Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мақала "Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс жасау ерекшелігі"

Мақала "Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс жасау ерекшелігі"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

УДК: 371.315

Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс жасау ерекшелігі

Абилова О.А.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті


Мектеп оқушылары бастауыш сыныптан-ақ «мәтін» деген лингвистикалық ұғымның мәнін ұғына бастайды. Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінге әңгіме, ертегі, өлең, жыр сияқты жанрлар жатады. (1)

Мәтін мақсаты мен мазмұнына қарай әңгімелеу, сипаттау және пайымдау түрінде беріледі.(2)

Әңгімелесуде оқиғаның, яғни шығарманың желісі баяндалады, ол әдеби жанрдағы әңгімеге жақын келеді. Әңгімелесуде диалог орын алады, сипаттау мен пайымдау да кездеседі; мәтінді бергенде тек мұғалімнің өзі емес оқушылар да қатысып, ортада талқылайды. Әңгімелесу – балаларға ең түсінікті, оңтайлы мәтін түрі.

Сипаттауда ешқандай оқиға, шығарма желісі берілмейді, табиғат көрінісін, жеке құбылыстар немесе бір нәрсенің бейнесін сипаттайды; салыстыра сипаттау, суреттей сипаттау да қызығушылық туғызады. Сипаттауға арналған тақырыптар: «Нөсерде», «Күзгі табиғат көріністері» т.б. Сипаттау көркем, образды және ғылыми, «іскерлік» түрде болуы мүмкін.

Пайымдау деп қандай да бір пікірді, тезисті дәлелдеу немесе мәлімдеу үшін қолданылатын дәлелдемелерді, айғақтарды, мысалдарды, біреудің көзқарасын айтамыз; нәтижесінде автор түйін жасайды.

Пайымдау моделі:



Пікір не тезис

Пікірдің дамуы: дәлелдеу және мәлімдеу


Түйін


Пайымдау – мәтіннің ең қатаң, күрделі түрі. Бастауыш сыныптарда негізінен жанды бақылау арқылы салыстыру, сәйкестендіру, қарсы қою; құбылыстардың себеп-салдарлы байланысын түсіндіру; мысалдар келтіру, өзіндік бақылау және басқалары көмегімен дәлелдеу; ой-қорыту; жалпылау және түйіндеу жұмыстары жүргізіледі. Пайымдауға арналған тақырыптар: «Ең жақсы мамандық», «Құстарды неліктен қамқорлау қажет?», «Кім болам?» т.б.

Әңгімелеу, сипаттау және пайымдау таза түрінде сирек кездесетіндіктен, «қандай да бір түрдің артықшылығы бар мәтін»; «екі пейзажды суреттемесі бар әңгіме-әңгімелеу»; «дәлел ретінде екі желілі әңгімелеу қолданылған пайымдау» деген бағалау түсінігін қолдануға болады.

Қазақ тілін оқыту әдістемелеріне (1) көз салсақ, мәтінмен жұмыс, мәтінді оқу мен талдау мынадай реттілікпен орындалады:

1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. Кіріспе әңгіменің мақсаты оқушылардың оқылатын шығармаға қызығушылығын туғызып, оның мазмұнын толық түсінуге ынталандыру. Бірақ кіріспенің көлемді болуы және мәтіннің мазмұнын, түпкі ойын айту міндетті емес.

2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы және өзі оқып беруі. Мұнда оқушыларға мәтіннің мазмұнын түсіндіру және олардың сезіміне әсер тигізетіндей оқу мақсаты көзделеді. Тәжірибелі мұғалімдер шығарманың қайсысын жатқа айтуды, қайсысының мазмұнын ғана айту керектігін, қайсысын кітаптан оқу керектігін алдын-ала жоспарлап алады. Мысалы: мақал-мәтел, жұмбақты жатқа айтады, ертегінің мазмұнын айтады, ал әңгімені кітаптан оқиды.

3. Сөздікпен жұмыс. Жалпы оқу сабақтарында сөздік жұмысқа арнайы кезең бөлінбейді. Сондықтан оны сабақтың барысында: мәтінді оқуға дайындық кезеңінде, шығарманы оқу сәтінде және оқып болған соң да жүргізуге болады. Мәтіннің мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін жаңа сөздер түсіндіріледі.

4. Оқушыларға шығарманы оқыту. Мұнда мәтінді бөлімдер бойынша дауыстап оқиды және іштей оқиды. Қажет болса оқудың басқа түрлері де (теріп оқу, рөлге бөліп оқу) ұсынылады. Бұл оқушылардың мәтін мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

5. Шығарманың мазмұнын айтқызу. Мұғалім оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты ұққандығын анықтайтындай сұрақтар қояды. Бұл сұрақтар шығарма мазмұнын аша түсуі тиіс. Егер оқушылар сұрақтарға дұрыс, дәл жауап беріп отырса, онда олар шығарма мазмұнын түсінді деп есептеуге болады.

6. Шығармаға жоспар жасату. Оқушылар бөлімдерге бөліп шығарма мазмұнын айтқан соң осы бөлімдерге ат қойып, жоспар жасауға болады. Бірақ бұл әр шығарманың бөлімдеріне үнемі ат қойғызу қажет деген түсінік қалдырмауы қажет. Өйткені мұның өзі – қиын жұмыс. Сондықтан оқулықта қай шығармаға байланысты жоспар жасап, бөлімдерге ат қою қолайлы болса, соларды орындатумен тынған жөн. Сонымен, бірінші рет бөлімге бөліп оқытқанда, оқушылар шығарма мәтінін саналы түсінуін ескерсек, екінші рет оқығанда, оған жоспар жасау жағын қарастыру қажет.

7. Қорытынды әңгіме. Шығарма мәтінінің көлемі қандай болмасын, оны оқушылардың қаншалықты меңгергенін байқау үшін қорытынды әңгіме жүргізіледі.

Бастауыш мектепте мәтінді стилистикалық жіктеу жағына алғашқы қадам жасайды: оқушылар бірінші сыныптан бастап отбасындағы сөйлеу мәнері, диалектикалық және жай сөздік балалар лексикасы мектепте қолданылмайтынын түсінеді. Олар тұрмыстық-сөздік және әдеби-сөздік тілді ажырата бастайды. Жазбаша мазмұндама мен шығармаларда эмоционалды-образды және ғылыми, «іскерлік» - екі стилдік түрді жіктеп үйренеді. Мәселен, мектепте «Қайың ағашы» тақырыбында ғылыми кілтімен (бұтақ, жапырақ, қайыңды орман және т.б.) және қыс шапанын киген, күзгі алтынға малынған, көктемде бүр ашқан қайың туралы шығармалар өткізіледі. Осылайша балаларда тілдің синонимдік құралын байланыстыра таңдау қабілеті қалыптасады.

Ұтымды және жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар мәтін түрін ажырата білуге дағдыланады, олардың тіл байлығы жетіліп, ой-өрісі дамиды, өз бойына рухани азық алады.




Пайдаланған әдебиеттер

  1. C.Рахметова Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005 – 49-59 б

  2. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана, 2007 - 67-72 б

  3. М.Р.Львов, В.Г. Горецкий, О.В.Сосновская. Методика преподавания русского языка в начальных классах. Москва, 2000 - 362-363 с







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-212191
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>