Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыМ.Жұмабаев "Түркістан" 8 сынып

М.Жұмабаев "Түркістан" 8 сынып

Скачать материал

                                                                            Утепова  Салиха Қамбаровна

                                                                                       Астана қаласы

                                                                                  № 8 орта мектебінің

                                                                                             мұғалімі                                                                             

 

                        М. Жұмабаевтың  «Түркістан»  өлеңі                    

                                                     ( 8 – сынып)

Сабақтың  мақсаты :

1.     Білімділік : М. Жұмабаевтың «Түркістан»  өлеңіндегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы  оқушылардың білімін тереңдете  түсу.

2.      Дамытушылық :  оқушылардың зерттеушілік  қабілеттерін дамыту, ойлау  және  еркін сөйлей білу қабілеттерін  арттыру, өздігінше жұмыс істеуге дағ-

дыландыру ;

3.     Тәрбиелік :   туған  тілін, елін, жерін, халқын, тарихын  сүюге, жас ұрпақты  елжандылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі :    зерттеу сабағы

Сабақтың  әдіс – тәсілі: зерттеу, ізденушілік,көрнекілік

Сабақтың  көрнекілігі : Мағжан Жұмабаевтың  шығармалар  жинағы,

  интерактивті  тақта , слайдтар           

Сабақ  барысы :

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

1.Сәлемдесу

2.Сабаққа дайындығын  тексеру

3.Сабақ мақсатымен  таныстыру

ІІ. Жаңа  сабақ  өту.

               Мағжан  Жұмабаевтың  өмірі  мен шығармашылық жолы бойынша               

                                             хронологиялық   кесте

        Тарихи   кезең

 ( тарихи кезеңге  сипаттама)

             Авторы

   ( өмірі туралы мәліметтер)        

            Әдеби  мұра

(шығармалары туралы                           мәлімет)

(шығармалары туралы                     мәлімет

ХХ ғасырдың басында Қазақстанда Ресейдің отарлау саясаты кең өріс алды. Ресейден қоныс ауда-рушылар күрт өсіп, қазақтар құнарлы жерінен  ығысты-

рылды. Қазақ қоғамына ұлт

ретінде біржола жойылып кету қаупі  төнді. Ал  оған

көнбеген жағдайда өз мүд-десін қорғау мақсатында белсенді күреске шығу мәселесі қойылды.

Қазақ саяси элитасы ұлттық

мүддені негізге алған саяси партия құру ісін қолға алды.

  Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсын

ұлы,М, Дулатов ұлт –азат-

тық қозғалысқа нысаналы сипат беру мақсатында газет- журналдар шығару, кітаптар басып шығаруды

қолға алды.

1911 ж. «Айқап»  журналы,

1913 ж. «Қазақ» газеті.

1917-1918 ж. жарық көрген

«Бірлік туы», «Сарыарқа»

газеттері ұлт- азаттық күресінің қалыптасуына қызмет етті.

1917 ж «Алаш» партиясы құрылды.           

Қозғалысты  бастаушы және

оған дем беруші топ қазақ

зиялылары атануы.

Кеңес  өкіметінің Алаш зиялыларын  қудалауға түсуі.

Алаш  азаматтарының

«халық  жауы» деп жазала-нуы, өлім жазасына кесілуі.                                                          

1893 жылы 25 маусымда

Солтүстік Қазақстан облысы

қазіргі М. Жұмабаев ауданы

Сасықкөл жағасында дүние-

ге келген.

Білім алған ошақтары:

- ауыл молдасынан хат таныған

- 1905-1910ж.ж.Қызылжар-дағы М. Бекішевтің медре-сесінде білім алды.

-1910-1913 ж.ж. Уфа қала-

сындағы «Ғалия» медресе-сінде оқыды.

- 1913-1916 ж.ж. Омбы мұғалімдер семинариясында

оқып жүріп, «Бірлік»  ұйымына мүше болады.

Ә. Бөкейхан,А. Байтұрсын-

ұлы, М. Дулатовпен байла-ныс орнатып, өлеңдері

«Қазақ» газетінде басылып шықты.

-1917 ж. Алаш партиясының

мүшесі.

- «Бостандық  туы», «Ақ жол» газетінде. «Шолпан». «Сана» журналында қызмет

етеді.

- 1929 ж. бастап ақын  қуғын

сүргінге ұшырайды.

-1936 ж. босанып шығады да,1937 ж. қайта тұтқында-

лады.

-1938 ж. 19 наурызда атыла-

ды.

-1991ж. Қазақстан мемлекеті

тәуелсіздік алғаннан соң

ғана М. Жұмабаевтың аты ақталып шығады.

«Қазағым»,

«Сорлы  қазақ»,

«Жатыр»,

«Туған  жерім - Сасықкөл»,

«Мен  жастарға  сенемін»,

«Сүйемін»,

«Қазақ  тілі»,

«Мен  кім ?»,

«Сағындым»,

«Толқын»,

« Орал тауы»,

«Туған  жер»,

«Жаралы  жан»,

«Бесік» жыры,

«Қысқы  жолда»,

«Бұлбұл»,

«Күншығыс»,

«Қараңғы  дауылды түн»,

«Жазғы  таң» т. б.

 

       Поэмалары:

       «Батыр  Баян»,

       «Қорқыт»,

      « Жүсіпхан».

 

І   Сараптамалық талдау жұмыстары

Тақтадан слайдтар арқылы оқушылардың сараптамалық ізденістері нәтижесінде жүргізген жұмыстарын көрсету, оларды жүйелі баяндау.

    ІІ Мағжан шығармашылығын жүйелеу, қорытындылау  жұмыстары

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын    өлеңдерінің  көпшілігі негізінен  халқының, ел – жұртының  тағдырына бағышталған. Ақынның еліне , халқына , бүкіл түркі нәсілдес,қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі.

      Ақын өлеңдері  сан  алуан тақырыпқа жазылған: туған  жер, атамекен, халық тағдыры,адамгершілік, шынайы  махаббат.

     «Түркістан» өлеңі – елім, жерім, халқым деп  соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық  жырдың  шынайы да шебер үлгісі.

      Тұран – көне  мәдениет  бесігі, сәулет  өнерінің кең  сарай  көрінісі, ұлы ақындар  ордасы, имандылық мекені.

  Өлеңнің тақырыбы:  Тұранның толқымалы тарихы.

  Идеясы: Тұран – Түркістанның  хандары мен батырларын, ғалымдары мен

ақындарын мақтау, мадақтау.

Мазмұны:

-         Тұран - Түркістанның отты жылдай  ескен тарихы

-         Тұранның сұлу табиғаты

-         Ертедегі ертегі хан Афрасияп

-         Тұрандағы  Шыңғыс хан билігі

-         Тұрандағы  хандық дәуір

Қасым хан

Назар хан

Есім хан

Абылай хан

-         Ұлы ғұламалар

Ұлықбек

Ибн- Сина Әбуғали

Әбу Насыр әл – Фараби

Қожа Ахмет  Йасауи 

(  Өлеңде аталып өткен  атақты  хандар мен  ғұламалар туралы  жинаған мәліметтерін  оқушылар  әңгімелеп, бір – бірімен   пікір алысады).

       Интерактивті  тақтадан  Түркістан   жерінің   суреттерін  көрсету.   

      ( Суреттерді көрсету арқылы  көркем шығармадағы  ақын суреттеген

          бейнелерді салыстыра отырып , оқушылардың  зейінін  артыру)

     

    «Түркістан»  өлеңін  мәнерлеп оқып беру.

               Түркістан – екі дүние  есігі ғой.

                Түркістан -  ер түріктің  бесігі  ғой.

                Тамаша  Түркістандай  жерде туған

                Түріктің  Тәңір берген  несібі  ғой.

 

                Ертеде  Оқыс , Яқсарт – Жейхун , Сейхун,

                Түріктер  бұл екеуін дария  дейтін.

                 Киелі сол  екі су жағасына

                 Болмаса, барсаңшы іздеп  бабаң  бейітін.

 

        Ақын Алаш елін  алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік ,бәрі түрік  жері,  қазақ  жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен  жаралды деп таныған.

         « Түркістан»  өлеңін   оқушыларға  мәнерлеп оқытып, өлең шумағын оқу- шыларға  талдау  жасату.

                     3                         4                                 4

             Ер- те - де //    Түр – кіс –тан- ды  //Тұ – ран  дес –кен,

             Тұ –ран –да //   ер  тү – рі – гім // ту –ып  - өс –қен.

             Тұ –ран –ның // тағ – ды – ры  бар // тол – қы- ма – лы,

              Ба- сы-нан //      көп та – ма - ша // күн - дер өт - кен .

 

      Өлең   24  шумақты, 4 тармақты , 12  бунақты ,  11 буынды  қара  өлең ұйқасымен жазылған.

            Өлеңнің  көркемдік  тіліне  талдау  жасау.

            Эпитет

                   Теңеу

             Метафора    

 ер  түрік,тамаша  күндер, аппақ шаштар,  ерке бұлақ, салқын жас,

киелі су, болат жігер,

асыл қан, кең ақыл,

отты қайрат, жүйрік қиял, тұңғиық ой   т. б

 

желдей   тарих, теңіздей

 ой,  құйындай

күні, 

 

 

 от боп туған,

отқа ұқсап, түрік  көкжал, Шыңғыстай арыстан,

Арқаның ардагері –қалың алаш

 

 

Аллитерация:  Тұранның елі, шексіз шөлі  қандай !

                             Теңіздей  кемері жоқ көлі қандай !

                             Тұранның  дария аталған өзендері,

                             Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

        

       ІІІ. Сабақты    бекіту .

  Осы өтілген тақырып  бойынша  тест  сұрақтарына  жауап  беру

1.     Мағжан Жұмабевтың  өмір сүрген  жылдарын  көрсет.

Р) 1885 – 1935 ж. ж.

С) 1894 – 1938 ж . ж.

     Т) 1893 – 1938 ж. ж.

2. «Түркістан»  өлеңінің  тақырыбын белгілеңдер

     У) Әлеуметтік

     Ұ) Табиғат

     Ү)  Туған  жер

 3. Афрасияп  деп  ақын қай қағанды  жырлағанын көрсетіңдер

     Р) Алып  Ер – Тұнға

     С) Мөде қаған

     Т) Аттила ( Еділ)

4. Өлеңде  Ислам дәуір әдебиетінің   қай өкілдері  аталғанын анықтаңдар

     К) Әбу Насыр әл –Фараби , Қожа Ахмет  Йасауи

     Қ) Тарағай, Ақсақ Темір

     Л) Шыңғысхан, Шағатай

5. Аңыз  кейіпкерін көрсет

    Ы) Ибн – Сина  Әбуғали

     І) Нұх  пайғамбар

    Э) Зұлқарнайын

6. Жейхун , Сейхун  дариясының  қазіргі  кезеңдегі  аттары көрсетіңдер

    П) Оқыс, Яксарт

    Р) Арал, Ыстықкөл

    С)Амудария, Сырдария

7. Түркістан  қаласында  қай  әулиенің  кесенесі  салынғанын белгілеңдер

      Т )  Қожа  Ахмет  Йасауи

      У) Арыстанбаб

      Ұ) Ақсақ  Темір

8.  ХVІІІ ғ. жоңғар – қалмақтармен  шайқасқан  қазақ  ханы

    А) Абылай хан 

     Ә) Қасым  хан

     Б) Есім  хан

9. « Арқаның  ардагері  - қалың  алаш» деген   өлеңдегі  көркемдеуіш тәсілді белгілеңдер

    Л) Теңеу

   М) Эпитет

   Н) Метафора

 

                                       Дұрыс  жауаптары

    1 

    2

   3    

   4        

    5

    6

     7

     8

    9

     Т        

    Ү

     Р

     К

     І

     С

     Т

    А

    Н

 

      Қорытынды:

        Ақын  ағамыздың  қай  өлеңі  болмасын  халқына, туған  жеріне деген  сүйіспеншілігі , толғанысы бейнеленген. Өлең жырлары арқылы халқының

болашағы, келешегі үшін  күресіп,  жанын құрбан еткен ағаларымыздың

есімін  ардақтап, естен шығармау – біздің парызымыз.

ІV.  Оқушыларды  бағалау

V.  Үйге  тапсырма : «Түркістан»  өлеңінің  6  шумағын  жаттау.

      «Түркістан – екі  дүние  есігі  ғой»  атты  шығарма  жазып  келу.

                                    

        

 

 

                                                    

.           

 

                                                                              

                                                                           

        

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "М.Жұмабаев "Түркістан" 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

   М.Жұмабаевтың "Түркістан" өлеңі 8 сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен. Сабақ зерттеу сабағы үлгісінде өтіледі. Сабақта М.Жұмабаевтың өмірі, шығармашылық жолы, өмір сүрген кезеңі туралы мәлімет пен  ақынның  "Түркістан" өлеңінің  тақырыбы, идеясы, теориялық талдау үлгілері көрсетілген.   Ақынның   бұрын өткен  өлеңдерін оқушылар жатқа айтып, "Түркістан" өлеңімен байланысын анықтайды.  Сабақты бекітуге тест тапсырмалары орындалады. Тест сұрақтарын дұрыс тапқан кезде ғана, жауабы  сабаққа байланысты мағыналы сөз шығу қажет екенін оқушыларға түсіндіріп өту керек.

   Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық  жұмысына да баса назар аударылады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 245 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.03.2015 1710
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утепова Салиха Камбаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утепова Салиха Камбаровна
    Утепова Салиха Камбаровна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 203838
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 799 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 755 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 36 регионов