Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМақала "Қазақстандағы білім беру мазмұны"

Мақала "Қазақстандағы білім беру мазмұны"

Скачать материал

Қазақстандағы білім беру мазмұнының ерекшеліктері

Есетова Гульзия Амангельдиевна

№ 24  жалпы   орта  білім  беретін мектебі

Батыс Қазақстан облысы,

Орал  қаласы,

gulziya.amangeldievna@mail.ru

 

Аннотация

Мақалада Қазақстандық білім берудің мазмұны, әдістемесі және сапасы туралы қарастырылған.

Аннотация

В статье рассматривается содержание, методы и качество Казахстанского образования.

Annotation

In article examines maintenance methods and quality in Kazakhstan education.

Қазіргі таңда жаңа дәуірде бүкіл әлем интеграциялық байланысқа түсуде. Біздің Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көп ұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған» деп көрсетілген. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, әр мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт. Жалпы тілді оқытудағы негізгі мақсат – коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту, субьектісін қалыптастыру. Қазіргі жаһандану заманда үштілділік мәселесі бірінші орында тұр, яғни деңгей жоғары. Қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі болып табылады.

Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Білімнің мазмұны оқушыларға «Нені оқыту керек?» - деген сұраққа жауап береді. Баланы оқытқанда, бүкіл жағдай барынша жасалу керек. Мысалы мен өзімнің қазақ тілі сабағымда әр түрлі педагогикалық әдіс – тәсілдерді, интерактивті тақтаны, қызықты ойындарды, пікірталастар, интернет, компьютер қолданамын. Сондай – ақ әр түрлі интернет ресурстарын, қашықтықтан оқытуды,online конференция, рөлдік ойындарды, Skipe секілді технологияларды пайдалануға болады.  Мұндай әдіс – тәсілдер балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, тілді меңгеремін деген құлшыныстарын  арттырады. Баланың тағдыры көбінесе оның білімінің саны мен сапасына тікелей байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н.Скаткин т.б. зерттеді.

И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша «білімнің мазмұны дегеніміз – оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс – әрекет, эмоциялық қарым – қатынас тәжірибесі».

Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамыту керек. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы өзі оқып отырған материалға немесе мәтінге қатынасын, яғни мәтенне не түсінгенін, не туралы жазылғанын, жалпы мазмұнын өзінің сөзі және ісі арқылы білдіреді. Егер де оқушылар білім алуға жақсы оң көзқараспен қараса, онда олардың оқудағы табыстары да жақсы болады. Оқытудың белсенді де, тиімді әдіс- тәсілдерді қолданған мұғалім өзі үшін жаңалық ашып қуанышқа бөленеді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, кино, аудио, бейнеқұралдар, компьютерлер, интернет желілері, телекоммуникациялық желілер болып табылады.

Интернет мүмкіндіктері мен қызметтері алуан шексіз. Мысалы: оқушылар, тіпті мұғалімдердің өздері осы интернет арқылы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, электронды пошта арқылы хат алысып, online конференцияларға қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, әр түрлі хабарламалар алмасуға мүмкіндіктері болады. Маңызды ақпаратты жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндіктері мен өз бетімен іздеу мүмкіндіктері пайдаланылады [2].   

Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениеті бір- бірімен тығыз  байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс –әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, сондай -ақ мотивсіз, сезімсіз, ерік -жігерсіз оқу мен оқыту дұрыс жүрмейді [3].

Білім –әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі –әлеуметтік тәжірибедегі іс – әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.

Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл- ой) дағдылары мен іскерліктеріне үйреніп, оқушы жоспар құруға, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады.

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс- тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады.  Ақпараттық –коммуникациялық технологиялары оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Сондықтан оқу мен оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.

Технологиялық білімдер –оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай- ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, технологиялық білімдер құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық  жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б.білу кіреді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек [4].

Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық педгогикалық және мазмұндық білім орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Технологиялық білім сыныпта ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен камерамен бірге жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, мұғалімнің жұмысы жеңілдейді. Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде қолданудың жалғыз жолы –оларды пайдалануды бастау. Ол үшін кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алу керек. Сандық камералардың көбінде автоматты жарықты икемдеу функциясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, камера жылжымаса, бір жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады.    

Сабақ басталғанға дейін мен үш оқушыдан тұратын топты ұйымдастырдым. Мен оқушыларды тек олардың қабілеттерін ғана емес, тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, ең тиімді комбинациялар жасайтындай етіп топтастыруға тырыстым. Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге болады деген сияқты нақты тақырып бойынша  әр түрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған болуы мүмкін еді және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.

Мен жасаған wiki беттерінде топ ішінде талқылауға түрткі болатын «бастапқы материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Әр түрлі топ үшін түрлі мөлшердегі материалды таңдауыма барлық оқушылар үшін тапсырмалар спектрін қамтамасыз ету себеп болды. Ал бір топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен атауы берілді.

Оқушыларды wiki –ді пайдалануға тартуды қамтамасыз ету.

Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki –ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы сабақта «Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып толық ашылған жоқ. Оқушыларды тарту және оларды әрекеттерге қатыстыру үшін, оларда біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті сенімділігі болуы тиіс. Сабақтың басында пайда болатын проблемалардың алдын алу үшін, мен өзімнің  wiki беттеріме белгісіз бір дереккөз араласып кеткендей етіп көрсетіп, одан әрі тақырыпты қайта қарау кезінде беттердің толық кешенінің болуы үшін оларды түзетуге сынып оқушыларынан көмек сұрадым.

Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір- бірінің wiki беттерін редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратындай ешқандай мәселе болған жоқ, бұл «өзін- өзі жетілдіру» ретінде қаралды.

Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір- бірінің жұмысын емін -еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болады. Менің ойымша, бұл олардың  wiki –ді дұрыс пайдалануын дамытуға көмектеседі.

Қорыта келгенде, оқушыларды оқыту барысында, ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру  мақсаты алға қойылса, оқытудың  мазмұны , әдістемесі және сапасы да өзгереді. Сонымен қатар, қазіргі жаҺандану заманда бәсекеге қабілетті оқушыларды да тәрбиелейміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы

2.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Қазақстандағы білім беру мазмұны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 570 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2020 343
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есетова Гульзия Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 444
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 794 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 967 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе