Инфоурок Другое СтатьиМақала "Бүгінгі күнгі кітіп оқу деңгейі" (9-11 сыныптарға)

Мақала "Бүгінгі күнгі кітіп оқу деңгейі" (9-11 сыныптарға)

Скачать материал

Бүгінгі күнгі кітап оқу деңгейі

Адам баласы табиғатынан бәрін білуге құштар. Алғаш дүние есігін ашқаннан бастап бәрін көрсем, білсем деген арман жетегінде жүреді. Ол армандары уақыт өте мақсатқа айналып, мақсат шындыққа айналатыны сөзсіз. Осы жолда биік шыңдарға жету үшін - адамға қолдау көрсететін жандар мен қанаттандыратын сапалы дүниелердің болуы маңызды. Солардың бірі – кітап деп ойлаймын.

«Кітап - білім бұлағы» – демекші, кітаптан біз тек әдеби шығармаларды ғана біліп қоймай, сан мыңдаған адамға керекті ақпараттарды оқи аламыз. Әйтсе де, солардың ішінде әдеби кітаптарды оқу - әр тұлғаға міндет деп санаймын. Ол жан дүниеңе пайдалы, өміріңе сабақ боларлықтай оқиғаларды баяндап береді.

Бұрынғы кезде кітап оқу деңгейі өте жоғары болған. Кітапты шынайы қызығушылықпен оқыған. Оған дәлел ретінде, өз анамды айта кетсем, «Абай жолы», «Ақиқат пен аңыз», «Қалық мал», «Қамар сұлу»,т.б. яғни қай шығарманы сұрасаң жатқа біледі, мазмұнын, оның ішіндегі кейіпкер аттарын әлі күнге ұмытпаған.Үйіміздегі сөрелерімізде әдеби кітаптар көп болғаны содан болар. Ал қазіргі таңда кітап оқу деңгейі төмен екені бәрімізге мәлім. Не себепті төмен? – деген сұрақ мені жиі мазалайды. Көпшілік себебін интернет жүйесінің пайда болуымен, адамдардың кітапқа деген қызығушылығының жоқтығымен байланыстырады. Бұл үлкен мәселе. Бәрі ең алдымен қызығушылықтан басталады. Егер кітапқа деген қызығушылық болса, адам интернет пен кітапты қатар алып жүре алады. Ол үшін адамдардың санасына кітап оқу керектігін кішкентайынан, бастауыш сыныптан, тіптен үйде сәби кезінен ертегі, аңыз әңгімелерді оқып беру арқылы енгізу керек деген ойдамын. Ата - ана үйде балаларының оқыған әңгімелері туралы сұрап, оқиға желісін қызыға отырып талдаса, әр тұлғаның бойында кітапқа деген қызығушылық, махаббат артатыны сөзсіз. Сонымен бірге, балабақша, мектеп қабырғаларында мұғалімдер аптасына бір рет жаңа оқиғалы әңгіме сұрап отырса, оқушы міндетті түрде кітап оқуға дағдыланады деген ойдамын. Сонда ғана біз ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпайтынымыз анық.

Қорыта келе, әлі де болса, болашақта кітап оқырмандарының көбейетініне сенімдімін. Елімізге ойы ашық, санасы кең, тіл байлығы мол елді көркейтетін азаматтар керек. Ал осылардың болуын қамтамасыз ететін кітап екеніне кәміл сенімдімін. Сондықтан кітап оқиық, достар!

Атажан Нұрқанат 11 «Б» сынып оқушысы

Жамбыл ауданы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенбекова Алия Абдуллаевна







Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Бүгінгі күнгі кітіп оқу деңгейі" (9-11 сыныптарға)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2017 624
    • DOCX 14.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенбекова Алия Абдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20742
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой