Инфоурок / История / Конспекты / Мақала "Қазақ хандығы- қазақ елі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Мақала "Қазақ хандығы- қазақ елі"

библиотека
материалов

Қазақ хандығы- Қазақ елі.


C:\Users\Раушан\Downloads\3090766ece350aef28e4ed4a33ae9528.jpg


Қазақ хандығының құрылуы ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы әлеуметтік- экономикалық және этносаяси үрдістердің заңды нәтижесі болды. Халық болып қалыптасқанға дейін олар сан ғасырлық тарихты басынан кешті, ол не бір күнде, не бірнеше жылда құрыла қойған жоқ. Қазақ халқының тарихи тамыры Ұлы даланы ежелден мекендеген тайпалармен сабақтас келеді, мүмкін одан әрі барады.

ХҮ ғасырларда қазақ билеушілері өздерінің ата- жұрты Шығыс Қыпшақ даласы мен Түркістан алқабы үшін күрес бастады. Негізгі көздеген мақсаты- қазақ халқын біріктіру. Басты қарсыласы Жошының бесінші ұлы Шайбанидің ұрпақтары еді. Бұл оқиғаның мән жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінеді. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілқайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Шығыс Дешті Қыпшаққа 40 жыл үстемдік етті. Әбілқайыр хандығында болып отырған толассыз ішкі феодалдық қырқыстар, бұрыннан қалыптасқан көшіп- қону тәртіптерін бұзып, көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабы тиеді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді арман етті. Ақ Орданың ақырғы ханы Барақтың балалары Керей мен Жәнібек Әбілқайыр ұлысындағы дағдарысты пайдаланып, өздеріне бағынышты рулық- тайпалық топтарды, қазақ даласының жартылай көшпелі және көшпелі тұрғындарын Моғолстан жеріне бөліп әкетеді.

Бұрын бір мемлекеттің құрамында болған ру тайпалардың бөлінуіне не себеп болды?

Біріншіден, Әбілқайыр ханның өзіне қарсы шыққан сұлтандар мен билердің наразылығын аяусыз басып- жаншып отыруы. Әсіресе Орда Ежен ұрпағы, Орыс ханнан тарайтын сұлтандарды бағынышта ұстап, билікке жоғалтпауға тырысты.

Екіншіден, үсті- үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерліктер.

Үшіншіден, ойраттар 1457 жылдың жазында Үз Темір тайшының басқаруымен батысқа жорыққа шығады. Сол жылы Сырдария бойындағы Көккесене түбінде болған ұрыста ханның ойраттардан оңбай жеңілуі жергілікті тайпалардың арасында Әбілқайырдың беделін түсіріп, сенімін үзеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Шежіресінде», бөлінудің себебін мына тұрғыда көрсетеді: «...арғын Дайырқожа Әбілқайыр билігінің тұсында би болған. Әділеттілігі үшін оған халық Ақжол би деген ат берген. Бұл уақытта қыпшақтардың қолбасшысы Қобыланды батыр ханның жақын адамы болатын. Дайырқожа мен Қобыланды батыр арасында келіспеушілік туындайды. Қобыланды бірде Ақжол биді далада жалғыз кездестіріп, оны өлтіреді. Бұны естіген Жәнібек арғындардың мүддесін қорғай отырып, Әбілқайырдан Қобыланды батырды сұрайды. Әбілқайыр хан қыпшақтардың қолдауынан айырылып қаламын ба деп қауіптеніп, беруден бас тартады. Бұл Жәнібек бастаған қазақтардың көшіп кетуіне әкеледі».

Қазақтың өз мемлекетін құрып, ту тіккен жері Қозыбасы биігі еді. Сол жерде үлкендік дәстүрі бойынша Керейді қазақтың ханы етіп көтереді. Қазақ халқының құрамына Жетісуды мекен еткен тайпалар еніп, олар Ұлы жүз, Сарыарқаны мекен еткен тайпалар Орта жүз, ал Батыс Қазақстан жеріндегі рулар Кіші жүз атанды. Бұрынғы уақытта Жетісу жеріндегілер Моғолстан, Сарыарқадағылар Әбілқайыр, батысындағылар Ноғай Ордасының құрамына енген еді. Енді бәрі Алаш бабамыздың үш ұлынан тараған ұрпақпыз деп үш жүз атаныпты. Көрнекті тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегінде бұл оқиға 1465-1466 жылдары болғандығы айтылады.

Ішкі қайшылықтар мен сыртқы жаулардың әсерінен 1731 жылы патшалық Ресейге бодан болып қалдық. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқым, тек 1991 жылы ғана Тәуелсіздікке қол жеткізді. Енді міне, биыл, бүкіл ел болып, Қазақ хандығының құрылуына 550 жылдық мерей тойын атап өтіп жатырмыз. Тойымыз құтты болсын, халайық!


Турганбаева Раушан Жансериковна

Тарих пәні мұғалімі

«Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-104903

Похожие материалы