Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМақала ("БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ")

Мақала ("БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ")

Скачать материал

Тишмагамбетова Самал Аманбаевна, №68 МИББ кешені

 

БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

 

 

Қазақ халқының сан ғасырылық тарихына қалыптастырған рухани мұрасының бірегейі халық ертегілері екендігі сөзсіз. Халық ертегілері ұлттық тәрбие құралы, әрі тарихы мен рухани мол қазынасы. Халық ертегілері жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеумен қатар батырлыққа, ерлікке, өжеттікке, тапқырлыққа, шешендікке тағы басқа қасиеттерге баулиды.

Осындай қасиеттерді жас ұрпақ бойына дарыту үшін халық ертегілерінде халық батырларының тұлғалы бейнесін сомдап, оның бойынан аталған қасиеттердің барлығын таба біледі. Мұндай батырлардың дара тұлға болып қалыптасуы үшін бір өнердің шебері болып көрсетіледі. Бұл өнер халықтың ұлттық ойындарының бірі екендігі, оған айрықша мән беріп, оның жастайынан меңгерген хас шебері болып дәріптеледі. Олар бірі құралайды көзге атқан мерген садақ атудың шебері, екіншісінің тұлпары бәйгенің алдын бермейді, үшіншісінде алып күштің иесі болып суреттеледі. Олар осындай өнерлерінің арқасында халқына өзхдерінің пайдасын тигізеді. Осындай халқымыздың құнды рухани мұрасы халық арасында ауыз әдебиеті арқылы дамыды. ХҮІ ғасырға дейін Қазақ елінде жазба әдебиет қарқынды дамымады. Сондықтан спорттық ұлттық түрлері мен ойындарының сол дәуірдегі жайынан азды-көпті мағлұмат беретін  дерек халықтың ауыз әдебиеті болды. Ертегілерде, халықтың мақал-мәтелдерде, халықтық әндері мен күйлерінде қазақ халқының ойы мен үміті, күшті, әділ батырлар күткен арманы бейнеленген. Еркін шығармашылық қиялға негізделген. Фольклорде нақты болған оқиғалардың элементтері бар.

Халық ертегілері – қазақ халқының ертедегі мәдениет мұрасы. Олар ерте заманда адам табиғат күшін дәріптейтін отқа, күннің күркіреуіне, найзағайға, тасқа, түрлі малға табынатын, о дүниеде өмір бар дегенге сенетін кезде туды... Ертедегі мәдениет деректері мен әдет-ғұрыптарының ізін қазақ халқының көптеген халық ертегілерінен кездестіруге болады».*

М. Горькийдің шындыққа сүйенбейтін қиял жоқ деген сөзі қазақтың халық ертегілеріне де толық қатысы бар. Бұл ертегілерде түрлі спорт сайыстарына – жүгіруге, садақ атуға, ұлттық күреске, аң аулауға, спорттың басқа түрлеріне үлкен орын беріледі.

Барлық ертегілерде халықтың арманын, үмітін білдіріші халық өкілі жарыста жеңіп шығады. Халық өздерінің сүйікті адамдарын асқан батыр, мерген, тапқыр, зерек, күшті етіп көрсетеді. Олардың әрдайым жеңіске жетуін, табысты болуын қамтамасыз ететін міне осы қасиеттер болады.

«Ер төстік» ертегісіндегі Ер Төстікке қызын бермеудің амалын ойлап, Жер астының ханы Темір хан ел жұртын жиып, ұлан-асыр той жасап, қызымды өнері асқанға беремін дейді. Темір хан ат жарысына барлы өзінің жүйріктерін қатыстырады, ал Ер Төстік өзінің аты-Шалқұйрықты қосады. Хан Төстіктің аты зорығып өлсін деген мақсатта ат жарысын жұмалық жерге жіберсе де, қулығы іске аспай Төстіктің Шалқұйрығы озып келеді.

Ал палуандар күресінде Ер Төстіктің досы Таусоғар ханның барлық палуандарын шыдатпай жығады да, қарсылас таппай тауды көтеріп өз күшін көрсетеді.

Кезек жаяу жарысқа келеді жарыс күндік жерден басталады, онда Ер Төстіктің досы Желаяқ озып Ер Төстіктің мерейі үстем болады [1, 18-20].

Жарыстың бұл түрі әсіресе отырықшы тұрмысқа көшумен байланысты халық арасына кең тараған. Әдет бойынша осындай жарыстарды кедейлер, ат бәйгесін ұйымдастыруға мүмкіншілігі болмаған адамдар өткізетін. Жатақтар /отырықшы болғандар/ жаяу жарыспен қанағаттанатын.

Ертегілер жарысқа қатысушылар жөнінде /жарысты өткізу ережелер жөнінде/ деректер береді.

Жаяу жарыс әдетте бір бағытқа қарай өткізілетін, яғни жарыстың басталатын және аяқталатын жері екі жағында болатын. Жарыстарда жүгірушілер дем алатын, осыдан кейін ойлы-қырлы жермен діңкесін құртатын жарыс басталады.

Жарысқа жай адамдардан кішіпейіл қиын жағдайда жөн таба білетін, қарсы жақтың күшін дұрыс бағалайтын, жарыстың жауаптылығын сезе білетін адам қатысады. Ханның не байдың итаршысы, қайдағы бір желаяқ біреу, жарыста өзінің бақталасын, кедейдің өкілін қандайда бір құйтырқы әрекеттермен алдап кетеді. Бірақ осыған қарамастан сайысқа кедейлер атынан қатысқан спортшы халықтың қолдауымен жігерленіп әрдайым сөреге озып келеді.

Халық ертегілерде байлардың итаршыларына – желаяқ біреулерге теріс баға беріледі. Оларға игі ойлар мен істер мүлде жат, олар халық мүддесін көздемейді. Олар мәнсапқор, сараң болады, ісінен әділдік таппайсың, олар тек бағалы жүлдені ұтып алуды аңсайды, сондықтан әрдайым сәтсіздікке ұшырайды.

«Керқұла атты Кендебай» деген ертегіде садақ ату өсіп келе жатқан жас ұрпақты дене шынықтыруға және еңбекке тәрбиелеу құралдарының бірі ретінде көрсетіледі.

Ертегінің кейіпкері Кендебай қаршадай кезінен әкесіне аң аулауға көмектеседі, өйткені бұл жанұяның негізгі кәсібі аң аулау болатын. Осының нәтижесінде жас жігіт мерген атқыш болып, сайыста ұдайы жеңіске жетіп отырады [1, 36].

Халық ертегілерде садақ ату сайыстары көпшіліктің ұғымындағыдай болып көрсетілмейді, оларға басым көпшілігінде ерекше сипат беріледі.

Халық ертегіде хан аңшыларға тау текесін атып алуды бұйырады. Бір-бірінің қай жерде тұрғанын аңшылар «құдыретті билеушінің» тапсырмасын орындау үшін шапшаң және мергендікпен ату үшін жарысады.

«Әлібек батыр» ертегісінде негізгі кейіпкер өз қалыңдығы Ақбілекті іздеуге шығады. Қалыңдығының аулына келген батыр  Ақбілекке қалмақ батыры Жекешұнақтың үйленгелі жатқанын естиді. Жекешұнақ пен Әлібек танысқанда қалмақ батыры Әлібекке «Қадірлі бауырым, тектен-текке отырғанша барып садақ атқанымыз жөн болар. Мұның өзі сауық болады» дейді. Әлібек келіседі. Бұдан кейін екеуіде садақ атудан, күш сынасу үшін ауылдың сыртына шығып кетеді. 

Жекешұнақтың қырық жолдасы бар екен, садақ ататын жерге ерте барады. Жекешұнақ өзінше елден асқан батыр екендігін Әлібекке көрсетпекші екен, оның атқан оғын қырық жолдасы барып әрең суырып әкеледі екен. Әлібектің атқан оғын Жекешұнақ қырық жолдасымен барып суыру алмаған соң, Әлібек өзі барып екі саусағының арасымен суырып алады. Ақбілек жарыста жеңіске жеткен жігіттің жары болады [1, 81].

Ертегілерге қарағанда садақ ату жарыстары ешбір белгіленген ережесіз табиғи жағдайда өткізілген көрінеді. Рас, егер халық ертегілерде мерген атқыштар мен жүйріктер бөтен елдерге барып, жарыстарда өз халқының күші мен қуатын мадақтаса, мұндай жағдайларда ертегілерде жарысты өткізу ережелері мен тәртібі туралы айтылады.

Дәстүрлі халық ертегілерінде ұлттың күресіне көп орын береді. Күш пен ептілік спортшы жігіттен айырылмайтын қасиет. Сондықтан болашақ батырдың дене шынықтыру тәрбиесіне зор көңіл бөлінетін.

Күрес дене шынықтыру жаттығуларының негізгі түрлерінің бірі болды және қай уақытта болсын жас ұрпаққа дене шынықтыру тәрбиесін беруде белгілі орын алып отырды. Сиқырлы ертегінің кейіпкері жас кезінен күрестің түрлі әдістерін үйренеді. Тіпті бала кезінің өзінде ол жігіттермен, ересек палуандармен күресіп, қашан болса да жеңіп шығады.

Қазақтың сиқырлы ертегілерінің көпке мәлім кейіпкерлері Ер Төстік, Әлібек батыр, Кендібай батыр міне осындай болды. Мысалы, Кендібай батыр алты жасында алып күшінің арқасында өзі кездескен батырлардың бәрін жеңіп шығады. Ер Төстік бұдан да тез өсті. «Туғанына бірақ жыл болды, бірақ оны он бес жасар дейтін. Сондай бойшаң және денелі – нағыз батыр болды. Оны ешкім жеңе алмады».

Ақырында жігіттің нағыз батыр болатын уағы да жетеді. Осы уақыттан бастап түрлі елдерде өткізілген жарыстарда жеңіске ие болған жеңімпаз палуанның салтанатты жүрісі басталады.

Халық ертегілерде де аң аулауға да көп орын беріледі. Бұл кездейсоқ емес, өйткені біздің арғы ата–бабаларымыздың өмірінде аң аулаудың маңызы ерекше зор болды.

Адамдардың материалдық теңсіздігінің ұлғаюына байланысты аң аулаудың түрі мен мазмұны да өзгере бастады. Қанаушы таптың өкілдері үшін аң аулау сауыққа айналады, ал кедей таптар үшін аң аулау тіршілік етудің қажетті құралы болды және бола берді.

Бұл жағдай халықтың аң аулауға арналған ең таңдаулы ақындық шығармаларының бірі – «Үш ағайын» ертегісінде бейнеленген. Ертегіде хан жас аңшы Құдайбергенмен бәсекесі туралы айтылады. Бір жағынан хан өзінің көптеген нөкерлерімен, ал екінші жағынан жас жігіт Құдайберген күн сайын аң аулауға шығады. Хан мен оның ақсүйектері қаншама тырысса да тіпті бір де қарақұйрық атып ала алмайды, ал Құдайберген болса күн сайын үлкен олжамен қайтып отырады. Мұның барлығы еңбек адамдарының жалқау байлардан артықшылығына көңіл аударады [2].

«Аламан бәйге» жарысы қазақтың халық ертегілерінде ерекше орын алады. Батырдың сенімді досы жүйріктігі асқан арғымақ немесе ұрысқа шыққанда мінетін тұлпар жөнінде айтылмайтын ертегілер кемде кем.

Қазақтың кең тараған көпке әйгілі Әлібек батырдың Қараша тұлпары, Керқұла атты Кендібай сияқты ертегілер осындай ертегілердің классикалық үлгісі бола алады. «Ер Төстік» ертегісінде батырдың ұрысқа мінетін тұлпары Желқұйрық Төстікті мыстан кемпірден құтқарады, ақыл – кеңес береді, иесінің намысын қорғап бәйгеге қатысады. Кендебайдың Керқұла ат асқан жүйрік болған – «өзінен қашқанды тез қуып жететін, өзі қашса ізін де қалдырмайтын. Алпамыс батырдың Байшұбары қуса жететін, қашса құтылатын нағыз тұлпар ретінде суреттеледі. 

Деректерді саралай келе біз халық ертегілерінде ұлттық ойындарға өте үлкен орын берілгендігін аңғарамыз. Бұл дегеніміз халық ертегілері арқылы жас ұрпақтың бойынна ұлттық рухпен қатар ұлттық ойындарға деген қызығушылығын қалыптастырған. Демек, ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақты батырдыққа, батылдыққа, мергендікке, төзімділіке тәрбиелеген. Сайып келгенде халқымыз ұрпағының дене бітімі сом, шыныққан жан-жақты болып ер жетуіне ұлттық ойындардың маңыздылығын жақсы түсінген. Сол себепті жастайынан естіп өсер халық ертегісінде атақты батырлардың ерлік істері арқылы әр түрлі ұлттық ойындарды дәріптеп отырған.

Біз осы бір игі дәстүрден яғни халық ертегісін оқып , естіп өспеген ұрпақтың ұлттық ойындарға деген қызығушылығының төмен болатын себептерінің бірі ретінде қарастырып отырмыз. Сол себепті атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани мұрамызды, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуде тиімді пайдалана білсек, ел ертеңі болар бүгінгі ұрпақтың ұлтына деген құрметі арта түсер еді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Қазақ халық әдебиеті. Ертегілер. Алматы. Жазушы, 1989ж.

2.     М. Тәнікеев. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. Алматы, 1957ж 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіркеу

 

 

1. Аты жөні: Тишмагамбетова  Самал Аманбаевна

2. Ұйымның аты: №68 мектеп-интернат-балабақша кешені

3. Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі

4.Мақаланың тақырыбы: Баланың дамуында халық ертегілерінде ұлттық спорт ойындарының бейнеленуі

5. Адрес, телефон, e-mail: Қарағанды қ., Мамраев көшесі 11 үй 33 пәтер

 Т. 21-28-37

6. Бағыты: қоғамды жаңғырту жағдайында білім алушылардың әлеуметтік құзіреттерін дамыту.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала ("БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ")"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.11.2015 752
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тишмагамбетова Самал Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7886
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек