Инфоурок Другое КонспектыМақал - мәтелдер. Ашық сабақ.

Мақал - мәтелдер. Ашық сабақ.

Скачать материал

5-сыныптар. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер.

Сабақтың мақсаты: 1. Мақал-мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы түсінік беру.

2. Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.

3. Тілдерін, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту сабағы

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру. Сұрақтар  арқылы өткенді пысықтау.

·         Табу сөздер деген қандай сөздер?

·         Эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылықтарын атаңдар.

·         Қайсысы әдеби тілге жатпайды?

·         Жүрек жұтқан, қас қаққанша, ит өлген жер –тұрақты сөз тіркестерінің

баламасын айтыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Төмендегі мысалдарды мұқият тыңдап, тұрақты сөз тіркесімен жауап беріңдер

 1.Еңбек пәнінің мұғалімінің білмейтіні жоқ; бәрін де істей алады. Ол суретші де, жүргізуші де, ағаш шебері де. Музыкалық аспаптарда ойнап, тамаша би билейді. Ондай адамды бір сөзбен қандай адам деп атауға болады?

 (сегіз қырлы, бір сырлы немесе он саусағынан өнері тамған)

 2.Болаттың жақсы досы бар. Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады. Сөйтіп үнемі айтып отыруды не дейді?  (аузынан тастамау)

ІІІ. Жаңа сабақ:

                        - Сендер  кішкене кездеріңнен бері мақал-мәтелдер естіп, жаттап келесіңдер. Олай болса, кәне кім қандай мақал-мәтел біледі екен тыңдап көрелік.. (оқушылардың мақал мәтелдерін тыңдау)

                        -Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайды,  яғни айтар ой түсінікті болады.

Мәтелдерде ой-пікір бейнелі, тұспалдап айтылған ишара түрінде болады, яғни оны оқығанда бірден түсіне қоймайсың, әбден ойланып, тұжырым жасайсың.

Сұрақтарға  жауап беріп көрейік ( жауап мақал-мәтел түрінде болуы керек)

·         Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

·         Тауықтың түсіне не кіреді?

·         Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?

·         Өтірікші кімді алдайды?

·         Ананың сүті мен баланың тілі қандай?

Кітаппен жұмыс

·         126- жаттығу 58-бет (жазбаша)

Ойланып көрейік!  

1.       Қалай дер едіңдер?

Есік алдындағы қалың қарды арырақ күреп тастаңдар. Күн жылынса, былғаныш болар,- деді тәрбиеші апай. Осынша қарды қалай күреп бітіреміз,- деп күбірлесті балалар. Жабылып келіп кірісіп еді, жұмыстың қалай аяқталғанын да сезбей қалды. Бұны көрген тәрбиеші не деген мақал айтты деп ойлайсыңдар?  (көз-қорқақ, қол-батыр немесе жұмыла көтерген жүк жеңіл)

2.      Жұмбақтармен жұмыс.  Жұмбақтың  шешуін тауып, сол жауап сөзі бар мақал-мәтел айтылу керек.

·         Судан шығады, судан қорқады (тұз)

·         Зер-зер кілем, зер кілем (жер)

·         Жаны жоқ болса да, ақылды адам сияқты (кітап)

 

 

3.                  Өздік жұмысы.   м/м-ді аяқтау керек.


Қыстың қамын (жаз ойла)

Тәні саудың, (жаны сау)

Жері байдың-(елі бай)

Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)

Бірлік болмай, (тірлік болмас)

Досы көпті (жау алмайды)


 

ІV.  Бекіту « Мақал қалай шықты?»  Ертеде еріккен хан уәзірлерін шақырып:

            -Ертеңге дейін маған мақал шығарыңдар. Егер бұйрығым орындалмаса, бәріңнің де бастарыңды аламын,- депті. Уәзірлер не істерін білмей дал болыпты. Көшеге шығып, бір адамды ұстап алыпты да:

            -Тез, бізге бір мақал шығарып бер,-депті. Әлгі адам мақал шығара алмапты. Бірақ өз жандары үшін дал болған уәзірлер оны өзенге апарып, суға батыра бастапты. Әлгі сорлының жаны көзіне көрініпті, әбден жаны қиналған адам :

            -Мені ханға апарыңдар. Сендерді де, өзімді де өлімнен құтқарамын,- депті. Уәзірлер оның айтқанын орындапты. Сондағы шыққан мақал мынау екен: «Көп қорқытады, терең батырады».  

Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Мақалдың да мақалы бар» дегендей, төмендегі мақалдар сендерге өмірлік серік болсын.

Соғыста мылтық қандай керек болса, өмірде білім сондай керек

Білімнен қуатты күш жоқ: біліммен қаруланған адам жеңілмейді.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: 127- жаттығу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақал - мәтелдер. Ашық сабақ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 836 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 771
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асылбекова Бакыткул Жумаканкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13401
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе