Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / Мақала "Балалардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы"

Мақала "Балалардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

ОҚО Шымкент қаласы №30 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының орыс тілі пән мұғалі...
Балалардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы Әрбір сәбидің ер...
Балабақшада балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын сабақ процесімен ұ...
Ойын-мектеп жасына дейінгі белалардың негізгі іс-әрекеті.Ойын арқылы балалар...
Ойын ережесі балалардың түсінуге оңай,қарапайым,әрі қысқа болуы керек. Д.о.нә...
  Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы шарт; Баланың жан...
Балабақшадағы тәрбиелеу, оқыту жұмысын ұйымдастыруда балалардың тілін дамыту,...
1 из 7

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ОҚО Шымкент қаласы №30 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының орыс тілі пән мұғалі
Описание слайда:

ОҚО Шымкент қаласы №30 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының орыс тілі пән мұғалімі: Баймендиева Дина Куандыковна

№ слайда 2 Балалардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы Әрбір сәбидің ер
Описание слайда:

Балалардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы Әрбір сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі - бедері оның ойын әрекеті барысында қалыптасады. Сондықтан балалардың ойынын осы бастан дұрыс ұйымдастыру қажет.Ойын барысында баланың шығармашылығы, мүмкіндіктері, көңіл -күйі және ерік - жігері айқын білінеді. Бұл ойлау процесімен тығыз байланысты. А.С.Сухомлинский былай дейді: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Шынында да, бала үшін ойын – сүрудің белсенді формасы. Сол арқылы бала ересектерге еліктейді, олардың іс - әрекетін қайталайды, қарым-қатынастарын үйренеді,еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді.

№ слайда 3 Балабақшада балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын сабақ процесімен ұ
Описание слайда:

Балабақшада балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ойын түрлері көп. Солардың ішінде оқу іс - әрекетінде жиі қолданылатыны дидактикалық ойындар. Олар балалардың ынта - ықыласын күшейтеді, оқудың қиын процесін жеңілдетеді, балалардың дамуын тездетуге көмектеседі, балалардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту. Ойын-адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы.Ойнай жүріп бала белгілі бір нәтижеге жетуге тырысады.

№ слайда 4 Ойын-мектеп жасына дейінгі белалардың негізгі іс-әрекеті.Ойын арқылы балалар
Описание слайда:

Ойын-мектеп жасына дейінгі белалардың негізгі іс-әрекеті.Ойын арқылы балалар қоғамның тәжірибелі меңгереді және өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Балалардың ойынында да қоғамның,ұжымдық синат болады.Бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,өзінің қатар құрбыларымен бірге ойнайды.Сол арқылы олар бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын-балалар үшін айналасындағы,өзін қоршаған ортаны танып-білу тәсілі болып табылады.Мазмұны мен түріне қарай ойын мазмұнды-бейнелі,қимыл-қозғалыс,құрылыс,кейіптендіру,дидактикалық ойындар болып бөлінеді. Д.ойын кішкентай балаларға мейлінше тән оқыту б.т.Д.о. негізгі міндеті- баланың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру.Д.о. тиімді пайдалану сабақтың әсершілігіне,тартымдылығына ықпал етеді,әрі баланың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады.

№ слайда 5 Ойын ережесі балалардың түсінуге оңай,қарапайым,әрі қысқа болуы керек. Д.о.нә
Описание слайда:

Ойын ережесі балалардың түсінуге оңай,қарапайым,әрі қысқа болуы керек. Д.о.нәтижесі-қандай жолмен болса да ұту емес,балалардың білімді игеру,ақыл-ой қызметін дамытуда,өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.Д.о. топ бөлмесінде де,аулада да, залда да,далала да өткізіле береді.Д.ойынның орталығы-ойыншықтар мен ойын құралдары.Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ,оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың болуы керек. Қазақтың ұлы ойшылы,ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?дегендей баланың өмірінде ойыншық олар орны ерекше. Д.о.-ақыл-ойды кеңейтеді,тілді ұзартады,сөздік қорды байытады,сезімді кенейтеді. Дидактикалық ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойындарды оқу іс-әрекетінде пайдаланғанда оның төмендегідей шарттарға сәйкес болуы тиіс:

№ слайда 6   Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы шарт; Баланың жан
Описание слайда:

  Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы шарт; Баланың жан - жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі тиіс ; Өтіліп отырған тақырып баланың қызығушылығын туғызуы қажет; Тілдік материалдарды салыстыра алуы және қортынды жасай білуі керек ; Балаларды қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы міндетті. Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын байытады, ақыл - ой қызметін қалыптастырады. Ол баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден - бір құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен өткізілген оқу іс - әрекеті қашан да көңілді, жеңіл, қызықты болады.

№ слайда 7 Балабақшадағы тәрбиелеу, оқыту жұмысын ұйымдастыруда балалардың тілін дамыту,
Описание слайда:

Балабақшадағы тәрбиелеу, оқыту жұмысын ұйымдастыруда балалардың тілін дамыту, сөздік қорын толықтыру, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдануға жаттықтыруға ерекше мән берілуі қажет. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай деп анықтама берілген: «Дидактикалық ойын дегеніміз - балаларға білім беріп, белгілі бір іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет». Сондықтан мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеп оқытуда дидактикалық ойындардың алар орны ерекше.  


Автор
Дата добавления 05.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров249
Номер материала ДВ-505336
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх