Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / М. ЕТЕКБАЕВТЫҢ «НАН ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?» ЕРТЕГІСІ.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

М. ЕТЕКБАЕВТЫҢ «НАН ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?» ЕРТЕГІСІ.

библиотека
материалов

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: М. ЕТЕКБАЕВТЫҢ «НАН ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?» ЕРТЕГІСІ.

Мақсаты:

  1. Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.

  2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

  3. Оқу іс-әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: нанның түрлері, бидай, комбайн, диірменнің суреттері.

Жаңа сөздер: наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе әңгіме.

-Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

-Нанды неден пісіреді?

  • Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

  • Мынау - бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.

2.Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқу іс-әрекетінің барысында танысатын наубайхана, наубайшы, диірмен, комбайн сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Наубайхана - нан пісіретін, нан жабатын орын.

Наубайшы - наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен - дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайн - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.

3.Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(Егін)

  1. Педагогтің түсіндіруі.

  • Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Диқан - егін шаруашылығымен айналысатын адам.

-Диқан көктемде егістікке егін - бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп-баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор - бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауғаболады, Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, үн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.

5.Сергіту сәтін өткізу.

Жайқалады ақ бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі).

Басын иіп аққудай. (Бастарын иеді).

Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді).

Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).

6. М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқу.
Тәрбиеші ертегінің бөлім-бөлімге бөліп оқып, с
ұрақтар қояды,балалардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып отырады. (Ертегі хрестоматияда берілген). Дәптердегі ертегі мазмұнына сай салынған сурет арқылы ертегі мазмұны ашылады.

  1. Жазбаша жұмыс.

  2. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: қырман.


3. Сабақты қорытындылау.

  • Тышқанды қандай сұрақ мазалады?

  • Нан қайдан келеді?

  • Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

- «Нан - байлық, нан - береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.

















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-408460

Похожие материалы