Инфоурок Английский язык СтатьиМақала: Шеттілдік білім беруде ұлттық ойындарды оқушылардың оқу әрекетін белсендіру мақсатында пайдалану мазмұны

Мақала: Шеттілдік білім беруде ұлттық ойындарды оқушылардың оқу әрекетін белсендіру мақсатында пайдалану мазмұны

Скачать материал

 


 

 

Шеттілдік білім беруде ұлттық ойындарды оқушылардың оқу әрекетін белсендіру мақсатында пайдалану мазмұны

 

Абушахмаева Жансая Нартайқызы

Jansaya_jan_96@inbox.ru

Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас Ұлан» мектебі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Алматы, Қазақстан

 

 

 

Ойындардың жіктемесін жасауда оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алынды. Енді,  әрбір сабақта оқушылардың ой-өрісін, оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі. «Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. ұлттық ойындар; «Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек-сызбалар, кестелер, плакаттар мен суреттер; «Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.

Ойын элементтері оқушыларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырады. Ойын соңынан оқушылардың пікірі, көзқарасы талданады, баға беріледі. Ойын арқылы оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. 

Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі - бұл өлең құрастыру. Мұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру (бес жолды өлең) сияқты жұмыс түрлерін қолдануға болады.

Ұлттық  ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. Өмip тәжірибесін бip жүйеге келтіруге үйрету, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Ұлттық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бipaқ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі;

2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың нeгiзiн заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бip нәрсені болжауға негізделеді.

3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не icтep едім, егер..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.

4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың нeгiзгi ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бip сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады. 

Тапқырлық ойындар арқылы лексиканы оқыту.

Ойындар сөздік қорын дамытады, сөздерді дұрыс, мағынасымен қолдануға және қарым-қатынасқа итермелейді. Лексиканы дамытатын ойындар арқылы тіл үйренушілер өзара сұхбаттасады, ақпарат бөліседі, қарым-қатынасқа түседі. Тіл үйретуде ойын түрлері көп, алайда соларды белгілі бір бағытта ғана қолдануға болмайды. Яғни бір ойын түрлі мақсатта қолдануы керек. Мысалы: жаңа сөзді меңгерту; сөзді сөйлеу тілінде қолдану; сөйлем құрамын меңгерту; жаңа тақырыпты меңгерту; эссе, хат жазу; жұрт алдында сөйлеу; күнделікті тұрмыстағы жағдаяаттарда қолдану; мәтінмен жұмыс түрлерінде.

«Алшы» ойыны

Ойынның мақсаты: Жаңа сөзді меңгерту және мағынасын жете түсіну.

Ойын ережесі: Оқушылар қоржыннан сөз алып, оны аударып және мағынасын ағылшын тілінде айтулары қажет. Ойын желісі алма кезек алумен жүріп отырады. Қателік жіберген оқушыға бір мүмкіндік беріледі.

Ойын ұзақтығы: 7-8 минут

Ойынның тиімділігі: Оқушылардың білуге деген құштарлығы ашылып, белсенділігі артады. Сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Ойын барысы:Арнайы жасалған сөздер қоржынынан оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сөздерді алып отырады. Сөздер асық формасындағы қаптама қағаздарға жазылған. Мұғалім бірінші қатардан бастап әр оқушының жанына қоржынмен келеді.

Сабақтың тақырыбы: Theatres

Сабақтың мақсаты:

         білімділік: Сұрақтарға жауап беру, сөздер арқылы дағдыларын қалыптастыру. Мәтінмен жұмыс жасау.

         дамытушылық: Сөздердің мағынасын айыра білу және тілдік қатынасқа түсуге машықтандыру.

         тәрбиелік: Оқушылар арасындағы өзара сыйластық орнату, пікірлерін тыңдап, мейірімділік сезімін қалыптастыру.

Өткізу әдістері: Сұрақ-жауап, ойын элементтерін қолдану, түсіндіру, баяндау, жаттықтыру әдістері.

Сабақтың барысы: Амандасу, оқушыларды тексеріп, түгелдеу. Сабаққа әзірлеу. Мұғалім үйге берілген тапсырманы тексереді. Оқушылардан өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап алады. Жаңа сөздерді бекіту үшін ойын ойнатады. «Алшы» ойыны. Тақырыбы: Театр.

Бірінші оқушы:What is ‘casting’?.It is selecting which actors will play which roles.

Екінші оқушы:What is ‘role’?. It is a part,character,person written by a playwright. Осы тәсіл бойынша қалған оқушылар ойынды жалғастырады.

Тапқырлық ойындар арқылы дыбыс жүйесін меңгерту.

Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға, айтуға үйретеді.Есту қабілетін дамытып, сөздерді мағынасына сай ажырата алу қабілетін дамытады.

«Кім ең мұқият?» ойыны

Ойынның мақсаты: Бірдей жазылатын, бірақ дыбысталуы әр түрлі сөздерді айтылуына сай ажырата білу.

Ойын ережесі: Оқушылар тақтада жазылған 4 сөздің ішінен дыбысталуы ерекше сөзді бояумен белгілейді.

Ойынның ұзақтығы: 5 минут

Ойынның тиімділігі: Мұқият тындау, сөздердің орфографиялық қана емес, орфоэпиялық дыбысталуына мән береді. Жылдам ойлау қабілетін дамытады.

Ойынның барысы:Мұғалім тақтаға жазылуы бірдей дыбысталуы әр түрлі сөздер жазады. Сынып оқушыларын алдын ала 2 топқа бөледі. Топ бастаушылары тақта алдына келіп, 5-6 секундта оқып, ерекше сөзді бормен белгілеу керек.Мысалы:

Ø Cut, but, nut, put.

Ø Ear, bear, heart                               айтылуы

Ø Receipt, height, weight

Ø See, sea, bee

Ø Pear, pair,hair                                 жазылуы

Ø ride, hide, guide, bike

Ойын барысында дұрыс жауап берген оқушыға сөздерді күрделендіруге болады.  Ойыннан кейін оқушыларда мынадай біліктер қалыптасады.

-           Дұрыс жауап беру;

-           Сөздерді  жазылуы мен айтылуына қарай ажырату,

-           Эвристикалық ойлауы жетіледі;

-           Бірлесіп жұмыс жасау қабылеті дамиды.

Ізденімдік ойындар арқылы ағылшын тілі пәнінде лексиканы меңгерту.

Оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, белгісіздікті  табуға дағдыландыруға ізденімдік ойындардың ықпалы зор. Сабақ барысында кез-келген тақырыпты өткен кезде ізденімдік ойындарды қолданған балалардың белсенділігін арттырады. Теориялық тұрғыда жинақталған білімдерін, тәжірибе үстінде , яғни ойын барысында жүзеге асырған оқушылардың  үлгерімін біршама жақсартады.

«Тобықтай түйін» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушыларға жаңа сөздерді бекіту, мағыналарын ажыратып, жұппен және топпен жұмыс жасай білу дағдыларын орнықтыру. Есте сақтау қабілетін жетілдіру мен сөздік қорды дамыту.

Ойын ережесі: Сынып оқушыларын A және В топтарына  бөліп, өткен тақырыптың атауы аталған соң, «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойын ережесімен жалғасады. Қарсы бағыттағы оқушылар, яғни А тобы тақырыпқа байланысты сөздер қоржынын жинап, қарсылас топқа бағыттайды В тобына. Қарсылас топтың міндеті сөздерге анықтама беру. Анықтама ішіне (антоним, синоним, мысал да) кіреді. Осы жолмен В тобы А тобына сөздер қоржынын жинап ойын реті қайталанады. Дұрыс жауап 1ұпай.

Ойын ұзақтығы: 10-15 минут

Ойын кезеңдері: I кезең мұғалім ойын ережесімен таныстырады, II кезең оқушылар тапсырманы орындауға кіріседі, III кезең бағалап, қорытынды шығару.

Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, лексикалық мағынасын жете түсінуге дағдыланады. Мәселен, ойынның кішігірім сызбасына назар аударсақ (7-сурет).

 

 

9

 

8

77

 

6

 

5

44

33

22

 

1

 

Words

Definitions

 

 

1

22

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

88

99

 

бастаушы оқушылар

7-сурет. «Тобықтай түйін» ойынының сызбасы

 

Ойын тоғызқұмалақ атты ұлттық ойын желісімен ойналмақ, яғни, тоғызқұмалақ ойынының ережесін негізге ала отырып, сол жақтан оң жаққа қарай жылжу арқылы сөздер қоржынын толтырып, қарсылас топпен алмасу.

Ойыннан кейін оқушыларда мынадай біліктер қалыптасады:

-Белгісіздікті табу;

-Топпен және сөздермен жұмыс жасау;

-Есте сақтау қабілеті жақсарады.

«Мақалды тап» ойыны

Мұғалім сынып оқушыларын екі топқа бөледі. Әр топтың алдына белгілі тақырыпта мақалды айтуларын мәлімдейді. Мысалы, бірінші топқа «үй» деді, оқушылар тарапынан сан алуан мақал-мәтелдермен, цитаталар айтылды. Соның ішінде:

1)    My house is my castle

2)    Home is where the heart is.

3)    East or West - home is best .

4)    The home is the center and circumference, the start and the finish, of most of our lives.

5)    People usually are the happiest at home.

Екінші топтың тақырыбы «тіл» туралы болды.

1)    Learn a language, and you’ll avoid a war.

2)    With a language, you can go to Rome.

3)    If you want people to understand you, speak their language.

4)    Love has its own language, but marriage falls back on the local dialect.

5)    Learn a new language and get a new soul.

Мақал-мәтелдегі түсіп қалған сөзді орнына қою тәсілі арқылы сөзді жаттау.

Көп тараған бұл ойынның түрін тәрбие сабақтарында, ертеңгіліктер мен кештерде, конкурстарда ұйымдастыруға болады. Сөзжұмбақтар оқушыларға логикалық тұрғыдан ойлауға, шашыраңқы ойлардың бір нүктеге шоғырлануына көмектеседі. Сонымен қатар, тілді үйренуде, сөздерді жаттап алуға, эвристикалық ойлауға ықпалы зор. Миға шабуыл жасау, сергіту сәтінде пайдалану ұтымды жол болып табылады.

 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.               Сағындықов Е. «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» Алматы «Рауан» 1993 жыл , Жалпы білім беретін орта мекеп мұғалімдеріне арналған құрал. 75 бет

2.               Әуезов М. Абай жолы; Роман-эпопея. Екінші кітап.-Алматы жазушы, 2007-4326.

3.               Сүйіншәлиев Х. «Абайдың қара сөздері» //Әдеби зерттеулер// 1956 жыл,-Алматы, 253 б.

4.               Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Алматы, 1995, 91 б.

5.               Макаренко А.С. Избранные педагогические сочинения в двух томах. — М., Педагогика, 1977 — 40 000 экз., 1978 — 10 000 экз. 710 стр

6.               Күлбаева Н. Т. «Ұлттық ойындардың тәрбиелік, дамытушылық мәні» справочник классного руководителя, № 7(7) 2009 ж. 78 б

7.               Дөңбаев Ә.Б. Қазақтың ұлттық жарыстары мен ойындары дене тәрбиесі мен спортты танымал етудің құралы ретінде // Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халық.ғылыми практ.конф.матер. (14-16 қазан 2010 ж.). Алматы, 2010. 204-206 б.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала: Шеттілдік білім беруде ұлттық ойындарды оқушылардың оқу әрекетін белсендіру мақсатында пайдалану мазмұны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.03.2022 197
    • DOCX 95.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абушахмаева Жансая Нартаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абушахмаева Жансая Нартаевна
    Абушахмаева Жансая Нартаевна
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 650
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Английский язык" в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 913 человек

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 149 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 395 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 460 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов