Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Биология / Статьи / "АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

"АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

библиотека
материалов

СМАГУЛОВА КУРАЛАЙ ТОКТАРХАНОВНА

«Абай атындағы орта мектебі» КММ, ШҚО, Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылы



АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі заман талабы -оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық және ғылыми техникалық процесс. Біз «ақпараттандыру» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық өте қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьтердің қажет екені даусыз. Демек оқыту процесінде компьютерді қолдану әр оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға, танымдық іс әрекетінің күшейуіне, өзіндік жұмыстарды тез орындауына мүмкіндік артатыны рас. Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындығы дәлелденген. Мұғалімнің ақпарат мәдениеті – өмір бойы жаңалық іздеп, оны табу, ізденіс – мұғалім өмірінің өзегі. Міне, ақпарат кеңістігін терең меңгерген мұғалім өзінің ақпараттық мәдениетінің биіктігімен, жан – жақтылығымен, кәсіби шеберлігімен, іскерлігімен ерекшелетіндігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

И.В.Роберт ақпараттық технологияларды пайдаланудың келесі педагогикалық мақсаттарын анықтайды:

1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу- тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру

  • Оқыту процесінің сапасын арттыру

  • Танымдық қызметтің екпінділігін арттыру

  • Пәнаралық байланысты тереңдету

  • Қажетті ақпаратты іздеуді оңтайландыру

2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғам шартында өмір сүруге даярлау

  • Ойлаудың формаларын дамыту

  • Коммуникативтік қабілелетті дамыту

  • Күрделі жағдайда шешім қабылдауға дағдыландыру

  • Компьютерлік технология арқылы эстетикалық тәрбие беру

  • Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау

  • Ақпарараттық сауаты бар тұлға даярлау

  • Компьютерлік ортаны пайдаланушыны даярлау

Оқыту үрдісінде компьтерлік технологияларды пайдалану келесі мақсаттарға бағытталады.

  • Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдылығы мен сапа деңгейін көтеру

  • Танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыратынынталарды қамтамасыз ету

  • Қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету

Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологиясын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Осы кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Олай болса

«Мұғалім» қоғам айнасы бола білуі керек. Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал сол мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайықты бейімдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы мектепте жаңа заманға сай жабдықталған биология, химия, физика, мултимедиа, информатика кабинеттері бар. Қазіргі таңда бұл кабинеттер оқушылар мен оқытушылар үшін ақпараттық оқу құралдарын пайдалануға және әлемдік ақпарат жүйесіне еркін еніп, өз білімдерін тұрақты жетілдіруге жағдай жасауда. Оқытушылардың көпшілігі дербес компьютерді меңгерген, арнайы білім курстарының сертификаттарына ие болған. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай  талап етілуде.

«Биология сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологияны енгізу арқылы білім сапасын арттыру» мақсатында жұмыс жасап келемін. Биология пәні – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі пәннің бірі. Ол оқушылардың танымын, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, барлық жер бетіндегі ағзаларды толық меңгеруіне ықпал жасайды. Сонымен қатар биология пәні ойлануды, талдауды, зерттеуді қажет етеді. Оған мектептің техникалық базасы сәйкес келу керек. Оқу тәрбие үрдісінде АКТ – ны пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады. Заман талабына сай биология кабинетінде компьютерді тиімді пайдалану  және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызуда. Кабинет компьютермен қатар көрнекі құралдармен де толықтырылған. Әсіресе электрондық оқу құралы, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, плакаттар оқушыға үлкен көмек көрсетуде. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пәндік, екіншісі – компьютерлік білім. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланған. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал болып табылады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновациялық технологияны пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі. Ақпараттық технологияны пайдалана отырып өткізген сабақтарым республикалық – педагогикалық журналдарда және интернет беттерінде жарияланса, оқушыларым әр түрлі сайыстарға, қашықтық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар иеленіп келеді.

Әр сабақтарда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру
• қашықтықтан білім алу, қашықтық олимпиадаларға қатысу
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу
• шығармашылық жұмыстармен айналысу
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі

ҰБТ ға даярлану

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Қорыта айтарым, қазіргі заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны басшылыққа ала отырып, компьютерді, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны және ақпарат көздерін өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.  

 Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

  3. Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру. Сыныптағы тәрбие. 2007

  4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. Өркен, 2007

  5. 3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. Қазақстан мектебі, 2008

  6. Интернет көзі



Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Статьи
Просмотров226
Номер материала ДВ-533852
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх