Инфоурок Другое КонспектыМақал - мәтелдер арқылы оқушылардың сөз саптауларын дамыту.

Мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың сөз саптауларын дамыту.

Скачать материал

Ырыс,ынтымақ,бірлік туралы мақал-мәтелдер

 

ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ

 

Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.

Ажыраған бірін-бірі іздейді.

 

Айдын, айдын, айдын көл асарлап төксең суалмас (Абай).

 

Айрылған азады, косылған озады.

 

Ақсақтың аяғы жетпесе де таяғы жетеді.

Апалы-сіңлілі тату болса үйді гүлстан етеді.

 

Ақ түйенің қарны ақтарылды.

 

ХАЛЫҚ туралы мақал-мәтелдер

ХАЛЫҚ СӨЗІ ҚАҺАРЛЫ

 

Аты — алаш, керегесі — ағаш.

 

Естімеген елде көп,

Есек мінген сартта көп.

 

Көлдің атын балық шығарады, балықтың атын халық шығарады.

 

Кім бай болам демейді, құдайы қаламайды,

Кім би болам демейді, халқы қаламайды.

 

Қазақ байдың ұлы болма, халық байдың ұлы бол.

 

Казақ байыса қатын алады,

Сарт байыса үй салады.

 

Қазақ қартайса түйе бағады,

Қарақалпақ қартайса томар қазады.

 

Қазақ мал танымас,

Сарт жай танымас.

 

Қазақтың айраны көп,

Орыстың мейрамы көп.

 

Қазақтың екі өгізі ағып жатқан суды тоқтатыпты.

ҮЙ ТУРАЛЫ   мақал-мәтелдер

 

Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

 

Түздегі май ішеді,

Үйдегі зәр ішеді.

 

Түтін шыққан үй жылы,

 Төскейлей шыққан күн жылы.

 

Үй баласымен базарлы,

қонағымен ажарлы.

 

Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.

 

Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.

 

 Үйге келгенде үйдей өкпенді айтпа.

 

 Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.

 

 Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді.

 

"Үйде — атан, түзде — бурамын".

 

Тіл туралы туралы мақал-мәтелдер

 

ТІЛ - АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ

 

Адам тілі тас жарады,

тас жармаса бас жарады.

 

Аз айтып сұйылтып,

көп айтып қойылтары жоқ.

 

Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

 

Ана тілім - дана тілім.

 

Ат жүйрігі азаптан құтқарады,

Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.

 

Ат жүйрігі айырады,

Тіл жүйрігі қайырады.

 

Ат жүйрігі асқа,    Тіл жүйрігі басқа.

 

ТУҒАН ЖЕР туралы мақал-мәтелдер

 

Акқу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

 

Ата қоныс — алтын мекен.

 

Атамекен — анаң екен,

Қысылғаңда панаң екен.

 

Атамекен туған жер:

кір-қоңыңды жуған жер,

кіндігіңді кескен жер,

кісі болып өскен жер.

 

Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

 

Әркімнің өз жері — жұмақ.

 

Тау туралы мақал-мәтелдер

ТАУЛЫ ЖЕРДІҢ ҚЫРАНЫ КӨП

 

Асқар тау алыстан көрінеді.

 

Асқар таудай алып бол,

Әппақ күндей жарық бол.

 

Асқар таудың айбыны қарыменен (Орынбай ақын).

 

Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас

                                           (Абыл).

 

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны.

Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудың қалғаны.

Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны.

Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.

 

Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса.

Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса (Дулат).

 

 

Су туралы мақал-мәтелдер

 

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

 

Ағынмен су зораяр.

 

Ағын су арнасын табады.

 

Ағын су бал татыр,

Ақ шабағы май татыр.

 

Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

 

Ақ қар көп болса — ақ нан көп.

 

Ақпаса су бұзылады.

 

Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар.

 

Сабырлық туралы мақал-мәтелдер

 

САБЫР - АҚЫЛ СЕРІГІ

 

Боларыңда болмасаң

болған елдің атын жек (Көшімбек би).

 

Болмастай іске болаттай бол.

 

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

 

Бір қолың ұрысшы болса,

Екінші қолың арашашы болсын (Қазыбек би).

 

Бір метр мұз бір күнде қатпайды.

 

Бір оқты бұлан көтереді,

Бір оқты ұлан көтереді.

 

Ебетейсіз асыққан сүрінер.

 

Жазымыштан озымыш жоқ.

 

Жарау кісі байқап сөйлейді,

Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.

 

Жатқан тастың астына су бармайды.

 

Жеңілдігі қаңбақтай, ширақтығы жаңғақтай.

 

Жеңілдік жарға жығады.

Жеңіл желек жел шақырып тұрады.

 

ӨМІР МЕН ӨЛІМ туралы мақал-мәтелдер

 

Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.

 

Өтпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын темір жоқ.

 

Өзен ағысын бөгеуге болады,

Өмір ағысын бөгеуге болмайды.

 

ОТАН туралы мақал-мәтелдер

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

 

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

 

Диқан,егін туралы мақал-мәтелдер

ЕКСЕҢ ЕГІН ІШЕРСІҢ ТЕГІН

 

Арпа егіп, бидай орамын деме.

 

Бақпаса мал өспейді,

Баптамаса егін өспейді.

 

Берген алар, еккен орар.

 

Бидай күзде пісер, пайдасы сонда түсер.

 

Бұл атаңнан қалған арық, егін ек те бол қарық (Есей би).

Бірді сепсең жерге мыңды берер елге.

 

Бір жыл түт еккен кісі мың жыл гауһар тереді.

 

Диқан адам дән шашар, ел-жұртына нан шашар.

 

Диқан бабаның кетпенінен Шопан атаның таяғынан.

 

Диқан болсаң жеріңнің басында бол,

Сыпайы болсаң бегіңнің қасында бол.

Мал туралы мақал-мәтелдер

АРТЫҚ МАЛ АҚЫ СҰРАМАЙДЫ

 

Ағадағы мал - аспандағы мал,

Інідегі мал - іннің ішіндегі мал,

Баладағы мал - даладағы мал.

 

Ажарлы мал - базарлы.

 

Ай-айдың аты басқа,

Аяқты малдың өрісі басқа.

 

"Айдап салдан" аз өлер,

"Көре салдан" көп өлер.

 

"Айдап салдың" малы өспес,

"Ала келдің" жұмысы бітпес.

 

Қыздар туралы мақал-мәтелдер

ҚЫЗДЫ АУЫЛДЫҢ ИТІ ЖАТПАС

 

Ақылды қыз — ауыл көркі.

 

Алқатсаң алқат қызынды, ақтар ол дәм-тұзынды.

 

Апасы киген сәукелені сіңлісі де киеді.

 

Арпа берсең атқа бер, қатыр-құтыр шайнасын.

Қызды берсең жасқа бер құшақтасып ойнасын.

 

Астың дәмін келтірген тұз әулие

Елдің сәнін келтірген қыз әулие.

 

Асылдарға ой керек,

Бозбалаға той керек,

Сұлу қызға бой керек (Шернияз).

 

Ән сазымен, қыз назымен.

 

Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.

 

Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.

 

 

 

 

 

 

Құда-құдағи туралы мақал-мәтелдер

ҚҰЛ ҚҰДАСЫН ТАБАДЫ

 

Алыс жерге құда болсаң түйе-түйе ас келер.

Жақын жерге құда болсаңтүйе-түйе сөз келер.

 

 

Бай мен бай құда болса арасында жорға жүреді.

Кедей мен кедей кұда болса арасында дорба жүреді.

Бай мен кедей құда болса ілінісіп зорға жүреді.

 

Бар барын айтады,

Жоқ зарын айтады,

Құда базына айтады,

Құдағи назын айтады.

 

Итпен құда болсаң боқпен той етерсің.

 

Қараның таққа мінгені — бір-біріне құда түскені.

 

Қанағат туралы мақал-мәтелдер

ЕР АЗЫҒЫ - ҚАНАҒАТ

 

Әр кім қолда барын ұсынады.

 

Ер азығы - қанағат.

 

Қанағат қарын тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар(Майқы би).

 

Қанағатсыздың көзі үлкен,

Ақылсыздың сөзі үлкен.

 

Қанағатсыз жан пілге оқталған жалын.

 

Тойсаң тоба қыл.

 

Тойсаң тобаңнан жаңылма.

 

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,құлағынан айырылыпты.

 

Тізеден суға белден тоба.

 

Ынсап сайын береке.

 

Тегін келген аттың тісіне қарама.

 

Күйеу туралы мақал-мәтелдер

КҮЙЕУ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ

 

Жаман күйеу қайынсақ.

 

Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.

 

Күйеу атымен күл тасы,   

Жезденің атымен жер айда.

 

Күйеу жолдасымен жарасымды,

Қыз жасауымен жарасымды.

 

Күйеу жүз жыддық,

Құда мың жылдық.

 

Күйеу келсе қыз тұрмас,   

Бесін келсе күн тұрмас.

 

Күйеуіне қызы сай,

Елігіне жері сай.

 

Күнде келсе күйеу жаман,

Жымысқы болса жиен жаман.

 

Күшік күйеу болғанша , иттің күшігі бол.

 

Кайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

 

Қалындығына өкпелеген күйеу, қайнысына сәлем бермейді.

 

Калындығың сиықсыз болса, қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?

 

Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ.

 

Өлі-тірісін берген соң, өлі күйеу жатар ма.

 

Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.

 

 

 

 

 

 

Көш,басшы туралы мақал-мәтелдер

КӨШ ЖҮРЕ ТҮЗЕЛЕР

 

Ақбөкенді "жатыр" деме,

Көшкен елді "отыр" деме.

 

Екі көшкен бір таланғанмен бірдей.

 

Көш басышысы жоқ ел оңбайды,

Құралай бастаған киік оңбайды.

 

Көш басшысының кигені жылы — жылаған баланы не қылсын.

"Көшерімді жел білсін, Қонарымды сай білсін".

 

Көшкенде көлік болмас түйе алдында,

Еруде сауын болмас бие аддыңда (Шал ақын).

Көптік туралы мақал-мәтелдер

КӨП ҚАЙДА БОЛСА ШЫНДЫҚ СОНДА

 

Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар:

 

Бек белінді сындырады, көп ісіңді тыңдырады.

 

Жақыны көп жасқанбас.

 

Жасықтың көбінен, асылдың азы артық,

 

Жер шетіне жүйрік жетпейді,

Көпке бұйрық жетпейді.

 

Көбікті төкпе, көпті сөкпе.

 

Көкті тіреуге болмайды,

Көпті мінеуге болмайды.

 

Көп адаспас, көл таусылмас.

 

Көп азға қылған зорлығын айтады,

Аз көптен көрген қорлығын айтады.

 

Көп алғысы көгертер.

 

Көп аузы дуалы.

 

"Көп біледі" деген күледі,

"Өзім білем" деген өледі.

 

Көп білсең де көптен артық білмейсің.

 

Көп біріксе ел болар,

Көп тілегі көл болар.

 

Келіндер жайлы

КЕЛІН ЖАҚСЫ БОЛСА НЕМЕРЕ ТӘТТІ

 

Әр елден келін келер,

Әр түрлі ырым етер.

 

Баланың өзі болғаңдай,

Келіннің өзі келгендей.

 

Балаң жаман болса да

Келінің жақсы болсын.

 

Жақсы ауылға келген келін — келін,

Жаман ауылға келген келін — келсап.

 

Жақсы енені жаман келін жер қылады,

Жақсы келін жаман енені ел кылады.

 

Жақсы келін жақсы жеңгеден кем түспейді.

 

Жақсы келін — келін,

Жаман келін — өлім.

 

Жақсы келін кұрдасындай болар,

Жақсы ұлың сырласыңдай болар.

 

Кәсіп туралы мақал-мәтелдер

КӘСІП БОЛМАЙ НӘСІП БОЛМАС

 

Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің майы қайнамайды.

 

Арқалап отын тасыған, арқасы терге сасыған.

 

Бағбан жемісті ағашын айтар,

Мұрап суының сағасын айтар,

Шопан өсірген қойын айтар,

Өлеңші өлең айтқан тойын айтар,

Ұста соққан тамын айтар,

Дихан шығымды еңбегінің бабын айтар.

 

Балықшы балықшыны қиядан таниды.

 

Бәлен жерде бақыр бар,барсаң, бақыр түгіл тақыр да жоқ.

 

Еңбектен себеп, балықшыдан мұрат.

 

 

Жігіт,ер туралы мақал-мәтелдер

ЕР ЖІГІТТІҢ ЕКІ СӨЙЛЕГЕНІ - ӨЛГЕНІ

 

Азынаған айғырды үйірде көр,

Адамсыған жігітті үйінде көр.

 

Ай толғанын білмес,

Жігіт болғанын білмес.

 

Ақ серке қой бастайды,

Ақын жігіт той бастайды.

 

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

 

Атты арбада көр,

Жігітті ордада көр.

 

Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық.

 

Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,

Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді.

 

Жол туралы мақал-мәтелдер

ЖОЛҒА ШЫҚҚАН ЖОЛДАН ТАБЫЛАР

 

Айналыс та болса жол жақсы,

Ақсақ та болса қыз жақсы.

 

Алыс жол атты сынайды,

Ауыр жол ерді сынайды.

 

Алыс жолға шығар болсаң, алдымен жолдасынды сайла.

Жаудың аддын алар болсаң, алдымен қолбасынды сайла.

 

Алыс жүрсең де жолмен жүр.

 

Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.

 

Арқан бойы соқпақтың, тұсау бойы төтелігі бар.

 

Атар таңға жүрсең де батар күнге жүрме.

 

Ауыздың қайда екенін қол біледі,

Ауылдың қайда екенін жол біледі.

 

Ауыр жол атанды сынайды,  Ауыр іс адамды сынайды.

 

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Алыс пенен жақынды жортқан білер.

 

Жер туралы мақал-мәтелдер

ЖЕРІ БАЙДЫҢ ЕЛІ БАЙ

 

Әуелі тәңірі жерге береді,

Жерге берсе елге береді,

Елге берсе ерге береді.

 

Бидай қырда, күріш Сырда,

Жемістердің ғажабы Жетісуда.

 

Бұрын қонған қоныс алады,

Кейін қонған өріс алады.

 

Еділ ел болып келгенге су болады едірейіп келгенге у болады.

 

Екпесең жер қысырайды,

Күтпесең көл қысырайды.

 

Жау,дұшпан туралы мақал-мәтелдер

ДҰШПАН ДОС АРАСЫНАН ШЫҒАДЫ.

 

Алға да бас, кейін де шегін — айламен үз жаудың белін.

 

Алдыңдағы ауды көрмесең де ұзақтағы жауды көре біл.

 

Алты аласы, бес бересі жоқ.

 

Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.

 

Алысты жақындататын — ат,

Жақынды алыстататын — жат.

 

Аңдысқан жау алмай қоймас.

 

Әйел адам сырынды алса,

Дұшпан үштен бірін алады.

Жамандық,жаман адам туралы мақал-мәтелдер

ЖАМАН АДАМ ТӨРШІЛ

 

Айыратын жаман бар,

Қосатын жаран бар.

 

Алты жаман бір болса бір жақсыны иеді.

 

Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе.

Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).

 

Баласын мақтар бас жаман,

Қатынын мақтар қас жаман.

 

Алыстағы дұшпаннан, аңдып жүрген дос жаман (Үмбетей).

 

Барын ішпейтін сараң бар,

Жасырып ішетін арам бар.

Жақсылық,жақсы адам туралы мақал-мәтелдер

ЖАҚСЫ АДАМ АЛЫСТЫ ЖАҚЫН ЕТЕР

 

Айдынды жақсы аймен тең,

Жомарт жігіт баймен тең.

 

Шешен жігіт дүрмен тең,

Имансыз көңіл кірмен тең (Шал ақын).

 

Аққу — құстың төресі жалғыз жатып оттамас.

Қас жақсының белгісі қара сөзді қоштамас.

 

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,

Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

 

Аласаны атқа санама,

Жақсыны жатқа санама.

 

Асыл адамға өлім жоқ.

 

Асылдың сынығы, айдынның тұнығы.

 

Асыл масыл емес.

 

Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар.

Жақсы менен жаманның аспан мен жердей парқы бар.

 

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕМЕРСІҢ

 

Еңбегі аздың өнбегі аз.

 

Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.

 

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.

 

Еңбегі көптің өнбегі көп.

 

Еңбегімен ер сыйлы,

Өнбегімен жер сыйлы.

 

Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.

 

Еңбегіне қарай өнбегі.

 

Еңбегіне қарай табысы,

Ерлігіне қарай дабысы.

 

Еңбегінен ел таныр.

 

Еңбегің болмаса елге өкпелеме,

Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

 

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.

Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.

 

 

Достық,жолдастық туралы мақал-мәтелдер

ДОС - АЖАРЫҢ, ЖОЛДАС БАЗАРЫҢ.

 

Дос — ажарың, жолдас — базарың.

Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

 

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.

Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

 

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

 

Айтулы достың малы бір,

кемедегінің жаны бір.

 

Алыстағы досыңа  ат берсең де жарасар —үйіне мініп барсын деп.   

Жақындағы досыңа  хат берсең де жарасар — ұмытса есіне алсын деп.

 

Ауыр сөз айтқан дос емес.

 

Босқа бергенше досқа бер.

 

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.

 

ГҮЛ туралы мақал-мәтелдер

ГҮЛ ЖЕРДІҢ КӨРКІ

 

Әр атаның өз ұлы бар,

Әр бұтаның өз гүлі бар.

 

Әр гүлдің исі басқа,

Әр жердің жынысы басқа.

 

Бір гүл толып ашылады,

Бір гүл солып ашылады.

 

Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.

 

Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.

 

Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.

 

Гүл қайда болса көбелек сонда.

 

Білім,ғылым туралы мақал-мәтелдер

БІЛЕГІҢЕ СЕНБЕ, БІЛІМІҢЕ СЕН.

 

Кітап - алтын қазына.

 

Кітап алтын сандық:

іші толған қазына, құт,

оқы, оқы, ойыңа тұт.

 

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өнер шырағы.

 

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

 

Кітап көзі жұмыққа арзан,  көзі ашыққа маржан.

 

Кітап - қаймақ, білім - оймақ.

 

Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.

 

Би,шешен туралы мақал-мәтелдер

БИ БОЛМАСАҢ БОЛМА, БИ ТҮСЕТІН ҮЙ БОЛ.

 

Айтыскан соң дау емес пе,

Алысқан соң жау емес пе.

 

Аталыдан би қойсаң

адаспас жол мен жобадан.

Атасыздан би қойсаң

босамас аузы парадан (Бұқар жырау).

 

Аянбаған жауды алар

Абайлаған дауды алар.

 

Әділ бидің елін дау араламайды,

Әділ патшаның елін жау араламайды.

 

Батыр,ер туралы мақал-мәтелдер

БАТЫРДЫ БӘРЕКЕЛДІ ӨЛТІРЕДІ

 

Айлалы батыр алдырмас.

 

Алдында жатыр ақмарал, атып ал да олжалан.

 

Арпасыз ат қыр аса алмас,

Арқасыз батыр жау ала алмас.

 

Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы

Арыстандық етпей қоймас, ақсұңқар ауға шырмалғанмен

Ұясынан ұшқан балапан, сұңқарлық етпей қоймас.

 

Байы өлген қатынның беті жара,

Бағы тайған батырдың еті жара.

 

 

 

 

 

Бата туралы мақал-мәтелдер

БАТАЛЫ ҚҰЛҒА БАҚ ҚОНАР

 

Азасыз бата — мазасыз.

 

Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.

 

Алғыс алған жігіттің , аты бәйгеден келеді.

 

Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы,

алғыс деген ел сыйы.

 

Бата бұзған барқадыр қалады.

 

Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.

 

Бала туралы мақал-мәтелдер

ЖАҚСЫ БАЛА СҮЙІК

ЖАМАН БАЛА КҮЙІК.

 

Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер.

Ана болар кызыңның ақыл-есі тең келер.

 

Адам болатын бала алыска қарайды.

 

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

 

Балажанды биелер құлындарын теппейді,

Балажанды адамды бала айналып кетпейді.

 

Бала жасындағысын ұмытпайды,

Таз басындағысын ұмытпайды.

 

Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.

Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.

 

Әке туралы мақал-мәтелдер

ӘКЕ АСҚАР ТАУ

 

Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

 

Әке балаға қарыз,

Бала далаға қарыз.

 

Әке балаға сыншы.

 

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

 

Әкеден безген ұл болмас,

Анадан безген қыз болмас.

 

Әке жүрегі таудан үлкен,

Ана жүрегі теңізден терең.

 

Әйел туралы мақал-мәтелдер

ӘЙЕЛСІЗ ҮЙ СУСЫЗ ДИІРМЕН.

 

Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық.

 

Әйел ақылсыз, бақа көріксіз.

Әйел — ана, еркек — пана.

 

Әйел боянса — бұзылады, көп қиқандаса — ұрылады (Ғ.Мүсірепов).

 

Әйел ашуланса — жеңіледі,еркелесе — жеңеді (Ғ.Мүсірепов).

 

Әйел ашуланса күші екі көзіне жетеді.

 

Әйел десем әжеме тиеді.

 

Әйелді жаман десең, анаң соның ішінде.

 

Әділдік,шындық туралы мақал-мәтелдер

ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.

 

Адамның әдемілігі шыншылдығында.

 

Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салар.

 

Айды етегіңмен жаба алмайсың.

 

Ақиқат сөз — ащы дәрі, сескентсе де ем.

 

Ақихат аяушылық тілемейді.

 

Ақихат сөзде алалық жоқ.

 

Алысар болсаң шынынды айт,

Табысар болсаң сырынды айт.

Ауыл туралы мақал-мәтелдер

Айтысқан ауыл болмас,

Болыспаған бауыр болмас.

 

Алыс деп ауылыңа бармаймысың.

 

Ауыл аймағымен, бота тайлағымен.

 

Ауыл болсаң — қауым бол.

 

Ауылға айтсаң — асар,

Көршіге айтсаң — қосар.

 

Ауылға барсаң қона бар,

Қамысты көлде сона бар.

 

Ауылға жақындағанда ит озады.

Ата туралы мақал-мәтелдер

АТА БАЛАНЫҢ ҚОРҒАНЫ.

 

Ата баланың қорғаны.

 

Ата баласы азарында асық ойнайды.

 

Ата баласының ат меңіңдей белгісі болады.

 

Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.

 

Атаға тартып ұл тумас,

Анаға тартып қыз тумас.

 

Атадан аздай, адасқан қаздай.

 

Атадан алтау болса адам тимейді.

Тура жүрсең лебізің күймейді.

 

Атадан алтау туғанның жүрегінің бастары алтын менен бу болар.

Атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар

(Ақтамберді).

 

Атадан алтау тусаң да басыңа түсер жалғыздық..

 

Атадан бала батпан ширек төмен туады.

 

Ана туралы мақал-мәтелдер

Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.

 

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.

Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.

 

Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.

Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.

 

Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

 

Ана алақанының аясы,

Ақ шынардың саясы.

 

Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.

 

Ақымақ,ақылсыз туралы мақал-мәтелдер

АҚЫМАҚ ЖАУЫНДЫ КҮНІ СУҒА ТҮСЕР

 

Азаматқа — парасат, ақылсызға — ағаш ат.

 

Ақылсыз адам айқай келеді, жан-жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жай-жай келеді, жан-жағын байқай келеді.

 

Ақылсыз адам менмен келер,

Ақылды адам кеңінен келер.

 

Ақылсыз айтпасаң білмес, ашпасаң көрмес.

 

Ақылсыз ақылсызды табар.

 

Акылсыз атқа мінсе атасын басып кете жаздайды.

 

Ақылсыз-ашушаң, ашушаң — ақылсыз.

 

Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді,

Ақымақ айғыр саяққа тыным бермейді.

 

 

 

 

 

Ақыл туралы мақал-мәтелдер

АҚЫЛ АЙТСАҢ БАТЫЛ АЙТ

 

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

 

Айғайлы жерде ақыл аз.

 

Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.

 

Айлалы түлкі алдырмас.

Айласыз батыр алдырар.

 

Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.

 

"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз".

 

Ақыл ағадан, ілтипат ініден.

Адам туралы мақал-мәтелдер

АДАМ ГҮЛДЕН НӘЗІК, ТАСТАН ҚАТТЫ

 

Адам адамға аманат, жүз көрісу ғанибет.

 

Адам адамға қонақ,

Жан денеге қонақ.

 

Адам адаммен, жер сумен.

 

Адам адам үшін.

 

Адам айдаса барма,

Дөм айдаса қалма.

 

Адам ақылымен бай,

Жер дақылымен бай.

 

Адам ақымағы — молда,

Ат ақымағы — жорға.

 

Ағаш туралы мақал-мәтелдер

АҒАШ ТАМЫРЫНАН СУ ІШЕР

 

Ағаш айғайға кұламайды.

 

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.

 

Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар.

Темір кессең қысқа кес, соға-соға ұзарар.

 

Ағаш қамшы көп, аттанарда бірі жоқ.

 

Ағаш қисығын тез түзетер,

Адам қисығын көр түзетер.

 

Ағаш та бір жерде көгереді.

 

Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.

 

Ағаш тамырынан су ішер.

 

АҒАЙЫН, ТУЫС туралы мақал-мәтелдер

 

Ағайын — ағайынның айнасы.

 

Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.

 

Ағайын — алтау, ана — біреу.

 

Ағайын — ащы, мал — тұщы.

 

 

Ағайын бар болса көре алмайды,жоқ болса бере алмайды.

 

Ағайын барында аузынды жалайды, жоғында желкеңнен қарайды.

 

Ағайын бірде араз, бірде тату.

 

Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аға-іні туралы мақал-мәтелдер

АҒА — БОР, ІНІ — ТАС.

 

Аға адасса іні із кеседі.

 

Аға алғанша, жеңге жегенше.

 

Аға алдында арсыз іні сөйлейді.

 

Аға алдында пейілінді көрсет,

Іні аддында мейірінді көрсет.

 

Аға әдепті болса іні әдепті,

Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

 

Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақүл айт.

 

Аға — бор, іні — тас.

 

Ағадан ақыл, атадан нақыл.

 

Ағадан ақыл, ініден ізет.

 

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,

Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.

 

Аға еңбекпен көркем,

Бала біліммен көркем.

 

Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңлі өсер.

 

Ағаның үйі ақ жайлау.

 

Аға өлсе жеңге мұра,

Іні өлсе келін мұра.

 

Ағасы ақылдының ауылы азбайды,

Жеңгесі шебердің жеңі тозбайды.

 

Ағасына қарай інісі,

Апасына қарай сіңлісі.

 

Ағасы ұрар болар,

інісі тұтар болар.

 

Аға ініге ұстаз,

Апа сіңліге ұстаз.

 

Аға ішкен бұлақган інісі де су ішеді.

 

Амандық ағадан.

 

Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын.

 

Арттағыны қозғау — ағалық, Алдағыны болжау — даналық.

 

Асыл аға, алғыр іні.

 

Екеу болса — жас аға,

Біреу болса — бөрік аға.

 

Ел ағасыз болмас,

көл жағасыз болмас.

 

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың сөз саптауларын дамыту."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың сөз саптауларын дамыту. 

 Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 506 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2014 7080
    • DOCX 43.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегайдарова Гульжиан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85142
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека