Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМақала «Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі»

Мақала «Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі»

Скачать материал

«Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі»

 

Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі – дүниежүзілік  білім  әлеміне  ену. Бұл  салада  білім  беру  ісінің  мазмұнын  жаңа  бағытқа  бұрып, құрылымдық  жүйесін  жаңарту, өзгерістер  енгізу  —  білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғышартта  тұрғаны  баршамызға  аян. Демек, Егеменді  Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін  мұғалім – шығармашыл, жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  шебер, ізденімпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық  әрекетке  қызығушылығының  басымдығы.

Қазіргі  жаңа  формация  мектебінде  жұмыс  істеп  жүрген  педагогтардың алдында  тұрған негізгі  проблемалары:

-Баланы  оқи  білуге  үйрету;

-Баланы  ойлауға  үйрету;

-Баланың  өзін-өзі тұлға  ретінде дамуына   жағдай  жасау;

Осыған  орай  мектеп  білімі  түбегейлі  жаңартылып, мұғалімнің  қызметінің мақсаттары  кеңейіп, үлкен  өзгерістер  үстінде. Әр  педагогтың  міндеті – оқушының  шығармашылық  ойына  бағыт  беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  туғызып, оның  шешімін  табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге, жүйелі  зерттеулерге  талдау жасауға  талпыныс  беру. Осы  қажеттіліктерді  оқушыларға  меңгерту  барысында  жобалық  оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді.

.

Жобалау  технологиясы – ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ 

ауылшаруашылығы  мектептерінде пайда  болған.  Оның  негізін  қалаған  - Джон Дьюи  атты  психолог  және  педагог, философ. Дьюидің  ілімін  жалғастырушы  — Колумбия  университеті  жанындағы  мұғалімде колледжі

нің  профессоры Уильям  Херд   Килпатриктің  ойынша, балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге ынталандыру  арқылы  үлкен  өмірге  дайындау – бұл технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек тігіп  киген  бойжеткенді  мысалға  алайық. Егер  ол   кейін  өзі киетін көйлегі  үшін  жанын  аямай, ерінбей, аса  қызығушылықпен  көйлек  үлгісін өзі  ойлап  тауып, өз  бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе –бұл  мысал  жобалау технологиясының  нағыз 

типтік  үлгісі»  деген  екен  Килпатрик.

     Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  мектептерде  жобалау  технологиясын  енгізуге асықпай  жүргенде, ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада,   Англияда, Австралияда  және  Жаңа  Зеландияда  ол  кеңінен  таралып  жатты. Еуропаның  да  бірқатар  мемлекеттерінде  ол  кең тамырын

тереңге  жая  бастады.Уақыт  өте  келе  еркін  тәрбиелеу  ойынан  туындаған 

жобалау  әдістемесі  біртіндеп  «тәртіпке  бағынып», білім  беру  әдістемесі 

 құрамына  табыспен еніп  отыр.Бірақ  оның  негізгі, түпкі  мақсаты қай кезде

болса  да  қала бермек – оқушыны  білім  алуға  және  сол  білімін мектеп 

қабырғасынан  шыққанда  нақты проблемаларды  шеше  білуде  қолдануға 

 үйрету.

Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше 

проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.Бұл  технология

лық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді. 


Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:

Жобалар әдісінің кезеңдері
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ.Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс - әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс - әрекет келісіледі.
ІІІ.Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алынған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV.Рефлексивтік бағалау кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды.
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым - қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.

 

 

 

 

Бастауыш  сыныптарда  жобалық  оқытуды  қолдануда

 

► Оқушының коммуникативтік  дағдылары  қалыптасады

 

—  сауалдар  қою (басқа  оқушының  пікірін  білу, ақпарат  жетіспегенде

мұғалімнен  сұрау)

—  дауысымен  басқару;

—  өз  көзқарасын  білдіру (барлығына  түсінікті  түрде  өз  ойын  ашу,

дәлелдеу)

—  келісімге  келу;

 

►Оқушының  ой — өрісі  дамиды, «ақыл – ой  толығады»

 

—  талдау,  біріктіру әрекеттерінің  дамуы;

— салыстырмалы  талдау  жасау;

— негізгіні  бөліп  көрсету;

— жалпы  әрекет  әдісін  табу, оны  қолдану  мүмкіндігі;

 

► Өзіндік  бағалау  әрекеті қалыптасады

 

—  өзінің  және  басқаның  жұмысын  шынайы  бағалау;

— нәтижені  және  оқу  міндеттерінің  шешілу  барысын  бағалау  дағдысы;

— кемшіліктерді  көру;

 

Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері:

 

Бастапқы: негізгі  тақырыпты  анықтау;

Ізденіс: жоба  жұмыстарын, ақпарат,  әдебиет  көздерін айқындау, жоба  бойынша  жеке  жұмыстарды  топ  ішінде  ұйымдастыру;

Нәтижені  өңдеу: зерттеу  тақырыптары  бойынша презентациялар  дайындау

Тұсау  кесу: жұмыстарын  қорғау;

 

Зерттеу  жұмысының  негізгі  сатылары:

 

Ақпараттық  —  «не  істеу  керек?»

Жоспарлық  —  «бұған  қалайша  жетуге  болады?»

Шешім қабылдау  —  «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»

Орындау  —  «жүзеге  асыру»

Бақылау – «тапсырма  дұрыс  орындалды ма?»

Бағалау  —  «келесі жолы  нені  дәлірек  істеген  жөн?»

 

Жобалық  оқыту  әдісін  бастауыш  сынып  сабақтарында   қолданған  кездегі    үлгілері

 

Пәні:  Дүниетану

Сыныбы: 3 – сынып

Тақырыбы:  Жануарлардың  сан  алуандығы. Орамжапырақ  көбелегі. Бал

арасы.

Мақсаты: 1.Жануарлардың  сан  түрлілігі  туралы  оқушыларға  ғылыми  негізі

бар  түсінік  қалыптастыру. Кейбір  бунақ  денелілердің  ерекшеліктерін

жобалау, зерттеу әдістері  бойынша  ерекшеліктерін анықтап,

оқушыларға  жеткізу;

2. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік

ұғымдарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын,

шығармашылық, танымдық  қабілеттерін, сөйлеу қорларын дамыту;

3.Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға баулу.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй  тапсырмасы «Өсімдіктер  тіршілігі» (  тірек-сызбалар  арқылы өсімдіктер ерекшеліктерін қорғау)

1 – топ:  «Өсімдіктер  алуан  түрлі»

2 – топ:  «Сыртқы  орта  жағдайлары»

3 – топ:  «Өсімдіктер  топтары»

4 – топ:  «Өсімдіктердің  бірлесіп  өсуі»

ІІІ. Жаңа  сабақ  («Миға шабуыл» ребус шешіліп,жаңа сабақ тақырыбы ашылды)

Негізгі  зерттеу  сұрақтар:

а) Жануарлардың қандай  топтарға  бөлінетінін білгім келеді?

ә) Орамжапырақ   көбелегінің  ерекшеліктері  қандай?

б) Неге бал  арасын – еңбекқор жәндік деп атайды?

в) Көбелектердің басқа түрлері, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін білгім келеді.

 

Презентациялар  шеруі

1 – топ 

Тақырыбы:   «Жануарлар  топтары»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    Реферат

Қорғау: Топ  лидері

2 – топ: 

Тақырыбы: «Орамжапырақ  көбелегі, оның  ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

3 – топ

Тақырыбы: «Бал  арасы – еңбекқор  жәндік»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Буклет. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

4 – топ

Тақырыбы: «Көбелектер түрлері және олардың ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Коллаж. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

 

Венн  диаграммасы  арқылы  орамжапырақ  көбелегі  мен  бал  арасының  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін  айқындау.

 

 

 

БҮҮ  кестесі

Не  білдім?

Не  білгім келеді?

Не  үйрендім?

Жануарлар, жәндіктер  туралы қызықты мәліметтер, ерекшеліктерді білдім

Басқа да қызықтыратын мәліметтерді

Жобалауды, зерттеу  жасауды, коллаж  құрастыруды, жұмысымды қорғауды үйрендім

 

 

ІV. Үйге  тапсырма: мәтін  бойынша  тірек – сызба құрастыру, мазмұнын

баяндау.

V. Рефлексия

 

Пәні:  Ана  тілі

Сыныбы: 1 – сынып

Тақырыбы:   «Малдың  төлін  сүюі»

Мақсаты:  1.Жануарлардың  төлдеріне  деген  махаббатын оқушыға ұғындыру.

Адам мен баласының арасындағы  сүйіспеншілікті  салыстыра білу.

2. Мәнерлеп  оқу дағдыларын жетілдіре  отырып, сөйлеу  қорларын

кеңейту. Зерттеу, жобалау  жұмыстарына бағыт   беру.

3.Ата-ананы  сыйлауға, құрметтеуге  баулу.

Көрнекілігі:  төрт  түлік пен  төлдерінің  суреттері, техникалық құралдар, буклетер,рефераттар.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй  тапсырмасы «Төрт  түлік  малдың қасиеттері  мен  ерекшеліктері»

Зерттеу  сұрақтары:

1. Түйе, бота, нар  туралы  білгім  келеді?

2. Жылқылар  туралы  білгім  келеді?

3. Сиыр мен  бұзау  туралы  не  білесіңдер?

4. Қой  мен  ешкіні   неге  бірге  қосады?

1 – топ: «Түйе»

2 – топ: «Жылқы»

3 – топ: «Сиыр»

4 – топ: «Қой»

5 – топ: «Ешкі»

ІІІ. Берілген  тапсырмалар  бойынша  презентациялар  шеруі

1 – топ 

Тақырыбы:   «Түйе»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4 форматты буклет

Қорғау: Муслимов Алтынбек

2 – топ 

Тақырыбы:   «Жылқы»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі: А4 форматты буклет

Қорғау: Төреш  Бекзат

3 – топ 

Тақырыбы:   «Сиыр»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:  Реферат

Қорғау: Хабибуллин Аманат

4 – топ 

Тақырыбы:   «Қой»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4 форматты буклет

Қорғау: Бейімбетұлы  Бекзат

5 – топ 

Тақырыбы:   «Ешкі»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі: А4 форматты буклет

Қорғау: Қыдырбекова Аяжан

 

ІУ. «Әдеби  мәтін» кезеңі

— «Малдың  төлін  сүюі» өлеңін  оқып,  түсіндіру.

— Өлеңді  оқушыларға  тізбектей  оқыту, талдау. 

У. Не  үйрендік? Не  білдік? (Оқушылар  пікірін  тыңдау)

УІ. Үйге  тапсырма: 1.«Малдың  төлін  сүюі» өлеңің  мәнерлеп  оқу,

Малдар

Төлдері

Қалай еркелетеді?

Қой

Қозы

Қоңырым

2.  Кесте  толтыру (үлгі бойынша аяқтау)

УІІ. Қорытындылау. Бағалау.

 Қорытынды

Сонымен, оқушыларға  дайын  өнімді  қабылдайтын  ғана  емес, өз  бетімен  ізденетін , дербес  іс-әрекет  жасай  алатын  тұлға  ретінде  қарау – жобалау  технологиясының  негізі. Оқушының  зерттеу  және  жобалау  мүмкіндіктерін бағалай  келіп, баламен  жұмыс  барысында жобалау  әдістері  мен зерттеушілік  оқыту   әрекеттерінің  пайдасын түсіне  білу. Жобалаумен  қатар  зерттеушілік  жұмыстар   да  атқарылады. Зерттеу  жұмыстарының  барлық  кезеңдерінде негізгі күтілетін  нәтиже – баланың  жаңадан  алған  білімін игеру  қабілетін, алған  материалды  талдау, өңдеу  және  зерттеу  әдісінің  дағдыларын  дамыту.

 

     Бастауыш  сыныптар  үшін  жобалау  әдісі  арқылы

— Ауа  райы  және  оны  болжау

— Табиғаттағы  су  айналымы

—  Күн, су , ауа – біздің  достарымыз

— Жаңа өсімдік қалай пайда болады ?

— Ертегілер елінде

деген  тақырыптар  бойынша  сабақтар  өткізуге  болады.

 

Жобалық  технологияны  қолдануда  әр  оқушы:

 

•  білімді  өздігінен  меңгеруге,  сол  білімді  жаңа  танымдық  және  тәжірибелік  мәселелерді  шешуге  жұмсауға  үйренеді;

•     коммуникативті білік – дағдыны  меңгереді;

•     қаэетті  ақпараттарды  жинауға үйренеді;

•     қорытынды  шығарып, түйіндер  жасауға  дағдыланады;

•     талдау  жасауға  үйренеді;

 

Жаңа  жобалап  оқыту  технологиясы   оқу – тәрбие   үрдісінде  жоғарғы  нәтижелер  береді:

۩  Сабақтың  нақты  мәнін  терең  ашуға  көмектеседі.

۩  Оқушылардың  барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік  туады.

۩  Оқушылардың  әрқайсысының  деңгейін  анықтай  аласың.

۩   Оқушыларды  түгелдей  бағалау  мүмкіндігі  туады.

۩  Оқушыларды  ізденіске  баулып, өз  бетімен  жұмыс  істеуге

     дағдыландырады.

 ۩ Оқушылардың   қабілеттері, сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, шығармашылық  белсенділігі  артады.

۩ Жеке  шығармашылығын  шыңдауда, өзіне  деген  кәсіби  сенімін  қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала «Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.09.2015 2380
    • DOCX 28.5 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исатаева Бибигуль Каировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исатаева Бибигуль Каировна
    Исатаева Бибигуль Каировна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22099
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов