Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / М. Монтессори педагогикасы және "Фребель сыйы" технологиялары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

М. Монтессори педагогикасы және "Фребель сыйы" технологиялары

библиотека
материалов

Жоспары:


1. Сенсорлық тәрбиенің бала дамуындағы маңызы.

2. Мектеп жасына дейінгі балардың сенсорлық тәрбиесінің теориялық аспектілер. Сенсорлық тәрбие туралы түсінік.

3. М.Монтессори әдістемесі

4. Ф.Фребель әдістемесі














hello_html_m18654f58.png








«Тәрбиелеудің мақсаты балаларды

ерте жастан қоғамдық орында ғана

немесе бір мамандыққа үйрету ғана емес,

оларды жеке тұлға ретінде дамуына

мүмкіндік беру керек».

Ф. Фребель


Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау – кезек күттірмейтін іс.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

hello_html_37e99f9e.gifМектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет, бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек. Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Баланың сенсорлық дамуы ол баланың сыртқы заттардың пішініне түсіне мөлшеріне кеңістіктегі орнына және де әр түрлі иістер мен дәмдерге көзқарасының дамуы мен қалыптасуы. Сенсорлық даму маңызын ерте және бастауыш сыныптағы балаларға беру өте қиын. Дәл осы жаста балалардың сезім мүшелерінің дамуы қоршаған дүниеге деген көзқарастың пайда болуымен қатар жүреді. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың ақыл – есінің дамуының негізі, екінші жағынан, өзіндік маңызға ие, себебі, баланың қарқынды оқуы үшін (балабақшада, мектепте, басқа да оқу орындарында) толыққанды тәрбиелеу үшін қажет. Қоршаған ортаның әртүрлі заттары мен әсерлерін қабылдаумен таным пайда болады. Таным процестерінің басқа да түрлері – есте сақтау, ойлау, елес. Олар қабылдаудың арқасында дамып жетіледі. Сондықтан да ақыл – естің дұрыс дамуы толыққанды қабылдаусыз қалыптасуы мүмкін емес. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Адамға тән әрекетінің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Зейін – айналадағы объектілердің ішінен  керектісін бөліп алып, соған психикалық
әрекетімізді тұрақтата алу. Бұдан баланың зейінін тәрбиелеудің және сенсорлық hello_html_4c44e0f7.pngқабілетін дамытудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады.

Психолог Қ. Жарықбаев

hello_html_37e99f9e.gif Психологтар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау – дұрыс ұғуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог Қ. Жарықбаев былай деген: «Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу». Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады

Мектеп жасына дейінгі балардың сенсорлық тәрбиесінің теориялық аспектілер. Сенсорлық тәрбие туралы түсінік.

Сенсорлық тәрбие мазмұнына мыналар жатады: түсті ажырату, атауға үйрету, екі түсті бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа реңк пайда болатыны туралы түсініктерді қалыптастыру, заттарды түсіне қарай салыстыруға үйрету, суреттегі бейненің түс арқылы көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамыту.

Балалар «алға-артқа», «жоғары-төмен», «алыс-жақын», «оңнан-солға», «ұзын-қысқа», «үлкен-кіші», «кең-тар», «биік-аласа» т.б. кеңістікке қатысты түсініктерді игереді, заттардың формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.

Сенсорлық тәрбие мазмұнына уақыт ұғымдары да кіреді: уақытты бағдарлау, уақытты игеру, уақыттың реттілігі, уақыт ұзақтығы, т.б. Балаға «кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын, уақыттың ұзақтығын түсіндіру оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Есту сезімін дамыту, дыбыстарды тыңдап, ажырата білу, тілдік есіту және музыкалық есіту қабілетін дамыту да сенсорлық тәрбие мазмұнына енеді.

hello_html_37e99f9e.gifСенсорлық тәрбие мазмұнына заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білу, олардың тегісі, мамық, кедір-бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т.б. анықтайтын тактильді сезім кіреді. Иіс пен дәм түйсігін дамыту да сенсорлық тәрбиенің мазмұнына енеді.

Ойындарда және сабақтарда сенсорлық тәрбие тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асырылады.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл –ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл –ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен.

Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б.) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.

hello_html_37e99f9e.gifҒалымдар А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина, Л.А.Венгер, Н.Н.Поддъяков және т.б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.

Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.

Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңнен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл – тозбас киім, білім – сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

hello_html_37e99f9e.gifБелгілі ғалым А.Меңжанова мектепке дейінгі жастағы балалардың «ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегінің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету», - деп анықтаған.


Мhello_html_m62442ca6.png.Монтессори әдістемесі.


Балалардың ерте жастан жылдам дамуы қазіргі кезде бәріне танымал. Осындай ерте дамудың жолдарын зерттегендердің біреуі Мария Монтессори. Бұл әдіс Мария Монтессоридің атымен аталады. Алғашқы рет бұл әдістер 1906 жылы бала бақшаларда қолданыла бастаған, содан кейін де жылдар өткен сайын біртіндеп бүкіл әлемнің мектептері мен бала бақшаларына енгізіліп, бүгінгі күнде кең қолданыста жүр.

М. Монтессоридің әдістерінің принциптері. М.Монтессоридің әдістері әр баланың өмірдегі бірінші күнінен бастап дамуына негізделген.

М.Монтессоридің әдістерінің негізгі мақсаты арнайы дайындалған дидактикалық материалдардың көмегімен баланы жетелеу. Бұған әдіс-тәсілдердің мынандай негізгі принциптері негізілген:

- Оқытудың индивидтік бағдарламасы;

hello_html_37e99f9e.gif- Баланың ең жоғарғы еркіндігі;

- Баланың іс-әрекетке біртіндеп қатыстырылуы

М.Монтессоридің әдістерін тарату үшін оны қолдану кеңістігін бала өз еркімен үйренуді бастауын ұйымдастыру қажет.

Монтессоридің материалдары:

М.Монтессоридің оқыту ортасын жасау үшін балалармен жұмыс процесінде үнемі арнайы оқыту материалдарын балалардың қызығушылықтарына байланысты іріктеп, тестен өтілген. Монтессори материалдарының маңыздылығы зор, бала онымен байқалмастан шұғылдана отырып ойнайды, әрі оңай үйренеді. Монтессори материалының көмегімен бала әлемді таниды, логикалық және кеңістіктегі ойлауын, қозғалыс бағыттарын дамытады, өзін-өзі қамтудың практикалық әдеттерін алады. Бұдан басқа, материалды игеру процесі кезінде бала:

-алдына мақсат қойып, соған жетуге үйренеді;

- әр түрлі тапсырмалардың шешімін практикалық түрде шешуге талпынады;

hello_html_m63875f77.png- байқап көру және қателесу жолдары арқылы бала өз қателіктерін жөндеуге жол табуға тырысады.

Монтессори –тәрбиеші. «Мұны мен өзімнің жасауыма көмектес»

hello_html_37e99f9e.gif М.Монтессоридің ұйғаруынша, әр балаға жекелей дамыту бағдарламасының қажет екенін айтады. Бұл принципті баланың жоғары деңгейде еркін дамуын және қызығушылығын қолдайтын Монтессори-тәрбиешілері де дамытуда.

Әр бала өзі немен шұғылданатынын шешеді: оқу, сурет салу, георафия немесе ермексазбен шұғылдануды өзіндік темппен игереді. Бұл кезде тәрбиеші бақылаушы ретінде ғана және балаларға оқу кезеніне жағдай жасаушы ретінде рөл атқарады. Монтессори-тәрбиеші бала өзіне не қажет екенін таңдай алмағанда немесе онымен не істеу керектігін білмегенде ғана араласады және ол балаға ештеңе жасап бермейді, тек қана түсіндіреді және аз ғана түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Монтессори-сыныбы. Монтессори-сыныбы – ол тақырыптық аймақтарға бөлінген және әртүрлі дидактикалық материалдармен толықтырылған бөлме. Дұрыс ұйымдастырылған Монтессори-сыныбы баланың дұрыс дамуына көмектеседі.

Монтессори-сыныбын тақырыптық аймақтарға бөлу- дидактикалық материалдарды дұрыс тануына, алып отырған ақпаратты жүйелеуіне, сондай-ақ тәртіпті түрде жүйелеуіне көмектеседі.

Бастапқыда М.Монтессори сынып кеңістігін 5 тақырыптық аймаққа бөлуді ұсынды:

  • Шынайы практикалық өмірдің аймағы

  • Сенсорлық даму аймағы

  • Математика аймағы

  • Тілдік аймақ

  • Ғарыштық аймақ

Бірақ тақырыптық аймақтар саны көп және әртүрлі болуы мүмкін (музыкалық, көркемөнер, спорттық және т.б). Енді біз Монтессори–сыныбының сынптағы әр аймағы туралы айтамыз:

  • hello_html_m184e8186.jpghello_html_37e99f9e.gif1. Шынайы практикалық өмірдің аймағы

Бұл зонада баланың өзіндік дағдыларын дамытудың материалдары жинақталған. Бала кір жууды, үтіктеуді, жемістерді және көкөністерді тазалап, турауды, қалақ пен сыбыртқыны ұстауды, аяқ киімін тазалауды және бауын байлап, шешуді үйренеді. Және бұлардың барлығын өзі жасайды.

  • 2. Сенсорлық даму аймағы

hello_html_m68791b9d.jpg Бұл аймақта балаға заттардың әртүрлілігін: өлшемі, түсі, пішіні, салмағын айыруды көмектеседі. Сондай-ақ, баланың көру, есту, есте сақтау сияқты қабілеттерін дамытын материалдар жинақталады.


  • 3. Математика аймағы

hello_html_ee5bc2f.jpghello_html_37e99f9e.gif Бұл аймақта санды және санауды түсінуін игеруіне арналған материалдар табылады. Бұдан басқа, математикамен шұғылдана отырып, бала логикалық ойлауын, есте сақтауын дамытады.



  • 4. Тілдік аймақ

hello_html_3ae30395.jpg Бұл аймақтағы материалдар балаға әліпбиді, дыбыстарды үйренуді, оқып-жазуды меңгеруін қамтамасыз етеді.

  • 5. Ғарыштық аймақ

hello_html_m1d9d23a4.jpg Бұл аймақ балаларды қоршаған әлеммен, құбылыстар мен процестер және басқа халықтың салт-дәстүтүрлерімен таныстырады.

hello_html_37e99f9e.gif М.Монтессори методикасы құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін танымал болып, үлкен жетістіктерге жеткен. Берілген методика- Монтессори сыныбындағы тақырыптық аймақтар баланың жан-жақты дамуы үшін үнемі материалдармен толықтырылып отырады.

Мысалы, қозғалыстық, музыкалық, өнер және басқа да аймақтар.Сондай-ақ сіз өз үйіңізде балаңыздың қызығушылығына байланысты қажетті аймақтарды құра аласыз. Баланың ұстазына «Бұны менің өзім жасауыма көмектесіңіз» деген қаратпа сөзі М.Монтессоридің педагогикасының символына айналған, бұдан «адамның дамуына еркіндік беру» дегенге шақыратының көреміз.Ол балалармен жас күнінен бастап үздіксіз жұмыс істеген. Ол педагогтарды бақылаушы ретінде қарастырған. «Егер ғылыми педагогикада жеке тұлғаны оқып-үйренсек, онда бұл оқып-үйрену еркін балаларды бақылау деп айтар едім», -деп жазады М.Монтессори.

Ф.Фребель әдістемесі

hello_html_3b1825dc.jpgБаланың ерте дамуы және оқыту. Фридрих Фребельдің тәрбиелеу методикасындағы негізгі принциптерді қарастырайық.

Ф. Фребелдің негізгі принциптері -  «Балалар үшін өмір». Фридрих Фребельдің тәрбиелеу мектебіне 250 жыл болса да оны бүкіл әлемде құрмет тұтып, есте сақтайды. Немістің ұлы педагогы қоғамдық жүйеде мектепке дейінгі балаларды оқытуда (Kindergarten) балабақша ашқан. Бүгінгі күні біз қолданып жүрген ұғымды осы кісі енгізген.

hello_html_37e99f9e.gif Өз заманының алғашқы тәрбиешісі Фребель- балалардың ойын кезінде толық дамуына мүмкіндік бар екендігін түсінді. Өзінің бала-бақшасын ойындар мен ойыншықтардың барлық түрлерімен жабдықтай отырып ол кубик, доп сияқты ойыншықтарды балаларға тарту ретінде беріп отырды. Одан басқа, балалар тәрбиешілердің айтқан әңгімелерін тыңдап, ойындар ойнаған.

Педагог қағаздарды бүктеу арқылы геометрияның қарапайым түрлерін түсіндіре бастады. Ол ең бірінші геометрия негіздерін ұстау арқылы сезініп, содан кейін түсіну керектігін ескертеді. Фребель сондай-ақ кубиктік қораптан құралған басқатырғының (головоломка) авторы Осындай ағаштан құралған конструктор балаға геометриялық денелерді таныстыру және бұны ойын кезінде құрастыру арқылы ойын дамытатындығын айтады.

Балабақшада тәрбиелеу методикасы. Фребель жазғандай, «балаларды бақшада ұжымдық іс-әрекеттерге белсенді түрде тарту қажет, олардың денесін дамыту, сезіну арқылы жаттығу жасату, адамдар және табиғатпен таныстыру; ойын және көтеріңкі көңіл күймен оларды мектепке дайындау қажет».

Фребельді балабақша ашу идеясын көптеген жылдар бойы толғандырған. Бірдей жастағы балалардың ойнай отырып, оқуды үйрену қарым-қатынатары кішкентай адамдардың рухани өмірлеріне үлкен әсерін тигізеді.

Фребельдің ойынша балабақша төрт мекемеден тұруы керек:

ерте жастағы тәрбиеленушілерге арналған мекеме;

балалардың «бақшалық» оқуы және дайындығына арналған мекеме;

пайдалы балалрдың ойындарын тарататын мекеме

ата-ана мен тәрбиешілер, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерді байланыстыратын мерзімдік баспалар.

Тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде Фребель тіл деп санайды. Оның айтуынша, ойын әңгіме немесе ән қатыстырылуы арқылы жүргізілуі керек.

hello_html_37e99f9e.gif Фребельдің кезінде оның балабақшалары бағаланбаса да, XIX ғасырдың аяғында көптеген мемлекеттерде мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесінде олар маңызды рөл атқара бастады. Бұны қарапайым түрде түсіндіруге болады: балалардың бірге ойнауы қызықты екендігін барлығы көріп, бірақ мән бермеген кезде, Фребель олардан бұрын байқаған. Ешкім жалғыз ойнағысы келмейді, сондықтан әрқайсысы ортақ ережеге бағынуы қажет.

XIX ғасырдың бас кезінде мектепке дейінгі тәрбие деген ұғым жоқ болса да, мектептер болды ғой. Ал мектептерде топтарға жинақталған балалар болды. Ал бұл балаларға да ұстаздарға қиындық тудырды. Яғни, педагогтардың басқаруымен оларды топтарға бөліп мектепке дайындау керек болды. Фребель балабақшадағы тәрбиенің басты принциптерін анықтады: балаға кедергі келтірмеу керек, керісінше оған табиғат не берді соны дамуына көмектесу керек. Бүгінгі күні бұндай ойлар бізге керемет болса, XIX ғасырдың басында оларды революция ретінде қабылдады. Сонымен Фребель тәрбиені екіжақты процес ретінде қарастырады, яғни оқушы және оқытушы жағынан. «Нағыз педагог әрдайым шәкіртіне бірдей кезеңде білім беріп, қабылдап және біріктіріп, бөле білу қажет, шыдамдылық танытып, қатал да бола отырып, жұмсақ та болу керек»,- дейді.

Фребельдің алты сыйы

Баланы ерте жастан дамыту үшін Фребель алты «сый» ұсынды. Бірінші «сыйы» ол – доп. Доптар онша үлкен емес, жұмсақ, әр түрлі түстермен боялған – қызыл, алқызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түсті, яғни кемпірқосақтың түстері және ақ түсті жүннен жасалған болуы керек. Әрбір доп-шар жіпте болуы шарт. Анасы балаға әр түрлі түсті көрсете отырып, оның түстерді ажырата алуын үйретеді. Сонымен қатар, шарды айналдыра отырып, баласына кеңістіктегі көріністер -«жоғары-төмен», «оңға-солға», «алдыға-артқа» деген сөздерді де таныстырады. Шарды алақанына қойып және тығып қою арқылы «доп бар- доп жоқ» деген сөздермен болымды және болымсыз сөздерді үйретеді.

hello_html_37e99f9e.gif Екінші «сыйы» кішкентай ғана ағаштан жасалған шарлар, кубик және цилиндир. Бұлардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Кубик өзінің формасымен және тұрақтылығымен шарға қарама-қарсы болып келеді. Фребельдің қарастыруынша, шар- қозғалыс символы, ал кубик – тыныштық пен «көп бейнеліліктің бірлігі». Цилиндр шардың да, кубиктің де қасиеттерін біріктіреді: ол – тұрақты, егер оны бір нәрсеге қадап қойса, сондай-ақ ол – қозғалмалы, егер оны жатқызып қойса.

Үшінші «сыйы» - куб, яғни, сегіз кубикке бөлінген, егер жартыға бөлсе, онда оның әр жартысы –төрт бөліктен тұрады. Фребельдің айтуынша, осы «сыйлардың» арқасында бала ойнай отырып, оны құрастыра отырып миын дамытады.

Төртінші «сыйы» - сегіз тақтайшаларға бөлінген кубиктер, әр тақтайшаның көлемі кубиктің бетіне дәл келеді, ал қалыңдығы – осы беттің төрттен біріне тең болады.

hello_html_m28c87d6c.jpgБесінші «сыйы» - жиырма жеті кішкентай кубиктерге бөлінген кубиктер, олардың тоғызы одан да кішкене бөліктерге бөлінген.

hello_html_37e99f9e.gifАлтыншы «сыйы» - ол да жиырма жетіге бөлінген кубиктер, олардың көпшілігі тақтайшаларға, диагоналы бойынша бөлінеді. Фребель балаларға әртүрлі іс- әрекеттер мен оқып-үйрену түрлерін ұсынады – құрылыс материалдары, қозғалмалы ойындар, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, қағаздардан тоқу, қағаздардан қималар жасау, тігу, металл дөңгелектерді, таяқшаларды орнымен қою, моншақтар, қағаздар мен таяқтарды құру және т.б. Қазіргі кезде осы аталған әдістемелер балабақшаларда кеңінен қолданылуда.

Қортынды

Қорытындылай келе, баланың сенсорлық дамуы ол баланың сыртқы заттардың пішініне түсіне мөлшеріне кеңістіктегі орнына және де әр түрлі иістер мен дәмдерге көзқарасының дамуы мен қалыптасуы. Сенсорлық даму маңызын ерте және бастауыш сыныптағы балаларға беру өте қиын. Дәл осы жаста балалардың сезім мүшелерінің дамуы қоршаған дүниеге деген көзқарастың пайда болуымен қатар жүреді. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың ақыл – есінің дамуының негізі, екінші жағынан, өзіндік маңызға ие, себебі, баланың қарқынды оқуы үшін (балабақшада, мектепте, басқа да оқу орындарында) толыққанды тәрбиелеу үшін қажет.

Қоршаған ортаның әртүрлі заттары мен әсерлерін қабылдаумен таным пайда болады.Таным процестерінің басқа да түрлері – есте сақтау, ойлау, елес. Олар қабылдаудың арқасында дамып жетіледі. Сондықтан да ақыл – естің дұрыс дамуы толыққанды қабылдаусыз қалыптасуы мүмкін емес.

Бала балабақшада сурет салуға, конструктормен жұмыс істеуге үйренеді, табиғаттың тылсым құбылыстарымен танысып, математика негіздерімен және басқа да сабақтармен танысады. Осы білімдерді игеру көп уақытты қажет етеді. Суретті дәл сәйкестікпен салу үшін бала (суреттің) түп нұсқасының ерекшеліктерін (пішінің, түсін) тура ажырата білуі керек. Бала түпнұсқа мен суреттің қатынасын түсінеді. Баланың ақыл – есінің дамуында сөйлеу мәнерінің дифференциясы, әріптердің жазылуын қабылдауы белгілі бір сипатқа ие болады. Баланың ақыл – есінің дамуына басқа да мысалдарды келтіруге болады.

hello_html_37e99f9e.gifБаланың қарқынды дамуының дәрежесінің төмендеуі бұларға ғана байланысты емес. Сенсорлық қабілеттер – музыканттың, суретшінің, архитектордың, жазушының жетістіктерінде маңызды орын алады. Сенсорлық қабілет сенсорлық дамуға байланысты баланың ерте жасында білінеді.Болашақта баланың мамандықты таңдауда сенсорлық дамуы маңызды орын алады, оның негізі балабақша мен бастауыш сыныпта әсерлі тәрбиелеуге байланысты қаланады. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты баланың сенсорлық мәдениетінде, тәрбиесінде қалануы қажет.Бала өмірде әртүрлі заттармен, тұрмыс заттарымен кездеседі. Ол көркем - өнер туындыларымен танысады, осылардың бәрін қабылдайды.

Егер де қабылдау жай ғана , үлкендердің басқаруынсыз жүрсе, бұл толыққанды болмайды. Бұл кезде көмекке сенсорлық тәрбиелеу келеді. Бұл баланың сенсорлық мәдениетпен жүйелі танысуы . Сенсорлық тәрбиелеуде баланың сенсорлық эталондары жайында көз- қарастар қалыптасады.

Сенсорлық эталон ретінде спектрдың жеті түсін, эталондар формасы ретінде геометриялық фигураларды, мөлшер ретінде метрикалық жүйелерді алуға болады.Сенсорлық эталонды меңгеру қандай да бір қасиетті дұрыс айта білуді үйрену.Әр түрлі қабілеттерге дұрыс көзқарас болу қажет және де бастысы осылардан қорытынды шығару үшін әртүрлі жағдайларға оң көзқарас болу керек.

Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.

Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.

hello_html_37e99f9e.gifҚазіргі кезде балалардың сенсорлық мәдениетін тәрбиелеу қарқынды түрде жүргізілуде. Осылардың бәрімен танысу бала бақшадағы балалардың сенсорлық тәрбиелеудің құрлымын игеруге көмектеседі.Әр жаста сенсорлық тәрбиелеудің өз сындары болады. Осының арқасында сенсорлық мәдениет қалыптасады.





Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.

  2. «Мектепке дейінгі тәрбие» журналы № 1,2014 жыл

  3. Андабекова С. «Мектепке дейінгі педагогика»

  4. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.

  5. А.Усова“Обучение в детском саду” М.Просвщение. 1981.

  6. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана 2008 ж.

  7. Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік .- Алматы, 2009ж.

  8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

  9. Ядэшко В,Сохин Ф.И.«Мектепке дейінгі педагогика» Москва-1986ж.

  10. Журнал «Балабақша», №2-6, 2009 жыл.

  11. М. Монтессори «Помоги мне, сделать это самому».

  12. http://www.psychologos.ru/articles/view/pedagogika_frebelya

  13. https://ru.wikipedia.org/wiki/Фрёбель,_Фридрих






hello_html_37e99f9e.gif


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1884
Номер материала ДВ-521334
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх