Инфоурок Другое СтатьиМақала "Адамгершілік - заман талабы"

Мақала "Адамгершілік - заман талабы"

Скачать материал

Адамгершілік - заман талабы.


Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбір қоғам өзiнiң даму үрдісінде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерістер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама-қарсы, теріс қарым-қатынаста пайда болады және адамның өзіне субьективтi түрде міндет қоя білумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң» деген мақал бар. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениеті мен қасиеті қалыптаспайды.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес. Олар: құрбы мен құрдас, ата-ана, оқушы мен ұстаздың арасында қарым-қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, туыстық қарым-қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi – оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн ғана өмір сүратін хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық - қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез-келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам - ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру әр ұстаздың парызы.

Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек.

Отансүйгiштiк. «Отан – отбасынан басталады» деп халқымыз бекерге айтпаған. Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.

Әдептiлiк. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу.

Бауырмалдық. Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтапта: «ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр» дейдi. Олай болса жастарды бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.

Қайырымдылық. Қазақ халықтарының өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И. Левшин былай дейді: “... қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – Азия халықтарының айрықша қасиеті». Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет.

Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтін негiзгi категорияларының бiрi - тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi.

Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық.

Ұлттық тәрбиенің негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек. Ал біздің міндетіміз оны әрі қарай дамыта отырып, жастарды дұрыс, түзу жолға салу.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Бала үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіп, иманды болып, адамгершілікті болса, бұл адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады.


Қолданылған әдебиеттер:

Абай Құнанбаев, Алматы, 1989 жыл

Ыбырай Алтынсарин, Алматы, 1988 жыл

М. Жұмабаев, Алматы, 1992 жыл

А.И. Левшин «Описание киргиз-казачьих Или киргиз-кайсацких орд и степей», Алматы, 1996 жыл

Қазақ мақал-мәтелдері, Алматы, 1988 жыл

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы


Махамбетова Райхан Жүнісқызы,

қазақ тілі пәнінің оқытушысы


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Адамгершілік - заман талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2016 1163
    • DOCX 35.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамбетова Райхан Жунусовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махамбетова Райхан Жунусовна
    Махамбетова Райхан Жунусовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8568
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1707 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе