Инфоурок Другое Рабочие программыМ. Өтемісұлы (10 сынып)

М. Өтемісұлы (10 сынып)

Скачать материал

                                                                                    А.С. Пушкин атындағы

 №1мектеп - гимназиясының

 қазақ тілі мен әдебиеті 

мұғалімі Н. Ирбаева

10 класс        қазақ әдебиет пәні

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген дәуірі мен шығармалары  ( Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн») 

Сабақтың мақсаттары: Махамбеттің өмір мен шығармаларын танып білдірту, өлеңдерін оқып-түсіну, авторлық бейнені ашу, өлеңдерінің тіліне талдау.

Білімділік: оқушылардың Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, өлеңдерінің идеялық мазмұнын түсіндіру, ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орнына тоқталу

а)  жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушыларды өз бетінше  тауып,оқытып  үйрету. (АКТ желіні қолдана отырып,тақырыптарды қалай іздеп табуға болады) танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдалану зерттеу біліктерін (өзектілігін анықтау, ақпарат жинау, бақылау) шыңдай түсу

2.Дамытушылық: оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін,өлең мәтіндерімен өздігінен, топта, ынтымақтастықта, жұмыс істей білу дағдыларын дамыту   (талдау, жорамал жасау, қорытындалау дамыту

3. Тәрбиелік: оқушылардың қазақ  ақындарының батырлығына, ақындығына  деген ықылас құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету,өз еліне, жеріне деген қызығушылығының, ынтасының  артуы

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақтадан слайд-шоу: Махамбет Өтемісұлының портреті, Махамбеттің шығу тегі туралы сызба, «Кейіпкер портреті» сызбасы,

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақтың түрі: Эвристикалық жобалау  технологиясы бойынша   шығармашылық жұмыс

(Эвристикалық деңгейде:  мақсаты анық,  ситуация түсініксіз, оны  оқушының  өзі  толықтырады,  табады,  шешеді. Бұнда  бұрынғы  білімі өлең  талдау сияқты білімі  көмекке  келеді. Оқушы  жаңа  хабарды,  білімді  өз  ізденісімен  алады.

Ғылымилығы:  практикаға бағытталған

Негізгі  қағидалар:

* бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары  қызығушылықпен орындайды

* іс-әрекет тек оқу пәнінің (оқулықтың) саласында  ғана құрылмайды

 балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену

* шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де  өте маңызды

 

Өзектілігі:

1.Баланы тақырыпқа байланысты қосымша білімді  желіден өздігінен іздеп табуға, оқи білуге үйрету

2.Баланы ойлауға,ойын жазып айтауға,білімін қолдана білуге үйрету

3.Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау

 

Күтілетін нәтиже:  Махамбеттің өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу,оқиға ізімен  

                                                    туған өлеңдеріне талдау жасай алу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру

ІІ.  Жана сабақты оқып – білу кезеңі.

Интерактивті тақтадан сабақ эпиграфы көрсетіледі:

 

                                             Қанжар жүзі сөз құдіретін тілмейді,

Дер кезінде ер қадірін білмейді.

Өлсе өлер,оны өлтірген адамдар

Ал, Махамбет, мәңгі тірі өлмейді

 

   Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасына айналған  Махамбет Өтемісұлының  өмірі мен шығармашылығына  және оқиға ізімен туған өлеңдері ( «Ереуіл атқа  ер  салмай», «Мұнар күн») мен  өлеңінің шығу  тарихына, тоқталмақшымыз.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:     «Махамбет - Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абайдан кейінгі батырлардың батыры,Махамбет есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы.Махамбет өлеңі қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары тап – таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз, басқа жер бетіндегі елдің өлең жырында жоқ»,- деп академик жазушы З. Қабдолов Махамбетке осылайша баға берген. Өйткені, батырыдң өзінде жеке бастың өмірі болмған, өмірі  өнеріне көшіп кеткен де, қасиетке айналған, жеке тіршілігінде тек қасірет қана қалған. Өзін ойламаған, өзге жайын,ел қамын ғана ойлаған. «Ереулі атқа ер салмай,Егеулі найза қолға алмай» жүретін алаңсыз күнді аңсаған.

  Халық үшін семсерімен де, сөзімен де қайрат көрсеткен, сол жолда құрбан болған Махамбет батыр «Мен, мен едім, мен едім» өлеңінде өз бейнесін былай ашады.

 

Боз ағаштан биік мен едім,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан.

                                                               Ел құтқарар ер едім,

Жандаспай – ақ бір тынбан,

Томағалы сұңқар мен едім,

                                                               Толғамалы найзамен,

Толықсып жауға шапқанда,

Бір озғанмын жұртымнан

Әкесі Өтеміс старшина болып, ел басқарған қайратты, өткір тілді, сөзге шешен адам болған.Махамбеттің өжет, қайсар болып өсуіне әкесі Өтемістің  тигізген әсері ерекше.

 Ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі – 19 ғасырдың екінші жартысындағы Ішкі Бөкей Ордасында болған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық - азаттық көтеріліс болды. Көтерілісте жеңіске ұшырап, басшылары аяусыз жазаланса да, бұл еліміздің болашғаы үшін жасалған маңызды қадам болды. Көтеріліс көсемдері батыр Исатай мен Махамбет халықтық ыстық ықыласы мен шексіз сүйіспеншілігіне бөленді. Махамбет Поэзиясы – ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні.

«Туады ерлер ел үшін»  Тақырып бойынша  хронологиялық  кетемен жұмыс:

 

Жылдар

Негізгі оқиғалар

Оқиға ізімен туған жырлар

1

1803жыл

Махамбет батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы,Бектай құмында туған.Дауылпаз ақын,жауынгер,ұйымдастырушы,ерлік пен азаттық поэзиясының ірі өкілі

 

2

1824-1828

Махамбет Жәңгір хан ордасында

«Жалған дүние»,«аспандағы бозторғай»,«Хан емесің, қасқырсың»,

3

1829 -1830жыл

Махамбет Калмыков түрмесінде қамауда болып,қашып шығады

«Зыңданда»

4

1831жыл

Түрмеден қашып шығады

«Әй Исеке,И секе»

5

1833-1836жыл

Көтеріліске дайындық

«Арғымақтың баласы»,«Орай да борай қар жауса»,«Атадан туған аруақты ер», т.б.

6

1836жыл,14 сәуір

Қиялымола көтерілісі, Тастөбедегі шайқас (Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетеріліс)

«Бағаналы терек»,«Соғыс»

7

1837ж 15 қарашы

Гекке бастаған жазалаушы орядпен шайқас

«Міне алмаған алаға»

8

1838жыл 12шілде

Көтерілістің жеңіліс табуы

Исатайдың қазасы

«Мұнар күн»,«Жабығу»,«Қоштасу»,«Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым»

9

1838жыл наурыз

Махамбеттің қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтілуі

«Күн қайда», «Махамбеттің баймағамбет сұлтанға айтқаны»

10

1846жыл

Махамбет дүниеден өтті

 

11

1908, 1912, 1925 жж

 

«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе» атты күй жинақтары  жарық көрді

12

1939—89 жж

 

8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді

 

Тапсырма № 1

 

Ой салу.    Класстер әдісімен Махамбетті қандай тұлға ретінде танып білдік......

                                                     Суретін сала отырып, сызбаны жазып, қорғау

                                                                                                                              Ақын                                                                                                                                                     мерген

                                                                                                                              Добырашы                                                                                                                         

Батыр                                                                                                                                                                

Күйші              

Көтерліс басшысы                                            

                    үгіт –насихатшы          палуан

 

Тапсырма №2

Эвристикалық жобалау  технологиясы бойынша   шығармашылық  жұмыс.

Мәтінмен жұмыс : Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына арналған мәтінді «Эстафета» ойыны  арқылы ұйымдастыру, меңгерту

Ойын шарты: Сынып оқушылары  үш топқа бөлінеді. Белгі бойынша оқушылар мәтінді оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, деректерді, олардың мерзімдерін жазып  отырады. Жұмысты орындауға белгілі бір уақыт беріледі.Қай топ деректерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін неғұрлым көбірек көрсетсе, сол топ жеңімпаз болады

Тақырып бойынша  хронологиялық  кестені  5 минутта топ толтырып жазуы керек (Ескертпе оқушылар 6 – дан көп мәлімет табатын болса,кестені жалғастыруларына болады)

 

Жылдар

Негізгі оқиғалар

Оқиға ізімен туған жырлар

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

6

 

 

 

 

 Түртіп алу  стратегиясы  «Ереулі атқа ер салмай» өлеңі

Тарихи негіз «Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасы »

        1837 жылы  Исатай мен Махамбет  Жайықты  жарып  өткен  соң қасындағы  қырық жолдасымен далаға қонады.К үн  суық  боран екен. Ертемен  тұрса батырлар қар астында тоңып қалған екен. Сол заманда  Бөкейлік қазақтары  едәуір  тәрбиелі  екен.Сол кезде  едәуірі  тастан,  ағаштан салған  үйде, шайға  үйреніп қалған. Етіктің  орнына елдің  бірқатары кебіс-мәсі киеді екен.

          Далада  қонып,  тоңып  тұрған жігіттердің  көбі жылы  үйді,  жұмсақ  төсекті,  қызыл шайды  жоқтайды.

          Сонда  Исатай айтыпты –мыс: «Ай, жігіттер! Қазақ жұртына сәлем  айтыңыз! Ел  болам десе-құс төсек  төсенбесін, шай  ішпесін,  қималы  етік кимесін»,-деп.

          Қималы етік деп  кебіс-мәсі айтқан. Сол уақытта  Махамбет осы өлеңді  айтып  жолдастарын жұбатқан  дейді.

Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге  шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық,  шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

 

Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді

 

Шұбыртпалы ұйқас

Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді

А қын  тілінің сөздігін құрастыру

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған  төзімді ат.

Тебінгі  - тоқым қысқа  болғанда, аяқкиім  мен  шалбар балағын қорғайтын,  ер тұрман құрамына  қатысатын  әбзелдің  бірі

Терлік – тоқымның  астына  салатын киіздің бір  түрі .

Малта – сүзбеден  сығып,  домалатып дайындаған  уақ  құрт.

Өзегі талу –шаршау, ашығу

Темір қазық- жұлдыз

“Түйінді сөздер” стратегиясы

 

 

Өлеңнің шумақтарын  мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың  айшылық алыстығының әрі  ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану  күшейткіш  мәнге  ие  болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі  керек. Егер  де  оның  игерілу  міндет болмаса,  ол өлеңге осыншалық  аса  мән беріліп айтылмас  та еді.  Осы  игеруге ұмытылдырып  тұрған қажеттілік – азаттық  үшін  күрес.

Тебінгі терге  шірімей,

Терлігі  майдай  ірімей

 

Тебінгінің  әбден  тер  сіңіп,  шіріп  тозатындай, ал  терлігінің майдай  іріп,  яғни,  үгітіліп таусылатындай шаққа  жету  үшін қанша жаз  бен  қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің  тоз-тозы  шыққанын көрсету арқылы  ақын  ұзақ  уақыттың  суретін қашап шықты. 

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат  болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші  Баланың өзі  шал  болуы азаттық үшін  күрестің  ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда  сенің  оған шыдауың керек екенін баса  айтады. Бұл- бостандыққа  кететін  уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық,  шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар  болса, көретін азабын шынайы  жыр арқылы айқын анық жырлап  тұр.

 

Тарихи деректер «Мұнар күн» өлеңінің  жарық  көру  себебі.  Геккенің  әскері  Баймағамбет төрені басшы  қылып Шыңғырлау  деген өзенді өрлеп,  Исатайдың  әскерін  тосып жатады. Жортуылда  түстеніп жатқанда  бір қазақ қаша  жөнеледі. Бұл Баймағамбеттің жақыны,әрі  тыңшысы Сүгір деген  төре  екен.  Исатай  және  аздаған  әскері  қуа  жөнеледі.  Сайда  жасырынып жатқан Геккенің  әскері мен  Баймағамбеттің  әскерінің  үстінен  түсіп,  сол жерде  Исатай қаза  табады, әрине  тірідей қолға  түсірмекші  болады, ол  ойлары  жүзеге  аспайды.

1.     Өлеңді  мәнерлеп  оқу

Тапсырма № 3

Сабақты бекіту:  Топтық жұмыстың ішінде өзіндік жеке жұмыс ұйымдастыру

 «Кім алғыр» ойыны

Махамбет туралы әңгімелеудің негізгі тірек сөздерін қоладана отырып, мәтіннің тірек конспектісін жазыңдар

І топтың тірек сөздері: Махамбет ..... қазақ халқының, көтерілісті ұйымдастырушы, жалынды жыршы, дүниеге  келген, әкесі Өтемістің, тигізген ықпалы, әкесі туралы,жас кезінен,ақын атанды,1803жыл, шешендік дарыны, ерте танылады..

ІІ топтың тірек сөздері: 1806-1845жылдар,Жәңгір хан,бірнеше тіл білетін, баласы Зұлхайыр,ақылшысы етіп, билік басындағы отырғандар, тыйым салады,өлең шығаруына, ханның қатыгездігі,мақтаушы емес,даттаушы, он жыл, хан сарайында, ханға бас имей, Ордадан кетеді

ІІІтоптың тірек сөздері:  Ордадан кетен соң, хан – сұлтандар, жәбір көрген, бұқара халық, ұйымдастырушылардың бірі,1829-1831жылдар,Калмыков түрмесі,қашып шығу,бостандыққа шыққан,Исатай бастаған,келіп қосылады,өз өлеңдері арқылы, күреске шақырады,өмірінің мазмұнына айналдарып, туған халқының, мұңын жырлап,жоғын жоқтаған ақын..

Сабақты толық қорытындылау, бекіту: «Өрмекші» оқыта үйрету ойыны

Ойын шарты: Оқушылар топпен отырады. Әр топ өз тапсырмасын алады.білгендерінше жауап жазып қойады да, келесі топтардың тапсырмаларына барып, жауап береді. осылайша тұлға барлық топтың тапсырмаларын орындап шығулары керек. Әр бір дұрыс жауап бестік ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған топ,оқушы анықталады.

Соңғы тапсырма №5 «Өрмекші» оқыта үйрету ойыны

І   топтың тапсырмасы

1.     Махамбет қашан, қай жерде дүниеге келеді?

2.      Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?

 

ІІ топтың  тапсырмасы:

 

1.Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі?

2.Махамбет қай өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты,күйзеле, ашына жырлайды, мұнар күнді бұлттан шыққан шұбар күнге теңейді?

ІІІ топ тапсырмасы:

 

1.Махамбет пен Исатай бастаған  шаруалар көтерілісінің  себептері?

2.Көтеріліс кезінде туған өлеңдер?

Білімді  бағалау, жинақтау,  коррекция жасау

Ой толғаныс. «Бүгінгі ұрпақтың үні…»

 

 Үйге  тапсырма Қалаған  өлеңді жаттау.

Оқушыларды бағалау. Бір тілек, екі жұлдыз  тәсілі  арқылы бағалу

Рефлексия: Не білдім? Мен үшін не қиын болды? Не білгім келгім келеді?

 

Сәтті жағы: Сабақта АКТ қолдандым.бастапқыда қалай болады, сабақ үстінде желіге оқушылар кіре ала ма? Қолдана біле ме? Қызықтара аламыен ба? деген ойлар қатты мазалады. Сабақ барысында оқушыларым мен көрсеткен сайтқа кіріп, тақырыптарды тауып, бірлесе ,ынтымақтаса тапсырмаларды орындағанда балалардың жұмысынна өзім риза болдым. Тапсырмалар оқушыларға қызығушылық тудырған соншалықты постерлер жасап қорғай алды.Сабақ мен ойлағаннан да керемет өтті,

 

 

Рефлексия (кері байланыс)  5-6 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "М. Өтемісұлы (10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі таңда Қазақстандғы білім беру жүйесінде аса зор көңіл бөлініп, білім беруде үлкен өзгерістер алып отыр. Соның бірі мектеп мұғалімдерінің деңгейлік оқулары. Бірінші денгейді аяқтаған мұғалімдер мектептерінде көшбасшылық жұмыстары барысында көшбасшылық пен тәлімгерлік жұмыстарды атқара отырып, метепте білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізеді. Бағдарламаның жеті модульінің әдіс тәсілдерін қолдана отырып, тұлғаның сыни ойлау қабілетін  дамыту бағытында сабақтар өтеді.Мақсаты оқушы алған білімін келешекте кез келген жерлерде қолдана білулері қажет.Сондай сабақтарымның бірі 10 сыныпта өткен "Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген дәуірі мен шығармашылығы" сабағым.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2015 4969
    • DOCX 179.6 кбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ирбаева Нурсулу Тураровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ирбаева Нурсулу Тураровна
    Ирбаева Нурсулу Тураровна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10864
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек