Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / 1001 мақал 101 жұмбақ(сыныптан тыс жұмыс)

1001 мақал 101 жұмбақ(сыныптан тыс жұмыс)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

І – жүргізуші:,
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

2 жург: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің
ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіе орай ұйымдастырылып отырған «1001 мақал 101 жұмбақ» сайсына Қош келдіңіздер!



1 жүрг: Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады..

2 жүрг:Осындай халық даналықтарын есимизден шығармай, бойымзға сіңіріп, жадымызда сақтау қазіргі ұрпақ міндеті деп білеміз!

Олай болса Серікбол, достарымызды коп күттірмей сайысымызды бастайыҚ!

1 жүрг: Бастасак, бастайық! ЕНдеше бүгінгі сайсымыздың қатынасушыларымен таныс болайық достар!!

5 «а» сынып:

5 «Б» сынып:

6 «А» сынып

6 «б» сынып

7 сынып:

2 жүрг:Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі кешімізге әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1 жүрг: Әділет, достарымызды «1001 мақал 101 жұмбақ» сайысының шарттарымен таныстырайық?

2 жүрг:, 1. Мақалшылар сайысы (Жүргізуші мақалдардың бір бөлігін айтады, ойыншылар әрі қарай жалғайды. Ең аз ұпай жинаған ойыншылар ойыннан шығады.

2. Көрермендер сайысы( жұмбақ жасырылады)

3. Жұмбақшылар сайысы (жүргізуші жұмбақтарды айтады, ойыншылар шешеді. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады)

  1. Мақал сөздің мәйегі(ұяшықты таңдау арқылы мақал мәтел айтып жарысу)




1. Үлкенге – құрмет, 2. Еңбектің наны тәтті,

Кішіге – ізет. Жалқаудың жаны тәтті.

3. Бас кеспек болса да (тіл кеспек жоқ)

4. Кісі елінде сұлтан болғанша, 
Өз еліңде ұлтан бол. 

5. Тіл тас жарады, 
Тас жармаса, 
Бас жарады. 

6. Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл

7.Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын



8.Отан үшін отқа түс күймейсің

Арың үшін алыс өлмейсің

9. Білекті бірді жығады,

БІлімді мыңды жығады

10.Әке көрген оқ жонар

Ана корген тон пішер

11. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

12.

1 айналымның корытындысы бойынша сынып оқулары ойынды осы жерден токтатады.

Ендігі кезек корермендерде

Жаурағанды күлдірер, Тұмсығы мықты

Өз еркіне жіберсең, Қыр мен ойды тегістеп шықты.(Үтік)

Дүниені бүлдірер (От)



Аласа ғана бойы бар, Асқар тауда

Тоғыз қанат тоны бар.(Пияз) Қалың орман,

Оны кейде

Шөптей орған. (Шаш)

Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.

Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)



Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың, Бетін адам ашады,

Бұл үйден көреген болып шығасың.(Мектеп) Білім нұрыншашады.(Кітап)



Құстан аумайды, Қалпақты шымырды,

Көкте заулайды. (Ұшақ) Төбесінен ұрады.

Түзетуге қыңырды,

Дәйім дайын тұрады.(Балға)





Иа, корермендерімізді де ойынымзга араластырып бир сергіп алсақ, келеси айналымга кошеиік!

Көше бойлап аяңдайды, Әжем уыстап сығып,

Адам тасып аялдайды. (Автобус) Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмін,

Кім бар жеп көрген? (Құрт)

Аппақ ас, сызы бар,

Балалар қызығар. (Балмұздақ) Сүрткен киімі тазарып,

Өзі қалды тым арып. (Сабын)





Ұзын мұрты сарылар , Күмбір-күмбір күйі бар,

Қойынында наны бар. (Бидай) Құлағыңа құйып ал! (Домбыра)



Тақылдатып таңдайды, Өзі өрмелі, сапты,

Уақыттан бір қалмайды.(Сағат) Жүргізеді атты. (Қамшы)





3 айналым. Тақтадан ұяшықтарды таңдайды, сол ұяшықтағы тақырып бойынша макал мател айтып жарысады.

1 ұяшық- Отан, туған жер туралы

2. ұяшық- тіл, ана тіл туралы

3. Отбасы жайында

4 ұяшық – онер, білім жайында



Әр кезеңнің қорытындысымен таныстырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз

___________________________________________________________________Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз!

Қош сау болыңыздар!






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров424
Номер материала ДВ-015414
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх