт,

Көрімдігін асырсын

Өнім еккен дәніміз,

Бүршік жарған базымыз,

Төлдеп жатыр малымыз.

Ақназ: Қарды ертіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамына халықтың

Абай:.

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз көжеден дәм татамыз.

Әжелер әні: « Наурыз думан»

Тәрбиеші:

Жасай берсін жаңа күн

Туа берсін жаңа нұр

Дүр сілкінсін дала бір

Құтты болсын наурыз тойы

Құтты болсын жаңа жыл.


Тәрбиеші:

Жақсылықтың достықтың күні бүгін

Тапшылықтың шықпасын үні бүгін

Наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні

Тарту болсын достықтың гүлі бүгін.

Мерей: Қаһарлы қыстан қалжырап,

Қайысқан белі тал- құрақ.

Мұз, көрпе өзен жамылып,

Қалғандай тұрқы қаудырап.

Шыңылтыр аяз жылыстап,

Көкте күн тұрды маужырап.

.

Мансур: Қуантып кәрі, жасыңды,

Наурыздың бүгін есігі

Айқара елге ашылды.

Қуаныш нұры себіліп,

Мерейлі шашу шашылды.

Ойын ойнап бой сергітейік.


Тәрбиеші: Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Құрметті қауым осымен бүгінг і «Балапан» шағын орталығынын мерекелік думанын аяқтаймыз. Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет. Баршаңызға Наурыз мейрам береке әкелсін!



Краткое описание документа:

        Тақырыбы:  «Ұлыс оң  болсын, ақ  мол болсын!»

       Мақсаты: Наурыз  туралы  түсінік  беру,ұлттық салт- дәстүрмен  таныстыру. Халқымыздың салтын, әдет -ғұрпын құрметтеуге, өнерлі, өнегелі азамат болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктілігі :  Сахналық  көрініске   сай заттармен  безендіріледі. Ұлттық киім киген бүлдіршіндер келеді.

 

Тәрбиеші:

Наурыз мейрам жүректерге  нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен,шуағымен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне күн көктем.

Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ болып ақ жүзің

Тәрбиеші:

Қайырлы күн құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер , қымбатты достар. Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Әр жанұяға тек бақыт, молшылық, зор денсаулық әкелсін. Наурыз мейрамы баршаңызға құттықтаймыз.

 

Бүлдіршіндер қонаққа келеді \бір - бірімен  төс  қағыстырып,  төрге жайғасады.\

 

Тәрбиеші; Балалар, «жыл  басында  мұнтаздай  таза  үйге  кірсе, ол үй  ауру-  сырқаудан,пәле- жаладан аман  болады» деген  сеніммен  Наурызға  дейін үй  іші  ретке  келтірілген. Жиһаз мүліктің шаңы сүртіліп, киімдер  тазаланып, еден, ыдыс -аяқтар жуылады. Қора- қопсы, аула іші тазартылады.

                           Наурыз  тойын  тойлауға аңдар келеді (қасқыр, қоян,аю)

                                                           Тойға шашу  «Аңдар  биі»

-Күн  неге күркірейсің?               - Көктем келді!

-Жаңбыр неге сіркірейсің?             Көктем келді!

-Бұлақ неге сылдырайсың?            Көктем келді!

-Құлын неге құлдырайсың ?          - Көктем келді!

-Гүлдер неге жайнайсыңдар?         -Көктем келді!

-Құстар неге сайрайсыңдар ?         -Көктем келді!

 

Нағима;

                        Көктем, көктем, көктемде

                        Күн  күркіреп  өткенде

                        Нұр  жаңбырды тосамыз

                        Көктемді әнге қосамыз

 

Мансур:                   Күнтізбенің парағын,

                            Бүгін аңдап қарадым.

                            Мерекелі күн кепті,

                            Жыртпаймын мен бұл бетті!

 

 Қуаныш:                  Жаңа жыл! Жаңа жыл!

                            Бақыт жылы болғайсың!

                            Бізге беріп жаңа жыр,

                            Бізден алғыс алғайсың!            

 

                                                  Қабыл алыңыздар ӘН «Келді  көктем!»

Тәрбиешіі:

Наурыз- мейірімділіктің, жақсылықтың мерекесі   сондықтан бұл күні әр үйде  мерекелік дастархан жайылады. Халық арасында бұл күні  жомарттық танытып, кеңпейіл мінезбен өткізсе, жыл бойы  жақсылық болады – деп сенген.

                           

   Зере               Жақсы тілек айтамыз,

                       Наурыз құтты болсын деп!

                       Жаңа жылда сіздерді!

                       Қуанышқа толсын деп

 

Мерей:                   Наурыз- гүл көктем,

                           Сәнді ай арайлы.

                           Күлімдеп күн көктен,

                           Нұр шашып қарайды.

                                                   Тойға шашу «Адай   биі»

Жанбота:              Босантып  жалпақ даланы

                        Бетіне өрнек салады

                        Көктемге кезек бергендей

                        Қыс ұзап кетіп  барады

                        Бүрленген орман секілді

                        Құлпырып көңіл қалады.

 

Қарақат:                   Бусанып жерім бай,

                            Төсінде қалқыр ән.

                            Наурыз- көңілді ай,

                            Шаттығы шалқыған.

       !

Дильназ       :           Ойнаймыз шаттана,

                            Ішеміз күнде айран.

                            Балаға, қартқа да,

                            Ортақ қой бұл мейрам.

                                                      Қабыл алыңыздар БИ «Қара жорға»

Нағима;              аяласын  жақсы күн,

                      Адамзаттың  бөбегін

                      Бізге керек бал шырын

                      Көп көп жаңбыр ,көп егін.

 

Эльвира:                 Наурыз тойы береке,

                           Наурыз тойы жыр аңыз

                           Қызық дулы мереке,

                           Қызық думан құрамыз.

Мұрагер;                 Наурыз  шаттық әніміз

                           Салтанатты сәніміз

                           Ән салайық бәріміз

                           Би билейік бәріміз

                                                        Қабыл алыңыздар     «Шығыс биі» Жанбота

 

 

Тәрбиеші:       Уа, жараңдар балалар,

                  Ана жаққа қараңдар

                  Қыдыр ата келе жатыр

                  Салтанатпен қарсы алыңдар

Балалар , халық  түсінігі  бойынша Наурыздың 21-нен  22- не  қараған  түні даланы Қыдыр аралайтын-ды.Бұл түн «Қыдыр түні» деп  аталады.Қыдыр түні Жаңа Жыл табалдырық аттап, үйге енгенде,төрге қос шырақ жағылып қойылады.Қыдыр адамға дәулет дарытып,бақ  қондыратын,ақсақал кейпінде көрінуі мүмкін  деседі...

                         \Қыдыр ата елес болып  көрінеді. Бүлдіршіндерге  бата  береді\

         Амансың ба, достарым!    Жаңа жыл келді!

          Ұлыстың ұлы күні құтты болсын       Иләй  Әумин!

Адам болсаң адамдарға қас қылма.

Сорлы қылма  көк аспанның астында

Мынау келген Ұлыстың Ұлы күні

Оң болсын!

Ақ  мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік  ақты  болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле жала жерге енсін.

Әумин! Әумин!

                                       « Бұзау, қозы, құлыншақ»   оқитын  Жанбота

                                        Би «Қамажай»            орындайтын  Ақназ.

                                        

Тәрбиеші:    Өлең, жырға басайық,

              Әжелерге құшақ  ашайық.....

     Төрлетіңіздер тойымыздың құтты қонағы  болыңыздар

 

\Әжелер келеді.\       Хош  келдің наурызым ардақты

                        Халқым саған бар үмітін арнапты

                        Жылда осылай келе берсін жаңарып,

                        Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Наурыз тойы Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!  Құт береке дарысын деп , тойларда шашу салты елімнің деп ШАШУ, ШАШУ!

 

             Бүлдіршіндер                   КӨРІНІС «Жай ғана әжей»

                                              Балдырғандар вальсі»

                                              Би «маралдым»

             Әжелер                            «Баланы қырқынан шығару»

   Әжелер  «Тұсау кесу»  ала жіпті байлағаным  адамның  ала  жібін  аттама  дегенім,  көк  шөппен  кескенім басқаның  жайлы болсын  дегенім, өмірің  ұзақ  болсын  дегенім.

Қаз қаз балам, қаз   балам,

Тақымыңды  жаз  балам,

Қадамыңды  қарайық

Басқаныңды  санайық.

Қаз қаз  балам ,жүре ғой,

Тай  құлын  боп  шаба  ғой,

Озып  бәйге  ала  ғой. 

                                                

                                    Айналайын қыздарым, қызғалдағым,

                                    Қазан  толы көжемді сізге арнадым...

                                   

Бұл күні әр үйде дастарханға  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көже – ол  жеті түрлі дәм салынып жасалған көктемгі сорпа. Оның ішіне салынатын заттар әр түрлі ,бірақ  міндетті түрде тұздалған соғым еті, сүт немесе айран және күріш пен дәмдеуіштер қосылады. Егер жеті үйден  наурыз көженің дәмін татсаң –ол жыл сен үшін   берекелі болады деп сендірі

 

Тәрбиеші:  Бейтаныс та, таныс та

Бүгін  торде бас  қонақ,

Інілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бары бар

Арпа, бидайғ тары да,

Қатық, малта, бәрі бар,

                                     Әжелер Наурыз көже таратады.

 

 Темірланның орындауында  ән «Дастарханым»

 

   

Гүлназ:                    Құт бауырсақ шашылып,

                            Наурыз тойы ашылсын.

                            Бір-бірімен мынау жұрт,

                            Көрімдігін асырсын

                            Өнім еккен дәніміз,

                            Бүршік жарған базымыз,

                            Төлдеп жатыр малымыз.

Ақназ:  Қарды ертіп жылғасы,

         Наурыз келді жыл басы.

         Шуақ төкті жарық күн,

         Мейрамына халықтың

Абай:.

         Бата беріп атамыз,

         Бата беріп апамыз.

         Тәтті болып жасалған,

         Наурыз көжеден дәм татамыз.

 

                                  Әжелер  әні: « Наурыз думан»

Тәрбиеші:

Жасай берсін жаңа күн

Туа берсін жаңа нұр

Дүр сілкінсін дала бір

Құтты болсын наурыз тойы

Құтты болсын жаңа жыл.

                     

 

Тәрбиеші:

Жақсылықтың достықтың күні бүгін

Тапшылықтың шықпасын үні бүгін

Наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні

Тарту болсын достықтың гүлі бүгін.

 

 

Мерей:              Қаһарлы  қыстан қалжырап,

                      Қайысқан белі тал- құрақ.

                      Мұз, көрпе өзен жамылып,

                      Қалғандай тұрқы қаудырап.

                      Шыңылтыр аяз жылыстап,

                      Көкте күн тұрды маужырап.

.

Мансур:              Қуантып кәрі, жасыңды,

                      Наурыздың бүгін есігі

                      Айқара елге ашылды.

                      Қуаныш нұры себіліп,

                      Мерейлі шашу шашылды.

                     Ойын ойнап бой сергітейік.       

  

 

    Тәрбиеші:                   Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

                                  Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!

                                  Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

                                  Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

   Құрметті қауым осымен бүгінг і «Балапан»  шағын  орталығынын   мерекелік думанын  аяқтаймыз. Көңіл бөліп      келгенд

Автор
Дата добавления 19.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1045
Номер материала 398537
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх