Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мақала

Мақала

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Менің курстан алған әсерімC:\Users\Туганай\Desktop\IMG_9989.JPG

«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін»

Абай

Білімімді жетілдіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығына келдім.Акт залында болып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дүниежүзіне әйгілі АҚШ-тағы «Кэмбридж» университетіне саяхатын, сонымен қатар білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін, бұл тәжірибе алмасудың маңыздылығы туралы толық мағлұматтар алдық. Сабағымызда басталып кетті.Шаттық шеңберін құрып бір-бірімізбен таныстық.Қар лақтыру стратегиясы арқылы бір-біріміздің есімімізді ұмытпастай қайталап,жатадық Біздің топ 25 адамнан құралды.Олар Алматы облысының әр ауданынан келген ұстаздар. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс. Күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен , сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық – психологиялық ерекшелігін де өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Содықтан әлем өзгерумен мен де өзгеремін. «Әрқашан өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына жылу құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізетін ұстаз болсам!» деп армандадым.

Мен әлеммен бірге өзімді өзгерту үшін Кембридж тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алып,күннен күнге білімімді шыңдап, көп нәрсе үйрендім.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, 2) сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, 3) білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, 4) АКТ-ны қолдану, 5) талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, 6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту, 7) білім берудегі басқару мен көшбасшылығы.

7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білуді, ынталы, сенімді болуды қалыптастырады. Кембридж бағдарламасын меңгеріп, жеті модуль бойынша сабақ өткізу әдіс – тәсілін үйрендім

Мұғалімде Шульманның "мұғалімнің үш көмекшісі" деп атаған қасиеттер болса, оқыту жақсы болып саналады екен. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Пиаже, Выготский, Пажарес, Шульман, Говард Гарднер, Стернберг, Аврам Маслоу, Карл Роджерс, Бандура, Мерсер, Фишер, Флейвелл, Малли т.б. сияқты ғалымдардың идеяларымен танысып, көптеген мәлеметтерді білдім. «Тренерлеріміз «Сұрақ-жауап»,«Ыстық орындық» әдісі арқылы әдісі арқылы білімдерімізді толыққанды тексеріп, дәйекті қорытынды жасап отырды.

Менің түйгенім осы үйренген әдіс-тәсілдерді оқытуда іс-тәжірибемде қолдансам деймін.«Ойсыз күнім жоқ» демекші, ойымда қарбаласып жататын сан мың ойларды ретке келтіру басталады. Олар болмашы нәрседен басталып, ой тереңдігіне дейін жетеді. Осылай миым мен санамды «қинай-қинай», білім ордасына да жетемін. Бұл жерге шабыттанып кіресің, ал қалай шығуың әр күні әр түрлі. Кей сыныптардан кейін қанаттанып, рухтанып шығасың. Кейбірінен түңіліп, үн жұрғаң түсіп,шаршап шалдығып шығасың.. Мұғалім жаңа ой тудыруға, тың идеялардың басын бастаушы да, ал оқушылар сол ойымен идеяларды толықтырып, ізденіп отыратын қостаушысы іспеттес. Жаңашыл ұстаз болмысын айтар болсам, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші. Кез – келген тосын сұраққа жауап беріп, кез – келген оқытудағы мұғалімнің әдіс-тәсілдерді меңгеруі деп түсінем

«Оқушының жеңісі-мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі-жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей, алдағы үйренетін жаңа тәсілдерді  еңбек жолымда пайдалану дұрыс болмақ.

Әрқашан өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына жылу құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз боламын!

Қорытынды пікірім, «Әлемді өзгерткің келсе, ең алдымен өзіңді өзгерт»-деген ұстаным арқылы педагогикалық шеберлігімді арттырамын. Алдымда отырған шәкірттерімді бәсекеге қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастырамын.

Мамандығымның болашақ жоспарын ойлаумен үйге де жетемін.


Қаратал ауданы,М.Ғабдуллин атындағы орталау мектебінің

қазаақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кажиакпарова Ж.С

Краткое описание документа:

«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін»

Абай

Білімімді жетілдіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығына келдім.Акт залында болып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дүниежүзіне әйгілі АҚШ-тағы «Кэмбридж» университетіне саяхатын, сонымен қатар білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін, бұл тәжірибе алмасудың маңыздылығы туралы толық мағлұматтар алдық. Сабағымызда басталып кетті.Шаттық шеңберін құрып бір-бірімізбен таныстық.Қар лақтыру стратегиясы арқылы бір-біріміздің есімімізді ұмытпастай қайталап,жатадық Біздің топ 25 адамнан құралды.Олар Алматы облысының әр ауданынан келген ұстаздар. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс. Күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен , сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық – психологиялық ерекшелігін де өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Содықтан әлем өзгерумен мен де өзгеремін. «Әрқашан өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына жылу құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізетін ұстаз болсам!» деп армандадым.

Мен әлеммен бірге өзімді өзгерту үшін Кембридж тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алып,күннен күнге білімімді шыңдап, көп нәрсе үйрендім.

Автор
Дата добавления 19.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров373
Номер материала 247835
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх