Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Мұқағағали өлеңдері пед оқу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Мұқағағали өлеңдері пед оқу

библиотека
материалов

Тақырыбы:Оқушы тәрбиесіндегі Мұқағали шығармаларының рөлі


Қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған ақын аға Мұқағали Мақатаев тің :

Мектебің мынау класың ,

Осында он жыл тұрасың .

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың .

Осынау қарапайым да қастерлі өлең жолдарын жатқа білмейтін бала кемде -кем шығар .Мектеп табалдырығын аттаған кез -келген оқушы осы өлеңді жаттап қана қоймай ,Мұқағали ақынның жыр әлеміне қадам басады.Ақынның көптеген өлеңдері балалық шақ ,ауыл,достық, ізеттілік,адамгершілік тақырыбына арналған .Оның қорғасын бұлттай жырлары адам өмірінің арқауы десек артық болмас еді.,мұны ақын жырларына барлау жасасақ ,тереңірек үңілсек -адамдар жүрегінен жансая іздеген Мұқағали жырларынан анық көрер едік.Бұл туралы Әбіш кекілбаев былай дейді."Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы ,өміріндегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы .Оның туған ауылына алатау табиғатына ,сүйген жарына,аяулы әжесіне,балаларына,достарына баршасына арналған қлеңдері де шын тебіреністен ,шын шабыттан,шын күйзеліс пен қуаныштан ,шын сағыныштан туған жырлар"-деп жазған .

Мен сынып жетекшілікті биыл қолға алдым.Мен оқушыларға жетекшілік етіп оларға дұрыс тәрбие беру жолында М.Мақатаев атамыздың өлеңдерінің тәрбиелік мәні жоғары екендігіне сүйене отырып өз тәрбие сағаттарыма үнемі ақын өлеңдерін пайдаланып отырамын. Мұқағали өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте жоғары .Бірінен -бірі мойны озық,бірінен бірі шоқтықты мына жырларынан үлкенді құрметтеу ,сыйлауға баулу көрінеді,Мысалы:,,Тоқта ботам ,, -деген өлеңінде :

Тоқта ботам!

Атаң келеді артыңда!

Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға ,

Сенің сәби сәттеріңнің мысқылын ,

Айырбастап ала алмай жүр алтынға .

Тоқта,ботам!Атаң келеді артыңда!-деген шумақтарда бір кезде атаңда сен сияқты бала болған ,жас болған, жылдар өтеді,адам қартаяды,қайрат күші кетеді,,сенде осындай боларсың деп өмір жайлы елес береді.

Жүзе жүріп,жүз құбылған сағымда.

Жастық дейтін көктеміңнің шағында,

Өскен едік сенің анаң екуміз .

Осы қарттың мәпелеген бағында .

Ей болашақ!Қарт келеді зиялы,

Кейімесін ата-қыран ұялы .

Сен сыйласаң ,сәби шақтың бір сәтін ,

Атаң саған ұзақ өмір қияды.

Сені қмірге келтірген ,бағып- қаққан оысындай қарттар ,балаларға Ей болашақ деп ұран тастап ,сенде балалы боласың ,есейесің ,сондықтан қартты сыйлап батасын ал деп жаңа ұрпақты инабаттылыққа шақырады.

Мұқағали Мақатаев ата-ананы сыйлау ,сүю,ардақтауға көптеген жырлар жазған ,,Ақ кимешек көрінсе,,деген өлеңінде:

Әже ,сен бірге жүрсең меніменен ,

Өліге мен өзіңді телімегем,

Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем

Ақ кимешек астынан сені көрем.-деп әжесіне сағынышын жаза отырып ,әруақты қастерлеуге ,имандылыққа тәрбиелейді.осындай тәрбие беретін "Шеше сен бақыттысың" , "Аға мен тірімін ", "Ару ана " т.б өлеңдерң жатады.

Мектеп оқушыларын достық,жолдастыққа баулу әр мұғалімнің міндеті ,осы салада Мақатаевтің ,, Досым саған сенемін,, өлеңін қолдануға болады.

Досым, саған сенемін ,сеніп өтем .

Жолы бқтен демеймін ,жөні бөтен ,

Достық деген -адамның көрігі екен,

Достық деген ақылдың серігі екен.-деп оқушыларға достық туын жоғары ұстауға , достың қиындық пен қуанышта ақылды серігің екендігін сезінуге тәрбиелейді. мұндай өлеңдер қатарына ,,Құрдастарға,, т.б өлеңдері жатады.Ата -бабамыздан келе жатқан қатаң қағида ,рухани өсиет-достыққа адалдық ақын өлеңдерінде анық айшықтала көрініс тапқан .Тәрбие сағаттарын өткенде М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыпқа сайлылығы ,мәнділігі үлкен үлес қосады. Тәрбие сағатының қандайда болсаын денсаулық,бақыт, байлық ,адалдық,еңбек сияқты тақырыптарына да М.Мақатаев өлеңдерінің тәрбиелік мәні ерекше екендігін көруге болады.

Бұдан кейінгі ақынның ең биік шыңға шыққан өлеңдерінің бірі Отан,тіл,туған жерге арналады.,,Үш бақытым,, осындай өлеңдерінің бірі .Отан - адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп -өніп келе жатқан жері ,сондықтан қандай адам болсын ,өз отанын дүниедегі ең қымбаттысы ,ең аяулысы- Анасына балайды ,туған халқын ,оның тілін қастерлейді.

Ең бірінші бақытым -Халқым менің ,

Соған берем ойымның алтын кенін ,

Ол бар болса мен бармын,қор болмаймын .

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің -деп халықпен қашанда біргемін ,халқым барда менде бақыттымын ,десе келесі шумақта,

Ал екінші бақытым тілім менің .

Тас жүректі тіліммен тілімдедім ,

Кей -кейде дүниеден түңілсемде .

Қасиетті тілімнен түңілмедім -деп туған халқының тілін мадақтаса келесі шумақта

Бақытым бар үшінші -Отан деген ,

Құдай деген кім десе ,Отан дер ем!- отанның адам баласына қаншалықты керек екендігін және отанды ең биік асыл бейне ретінде көрсетеді.

Ақынның ,, Бұзылған үй ,,деген өлеңінде ерекше құндылық мәні бар .

...Жағасында жылғаның бұзылған там,

Ғұмырым осы жерден басталыпты - оқушыларға экскурсия,саяхат сабақтарын , ата-баба тарихын насихаттап көрсету.Оған мысал ретінде оқушылармен Ескі Ақсайға барып ата қонысын көрсетіп тарих туралы сыр шерту арқылы М.Мақатаев өлеңін насихаттау.

Сонымен қатар М.Мақатаев өлеңдерін сабақ арасындада пайдалануға толықтай мүмкіншілік пен сәйкестік бар .Мен сабақ беретін пәнім физика пәні болғандықтан ,физика пәнін оқыту барысында Мұқағали шығармаларын пайдаланудың мүмкіндіктері жоғары, өйткені Мұқағали шығармаларының арасынан сұрыпталып алынатын өлеңдері жаратылыста болып жатқан құбылыстардың шынайы көрінісін сипаттайды және физика пәнінде теориялық деректердің пәрменді игерілуін жүзеге асырады.
Мұқағали өлеңдерін физика пәнін оқытуда тиімді пайдалану оқушыларды Ұлы физик А.Эйнштейннің “Ғылыми ойлауда әрқашан поэзия элементі болуы тиіс” деген тұжырымды негізге ала отырып, болашақта бейінді бағыттарда физика пәнін оқытуда Мұқағали өлеңдерін енгізу арқылы, ұлттық мұддемізге сай арнайы курстар жүргізу қолға алынса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.

Мұқағалидың табиғат туралы өлеңдеріндегі физикалық құбылыстардың көрінуі.

Адам мен табиғат. Ақын бұлардың тұтастығын сұңғыла философтарға тән түйсікпен ұғынған. Белгілі суреттерден белгісіз сырларды аңғарды. Ақынның «Тау өзені» деген өлеңінде бала шопаннан таяқ жеген серке ата шопанның соңынан маңырайды. Ол бекер маңырап тұрған жоқ, адам мен табиғаттың арасы алшақтанып, оның соңы дүлей құбылыстарға ұрындыратынын сезді. Сол үшін де шығар, ақын қайыңнан «өмір сүрейік алмасып» деп өтінуі. Сол қайыңнан адамдар тіршілігін көргісі келеді. Ол дамдар арасындағы қарым – қатынасты суреттесес де, табиғат көріністеріне үңілсе де, өткен тарих жолына көз салса да, адамның таусылмайтын арманын, өлмейтін махаббаты, үзілмейтін сағыныш сезімін, біріне – бірі жалғасып жатқан тіршілік сабағын жазды.
М.Мақатаев поэзиясында кейіпкер бар болмысымен, ішкі және сыртқы табиғатымен толық анықталды:
Көрдің бе таң мен түннің соғысқанын,
Жарық пен қараңғының тоғысқанын?
Мен көрдім, көрдім – дағы тек отырдым,
Дем беріп біріне, де болыспадым.

Енді Мұқағалидың табиғаттың түрлі құбылыстарын суреттейтін өлеңдеріне тоқталайық:
Алыста, сонау аспанда,
Атыстар, сірә, басталды.
Жай түсіп жатыр тастарға.
Жайратып жатыр асқарды.
Дүрілдеп біраз тұрды да,
Гүрілдеп ала жөнелді.
Аспанды құдай ұрды ма?
Айырар ма екен төбемді.
Жарқ етті алды көзімнің,
Өртене жаздап басылдым,
Отым ба, әлде өзімнің,
Оты ма әлде жасының!?
Немесе
Жанымды болдым қорғамақ.
Жалтарып тұра қшқан ем,
Төбемнен төмен сорғлап,
Сөндірді нөсер басты әрең –
деген өлең шумағындағы бінеше сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндіруге болады.
Көктем де келер,
От ойнар әлі аспанда.
Көгерер әлі:
Кәрі емен, қайың, жас тал да.
Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,
Аспанда апат зарядтар жағаласқанда!

Күркіреу, найзағайдың ойнауы, бұлттың пайда болуы, жаңбырдың жаууы, тамшы формасы, төмен құлауы. Физикада конденсация құбылысын түсіндіруде қолдануға болады.
Сондай-ақ Тағы да күз, тағы міне сары тағы ұзақ түн Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой хой, шіркін, тағы да бір күзді міне ұзаттым,
Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық – көркемдік тұрғыда беріліп, күзде күннің қысқарып, жылу берілуі азаятындығы бейнеленеді.
Сарышұнақ аяз.
Салт атқа шана жектіріп,
Сапарға шықсаң,
Ақ қарға жонын бөктіріп,
Сабаса келіп үскірік тікен бетке ұрып.
Немесе
Жәйімен жапалақтап қар жауып тұр,
Үлгермей де қалдық қой қамданып бір,
Ыққа кеп қонақтаған көгершіндер,
Бұталарға қарайды таңданып құр.
Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын өткенде тамаша қолдануға болады. Қардың кристалл екендігін, күш әсерінен кристалдық тордың бұзылуынан, сықырлап дыбыс шығаратындағын түсіндірген кезде пайдалана аламыз.
Жарқырайды түнгі ауылдың оттары,
Адам даусы, пысқырынған аттары.
Қызыл сәуле бір көрініп, бір сөніп,
Белден асып машиналар кетті әрі
деген өлең жолында машиналардың қозғалысы механикалық қозғалыс болатындығын көреміз. Және де осы өлең арқылы толқындық құбылысты да түсіндіруге болатыны анық.

Жылу тақырыбын өткенде тақырыпты ашу үшін ,,Сәби болғым келеді,, өлеінен үзінді айтып кетуге болады.

От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуымбар келіңдер, жылыныңдар.
Сондай – ақ
Менің де бір шуағым бар жинаған,
Бұлтты күндей буырқанам, қиналам
Өзімді емес, өзгелерді жылытайын,
Жарық дүние, жақсылығыңды қи маған.
Яғни, бұл өлеңдерді «Жылу» тақырыбын өткенде пайдалана аламыз.

Механикалық қозғалыс.

Мұқағалидың «Қозғалыс» өлеңін оқып көрсек физикадағы механикалық қозғалыстың анықтамасындай болары сөзсіз.
Ағылады екен – ау бұлай халық,
Бар адам бір адамдай тұр ойланып,
Немесе
Бар әлемнің осында көз жанары
Барлық нәсіл Ильичтің өз қонағы
Жер кіндігі іспеттес осы жерде
Қозғалады дүние қозғалады.
Қозғалады мұхиттар, материктер
Тілдеспей ақ бір – бірін түсінгендей
Шындығында қозғалыс Мұқағали айтқандай барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.

Мен өз сабағымда М.Мақатаевтің өлеңдерін қолданып ,соған ойын сабақ немесе топтық жұмыстар ұйымдастырып отырамын.Соның бірі мен өтлізген Дыбыстардың таралуы сабағында Мұқағали тек қана табиғатты суреттемеген, табиғаттағы дыбыстарды ести білген, оны жырға қосқан.
Сұмдығы ай осы біреу мұң дауыстың,
Шыға алмай көкіректе тұнған ұшқын.
Күй тартып көкіректе боздатады,
Сұмдығы ай осы біреу мұң жауыстың.
Осы бір боз дауыстыестігенде
Ән болып көкейімде есті жел де
Ойыма ойран салып осы бір үн
Бауырымды ұстарамен кескілеуде.
Немесе
Үн біткен бұлай емес тегіс неге?
Қайта орал, сиқырлы үн көріспеген
Апыр ай әлгі бір үн қайдан шықты,
Адам ба қанатты бір періште ме?
«Ән» өлеңі бойынша мынадай сұрақтар қою арқылы өлеңнің физика тұрғысынан шешімін табуға болады. Ән – күй, яғни музыклық дыбыстар қалай пайда болады, қалай таралады. Дыбысты адам құлағы қалай қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын функциясықандай? Бұл сұрақтарға толқындардың таралуы бойынша жауап береді және осы тақырыпты қорытындылау үшін оқушылармен ,,Сары Жайлау ,, ойынын ойнадық ,мұнда есеп немесе сұраққа бірінші жауап берген оқушы бірінші болып жайлауға көшеді ,яғни қ олдарына киіз үй пішінінде берілган сұрақты тақтаға жабыстырады , кім бірінші болып жабыстырса сол жайлаудағы шұрайлы жақсы жерге орналасты деп мақтау айтып ,кейін барлық оқушының жауаптары кезегімен ілініп болғаннан кейін оқушыларды сергіту мақсатында ,,сары Жайлау ,,әнін бәріміз бірге шырқадық.

Ақынның ,,Космонафт ойлары ,,өлеңін алдағы ұшқыштар күніне орай Ұшар алдында,Ұшқанда,Космоста,Қонғанда деген 4-бөлімнен тұратын өлеңін өолдана отырып елімізде жақында ғана ғарышқа самғаған ұшқышымыз Айдын Айымбетовқа арнап сабақи өткіземін .

Әдетте адам бір нәрсені жақсы меңгерсе, осы сала бойынша өз танымын кеңейте түсуге деген табиғи талпынысы арта түсетіні баршамызға аян. Теория негіздерін санаға құю – бастапқы қадам. Сондықтан да гуманитарлық пәндерге жақын , соның ішінде тарихты,әдебиетті сүйіп оқитын, физика пәнін тек мектеп бағдарламасында оқуға тиістімін деп қана жаттап алып оқитын балалар үшін физика пәнін әдебиетпен байланыстыру тиімдірек.
Мұқағалидың кез – келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып – білуге, адамның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады.

Қорыта айтқанда ақынның тәрбиелік мәні өте жоғары педогогикалық -психологиялық тәрбие жұмысына және оқу пәндеріне кеңінен пайдалануға болады.2016 жыл - тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ақынның 85 жылдық мерей тойына сәйкес келіп тұр,бұл да бір заңдылық шығар олай дейтінім ақын өлеңдерін 25 жылдыққа байланысты патриоттық тәрбиеге баулуға болады. Сондықтан ғасыр ақыны өлеңдері өлмейді ол бізге шамшырақ !





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров516
Номер материала ДВ-382926
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх