Инфоурок Биология СтатьиМақала "Ашық тұқымдылар бөлімі"

Мақала "Ашық тұқымдылар бөлімі"

Скачать материал

Ашық тұқымдылар бөліміне  жалпы сипаттама

Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі

өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген – ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптектес өсімдіктер болмайды. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сидиып тұрады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Ғалымдардың пайымдауынша ашық тұқымдылардың арғы тегi әр түрлi споралы папоротниктер болған. Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан.

Жалпы сипаттамасы. Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен.

Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель — Picea), қарағай (сосна — Pinus), балқарағай (листвинница – Larix), самырсын (пихта — Abies), арша (можжевельник — Juniperus), қылша (эфедра — Ephedra) туыстарының түрлерi өседi.

Шырша қарағайдан сыртқы түрiмен оңай ажыратылады және төзiмдi келедi. Қоректiк заттарға бай, ылғалдығы жоғары топырақта өседi. Шыршаның кiндiк тамыры нашар жетiлген. Жанама тамырлары жердiң бетiне жақын жатады, сондықтан да оны жел тамырларымен қопарып, аударып тастайды. Шырша ағашы 250 жылға дейiн жасайды және биiктiгi 40 метрден астам болады. Шыршаның бөрiкбасы пирамидаға ұқсас. Шыраның қысқа және үшкiр қылқандары, бұтақтардың сыртын жауып тұрады және 5-7 жылға дейiн түспейдi. Жапырақтары қылқан түрiнде болатын өсiмдiктердi қылқан жапырақтар деп атайды. Оларға самырсын, балқарағай, сiбiр самырсыны, арша, Шыршаның бүрi үлкен болады және оның ұзындығы 10-15 сантиметрге жетедi. Шыршаның тұқымбүршiгiндегi тұқымдары шашылып жел арқылы оңай таралады. Келешегiнде осы тұқымдардан жас қарағай өсiмдiгi пайда болады.

Жатаған шырша (Шренк шыршасы) да екіүйлі өсімдікке жатады. Бұл – Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта. Жатаған шырша (Шренк шыршасы) Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі. Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен, жатаған шырша деп аталады. Негізгі діңнің жуандығы 15 сантиметрге дейін, кейде биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300 жылға дейін тіршілік етеді.

         Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi: кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная – Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы (сосна сибирская – Pinus sibirica). Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман түзедi. Қарағайлардың бөрiкбасын ормандарда дiңiнiң жоғарғы ұшына таман кететiн жанама бұтақтары түзедi. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткiзедi. Қарағайлар көп күй толғамайтын өсiмдiктер. Кәдiмгi қарағай деген түрi құмды жерлерде, тауларда, кейде жалаңаш жартастарда да өседi. Қарағайлардың кiндiк тамыры жақсы жетiледi және терең кетедi. Құмды жерлерде қарағайлардың кiндiк тамырымен бiрге жанама тамыры да жақсы жетiледi. Батпақты жерлерде керiсiнше қарағайлардың кiндiк тамыры нашар жетiледi. Қолайлы жағдайда қарағайлар 30-40 м жетедi және 350-400 жылдай өмiр сүредi. Қылқан жапырақтылардың сабағының iшкi құрылысы бiртектес келедi. Сабақтың көп бөлiгiн сүрек қабаты алып жатады. Қабық қабаты мен өзегi нашар жетiлген. Орталық шеңберiнде өткiзгiш ұлпалардың екi түрлi тобы болады. Олардың бiр тобы фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өркендерде түзiлген органикалық заттардың тамырға өтуiн қамтамасыз етедi. Ұлпалардың екiншi тобы тамыр арқылы сорылған суды, минералдық заттарды өркендерге жеткiзедi. Өзегi қабықшалары жұқа дөңгелек клеткалардан тұрады. Қылқан жапырақтылардың дiңiнiң қабықтық бөлiгiнде де, сүректiк бөлiгiнде шайыр жолдары болады. Қарағайларда екi түрлi өркен болады: ұзарған және қысқарған өркендер. Ұзарған өркендер ұзындыққа шексiз өседi. Қарағайлардың жас бұтақтарында қоңыр түстi ұсақ қабыршақ жапырақшалары болады. Оларың қолтығында қысқарған өркендер жетiледi. Кәдiмгi қарағайдың қысқарған өркендерiнде екiден қоңырлау- жасыл түстi, қылқан жапырақтары орналасады. Қылқандары 3-6 жыл өмiр сүредi, содаң соң қысқарған өркенiмен бiрге түсiп отырады. Сондықтан, жерге түскен қылқандары екi екiден бiрiккен болады.

Қылқандары жiңiшке ұзын келедi. Олардың сыртын қатты қабықша жауып тұрады және устьицалары көп болмайды. Сондықтан қарағайлар суды аз буландырады және құрғақшылыққа төзiмдi келедi. Қарағайлар жарық көп түсетiн ашық жерлерде жақсы өседi. Қыста ылғалдың тапшылығына қарамастан тiршiлiгiн тоқтатпайды. Қыс кезiнде қылқандарын тастамайды. Қылқан жапырақты ағаштардың көп тарағандарының бiрi- шырша (ель — Piceae). Шыршалы орман ТМД аумағында үлкен кеңiстiктi алып жатыр. Сiбiрде шырша самырсынмен қосылып қылқанжапырақты көлеңкелi орман (тайга)түзедi. Мұндай ормандарды жартылай қараңғылық басып тұрады. Бұл жерде ағаштардың бөрiкбастары бiр- бiрiмен түйiскен. Көлеңкелi орманда бұталар мүлдем болмайды, ал шөптесiн өсiмдiктер өте аз кездеседi. Топырақтың бетiн жасыл мүктер немесе жерге түскен қылқандардан тұратын төсенiштер жауып тұрады.

Балқарағайдың қылқандары жыл сайын күзде түседi. Бұл жағынан ол жапырақтары түсiп отыратын ағаштарға ұқсас. Балқарағай Сiбiрде көп таралған және үлкен алқапты алып жататын орман түзедi.

Қылқан жапырақтылардың iшiнде кiшiлеу ағаштар немесе бұталар болады. Оларға кәдiмгi аршаны жатқыза аламыз. Оның жапырақтары ине тәрiздi, тiкенектi. Бүрлерi жасыл түстi, сыртын балауыз басқан, шырынды жемiске ұқсайды. Ашық тұқымдылардың iшiнде шөптесiн өсiмдiктер жоқ.

Көбеюi. Ашық тұқымдыларда қарақайдың көбеюiн қарастырамыз. Қарағай барлық ашық тұқымдылар  секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған аналық бүрiнiң  қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады. Және олар ашық жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды ашық тұқымды өсiмдiктерге жатқызады.

Қарағайдың тұқымы қалай пайда болатынын қарастырайық.

Көктемде қарғайдың жас бұтақтарында екi түрлi : аталық және аналық бүрлер пайда болады. Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi болады, және жас өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады. Аналық бүрлер қызғылттау түстi болады және жалғыздан орналасады.

Аталық бүр өстен және оған тығыз орналасқан қабыршақтардан тұрады. Осы қабыршақтардың қолтықтарында екiден тозаң қабы орналасады. Тозаң қабының iшiнде көптеген екi клеткалы тозаңдар жетiледi. Әрбiр тозаңның екiден ауа қуысы болады. Мұндай тозаңдарды жел аналық бүрдiң тұқым бүршiгiне оңай жеткiзедi. Аналық бүрлерi де сол ағашта дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғары ұштарында бiреуден орналасады. Аналық бүрде екi түрлi қабыршақ болады. Сыртқы жабындық қабыршақтар, астында тұқымдық қабыршақтар орналасады. Осы тұқымдық қабыршақатардың қолтығында екiден тұқымбүршiгi пайда болады.

Аталық бүрде пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың қабықшасы жыртылуының нәтижесiнде сыртқа шашылады. Оларды жел алып кетедi. Тозаңдануын тұқымбүршiгiнiң саңылауына келiп түскен тозаң жүзеге асырады. Тұқымбүрi тозаңданғаннан кейiн аналық бүрдiң қабыршақтары  бiрiгiп, шайырмен желiмделiнедi. Тозаңдарда аталық, ал тұқымбүршiктерiнде аналық жыныс клеткалары жетiледi. Ұрықтану тұқымбұршiктерiнде жүзеге асады. Ұрықтанған аналық жыныс кеткаларынан ұрық, ал тұқымбүршiгiнен тұқым пайда болады. Осыдан кейiн аналық бүрдiң көлемi ұлғайып қайтадан сүректенедi.  Алғашқы кездерде аналық бүрлердiң түсi жасыл болады, кейiнiрек қоңырқай тартады. Қарағайдың тұқымдары тозаңданған уақыттан бiр жарым жыл өткен соң пiсiп жетiледi. Бiрақ бүрден екi жылдан кейiн шашылады. Ашық тұқымдылардың тұқымдарында артық қор заттарын жинайтын ұлпа болады. Ол ұрықты қоршап тұрады.

Самырсын (лат. Abіes), майқарағай — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (МексикаГватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда АлтайТарбағатайЖетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны (A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыр түсті, бірінші жылы піседі. Тұқымы төңкерілген жұмыртқатәрізді, ұзындығы 8 — 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лакбояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.

Зеравшан аршасы – биіктігі 5–10 м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды.

Қос масақшалы қылша да (эфедра) – ашық тұқымды екіүйлі өсімдік. Оның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екінші өсімдікте орналасады. Қос масақшалы қылшаның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екінші өсімдікте орналасады. Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл қылшаның биіктігі 15-440 см болады. Қос масақшалы қылша - жапырақтары ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта, қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан, фотосинтез бұтақтарында жүреді. Бұтақтарын өң қаптайды. Лептесіктері сабақ ұлпасына тереңірек батып орналасады. Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада емге қолданылады. Әсіресе орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны емдеуге пайдаланады.

Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық  шаруашылығындағы маңызы

Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.

Орман ағаштары кесiлген және өрт шалған жерлерде алдымен күй таңдамйтын қарағай пайда болады. Қарағайлар сусымалы құмдарға өсiп, олардың одан әрi жылжуын тоқтатады. Қарағайдың тамырлары құмды бекiтедi, жерге түскен қылқандары құмның бетiнде топырақ түзiлу процесiн жеделдетедi. Қарағайлар ауаға ерекше заттар бөлiп шығарады. Олар ормандағы ғана емес, сол төңiректегi зиянкес бактериялардың көбеюiн тежейдi. Қылқанжапырақты ормандар, қардың еруiн баяулатады, мұның өзi топырқтағы ылғалдың артуына мүмкiндiк бередi.

Қарағай мен шыршаны құрлыс материалдары ретiнде кеңiнен пайдаланылады. Қарағай сүрегiн химиялық жолмен өңдеу негiзiнде жiбек жiптерге ұқсас жасанды талшық алынады. Шырша сүрегiнен қағаз алынады. Қарағайды, шыршаны, балқарағайды әртүрлi үй жиһаздарын жасауға пайдаланады.  Балқарағай сүрегi басқа қалқанжапырақтылардың сүрегiнен әлде қайда қатты және суда шiрiмейдi. Соған байланысты оны кемелер жасауға, шпал жасауға, шахталарда тiреу ретiнде қолданады. Сонымен бiрге осы ағаштардың барлығын парктерде, скверлерде, ботаникалық бақтарда сәндiк өсiмдiктер ретiнде  өсiредi. Сiбiр қарағайының жаңғақшасынан сапасы жоғары тамаққа пайдалалатын май алынады. Сәндiк өсiмдiктер ретiнде аршаның бiрқатар түрлерi мәденилендiрiлген. Ашық тұқымдыларға жататын өсiмдiктердiң барлығы отын ретiнде кеңiнен пайдаланылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Ашық тұқымдылар бөлімі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2016 1472
    • DOCX 25.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Телимова Камшат Исаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Телимова Камшат Исаевна
    Телимова Камшат Исаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17015
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 164 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 394 человека

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 77 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе