Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМақала "Білім беруде етек алған жаңашылдық"

Мақала "Білім беруде етек алған жаңашылдық"

Скачать материал

Білім берудегі етек алған жаңашылдық

«Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден

 жалықпау мен үйретуден аянбау»

Дінмұхамед Қонаев

Ақпарат көзі артып, уақыт өткен сайын кез келген саланың  даму үрдісі шарықтап отырғаны белгілі. Соның бірі білім беру саласындағы етек алып отырған бағдарлама, ол сындарлы оқыту. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.  Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауы олардың бұрыңғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға негізделеді. Осы тұрғыда жаңашылдыққа бетбұрыс деп айтқанымызда, бұрынғы білім беру, яғни «дәстүрлі»  тиімсіз болып қалғаны ма? деген сұрақ туындайды. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі білім арқылы берілген білім мағынасы мәліметтерді жаттанды есте сақтау арқылы қабылдап, оны, мысалы емтихан, тест кезінде падалана алады, бірақ мағынасы терең меңгерілмей, тақырып аяқталып, естихан тапсырған соң керексіз болып қалады және оны оқушы өмірде тиімді пайдала алмайды.    

Деңгейлі оқыту бағдарламасының мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету.  

Үшінші деңгей бағдарламасының негізгі мәндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіріп, бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәтінмен өзара мәтінмен өзара байланысты қарастырылады. Деңгейлі бағдарламаның негізгі қағидасы тәжірибелік қызметі нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.  

Осы теорияда  нәтижелі білім алу үрдісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім мен амал көрсетілген. Бұл бағдарлама оқушының сабақта белсенділік танытып қатысуын, оқушы өз ойын толық әрі ашық айтуын, мұғалім оқушы үнін тыңдай білуін  міндет етіп қойған. Сонымен қоса, бағдарламада оқушы сабақта өзін еркін ұстап, мейілінше сабақ тақырыбын оқушы  өз бетімен түсуді, мұғалім тек соған бағыт-бағдар беруші болуды көздейді. Бұған дейін сабақта оқушы өзі ғана ойын айтып қоятын еді, бүгінгі күні сабақта оқушылар топқа бөлінеді, берілген тапсырма топқа беріледі. Тапсырманы оқушылар топ болып орындайды, бір-бірін қолдайды, бір-бірінің пікірін тыңдайды, білмегенін құрбысынан  сұрайды, тақырып аясындағы мәлімет оқулықпен шектелмейді, тақырып кеңінен талқыланады. Әр оқушы өз ойын ашық айтуға дағдаланады. Топтағы жұмыстың тиімді тұстары өте көп, олар: сыныпта ұйымшылдық орын алады,  оқушылар белсенді бола бастайды, пікір талас пайда болған жерде оқушы өз сыныптасынан озып түсуді көздеп көбірек білім алуға ұмтылады, оқулықтан басқа дереккөздер  АКТ қолдана отырып, білімін кеңейте түседі. Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймай, тақырып мазмұнын кеңінен қарастыру мүмкіндігі болады.   Деңгейлеп оқытуда оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы төмендегідей көрсетілген:

Дәріс оқу – 10 %, аудио-визуалды қабылдау - 20%, көрсетілім - 30%, талқылау - 50%, тәжірибеде жасау - 75%, өзгелерді оқыту - 90%.  Топтық жұмыс барысында оқушы тақырыпты талқылайды, тәжірибе жасайды, сыныптасын оқытады, демек алған білімдерін түсініп меңгереді.

Біздің мектебімізде мұғалімдердің – 40 пайызы осы деңгейлі оқыту  курсын тәмамдаған. Ол мұғалімдер өздері оқып қана қоймай, мектептегі мұғалімдермен тәжірибе алмасу мақсатында, алған білімдерімен бөлісіп отырады. Директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары М.С.Алим Астана қаласына барып көшбасшылық деңгейін оқып тәмамдаған. М.С.Алимнің басқаруымен мектепте әр аптаның жұма күні коучинг сабақтар өткізіледі. Оны деңгейлі оқыту курсын оқыған мұғалімдер өткізіп отырады. Бөлінген көшбасшылығымен жұмыс дұрыс жолға қойылған. Әр пән бойынша мұғалімдер зерттеу тобын құрып Lesson Study  әдісін ұтымды жоспарлап, тиімді қолдануда.

Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.

1970 жылдан бастап «Lesson Study» барлық  жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады.

Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.   Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық    Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқытуда мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.

 

Өтікізіліп жатқан коучинг сабақтары барысында мұғалімдер деңгейлі оқыту бағдарламасының негізгі идеясымен                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        танысып, көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді біледі, білім беру жүйесінде болып жатқан жаңалықтары туралы ақпарат алып, өздері осы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарына қолдана отырып, оның тиімді тұстарын өз қоржындарына алып отырады, жаңалықтармен  бөліседі, сұрақтарына жауап алады т.б. Әсіресе, мектептегі жас мамандар үшін бұл  коучинг сабақтарының берері  көп көмек болып табылады, өйткені олар тек сабақ өтіп қана қоюмен шектелмей білмеген тұстарын үйреніп жатыр. Олар: орта мерзімді жоспарды, қысқа мерзімді жоспар жазуды, сабақ жоспарына нақты мақсат қоюды, топқа бөлуді, оқушы үнін тыңдауды, деңгейлі тапсырманың берілу мақсатын, жаңа тақырыпты оқушылардың өздері ашуда қолданылатын әдістерді, оқушыларды белсенді болуға шақыруды үйреніп білді.

Бұл бағдарламада жеті модуль қарастырылады. Сабақ барысында жеті модульдің барлығы да жаңа әдіс-тәсілдер арқылы  ықпалдасады. Әрбір модульдің сабақта көрініс табуы орынды, өйткені осы жеті модуль сабақта орын алатын болса, мұғалімнің берген білімі өте  тиімді болары сөзсіз.

Деңгейлі оқыту бағдарламасы табысты оқыту мен құзырлы мұғалімді бірге қарастырады. Бұл тұста мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың басты факторлары мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылай оқушыға тапсырма жүктелсе, ол өзіне жауапты бола бастайды, жауапкершілікке дағдыланады. Бағалауды «дәстүрлі» оқыту жүйесінде мұғалім өзі ғана жүргізсе, қазіргі білім беруде оқушы өзін-өзі бағалайды, бір-бірін бағалайды, топ болып бағалайды. Оқушы өзіне өзі баға қойған сәтте өзінің қандай дайындықпен келгенін, немесе салыстырмалы түрде басқа оқушының жауап беруіне қарай өзіне әділ бағасын өзі қойып береді. оқушы жауапкершілікті мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп аталатын қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман, Ли – педагог-психолог, Стэнфорд университетінің құрметті профессоры, Карнегидің оқытуды жақсарту қорының бұрынғы президенті. Шульман педагогикалық білім, медицина, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы оқыту мен оқуды бағалау зерделеуге баға жетпес үлес қосты.

Шульман (1986) мұғалімдерді тиімді дайындау үшін білімнің екі базасы (мұғалімнің пәндік білімі  және педагогиканы білуі) бірлікте болу қажет екендігі туралы ой қорытып, осы мақсатта «Педагогикалық пәндік білімдер» ұғымын енгізді. Шульманның ілімі бойынша құзырлы мұғалімге тән белгілер: бас, қол, жүрек.  Бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек  - кәсіби өнегелілік тұтастық.    Кәсіби түсінік – бұл оқыту мен оқуда жеке тұлға ретінде тұғырлы теорияға негізделген жеткілікті білімнің болуы талап етіледі. Оқытудың тәжірибелік дағдылары – оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін шебер меңгеру. Бұл аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұсталатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық. Кәсіби-өнегелілік тұтастық – мұғалім ұстаз мамандығын этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері де бөліседі [Мұғалімге арналған нұсқаулық]. Осы ұстанымды түсінген мұғалім өз ісінің нағыз шебері болуы сөзсіз. Өйткені ең алдымен маман болатын адам өз пәнінің білгірі болуы қажет, одан кейін сол білімді ісімен, яғни өз шеберлігімен қолдана отырып, оқушыға дұрыс жеткізе білуі және баламен жұмыс ісген мұғалім баланың жүрегінен орын ала білу керек деп ойлаймыз. Осы үш нәрсені дұрыс қолдана білген адам  өз ісінің шебер маманы болатыны сөзсіз.

Мен осы деңгейлі курсты аяқтап келгеннен кейін мектепішілік кәсіби қоғамдастықтың әдістемелік отырысында «Оқытуда диалогтың маңызы» тақырыбында коучинг -  сабағын өткіздім. Сабаққа мұғалімдер белсеңді қатысты.  Сабақта диалогтың маңыздылығы туралы білу үшін олардың қздеріне сұрақ қойғызып, сол сұраққа жауап бере отырып, олар диалог құрды.

Диалогтық оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды Алексардер (2008). Диалогтық оқыту оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе білуіне көмектесе алады. Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланыста болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсеніділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.

Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын алатын болсақ, олардың тілін дамыту мақсатында диалогтың маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Диалогты бастауыш сынып оқушыларына барлық пән барысында қолдануға болады. Айтсақ, математика пәнінің өзінде есептің мәтінін оқу барысында есетің мазмұнын жетік түсуі үшін диалог құрылса, оқушы мәтінді жеңіл түсінеді. Диалогтық оқыту сабақтың әр кезеңінде әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы көрініс табады. Мысалы,  үй тапсырмасын тексеруде топтық жұмыс барысында тақырыпты жан-жақты  талқылау кезінде диалог құрылады. Сабақтың негізгі кезеңінде жаңа тақырыпты ашу барысында «миға шабуыл», «ой - қозғау», «ассоциация» әдістерін қолданғанда диалог жүргізіледі.

Қорыта келе, осы деңгейлі оқыту бағдарламасының идеясы білім беру ісінде ұтымды, қол жетімді нысан  болып табылады. Өйткені қазіргі ақпараттың дамып, саны артқан сайын біз білім беру ісінде бір орнымызда қалып қоймай жаңалықтарды ала отырып, оларды ұтымды қолдануымыз қажет. Қорыта келе, оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, тану, білу қажеттігін қалыптастыру. Сабақ барысында жағымды эмоциялық жағдай болуына назар аудару, яғни сабақты тыныштық сәтінен жағымды ойлаудан бастау. Бүгінгі таңда әрбір сабақты білім берудің инновациялық мақсатымен педагогикалық ынтымақтастық негізінде өткізу. 

Өскелең ұрпақ жас болса да талапшыл, біз сол талапқа төтеп берерліктей деңгейде тұруымыз керек. Білім негізі мектепте, дегендей орта білімде алған білімімен жастарымыз өмірде өз орнын тауып, биік белестерден көрініп,  қиындықтарға  бой алдырмай өссе, сол біздің жетістігіміз.     

 

Шымкент қаласы.

№127 жалпы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Лесова Айнұр Шәріпбайқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Білім беруде етек алған жаңашылдық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 053 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 2086
    • DOCX 286.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Лесова Айнур Шарипбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Лесова Айнур Шарипбаевна
    Лесова Айнур Шарипбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5308
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 392 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 38 регионов

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов