Инфоурок Физика Другие методич. материалыМақала, Абай шығармаларындағы физикалық құбылыстар

Мақала, Абай шығармаларындағы физикалық құбылыстар

Скачать материал

Абай шығармаларындағы физикалық құбылыстардың көрінісі

орындаған Мэлс Айнұр

Павлодар қаласы

Жетекшісі - Карибжанова Ә.К.

 

«Абай» атын естігенде, өзімнің қазақ болып дүние есігін ашқаныма мақтан тұтқандай, кеудемді қуаныш кернеп, елең ете қаламын. Абай атамыздың даналығы, дарындылығы, жан – жақтылығы, ғұлама ақындығы туралы талай адамдар, талай да ғалымдар зерттеу жүргізіп, ақындар өлеңдеріне қосып жырлаған, ой – пікірлеріне арқау болған деп ойлаймын. Бізде,оның шығармаларын жаңа, тың көз-қараста зерделеп көруге тырыстық.

Абайдың шығармашылық дәрежесінің жоғарылығы сондай, небір идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндігі зор болды. Неліктен ақын Абай болыс бола тұра, қараңғы қазақты, үкіметті сынға алып сынады? Неге тек гуманитарлық бағытты таңдап, нақты ғылымды қарастыруға ұмтылмады? Неліктен ол өз мүмкіндігін жоғары дәрежеде пайдаланбады, мүмкіндігін біле тұра неге нақты ғылымға бой ұрмады? Бұл сұрақты дәйектеу мақсатында жалпы қазақ жерінде, Абай заманында, негізгі ғылымдар қандай дәрежеде болғандығын анықтап көрелік.

Абай өмір сүрген кезеңдегі жалпы физика ғылымының жағдайына шолу жасалық. Ол үшін бүкіл әлем бойынша ХІХ ғасырдағы физиканың жағдайын қарастыралық. ХІХ ғасырдың басында жарықтың корпускулалық және толқындық теориясының арасындағы ұзақ жылдарға созылған бәсекестік аяқталып, жарықтың толқындық теориясының үстем алған кезеңі болатын, себебі бұл уақытта Т. Юнг пен О.Ж. Френель толқындық теория арқылы түсіндірілетін жарықтың интерференция және дифракция қасиетін ашқан болатын. Жарықтың бұл құбылыстары тек толқындық теорияға ғана тән, бұл қасиеттерді корпускулалық теория арқылы түсіндіру мүмкін емес. Бұл уақтты сонымен бірге ХVIII ғасырда ашылған жарық толқындарының көлдеңендігі дәлелдемесі (О.Ж. Френель, Т. Юнг, Д.Ф. Араго) жасалды [1]. Жарықты серпімді ортада көлдеңен толқын ретінде қарастыру арқылы, Френель жарық бір ортадан екінші бір ортаға өткенде сынған және шағылған жарық толқындарының интенсивтілігін анықтайтын сандық заңдылықты ашып, жарықтың қосарланып сынуы анықталды.

Физиканың ғылым ретінде әрі қарай дамуына Л. Гальвани мен А.Вольт ашқан электр тогына байланысты жаңалықтары маңызды роль атқарды. Тұрақты токтың қуатты көзі – гальваникалық батарейкалардың ашылуы – токтың әртүрлі әрекетін зерттеуге мүмкіндік берілді. 1831 жылы Фарадей электромагниттік индукция заңын ашты. Физика және барлық жаратылыстану ғылымдары үшін табиғаттың барлық құбылыстарын байланыстыратын энергияның сақталу заңының ашылуы маңызды болды. Физика - табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалды.

«Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді [1]. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М.В. Ломоносов болатын [2].

Физика ғылымының дамуы — әлемнің физикалық бейнесімен тығыз байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу — физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі бейнесінің біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады.

Физикаға, табиғатқа Абай шығармашыллары тікелей байланыста. Табиғаттығы заңдылықтар мен құбылыстар оның шығармаларында кең, әрі ғылыми терең негізде көрініс тапқан. Абай табиғатты жан-жағынан әсем келбетте суреттейді. Табиғат пен физикалық құбылыстарды бір арнаға ұштастыра отыра жыл мезгілдерін сипаттайды.

Мысалы, «Қыс» өлеңінде:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау таңымас тірі жанды.

Үсті –басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды ... - деген жолдарында:

«Ақ қырау»- кристалл мұздардың жұқа қабаты. Бұл кристаллдар әртүрлі пішінде болады. Бұл ауадағы су буының қатуы. Қырау болуы үшін міндетті түрде аздап болсың аяз болуы керек, сондықтан ауадағы ылғалдылық криссталданады.

«Басқан жері сықырлап»қар тек қана аязды күндері ғана сықырлап дыбыс береді. Сықырлау үндестігі ауа температурасына байланысты болады. Мысалы, аяз қатты болған сайын, сықырлап дыбыс шығару сарыны жоғарлай түседі. Кейбір адамдар, қар дыбысының сипатын қабылдауына қарай ауа температурасын бағамдай алады. Қар сықыры – қардың өте ұсақ кристаллдарының шығарған дыбысы. Әрбірі жеке–жеке өте кішкентай, соғылғанда адам құлағы қабылдамайтын дыбыс шығарады. Ал барлығы тұтасқанды дыбыс артады. Акустикалық зерттеулер нәтижесінен, қар дыбысының спектры екі 250...400 Гц және 1000...1600 Гц диапазондағы аса айқын емес, жазық максимум екендігі айқындалды. Көп жағдайда аз жиіліктегі максимум жоғары жиіліктегіден бернеше децибел артық. Ауа температурасы -60С жоғары болғанда, жоғары жиілікті максимум тегістеліп, мүлдем жоғалады. Аяз күшейгенде мұз кристаллдары қатайып, сынғыш келеді. Қадам басқан сайын мұй инелер сынып, дыбыстың акустикалық спектры жиілігі жоғары аймаққа ауысады. Ауа температурасы -80С -тан -200С   -қа өзгергенде қар сықыры 1 децибелға артады [2].

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда...-деген жолдарында, боранның бұрқ – сарқ етіп қозғалуы, ауа массасының қысымы жоғары аймақтан, қысымы төмен аймаққа өтуі нетижесінде пайда болады.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы...- деген жолдарында жылуөткізгіштік қасиет қарастырылады. Қабаттап киім кию, киім қабаты көбірек болған сайын ортасындағы ауа кеуек пайда болады. Өзімізге белгілі ауа жылуөткізгіштігі төмен орта болып табылады. Бұл жердегі тон мен шидем жылуөткізгіштігі төмен материалдарға жатады.

Желсіз түнде жарық ай...жалпы жарық ай болған күндері жел болмайды, жел – Жер беіне қатысты ауаның көлдеңен қозғалысы. Желдің қозғаушы күші Күн көзі арқылы Жер бетіндегі қабаттардың бірдей жылынбауынан қысымның өзгеру салдарынан туындайды.

Сәулесі суда дірілдеп ... –су бетіне түскен айдың жарығы, судағы толқындар әсерінен азадап діріл қақандай болып көрінеді. Су бетінде механикалық толқын туындайды. Сондықтан сәуле дірілдегендей болады.

Тасыған өзен күрілдеп – өзен тасығанда су сапырылып, өзінің аққыштық қасиетне байланысты бірнеше қабаттар пайда болады. Олар өзара әрекеттескенде күрілдеген дыбыс естіледі, ал ай жарық болған түндері әдетте түн желсіз болады, сондықтан тынған түнде дыбыс өте жақсы естіледі.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді –өзі – ағаш тербелмелі жүйе болып табылады. сондықтан жапырақтары ағашпен қоса тербеліске түседі.

Күзде ағаш жапырақтарының сарғайып, жерге түсуі, құстардың ұшып кетуі физикалық процесске жатады ғой. Аз сөзбен көп мағына беру Абай атамыздың қалам тартуындағы басты ерекшелік. Физика ғылымы әдеби шығармаларда жақсы ашылды, онда Абайдың өзі физикада ұлы ашуларды ашушы болар ма еді? Ойландыратын сұрақ, мүмкін өз заманындағы нақты ғылымдарға алғаш бет бұрған тұлға болар еді ме.

Осы қатарлы  «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек » өлеңінде

Жылытқан тұла бойды ыстық  жүрек

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек... жолдары адам жүрегінің физикалық механизмінің белгісі, оның әрекеті де өзге мүшелермен байланыс жасап, бүкіл энергияны тұла бойға таратады.

Үлкен шабытпен жазылған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі физикалық ұғымдарға бай деу артық болмас.

Қансонарда бүркітші шығады аңға... қансонар – ең алғаш қар түскен соң аңға шығу мерзімі. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі... із – векторлық параллель көшіруді береді немесе траектория сызығын көрсетеді. Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл деген әдеби тіркестің табиғаттағы жарықтың шағылуына сәйкес келетінін байқауға болады.

Абайдың тек қара өлеңдерінде ғана емес, дастан жырларынан да қойылған мақсатты дәлелдейтін контекстерге қол жеткіздім. «Ескендір» поэмасындағы:

Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,

Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды...  жолдары ауырлық күшін, оның ішінде массаның тура пропорционалдығын ескереді.

..Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,

Көзіңе көрсетейін, хабардар бол».

Сол күнде Аристотель жеке дара,

Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара:

Таразыны әпкел де, сүйекті сал,

Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!

Ана басы сылқ етіп жерге түсіп,

Сүйек басы жоғары шығып қалды... Физика табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалады. Ал таразы күш моментінің шартын көрсетеді. Дененің массасын өлшеу үшін үшін қолданылатын иінді таразылардың жұмыс істеу принципі айналатын дененің тепе-теңдік шартына негізделеді. Таразымен өлшеу – таразының екі басын теңестіру, дененің массасын бағамдауды береді.

Қорытындылай келе, Абайды ұрпағы халқының кемеңгері, өз ұлтының ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын дәл бейнелеп, қоғамдық дамудың қиындығын дұрыс көрсете білген қайраткері ретінде таниды. Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің бастауы, қамқоры. Ұлы ақын қозғамаған тақырып не мәселе бар ма? Оның аз сөзбен көп мағына беруі, өмірлік тірі дүниелерге теңгеріп айтуы, айналадағы сан алуан құбылыстарды дәлме-дәл айтуы – оның ойшылдығының белгісі. Табиғатта орын алып жатқан физикалық құбылыстарды айқын келтіруі – шығармаға көрік береді.

Зерттеу барысында Абай атамыздың 20 қара өлеңі және 2 поэма «Ескендір» мен «Масғұт» толығымен қарастырылды. Нәтижесінде 60 шақты физикалық тіркес табылып, оның 40 талданды. 

Мектепте абай тану пәнін қосымша енгізуде осында өлеңдерді физикамен кірікітіре ортырып талдаса, оқушыларда тек Абайдың өлеңдерімен танысумен қатар, оларда физикалық түсініктері қалыптасар еді. Оқушылрда жалпы дүние танымның қарапайым алғы шарттары абай өлеңдері арқылы қалыптасып, түініктері молаяды. Және же қазіргі  орасша қоғамда өсіп келе жатқан жас өспірімдер, Абай өлеңлері мен оның шығармаларын оқуды тілін түсіне алмайы, кейбір тіркестердің мағынасын жатық ажырата алмай жатады. Ал оларды қарапайым физикалық терминдер арқылы, дүние танымдылық көз қарарс арқылы түсіндетірн болсақ. Оқушылардың тілге, қазақ тілін меңгеруге де оңтайлы болар еді.

Осы жұмыстың тағы бір бағыты егер, Абай атамыздың өлеңдерін мемлекеттік тілде емес оқитын оқушыларға жаттатыруда қарапайым физикалық терминдар арқылы түсініктеме беріп отырса, мағынасын түсінген оқушылар да тез жаттығып кетер еді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.      Кудрявцев П.С. «Курс истории физики». М. Просвещене, 1971.

2.      Больцман Л. «Лекции по теории газов» М.: Гостехиздат, 1953г.

3.      Абай шығармалырның екі томдық толық жинағы. Алматы «Жазушы», 2005ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала, Абай шығармаларындағы физикалық құбылыстар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 865 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2015 3379
    • DOCX 27.3 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карибжанова Асель Коптылеукызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31014
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 132 человека

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе