Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Другое СтатьиМақала "Қазіргі заман мұғалімімін" (Оқырмандарға)

Мақала "Қазіргі заман мұғалімімін" (Оқырмандарға)

Скачать материал
библиотека
материалов



Алматы обылысы Жамбыл ауданы Дарынды балалрға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенбекова Алия Абдуллаевна



Мeн – қазіргі заман педагогімін

"Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр"

Н.Ә. Назарбаев

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш - жігерін, парасат - қуатын салу керектігі хақ. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналатыны айдан анық. Менің ойымша, кез келген адам мұғалім болуы мүмкін, бірақ нағыз маманы болу, қажырлы еңбектің, нәтижелі жұмыстың, балаға деген махаббаттың арқасында келетіні белгілі. Бұл ұғымды жұмыс істегеннен кейінгі бірнеше жылдардан соң түсіне бастадым. Мен сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні қүрделі де қызықты сабақтардың бірі, жыл сайын оқушылардың әдеби тілде өз ойын бүкпей жеткізе алатын, қара сөздің майын тамызып, шебер сөйлей алатын оқушылар шығарып жатқаныма іштей қуанып отырамын. Сонымен бірге сөйлеу сауаттылығы, сауатты жазу, актерлік шеберлігін дамыту, мәнерлеп оқу қасиетін шыңдау, өлең жолдарын жазуға дағдыландыру - менің сүйікті ісім болып саналады. Бірақ, ең бастысы - мектептегі мұғалімдік жылдар мені тек оқытушы ғана емес, шынайы ұстаздың қалай болу қажеттігіне үйретті. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі ретінде әрдайым өткенді есте сақтап, бүгінгі көштен қалмауға, ол үшін өзім оқушыларға үйретіп қана қоймай, үйренуші болуға тырысамын. Әйтсе де, мұғалім ізденуден тоқтап қалмау керек, ол әрқашан жаңалықты меңгеріп, заман талабына сай жұмыс атқаруы тиіс деп есептеймін.

Сол себепті жаңа технологияны меңгеру мақсатында үш айлық деңгейлік курстан өтіп,7 модуль технологияларын тиімді пайдалану жолдарын үйрендім, сонымен қатар ақпараттық коммуникациялық технология арқылы жұмыс жасауға дағдыландым деп сеніммен айта аламын. Сабақ берудегі көрнекі құралдардың барынша қолайлы, барынша жаңаша әдістерге өзгертіп, ғаламтормен дос болуды үйреніп жатқанымды да айта кеткім келеді. Жас бала әрдайым зерек келеді, ол өздігінен-ақ кез-келген нәрсенің қыр-сырын меңгеруге талпынып, тіпті үйреніп алады. Ал мұғалім бұл жағдайда оқушысынан бір қадам алда жүруі тиіс, оның қажетсіз дүниеге бас сұғып кетпеуін қадағалап, оқушыны қызықпаған пәнін сан түрлі әдіспен үйретіп, ұғындыру деп ойлаймын. Ол үшін күнделікті, тіпті өзің білмеген нәрселерді ақтарып, сан түрлі тәсілді меңгеруге тура келеді. Мұғалім жаны шығармашылыққа толы, ал шығармашылық жұмыс әрдайым рухани азық іздеп отыратындығы жасырын емес, әсіресе, балаға білім берер кезде оның таным-түсінігімен де санаса білу маңызды. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жүргізілген сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттырады, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімдісі «Миға шабуыл», «Топтастыру», «Түртіп алу», «Ой шақыру», «Жұпта талқылау»,“Болжау”, “Әлемді шарлау” тағы басқа да толып жатқан әдіс - тәсілдерді енгізе отырып өткізілген сабақтар жоғарғы нәтижесін береді. Сабақтарда қолданылатын сыни тұрғыда ойлау технологиясының элементтері: «Блум таксономиясы», «Венн диаграммасы», «5 жол өлең», «Инсерт әдісі», «Автор орындығы», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Сұрақты ұстап ал», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Бірге ойлаймыз» тағы да басқа көптеген әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланылған жағдайда оқушылардың сыныптастарымен жылы қарым-қатынас орнатуына және мұғалім мен оқушы арасында үлкен сенімділік пайда болуына зор ықпал етеді. Ойларын еркін айтып, өздеріне деген сенімділік артады, сыныптастары арасында пікірінің құндылығына сенім білдіреді. Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерім мені маман ретінде дамуға ғана емес, мұғалім ретінде өзімді тануға итермеледі. Оқушылардан күтілетін нәтиже жоғары болу үшін баланы дәстүрлі оқыту жарамайды, олардан өзі отырған ортаға бейім болып, өз шешімін қабылдай алатын, өзгенің пікірін тыңдай білетін, бағалап, қорытындылай алатын жеке тұлға дайындап шығара алуымыз керек. Қазіргі заман мұғалімі ретінде түсінген басты қағидаттарымның бірі осы! Өзімнің мойнымдағы мұғалім деген ауыр жүктің салмағын сезініп келемін, алдағы уақытта да дәл осы атқа лайық болу үшін еңбек етемін!Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс» - деген қанатты сөз менің ойтолғауымның







  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-540704

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.